Жарияланымдар

Рушылдық пен жікке бөлінуге деген көзқарасыңыз қалай?

Бұрындары аласапыран жаугершілік заманда ұлттың ынтымағын ұйыту, бірлікте болу мақсатында руға бөлінген қазақ қазір бейбіт күнде руға бөлініп, жік-жікке айналып бара жатқандай? Бұл көңілімізге мұң ұялатады. Қалай ойлайсыңдар? Рушылдық пен жікке бөліну біздің ынтымағымызды ыдыратпай ма? Саясаттағы, өнердегі, әдебиеттегі, басқа да салалардағы рушылдықтан мысал келтірсеңіздер…
Әрі қарай

Обама - жазушы

«Қарадан шығып хан болған» американдық саясаткер әрқашан ине-жіптен жаңа шыққан, көпшілік арасында кең таралған киімдерді кигенді ұнатады. Оның ойынша осылай киіну қарапайым адамдар ортасында жүрген атқамінерге оң әсер берері сөзсіз. Бұл – кез-келген саясаттың кәсiби имиджмэйкерлері түсiнетін ереженің бір түрі іспетті. Сонымен қатар, саясат сардары АҚШ-тың ауыр жұмысынан сәтке де болса босаған кезде өзіне ұнайтын сүйікті істерімен айналысқанды жөн деп табады.
Обама өмірде басынан өткен күлкілі жағдайларды «Үмiттiң батылдығы» атты кiтабында егжей-тегжейлі жазады. Бірде ол даяшыдан қыша сұрағанда, өзінің сайлау компаниясының ұйымдастырушысы оған саясаткердің кафеде бар кез келген қышаны міндетті түрде жеуі керек екендігіне ескерту жасағаны бар.
Барак Обаманың көптеген қызығушылығы оның саясаттағы өмiрмен өзара байланысты. Обама заңгерлік жолында және сенатарлық қызметте жүрген уақытында да хоббиын қалыс қалдырмады. Бірақ, ел серкесі хоббиды ермек ретінде түсінбейтін сыңайлы. Оған ең бірінші халықтың мұң-мұхтажы мен мүддесі қымбат. Графқа жазған хатында мүдделер турасында ол — әлеуметтiк теңдiк пен қараша халықтың құқығын қорғауға басты мән беретінін айтады.
Әрине, Обама, адамдардың тек қана құқық үшiн күресумен шектелмегенін, олардың қай кезде де ерікті болғанын қалайды. Мемлекет басшысы түтін түтетіп, ошағынан от кетпеген отбасындағы әйелі мен екi қызы жайлы көбірек әңгіме шертеді. Саясат сахнагері талай жылғы тәжірибесі бар отағасы. Ол әсіресе, үлкен бойжеткенінің сабағына жіті назар аударып, кіші қызының асыр салып ойнауына мейлінше мүмкіндік береді. Тәжірибесі толысқан саясаткер болса да, Обама отбасы өміріне мейлінше назар аударады. Сондай-ақ, мүдде деген адами құндылыққа маңыз берген халық қалаулысы ең әуелі Америка тұрғындарының жаймашуақ өмірі мен халықтар арасындағы ортақ теңдіктің туы жығылмауы жолында қызмет етуге әрдайым әзір.
Бәрін айт та, бірін айт. Обаманың басқа қызығушылығынан бөлек, оның жазушылық қасиетін біреу білсе, біреу біле бермес. Қаламгерлікпен айналысатын саясаткердің осы уақытқа дейін екі кітабы жарияланған. Біріншісі – «Әкеден мұраға қалған армандар» атты ғұмырнамалық кітап болса, екінші кітап саясаттағы мәселелерге арналған «Үміттің батылдығы» деп аталады.
Қазіргі уақытта АҚШ көсемі әйелі және қыздарымен бірлесіп үшінші кітапты басылымға даярлау үстінде. Бұл кітап балаларға арналып жазылып жатыр. Қаламгер саясаткердің бұл ісі бір жағынан хобби болса, екінші жақтан қыруар қаражат табудың көзіне айналып кеткендей.
Тағы бір айта кетерлігі, АҚШ патшасы өнерге, әсіресе әнге құмар. Есімі көпке мәшһүр джаз орындаушысы Майлса Девис, белгiлi сырнайшы Стив Вандердің өнерін жоғары бағалайды. Әдетте, сайлау алдындағы сапарларда һәм сайлаушылармен ұшырасқан кездерде президент көптеген өнерпаздарды шақырады. Олардың жуан ортасында жоғарыда аталған өнер адамдары болмаса президенттің көңілі көншімейтінге ұқсайды.
Бір өкініштісі, Обама ғасыр дертін тудырып отырған шылымды үздіксіз шегеді. Ол шылымды көбінесе жора-жолдастары бас қосқан думанда немесе мейрамханадағы ас-ауқаттан кейiн қолданады. Темекіні жолдас еткен президент оның дауысты қарлығыңқы шығаратынына бола тартады екен.
Міне, бір елдің басшысы қолы мемлекет шаруасынан қалт еткенде айналысатын хоббиы. Біздің айтпағымыз, әлемге аты кеткен Барак АҚШ-тай әлем танитын мемлекет істерін хоббиға айналдырып жібермесе болғаны.
Әрі қарай

ҚАРА-АЛА СЫРМАҚ Жақсылық ҚАЗЫМҰРАТҰЛЫ

Ар ма алқалы керекинфолықтар! Сіздердің алдарыңызға тағы бір жас ақынды әкеп отырмын. Өзін емес, өлеңін көріңіздер. ҚазҰУ-дың мұзбалағы. Көп ғашық болатын жігіт. Соған қарағанда бірдеңе шығады-ау деп ойлаймыз.
Әрі қарай

Терминалдағы қыздың аты кім?

