Атаңнан артық не айтам?
Өзіңнің емес, өзегенің қателігінен үйрен дейді ғой білгіштер. Дұрыс шығар. Бірақ, бұл өте қиын шаруа екені анық. Басы тасқа тимейінше беті қайтпайтын бекіре балық сияқты, адам да өзінің мұрны қанамайынша өзгенің ақылын тыңдауға пейілсіздеу келеді. Әйтпесе, атадан қалған ақыл қанмаша. Ақша мен байлық туралы мақал-мәтел де жетерлік. Үйренем десең – мархаббат. Тыңда, жатта, түсін.
Әрі қарай


Ақтөбеде иммунитет көтереміз деп «система» салдырған үш әйел бақилық болды. Олардың қаза тапқаны бұлтартпас факт, бірақ, неден өлгені әлі нақтыланған жоқ. Дәрігерлер көз жұмған үшеудің де түрлі созылмалы сырқаттары болғанын айтады. Кім білсін, мүмкін, бұл да бір себеп шығар.
Тәртіп бойынша Қазақстанға әкелінген кез-келген препарат «Дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасын сараптау» Ұлттық орталығында тексерілуі тиіс. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай бұл жеткіліксіз. Өткені заңның да осал тұстары толып жатыр. Мәселен, жарамдылық мерзімінің 70-80 пайызы өтіп кеткен дәрілер Еуропа елдерінде айналымнан шығарылады. Ал, бізде олар емін-еркін сатыла береді. Оның үстіне кез-келген тексерісті айналып өтіп жатқан дәрілер де бар. Тек былтыр елімізде заңсыз айналымда жүрген он препарат тәркіленіп, бірнеше фармацевтикалық компания жабылды.
Қазақстандық дәрінің сапасыздығына құлай сенетініміз соншалық, шынымен әсері жоқтай көрінеді. Медицинада плацебо деген термин бар. Өтірік дәрі деген мағына береді. Көбіне бұл препараттар кәдімгі лактозадан жасалады. Алайда оның дәрі екеніне иланған пациенттер шынымен жазылып кетіп жатады.



