Жарияланымдар

Тастанды

Жаралып ем жалғыз тамшы сұйықтан,
Қысылып ақ шығып едім тұйықтан.
Анашымның құрсағынан тоғыз ай,
Кең дүниеге шығып едім болып таң.

Анашым ай қандай жолға бастадың,
Бүгінғана дүние есігін ашқаным.
Не жазып ем шықпай жатып жарыққа,
Әжетхана нәжісіне тастадың.

Ақ әжемай не жазып ем мен саған,
Сұлу жиен мен есеспе ем аңсаған.
Қалайғана тәрбиеледің қызыңды,
Соны менің түсінбейді бар санам.

Демеушіме ед қыз балаға қырық үйден,
Ата-ананың тәрбиесі мен бар түйген.
Қалай ғана жүре аларсың жер басып,
Босағасын аттап шығып бір үйден.

Сорлы қазақ қайда кетіп барасың,
Жоғалттыңба жақсы, жаман арасын.
Ұрпағыңды сен осылай қорласаң,
Қайдан барып қадір,қасиет табасың.
Әрі қарай

Құрдастарға

Құрдастарым ақ көңілді аң жарқын,
Ойлап жүрер қамтып жүрер алды артын.
Сендерге ұқсап әжуалап кім мені,
Сендерге ұқсап ақ көңілден алдар кім.

Алыс жүрсем бір көруге сағынам,
Іздесеңдер қастарыңнан табылам.
Қатарларың сиремесін әрдайым,
Жатсам тұрсам жаратқанға жалынам.

Сендерге ұқсап мазақтайды кім мені,
Сендерге ұқсап ардақтайды кім мені.
Өздеріңді көп ойлайтын боп алдым,
Үлкендіктің қорасына кіргелі.

Құрдастарым аман болсын жан жағың,
Қызық көріп орындалсын арманың.
Қыр астынан кәрілік кеп жетсе де,
Ажал шіркін сала алмасын қармағын…
Әрі қарай

Тағдыр

Ұйқыда көзім көңілім ояу, жатырмын сезіп бәрінде.
Кезіп жүр жаным әлемді көктеп құлақ сап қойып әр үнге.
Тозақтан шыққан үндерме бәлкім, тұндырып құлақ зарлайды.
Күнәға батқан шырқырап жаны, ұшырап аллам кәріне.

Ей шерменде неге өмір сүрдің дуниеге неге келіп ең,
Денеңді мынау уақытша ғана қызмет үшін беріп ем.
Енді міне шырылдап жанып отына тамұқ барасың,
Сендейлерді жазаламақ түгіл өлтіруге жерінем.

Осылайша жаратқан ием қаһарлана тіл қатты,
Күналы жанды шырқыратып жер астына зырлатты.
Бейкүна жандар самғай ұшып көтеріліп аспанға,
Жаратқанның нұрына шомып ұжмақтың асын жеп жатты.

Одан әрі барамын ұшып көктей өтіп аспанға,
Бұл жақта дейді бәрі ақихат орын жоқ асып тасқанға.
Орын жоқ егер күнахар болсың алла алдында адамзат,
Көкірегің ақ көңіл ояу болса төрге өт дейді жасқанба.

Тіршіліктің қадірін білмей асып тасып толдыңба,
Тікенек гүлдей күніңе жетпей тамырың қурап солдыңба.
Себепсіз салдар болмайды мынау бес күн жарық дүниеде,
Одандағы мойынұсындағы тағдырыңа қол бұлға.
Әрі қарай

Айналайын немерем

Айналайын немерем,
Ұрпағымның жалғасы.
Кеңде болсын керегең.
Қызығымның алғашы.
Айбынды бол, батыр бол,
Жақсылыққа жақын бол.
Көмейден сөз ағылған,
Суырып салма ақын бол.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Жігіт болып өскейсің.
Шырқатып мәнді ән
Әрі қарай

Өлеңге әр кімнің ақ бар таласы

Өлеңге әркімнің ақ бар таласы.
Әрине әркімнің бар көз қарасы.
Бытырап жатса оның несі өлең,
Жұп жұмыр тегіс келмей айналасы.

Жазғасын қорғасындай құю керек,
Деп жазбай тимесе бұтақ, тисе терек.
Абайша жылы тиіп жүрегіңе,
Болған дұрыс өлеңің
Әрі қарай

Өтеді уақыт қас қағым

Өтеді уақыт қас — қағым,
Ақтардым өмір астарын.
Есіме тусип жас шағым.
Жырыма айырбастадым.

Қазбалап өмир қатпарын.
Ызғарын, ыстык аптабын.
Еске алсаң өмір қас — қағым,
Түнермесін тек аспаның.

Тұңғиык ойдың тереңі,
Болады кейде
Әрі қарай