Жарияланымдар

Қайта оқып баяғы посттарымды

Мен кейде былай армандайтынмын: мысалы, мен бір танымал әнші болып кеттім. Эллиот Смит сияқты. Сосын теледидарда не оқисыз деп тележүргізуші сұрап қалғанда, керекинфоны айтам да, бүкіл Қазақстан керекинфоны оқып бастайды. Сөйтіп елдің көзі ашылады, адамдар рухани дамиды, Сатыбалдыны бәрі білетін болады деп.

Керекинфо керемет жер. Сағындыртып барып оқып тұрам. Қызығушылықпен кезінде өзім де жазып көрдім аз-мұз нәрселерді.

Ескі жазбаларымды оқып отырып бүгін, осыдан 3-4 жыл бұрынғы өзімді көріп, езуіме күлкі, жүрегіме мұң орнады. Кей ойларым менің қазір өзгерген. Жазбаларға қарасаң, әлі бала болғанымды көремін.

Музыка өнердің шыңы екенін түсіндім, бұрын музыкаға бей-жай едім. Көп нәрсеге бақылаушы бола бастадым. Латын әліпбиі сынды хабарларға тіпті минут арнағым да келмейді, оқымаймын. Түсінікті онсыз да болашағымыз. Артымнан ерген іні-сіңлілеріме елден кетуді ұсынатын болдым. Өзімнің де сол ойдың мазалай беретіндігі қынжылтады. Бұрын жай ой еді 2 жыл бұрын, қазір нақты қадамдар жасап жатырмын сол бағытқа қарай.

Философия көмектеседі жалпы өмірді қабылдауға. Камю айтпақшы өмірде тек бір сұрақ бар. Сол сұрақ ғой діңкені құртатыны.

Уақыт өтіп жатыр. Қазір 26-дамын. Көзді ашып-жұмғанша 40, сосын 50 болады. Сосын ше? Қалай сонда? Эй, мен түсінбей қалдым! отырып аламын кей кезде. Фу, ештеңе емес екен го өмір деген. Бар, сосын жоқ. Бітті.

Не айтайын, барлықтарыңызға денсаулық пен жақсы өмір тілеймін. Керекифнолықтарды рухани достарым деп санаймын жүрегімде.

Сурет vokrug.tv сайтынан алынды.
Әрі қарай

Менталды арифметика туралы

Байқасаңыздар, қазір менталды арифметика өте бір сәнді нәрсе болып тұр. Ата-аналар жабылып балаларын беріп, балалар «халықаралық» менталды арифметика олимпиадаларынан орын алып, теледидардан күнде бір сандарды тез-тез қосып, азайтып жатқан «гений-бүлдіршіндерді» көріп халықтың мүлде есі шығып кетті. Ірі қалалар тұрмақ, поселектарда да оны оқытатын мектептер ашылып жатыр. Бағасы арзан емес. Айына 16 000 теңге орташа баға.

Ал шынында ол кәдімгі ариметика: қосу, азайту, көбейту, бөлу. Соны дәстүрлі емес түрде шығаруға үйрету. Жылдамдыққа ден беріледі және төрт-бес таңбалы сандарға дейін жылдамдықты сақтап қалуға үйретеді. Балдырғандар өздері тез қабылдағыш, үйренгіш болғандықтан, нәтиже де көп күттірмейді.

Соробан немесе абакус деген кәдімгі өзіміздің шотымызға ұқсайтын құрал, (ну енд сәл өзгеше) сол арқылы арифметиканың төрт амалын үйренеді бала 2-2,5 жыл бойы. МЕН ОҒАН ҚАРСЫ ЕМЕСПІН. Баланың жалпы дамуына, ойлау қабілетіне кішкене болса да пайдасын тигізері анық. Дисциплинаға үйретеді, мектеп жасына жетпеген бүлдіргіндер санды тез үйреніп, қатарластарынан бәлкім есепті жылдамырақ шығарар.

