Жарияланымдар

Жанкүйердің ішкі толғанысы

Кешегі финалда күмістің қалтада тұрғаны айдай анық болды, өкініштісі сол боксшымыз алдын ала соған мойынсұнғандай көрінді. «Қоланы жаныңды салып аласың, ал күмісті жеңіліп аларсың» деген осы…
Финалдағы Әділбектің көрсеткен "өнеріне" қарапайым жанкүйер ретінде көңілім толмады. Ол мүмкіндігін көрсете алмағандай.
Теледидар алдында телміріп отырғандағы ішкі ойым:
«2 раундтың ұпайын көріп тұрсың, тең түстің, енді 3-ші раундта барыңды сарқып қимылдасайш! Күшіңді, мықтылығыңды, шеберлігіңді не үшін, кім үшін сақтайсың, егер де шешуші сәттерде дүйім жұрттың алдында көрсете алмасың?!
Түуһ, Серік Сапиевтің жеңісі рух беруі тиіс еді ғой. Мына сылбырлығына жол болсын?!
Жә, олай болмағанның өзінде бұл жәй бір кездесу емес, 4 жылда бір келетін Олимпиада ғой, не тосатыны бар, құдай-ау?! Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді ғой! Әрекет жасап қал, Әділбек! Қарсыласқа бірінші қимылдауға мұрсат берме, жолыңды бердің бе ол арқаланып кетеді! Финалға шықтың екен алтын үшін, жеңіс үшін барыңды сал! Аямай соқ, соқ! Қажет пе, шайқас! Өй, көп болса, көзің көгерер — жігітсің шыда! Жарысқа дейінгі төгілген тер мен жұмсалған күштің, кеткен уақыттың садағасы! Тіпті нокдаун болғанның өзінде — тұр қасқайып, тізең дірілдемесін! Күшің сарқылып бара ма, дымыңды білдірме — мысыңмен баса біл қарсыласты! Ол бір соққы жасады ма, ақың кетіп барады — міндетті түрде 2 рет соқ! Сонда ғана ең биік тұғырдан орын аласың! Сонда ғана жеңістің тәтті жасының дәмін татасың! Сонда ғана батыр болып елге ораласың!»
Эх, ойға не келіп не кетпейді, алайда қолда тұрған алтын еді… бір ғана соққы жетпеді...Өкініштісі де сол!

Пы.сы. Олимпаиданың кай медалі болса да үлкен жеңіс, спортшы жемісі деп бағалаймын! Бәрі де құтты болсын!
Әрі қарай

Сылтау! Сылтау керек!

Жаппай өтпуск жайлаған кезең. Адамдарда «шабаданды көңіл-күй». Жұқпай қоймайды екен. Менің де «ауруым» басталды, бүгін тағы жұмысқа кешігіп келдім. Күндегі әдетімше аяғымның ұшымен басып келе жатсам, қарсы алдымнан отдел кадр бастығының шыға келмесі бар ма (1 ай бойы ешкімнің көзіне түспей жүрген ем) Өтірік жымиғансып, басымды изеп жанынан өте шықтым. Уффф! Қатардығы қызметкермін, фамилямды жатқа білмейтін шығар деп үміттенем.
Сәлемдесе кабинетке кіріп келсем Директордың өзі төрге жайғасыпты. «Таң атпай не істеп жүр, отырмай ма кабинетінде». Ішімнен.
Екі адам ғана жұмыс орнында. Бірнәрсе дейтінін ішім сезіп тұр  
-Ммм, 16 минөт… не болды?
Дәлелді сылтау ойлап табуға уақыт жетпейд…
-Ұйықтап қалыппын…
Қарсы столға көзім түсіп кетіп еді, коллегам шұқшиып бірнәрсе жазып отырғандай. Мм, түсінікті.
-Объяснительный жаз!
Бас шұлғудан басқа амал жоқ. Не жазам, а?! Қап, нем бар еді ашықауызданып…
2-3 парақты шимайладым. «Ұйықтап қалуыма байланысты» деп жазып көріп едім, біртүрлі… күліп алдым еріксіз) Ақыры «Уақытты тиімді пайдаланбауыма байланысты… енді қайталанбайды» деп жаздым.
Менен кейін елген әріптестерімнің сылтаулары:
1. ваннадан су кетті,
2. медсправкадан өтуге поликлиникаға бардым,
3. үйге қонақтар келіп еді, соларды шығарып салдым.
P/S. Құдай қаласа, 22 аптадан соң өтпуск. Оған дейін неше рет «ұсталар» екем?! Бауырлар, илана қалатындай сылтаулар мен мықтыыы аргумент айтындаршы.
Әрі қарай

Линза туралы бірер сөз


Маған көзілдіріктен гөрі линза таққан ыңғайлы. Линзамен «дос» болғаныма 6 жылдан асыпты, бастапқыда 3 айлықты алатынмын, қазір бір айлыққа ауыстырдым.
Кез келген нәрсенің артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны сияқты линзаның да өзіндік ерекшеліктері бар.
Әрі қарай

Жылт еткен ойлар...

Иә-ә-ә, пенде болған соң бір ой келіп бір ой кетеді…
Кейде жаныма жайлы «пана» таппағанда бас ауған жаққа ҚАШЫП КЕТКІМ келеді…
Құзырлы мекемелер түкке тұрғысыз өздерінің «заңдылықтарын, тәртіптерін» алдыңа кесе-көлденең тарта бергенде бәрінің астан-кестенін шығарып ШАШЫП КЕТКІМ келеді…
Танауын көкке көтеріп, тым масайрап кеткен жанды көрсем «тәубеңе түссеңші» деп кешегі жарасының ауызын ҚАСЫП КЕТКІМ келеді…
Кейде осындай өзімшілдікке негізделген пенделік ойлар жылт береді…
Әрі қарай

Бір үзік сыр..

Нәби Аймұратовтың соңғы әнін тыңдай отырып, осыдан 6 жыл бұрынға қызықты күндер есіме оралды. Бөлісе отырайын…
Әрі қарай

СЕН дегенде...

Мына жер бетінде СЕН болмағанда не істер едім деп те ойлаймын… өйткені, жабырқаған жанымды жадырататын да, көңілсіз сәттерімде үнемі қасымнан табылатын да ӨЗІҢ емеспісің?! СЕНДЕЙ сенімді серікті қайдан таба қояр екем?!
Әрі қарай