Қонжық Тэд
Түпнұсқалық атауы: «Ted»;Шыққан жылы: 2012/шілде;
Мемлекет: АҚШ;
Жанр: фэнтези, комедия.
Режиссер: Сет МакФарлейн;
Рольдерде: Марк Уолберг, Мила Кунис, Сет МакФарлейн, Джоэль МакХэйл, Джованни Рибизи, Патрик Варбертон, Мэтт Уолш, Джессика Барт, Аэдин Минкс, Билл Смитрович және басқа да өте белгілі актерлер.
Фильмнің қысқаша мазмұнына келсек: Жаңа жыл. Кішкентай Джонның жан досы болмағандықтан, ол ұйықтар алдында Аяз Атадан өзінің досы — ойыншық аюына жан беруді тілейді. Келесі күні тілек орындалады және Джон оның есімін «Тэд» деп қояд. Жылдар өтеді, Джон да, оның қонжығы да есейеді, бірақ екеуі де сол кішкентай кездеріндегідей найзағайдан қатты қорқад. Джон дискотекада Лори деген қызбен кездейсоқ танысып, ғашық болып, онымен кездесіп жүреді. Алайда олардың қарым-қатынастарына қонжық араласа береді және бұл Лориге ұнамады. Өйткені Тэд бойдақтың өмірін кешіп, Джоннан айырылмай қояд. Міне, бар қызық осы жерден басталады.) Өз басыма фильм ерекше ұнады, сіздерге де қарауға кеңес беремін!!!
Аталмыш фильмді онлайн режимінде (TS сапасында) мына жерден көруге болады:
linecinema.kz/7491-tretiy-lishniy-ted-2012-ts.html

Білем, Қазақстан Республикасында футбол бар деп айту қиын, бірақ одан біздің премьер-лигамыз қызық болмай қалған жоқ. Бүкіл қызық енді басталайын деп жатыр, өйткені тізімде көш бастап тұрған командалар өте тығыз орналасқан және одан қалды ФК «Ақтөбе» Еуропа Лигасын соңғы болып аяқтағанына байланысты, өзінің қарсыластарымен салыстырғанда екі кездесуге кем ойнаған екен. Бүгін, яғни 2012-нші жылдың 15-нші қыркүйегінде футболдан Қазақстан премьер-лигасының 22-нші туры өтеді. Жергілікті клубымыз Көкшетаудың «Оқжетпес»-ін қабылдайд. Осы кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де (яғни бізше жетіде) басталады. Енді «Ақтөбе» футбол клубындағы негізгі қақпашыға келсек, өздеріңіз байқап жүрген шығарсыз, Қазақстан құрамасында да Сидельниковтың соңғы уақыттарда жолы болмай жүр. Мүмкін ол Мокинге қарағанда допты өз қақпасына әдемі жіберетін шығар, бірақ қайткенмен де сол баяғы сценарий. Білеміз, Андрей біздің командамызды бұрындары да талай құтқарып келді, мысалға: біздің көршіміз «Тобыл» командасымен болған «Алтын матч»-та пенальти сериясында өзін жақсы жағынан көрсетті. Алайда ол өткен шақ. Бізге қазіргі таңда жақсы қақпашы керек, өйткені "қақпашы — бұл жарты команда" демей ме?! Андрей Сидельниковтың футболдан ел біріншілігі аясында соңғы болған кездесуіндегі, яғни Қазақстан-Ирландия мен Швеция-Қазақстан ойындарына дейінгі қателіктерін мына бейнежазбадан тамашалай аламыз, өйткені осындағы мистейктерді ол Қазақстан құрамасының соңғы екі матчында да қайталад:
Жалпы уәде туралы бұрын да айтылып келді. Менің де бұл жөнінде алып-қосарларым бар. Біздің әр басқан қадамымыз уәдеден тұрады. Уәде беріп орындамағанша, уәде бермей орындаған дұрысырақ. Адамға берілген уәденің маңыздылығы күмән келтірмеуі қажет. Айтылған сөз жеке өмірдегі қарым-қатынаста да, жұмыста да күшін жоғалтпауы тиіс. Бұл — сенімге негізделген кез келген қарым-қатынастың ережесі болып саналады. Бірақ, берген уәдемізді орындау қолымыздан 100 пайыз келе бермейді, дегенмен, көп жағдайда бұл қателіктер әдейі жасалмайды. Кейде біз өзіміздің мойнымызға көптеген жауапкершіліктерді алып алып, оны орындауға үлгермей, сөйтіп басқа адамдарды отырғызып, өзіміздің беделімізді түсіріп қоя береміз.
Муниципалдық «Ахтубинск» қаласы
«Ресей «Сирия» және «Иран» сияқты халықаралық мәселелерді реттеу бойынша өзінің ұстанымын қалыптастыруда бейтарап болады», — деп мәлімдеді Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путин.