АЛАЙДА МЕНТАЛДЫ АРИФМЕТИКАНЫҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ШУ МЕН ЖАРНАМАҒА жыным келеді. Сол балаларды гений деп теледидарға шығару да ұят. Бірақ ақпараттық кеңістікте ондай-ондайлар күнде болып жатқан жоқ емес па?!

Айтайын дегенім, менталды арифметиканы бала үйде де үйрене алады. Бір рет заңдарын үйреніп, шотын қолдануды үйреніп алғаннан соң, бала ештеңе жаңадан үйренбейді. Ата-ана арнайы мектептерге тек күнделікті жаттығуға жағдай, баланың қызығушылығын ұстауға жұмсалатын еңбек үшін ғана ақы төлейсіз шындығында. Алайда, ол да ресурс талап ететін жұмыс қой: мұғалімдер, әртүрлі ойындар, олимпиадалар ұйымдастыру, әдемі форма сынды бала қызығатын түрлі-түсті атрибутикалар және т.б.

Мен менталды арифметикаға қарсы емеспін. Заңды бизнес, шын берерінен маркетингі көп демесең. Әрі біздің елдің ата-аналарының психологиясын өте ұтымды пайдаланып жатыр. Қалай сәнге тез айналды, дәл солай ұмыт болады.

П.С. Төрт ай менталды арифметикадан инструктор болған тәжірибеме негізделіп жазылды.
Әрі қарай

Римейктар туралы

Сіз Болливудтың Голливудтың атақты фильмдеріне ең көп римейк жасайтын киноиндустрия екенін білесіз ба? Кейбіреуі сәтті, кейбіреуі сәтсіз болғанымен, барлығы дерлік хинди-адамтациялар. Яғни олар аралас төбелесте бір-біріне қарсы шыққан ағайындылар туралы «Воинның» римейкы болса да, минимум 3 ән мен 1 би айтылып, биленеді.
3 танымал болиивудтық римейктерге шолу жасайық.

«Ағайындылар» 2015
Блог - Nodar: Римейктар туралы
2011 жылы шыққан «Воин» фильмінің римейкі. Сюжет делісі дәл сол қалпында сақталған. Басты рольде Акшай Кумар мен Сидхарт Мальхотра ойнайды. Әрине оларға күжірейген, нағыз боец боп көрінетін Том Хардиге қайдаааа… Сосын үнді фильмі мұндай отбасылық, аға-іні тақырыбын, балаңның еміне ақша керектіктен төбелеске бару, яғни «көз жасыңды көл етуге» арналған тақырыпты еңіретіп тұрып жеткізеді емес па?! Сондықтан америкалық «Воин» ұлдардың фильмі, Болливудтық римейкті қыздарға арналған түрі десек те болады.

«Гаджини» 2008
Блог - Nodar: Римейктар туралы
Кристофер Ноланның «Ұмытпа»(эх, барлық фильм атаулары осылай аударыла салатындай болса...) атты тамаша фильміне негізделген туынды. Негізі римейік деп аутга тілім бара бермейді. Себебі мұнда негізгі идея сақталғанымен, мүлдем басқа фильм көруге дайын болыңыз. Десе де барлық жерде римейк деп аталып жатқасын, мен де римейктер қатарына қосып қойдым. Негізі бұл фильм оңтүстік үндістандық фильмнің римейкі, ал ол кезегінде ғана «Memento»-ның адаптациясы. Сондықтан «Гаджини» double remake фильм.
Басты рольде Болливудтың «үш Кханының» бірі де бірегейі (осы жаттанды тіркестің орнымен қолданылғаны осы) — Аамир Кхан. Жалпы Аамир Кхан интелектуал, өзін режиссер ретінде де өте жақсы көрсеткен,Үндістанда «Әділет жасасын!» деген еліндегі әлеуметтік, жан түршігерлік проблемаларды (балаларды үйлендіру, мәңгі жесір болу дәстүрі т.б.) зерттеуге арналған бағдарлама жасап үлкен құрметке ие болған актер.