Күнде терминалға барып единиса саламын. Біреуге збандайсың, біреуге маяк тастайсың дегендей… Әңгіме мынада. Сол терминалға барып сотобый связь ба бір кнопканы басаң бір қыз айғайлайды «ПАТТВЕРДИТЕ ПРАВИЛЬНО… Бірдеме» деп. Сосын ақша салғалы жатсаң тағы бірдеме деп дауыс көтереді. Соған қандай шара қолданамыз? Ана терминалдың сөзін оқыған қыз күйеуінен таяқ жеп келген бе, әлде аяғын бір жерге қысып алған ба, сондай бір кісі. Әйтпесе сөйтіп айғайлай ма екен?
Әрі қарай

Түйреуіш. Мақсат МҰХАМЕТЖАНОВ

Бұл жас ақын 1990 жылы Семей қаласына қарасты Таңат ауылында туған. Қазір Семей қаласында өмір сүріп жатыр. Өлеңге деген махббаты ерекше. Сол себепті, сіздерге бір өлеңін ұсынуды жөн көрдік.
Сен десе күйге толы шанақ кеудем,
Жүрегімде орның бар абат төрден.
Әлі күнге сақтаулы білесің бе?
Түйреуіш өңіріме қадап берген.

Кетер күннің көзінде мөлтілдедік,
Жоғалтпаймын сөзіме сертім берік.
Кеудеме таққаныңда сезбеппін-ау,
Тағыларын кеудеме дертім болып.

Күреңіткен сәттерде көңіл бағы,
Емдейді жан-дүниемді төзім нәрі.
Қай жақта жүрсем дағы сол түйреуіш,
Ұмыттырмай келеді өзіңді әлі.
Әрі қарай

Аңсар. Бауыржан ӘЛІҚОЖА

Шырайлым-ау, шырмай берді елесің,
Түнде түстен, күндіз естен бір шықпай.
Неге мені айналдыра бересің,
Ақ апамның қолындағы ұршықтай.

Сырғыр уақыт сені ойлаумен сәт сайын,
Бар жарамды жазардайсың сен емдеп.
Бір жарқ етіп жүрек отын жақса, Айым,
Күздей көңіл көктем болып көгермек.

Қандай ғажап қуаты бар бейнеңнің,
Көрсем болды тау қопарар күй кешем.
Өзге қызға қарамауды үйрендім,
Бағалай да алмас едім сүймесем.

Айнамкөзсіз азап-өмір, соны ұқтым,
Тағдыр жазса тастамаспын жанымнан.
Атыңды айтып күбірлейтін болыппын,
Апталар-ай, сартап болып сағынған.

Сенбесеніз, сенсеңіз де көкем-ау,
Не екенін де енді білдім шөлдеудің.
Өмір деген тым басқаша екен-ау,
Бұрын қалай ғұмыр кешіп келгенмін.

Пәк сезімді еркін ұшқан құс делік,
Мұң торына түсірмесін абайла.
Бір әдемі жатқандаймын түс көріп,
Мені оятып алмаңдаршы жарай ма?
Әрі қарай

«Күзетші». Бауыржан ӘЛІҚОЖА

Жатақханада өмір түнде басталады-ау…
Сенің сөзіңнен

Шырайыңда алаулап гүлдегі арай,
Оқу залын ду қылдық бірге талай…
Күн жарықта мүлгитін жатақхана,
Оянатын сілкіне түнге қарай.

Дала ұйқыда, у-шуы тынышталған,
Жатақта — өмір құралған дыбыстардан.
Қозғалысқа әуен боп үндеседі,
Тәтті сыбыс естіліп бұрыштардан.

Көздеріңнен бір кемел ойды аңғарып,
Қайта-қайта қараймын қайран қалып.
Балмұздақтар оңаша қалдыратын,
Бізді көріп отырған жайраң қағып.

Бара-бара айрылып күдік күштен,
Желік бітіп қылғанда үмітті үстем.
Сезімдерді үркітіп кетуші еді,
Тетпешектен адамдар мініп, түскен.

Шоғын үрлеп ғашықтың Алматы нық,
Арбалумен түн өтті жанға тұнық.
Кеудемізге бақ құсы ұя салып,
Бөлмемізге қайтамыз таңды атырып.

Тағдырымыз түйісіп торғын белде,
Жүзіңдегі шомылғам мөлдір көлге.
Бұлдыраған даланың сағымындай,
Елес болып барады-ау сол күндер де.

Еһ, төртінші қабатта тұратын қыз,
Өзің барда болмайтын мұратым күз.
… Сол екеуміз сыр шертіп, арманды айтып,
Қала ұйқысын күзетіп шығатынбыз.
Әрі қарай

АСПАН. Бауыржан ӘЛІҚОЖА

Құрметті Керекинфолықтар! Сіздердің назарларыңызға жас ақын Бауыржан Әліқожаның бір топ өлеңдерін ұсынып отырмыз.

Айналдырып тауларды баспалдаққа,
Шақырардай сол әлем дос болмаққа.
Жүргеніммен жер басып ісім болмай,
Неге елеңдей беремін аспан жаққа?!

Хабар беріп қалардай бір шындықтан,
Зеңгір Көкке қараймын тылсым бұққан.
Жұмбағы мол дүние жымыңдайды,
Жүректегі беймаза дүрсілді ұққан.
Әрі қарай