Солтүстік Америка мен Азия жарты миллиард жылдан кейін Солтүстік полюсте тоғысады. Болашақ құрлық жайлы осындай теориямен Йель университетінің геологтар тобы шықты. Ресейлік ғалымдар америкалық әріптестерінің гипотезасына шүбә көзбен қарауда. Әзірге тек бір нәрсе ғана анық – құрлықтар жаймен орындарымен ауысуда және миллион жылдардан соң, Жер планетасы мүлдем басқаша болып көрінеді. Геологтар болашақ суперқұрлықты «Амазия» деп атады. Ғалымдар ол Атлантикада құрылады деп бекітуде. Басқалары болса, Амазия Тынық мұхитының орнында болады деп болжап жатыр. Росс Митчелл үшінші нұсқаны ұсынып, Амазияны Солтүстік-Мұзды мұхитының аумағына орналастырды. Аталған теориялар, құрлықтар бір жерде тұра бермей, олардың үнемі жылжитындықтары туралы анықталған өткен ғасырдың ортасында болған геологтардың революциялық ашуларының арқасында тууда. Сонымен қатар, мұхит түбіндегі жер қыртысының құрылымының, құрлықтікінен біраз айырмашылығы бар. Соңғы 200 миллион жылда құрлық картасы өзінің өзгеруін жалғастырып келеді. Мәскеу мемлекеттік университетінің геологиялық факультетінің профессоры Николай Короновский былай дейді:
Кеше бір британ радиосын тыңдап келе жатқанда бір әншінің өлеңін қойды, лақабасы немесе бүркеншік аты
Картер–кіші) де бар. Мүмкін сіздердің бұрын білгендерің бар шығар, бірақ өз басым бұл әнші туралы кеше ғана білдім. Ұлыбританияда аты дүркіреп тұрған көрінед. Шынымды айтсам орындау мәнері жаман емес сияқты, тіпті оны Еминем мен Лил Уэйннің дауыс- тарынан құралған гибрид дауыс деп те санауға болады. Бір айырмашылық: ол әрине, акцент. Алдарыңызға оның «At Your Inconvenience» атты альбомынан екі әнін ұсынам:
Кеше автокурсқа барсам, менің жүргізуге үйреніп қалған мерсухам (шохам) жоқ. Әрине, шетел маркалы көліктер көп, бірақ маған осы жалғыз, әрі ескі жигули тап болд та, (айтпақшы енді жигули де шет ел маркасына жатады ғо, как-будто осы машинаны өзіміз ойлап тапқандай) осыдан бастаған соң, аяғына дейін жақсылап көлік жүргізуді үйреніп алайын дедім, әйтеуір аяусыз. Енді оқуда өздеріңіз білетіндей/өздеріңіз білмейтіндей (кімге қалай) әйелдер қауымы көп екен. Біреуіне қарасам, жасы орта шамадағы әйел, өзінің гольфухасына мінуге бара жатқанда көңілі көтеріңкі өзінен өзі күліп бара жатыр, оған қараған мен де күлгім келіп кетті, қой құрсын (осы қазақты құртатын құрсын, бірақ бұл жерде не к месту, жарайд) салмақты болайын дедім… (татыр күлвалайыншы..) жарайд кеттік. Сонымен машинаға келетін болсақ, жигулиды митсубисиге ауыстырған екен, енді сол мицухаға сыпайы (галантный) болып мініп, сыпайы болып түсіп жүрк. Айтпақшы, бір жағынан жақсы болд, шоханың (кәк рәз) ана несі кетіп жүред… муфтасы (сцеплениясы), басқаннан кейін, кейін қарай шықпай қалатын әдеті бар, сосын аяғыңды сцеплениенің астына тығып шығарып аласын, соған шамасы үйреніп қалған жайтым бар-ау дим, енді галанттың муфтасының астына аяғымды тықпайм, бір жағынан жақсы етігім бүлінбейд, екінші жағынан да жақсы өйткені, көп салмақ түспейд, көлік барлық жағынан да жайлы. Джө шын, ана бұрынғы ескі машинамен үйреніп жүргендерге обал да, кінә өзімнен деп ойлап қалып, сенімсіздік пайда болып, «машина айдау» менікі емес деп қалулары мүмкін дә басқалардың. Әрине, проблема бастапқыда сол старттан басталады, яғни муфтаны басып тұрып, 1-ге саласын да жаймен газды басып және дәл солай жаймен бір уақытта сцеплениені жібересін. Қазір көлік айдауда біраз нәрселерді үйрендік. Енді қалғаны өзіме жеке машина сатып алу, ал әзірге ағамның ескі апелюшочка аструхочкасы (опель ғо, өз басым осы марканы аппель деп оқим, біреу орёл дид, енді әркімнің өзінің варияциясы бар) бар ед… эээ бірақ ол автомат екен ғо, өз басым автомат айдағым келмид, бірақ амал не, таңдайтын жағдайда емеспін. Ең бастысы көлік айдағанда сақ болыңыздар халайық! Сіздер көлік айдағанда тек өзіңіз үшін емес, айналадағы адамдар үшін де жауапкершіліктесіз. Әсіресе, қыздардың құлақтарына… екі құлақтарына да тынық мұхитының түбінен табылған маржан тастан жасалған үлкен сырға!