«Мен жаңа жылды жақсы көремін» 2015
Блог - Nodar: Римейктар туралы
Үшінші фильм өзіміздің «Ирония судьбы» атты советтік фильмнің римейкі болып табылады. Фильмнің алғашқы 10 минутын ғана көріп үлгергендіктен, ештеңе айта алмаймын. Википедияға сенсек, жалпы сюжет желісі сақталған сыңайлы. Гитарамен ән айту да бар екен. Басты рольдегі актриса Кангана Ранаут Үндістанда үлкен сұранысқа ие болып келе жатқан актриса. Ол түскен «Ханшайым» фильмі Болливудтық Оскар болып саналатын, ең жоғарғы фестивальда Filmfare Awards-та үздік фильм, ал Кангана үздік актриса деп танылды.

Әзірше осы.
Әрі қарай

Шекспир пьесалары Болливудта

Блог - Nodar: Шекспир пьесалары Болливудта

Мен бір мынандай ойға келдім.

Егер ел дамыған ел болса, олардың кино нарығында махаббаттан басқа, саясат, өнер, тарих пен философиялық мәселерге дақын фильмдер болады. Егер ел дамушы әлде дамымаған болса, махаббат тақырыбыкино нарығындағы фильмдердің 99%-ын құрайды. Мысалы, біздің елді той, келін-ене сынды тұрмыстық тақырыптар жақсы өтеді. Бұл жамандау, менсінбеу емес. Жай ғана факт. Деңгейіміз.

Үндістандық сериалдар мен фильмдердің басым дені тұрмыс тақырыбынан аспайды. Алайда, сапасына келсек, бұрынғы «бай-кедей», махаббат тақырыптарынан басқа, адамның эмоциясына ойнайтын арзан фильмдерден бөлек Болливудта жыл сайын 2-5 тым тәуір фильмдер шығады. Мысалы, Болливудта Шекспирдің атақты пьесалары баяғыда-ақ экрандалған. Және қалай-қалай экрандалған. Өте мықты, пьесаның желісінде, өз орталарына бейімділген нұсқада. Сол баяғыша әні мен биі бар, бірақ одан фильмдерінің құндылығы жоғалмайды.

Боливуд фильмдерінің фанаты ретінде Сіздерге де қысқаша мағлұмат бере кетейін.
Әрі қарай

Тіл туралы

Мен тек қазақша сөйлеймін. Көбіне дегенім ғой. Патриоттығым асып, қырсықтанып, әдейі емес. Орысшаға шорқақтау болғанымнан. Кез-келген жерде әңгімемді, сұрағымды қазақша бастаймын. Алайда қарсы жақ қазақша мүлде сөйлей алмайтын не түсінбейтін болса, әрине бар орысшамды айтып сөйлесе беремін. Бірақ әуелі қазақша қызмет көрсете алатын қызметкерлері жақын жерде бар ма деп сұраймын. Ондай нашар емеспін енді. Индира атты қазақша бір ауыз сөйлемейтін досыммен тек өана орысша сөйлесемін мысалы.

Орысша еркін сөйлей алмағаныма ұяламын деп айта алмаймын. Бірақ қысылмай, еркін сөйлейкен өзіме жақсы екенін емес па? Оқитын кітаптарымның оннан тоғызы орыс тілінде (аудармалар) болса да, жағдайым осы.

Ағылшыным әжептәуір. 6.5 айлтсым болатын 3-4 жыл бұрын. Қазір 7,5 айналасында шығармын. Жұмыс тілім. Универде сабақ толық ағылшын тілінде өтті дегендей. Кішкене французша білетінмін, қолға алып, жалғастырмағасын, ұмытып қалдым.

Қасымдағылар мені құдды «тіл жанашыры» ретінде көреді екен. Қызық. Мен айтам " орысша еркін жақсы сөйлей алмаймын, сосын ғо" деп. Алайда орысша жақсы сөйлеп тұрсам да, бірінші қазақша бастар едім әңгімені. Ол енді ыңғайлылыққа байланысты ғой.

