Жарияланымдар

Қандай смартфон?

Өркеннің мына жазбасын оқып отырып, керекинфоның қалың қауымынан кеңес сұрауға бел будым.

N8-htc-iphone, etc…

Біреуін таңдау керек боп жүр. Кеше телефонымды… нші рет жоғалттым (бұған дейін бір рет ұрлатттым, ал қалғандарында өзім тастап кете беріппін:((). Әзірге қазақ тілді нокиа Х үшпен жүрмін. Қымбатын алуға қойған жеріме қалдырып кететін ұмытшақтығымды ескеріп, қолым бармай жүр. Әйтсе де жаным бір тачскрин смартфонды қалайды))

Интернетті шарлап қайсысы жақсы екенін біле алмай дал болып отырмын. Кім кеңесін берер екен?
Әрі қарай

Астаналық маршруттар картасы

Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Астанада жерүсті біррельсті пойыз жолға қойылады екен» деген әңгіме шыққан еді. Шығарса, жөн болар еді, ал әзірге екі көзі төрт (немесе мен секілділері төрт көзі сегіз :) болып) жерүсті пойызды күтпей-ақ, қоғамдық көлікті пайдалануды ыңғайлырақ ету мақсатымен жасалған кішігірім құралмен бөліскім келіп отыр (астаналық қоғамдық көлікті пайдаланушыларға).
Сілтемесі мынау: maps.astana.kz/transport.html
Әрі қарай