"Қазақ тілі" деген ойдан шығарған мәселеге байланысты айтып жатырмын. Өзім өте сирек кездестірдім ондай проблеманы. Көп адамдар сөйлей алмаса да, керемет түсінеді. Орыс тілін білім-ғылым үшін оқыңыз, ағылшын… айтпаса да түсінікті. Елде жүрсеңіз әңгімеңізді қазақша бастаңыз, түсінбесе орысшаға көшіңіз.
Әрі қарай

Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі

Біздің түсінігімізде қазақ фильмдері «Қыз Жібектен» басталып «Атаманның ақыры», «Менің атым Қожамен» басталып 90-шы жылғы жаңа толқын фильмдері мен 2000-шы жылдан бергі фильмдерді қамтиды. Бар-жоғы 10-20 фильмді айтып бере аламыз.
Осы мифті бұзу үшін Қазақстанда түсірілген 10 тек байопик фильмдерге шолу жасап көргім келді. Тізім фильмнің хронологиялық ретінмен жасалды.
Байопик белгілі тұлғалардың өмібаяны негізінде түсірілетін фильм. Өнер адамдары, саясаткерлер және діни лидерлер туралы болуы мүмкін. «Амадей», «Рэй», «Темір леди» сынды фильмдер — байопик жанрының үздік мысалдары.

1. «Амангелді» (1938)
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Фильм 1916 жылғы көтерлістің бір басшысы Амангелді Имановтың күресі мен оның Қазақ жеріндегі Кеңес Үкіметінің орнауына қосқан үлесін баяндайды. Сценарийін жазғандар Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтер бар. Фильмнің музыкасын жазғандар қатарында ұлы Ахмет Жұбанов та бар. Басты рольдерде біз танитындардан Шара Жиенқұлова мен Құрманбек Жандарбеков, Каллекей атанған Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұловтар ойнаған.
Қазақтың ең алғашқы дыбысты фильміне сол кездегі қазақтың бетке ұстар өнер тарландарының барлығы ат салысқан.
Фильмді тарих сабағында 1916 жылғы көтеріліске арналған сабақта қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Тарихи немесе деректі фильм ретінде емес, жалпы сол кездегі жағдайдың картинасын көру және қазақ кино өнерінің тарихын білу мақсатында.

2. «Жамбыл» (1952)
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Басты рольде Шәкен Айманов, Құрманбек Жандарбеков ойнаған. Мұқан Төлебаев композитор ретінде өз үлесін қосқан. Сценарийін жазғандар қатарында Әбділда Тәжібаев бар.
Фильмнің не туралы екендігін айту артық.
Жамбылды әдебиет сабағында мұғалімдер өлең жаттауға ынтасы мен қабілеті жоқ оқушыларға фильмді қарап, соған анализ жасауға тапсырма беруге болады.

3. «Оның уақыты келеді» (1957). Орысша – «Его время придет».
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Атауы керемет осы фильм аққан жұлдыз Шоқан Уәлихановтың қысқа ғұмырына арналған. Режиссері қазақ фильмі тарихында биографиялық фильмдердің атасы атанған Мәжит Бегалин. Басты рольді Нұрмұхан Жантөрин ойнайды.

4. «Артымызда Мәскеу» (1967)
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Бауыржан Момышұлының материалдары мен кітаптары және өмірбаяны негізінде түсірілген фильмде 318-ші Панфилов дивизиясының ерлігі суреттеледі.
Фильм өз заманында өте танымал болып, бірнеше халықаралық фестивальдердің жүлдегері болған.

5. «Мәншүк туралы дастан» (1969)
Бұл фильмнің де режиссері Мәжит Бегалин. Басты рольде Мәншүк образын Наталья Арынбасарова сомдаған.

6. «Знай наших» 1985
Блог - Nodar: Қазақфильмнің топ 10 байопик фильмі
Сұлтан Ходжықовтың туындысы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне арналған. Фильмде орыс батыры, француз күресінің шебері Иван Поддубныйдың жетістіктерімен ынталанған Мұқанның Парижге келіп екі жүлделі орын алуы туралы суреттеледі.

7. «Сұлтан Бейбарыс» (1989)
Бұл көркем фильм Қазақфильмнің Египет елімен бірігіп түсірген туындысы. «Сұлтан Бейбарыс» Морис Семашконың «Емшан» атты повестінің желісінде түсірілген. Ішкі монологқа толы фильмде басты рольді Нұрмұхан Жантөрин ойнайды.

8. «Абай» (1995)
Режиссері – Ардақ Амиркулов. Басты рольдерде Ғабиден Тұрықбаев, Тұңғышбай Әл-Тарази, қырғыз актері Болот Бейшеналиев пен Бикен Римова ойнайды.

9. «Мұстафа Шокай» (2008)
Сатыбалды Нарымбетовтың бұл фильмінде Мұстафа Шоқайдың драмаға толы өмірі, саяси және жеке өмірі баяндалады.
Басты рольдерде әнші Карина Абдуллина мен Болот Бейшеналиев ойнайды.

10. «Біржан Сал» (2009)
Бқл фильмде режиссер Досхан Жолжақсынов басты рольді сомдайды.

Жақында прокатқа «Құнанбай» фильмі шыққаны белгілі. «Аманат» атты тарихшы Бекмахан ағаның өмірін суреттейтін фильм де шықты.
Келешекте әр жанрда, соның ішінде триллер, экшн жанрларында қазақ фильмдері шығып, сапасы артып, Голливудпен бәсекеге түспесе де, Индонезия, Таиланд, Корея, Франция сынды өз нарығын толық қанағаттаныратын, жан-жақта фанаттары бар елге айналатынан сенімдімін.
Әрі қарай

Сайын Мұратбеков туралы

Осында ауылға барғандабаяғы бір шкаф атамның библиотекасы бір қорап боп сарайдың бір бұрышында шаң басып жатыр екен. Ішінен керектілерін, оқимын-ау дегендерін алып кетпекші болып ақтардым. Сондағы көзіме ыстық боп бірінші Сайын Мұратбековтың шығармаларының бірінші томдығы түскен болатын.
Блог - Nodar: Сайын Мұратбеков туралы
Алғашқы бетте жазушының өзі күліп түскен суреті бар орташа қалыңдықтағы сұр кітап. Біразыңыздың оқыған, біразыңызда бар кітап екеніне сенімдімін.
Айтқым келгені, қазақ жазушыларынан мен үшін тек Оралхан Бөкей бар болатын, сол ғана маған таза, соны ғана қайталап оқи бергім келетін. Әлі де солай. Бірақ Сайын Мұратбеков әр оқыған сайын жүрегімді қозғайтын, жымитатын, мұңға салатын, ызаландыртып, үміт сыйлайтын жазушым.
Бәріміз Аянды білеміз, солқ-солқ боп жылаған да едік. Бірақ одан кейінгі Жабайы алма мені шынайылығымен баулаған еді. Сондағы соғыстан қайтқан Ырысбектің образы ше…
Кітапта жазушының кішігнірім әңгімелері мен бір киноповесі де бар. Әңгімелері нашар, жасандылау.
Оралхан Бөкей хас талант әрине, бірақ алыс жолға кетерге оқуға қолым осы сұр кітапқа ұмтыларын білемін.
Әрі қарай

Жұлдызды аспанмен танысу

Ауылға барсаң, түндегі төбеңнен көмкерліліп тұратын жұлдызды аспанның бала қиялына әсері күшті. Алайда қазір далаға, нарға /тапчанға/ сол ауылдың адамдары да ұйықтамайтын болып кетті ғой. Айға бинокльмен қарау, метеорлар көргенде «жұлдыз ақты» деп мәз болысу, МКС /международная космическая станция/ қозғалысын тамашалау /ол кезде МКС екенін білмейміз ғой/, Жетіқарақшы мен Үркер, Темірқазықтың аңызын атаңнан тыңдау — қандай тамаша әрі тәтті кездер еді…
Осы жолы ауылда өткізген бес-алты күнімнің үш түнін жұлдыздар тобын аспаннан тауып үйренуге арнадым.
Ол үшін қажетті құралдар: жұлдыздар картасы /ғаламтордан тауып, қағаз бетіне шығарып аласыз/, жақсы бинокль, бірге жұлдыз іздесетін дос.
Ең әуелі аспаннан Жетіқарақшыны табамыз. Оны білмейтін, түнгі аспаннан таба алмайтын адам жоқ деп есептейміз. Жетіқарақшыны халықаралық астрономия қауымдастығы Үлкен Аю жұлдыздар шоғыры деп атайды. Жалпы әрбір жұлдыз шоғырының /созвездие/ атауының өзіндік аңызға сүйенген қызықты тарихы болады. Жетіқарақшыны жанындағы сәулелері әлсіз жұлдыздармен ойша сызықтар арқылы қосатын болсақ, типі аюға ұқсас фигура шығады деп есептеген екен баяғының гректері. Солай деп біз де енді қабылдап алдық.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Тереңдеп кетсек, бұл жұлдыз шоғырының әрбір жұлдызының атауы бар, олардың бәрі арабтар берген есімдер. Үлкен Аю арқылы Кіші Аю жұлдыз шоғырын тауып көрелік. Ол үшін Үлкен Аюдағы ең жарық Дубхе жұлдызын ойша жоғарыға қарай сызықпен жүргізсеңіз кәдуілгі Темірқазық жұлдызын табасыз. Полярная звезда деп аталатын, жұлдызды аспанда ешқашан орнын өзгертпейтін темір қазықтай жұлдызымыз осы.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Осы жұлдыздың жанындағы достарымен қоссақ, Үлкен Аюдың кішкентай копиясын көресіз. Бұл жұлдыз шоғырындағы ең жарық жұлдыз Кохаб көзіңізге бірден түседі. Жалпы әрбір жұлдыз шоғырының жекелеген жұлдыздары альфа, бета, омега деп грек әріптерімен аталады. Мысалы Кохаб Кіші Аюдың альфасы, ол Кохабтың осы жұлдыз шоғырындағы ең жарық жұлдыз екенін білдіреді, бетасы — Темірқазық, жарықтығы бойынша екінші орында және тағысын тағылар. Атаулары бар жұлдыздар санаулы ғана, көбісін астрономдар Егіздердің тетасы, Андромеданың сигмасы және т.б. деп атайды. Көбіне белгілі бір өзгеше ерекшеліктері бар және ең жарық жұлдыздардың ғана атаулары болады: Сол манағы Темірқазық, Сириус, Вега, Денеб, Поллукс сияқты.
Әрине бұл тек түнгі аспанның беткі пердесімен танысу ғана. Жұлдықдар шоғырларында сонымен қатар, тұмандықтар, галактикалар, ауыспалы немесе қос жұлдыздар, плеядалар орналасқан. Көбісін тек телескоп арқылы ғана көруге болады.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Кіші Аюды тапқасын, екеуінің ортасынан бұралаңдаған Айдаһар жұлдыз шоғырын табу оңайға соғады.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Әсіресе, бұл жерде Сізге Айдаһардың басы болып табылатын төртбұрыштағы жұлдыздардың жарықтығы көмектеседі. Сондағы көзіңізге бірден түсетін ең жарық жұлдыздан солға қарай ойша сызық жүргізсеңіз, жарқыраған Вега атты әдемі жұлдызды көресіз.
Блог - Nodar: Жұлдызды аспанмен танысу
Біздің Күнімізден де үлкен Вега талай ғылыми-фантастикалық шығармалардың арқауы болған екен.

Мінекей достар, біз тек қана үш жұлдыз шоғыры мен үш жарық жұлдызды аспаннан табуды үйрендік. Ал біздің көк күмбезімізде дәл осындай 88 жұлдыздар шоғыры бар, олардың әрқайсысының өз қызықтары бар. Ал кейбір жұлдыздардың біздің Күнімізді айналған сегізі сияқты, планеталары, яки экзопланеталары бар екенін, оларды ашу жолдары, жыл сайын қайталанатын метеорлар жаңбыры мен кометалар және т.б. ескерсек, бұл материалы көз алдымызда жатқанымен, зерттелетіні мен қарайтыны көп ғылым екенін ұғамыз.
Әрине, мұның бәрін түнде жағылып тұратын көше шамдары жоқ, алыс ауылда демалып жатқаныңызда бастағаныңз жөн. Уақытыңыз бен кішкентай телескопыңыз болса, астрономия ғылымын қалай дос етіп алғаныңызды да білмей қаларсыз.

П.С. Осыған ұқсас ақпарат пен нұсқаулықтар ғаламторда толып тұр. Пост тек қызығушылығыңызды ояту мақсатында жазылды.
Әрі қарай

Бір университеттегі оқиғаға куәгер болдым

Алматыдағы бір университетке досымның дипломын алуға барған болатынмын. Онымен деканаттың есігі құлыптаулы болғасын, қызметкерлер көрші кабинетте болар деп бас сұқпақшы болғанда, АҚШтан келген бір орыс профессор Dust stars, яғни шаңды сақинасы бар жұлдыздар туралы өзінің зерттеулерімен қазақстандық коллегаларымен бөлісіп жатты. Астрономия туралы тәп-тәуір білім базам мен қызығушылығым зор болғасын, есіктің сыртынан дәріс біткенше тыңдап, көріп тұрдым. Өте тиянақты, шешімі табылмаған сұрақтары көп проблемалар қозғалды, профессор өзінің практикалық зерттеулерінің нәтижелерін көрсетті. Слайдтар ағылшынша жасалған.
Енді қызықты қараңыз…
Сұрақтар қоятын, пікір айтылатын уақыт келгенде…
Қатты ұялдым, кеудемде бір ащы ыза туды. Себебі, кабинеттегі декандарымыз мен жас ғалымдарымыз профессордың зерттеуін дым да түсінбеген. Сұрақтары да айдала туралы болды да қалды. Бір кафедраның егде профессоры тіпті ұят сұрақ қойды. Мысалы, /дәл өз сөздерімен жазып берейін/
«Жаңа Сіз қос жұлдыздардың сутегі спектрін көрсеттіңіз, ал Күннің сутегілік спектрі қандай?» — Профессор сасып қалды, ондай мектептік деңгейдегі астрономиялық сұрақ күтпесе керек, тәптіштеп айтып берді.
Сосын бір пульсар туралы бір өтірік сұрақсымақ болды да, қалғандары зерттеуге қатысы жоқ пікірлерін қазақы көпсөзділік, мағына жоқтылық, өтірік уәде берушілікпен уақытты созу басталды. Әсіресе үлкен ағайлар, бізде жабдықтар жоқ, ақша бөліну керек сынды Құдайға қажеті жоқ әңгімесін бастады.
Оған профессор біздің телескоптардың қуаты жететінін, ешқандай проблема көрмегенін айтты.
Айтқым келгені, ғылыми кәсібилік, ғылыми пікір алмасу мәденитенінің жоқтығына қынжылдым сол кезде.
Ой, айтатын зат көп. Ешкімнің сол лекцияға түсінбегені, шын қызықпағаны, тек ертең сол арқылы Америкаға бару мүмкіндігі тұрғысынан ойлауы ұялтты. Профессор да оны байқады ғо.

""
Әрі қарай

Қазақстан қор биржасының ашық есік күні

Ертең, 7 маусым сағат 09:30-да КИМЭП университетінде Қазақстан қор биржасының ашық есік күні өтпек. Кешкі беске дейін қор нарығы туралы түрлі тақырыпта семинарлар жоспарланған. Тәжірибелі инвесторлар мен студенттер, қор биржасының мамандары, құнды қағаздар нарығының майталмандары жиналатын осы керемет шараға керекинфолықтарды да шақырамын.
Семинарлар мен лекциялар уақыты мен атауларын мына жерден қарауларыңызға болады:
www.kase.kz/ru/events/show/2014/opendoors_2014#section-2
Қатысу тегін, алайда алдын-ала онлайн тіркеуден өту міндетті. Тіркелу үшін сілтеме:
docs.google.com/a/kimep.kz/forms/d/1Lc2M7h27jzEnF6LMqG7wQHmk3uOmwET3uTjWOQUEpNY/viewform
Әрі қарай