Жарияланымдар

Өмір күнделігі (Сонда менің кім болғаным?!)

Блог - KONILDI: Өмір күнделігі (Сонда менің кім болғаным?!)
Күн жексенбі. Түске дейін ұйықтап ұйқымды әбден қандырып алдым. Өліп-талып шаршамасам да түске дейін ұйытауыма ешкім кедергі болған жоқ. Ұйқымнан тұрып, шайымды ішіп алдым да қайта қисайған күйі түнде аяқтай алмай ұйықтап қалған киномды аяқтадым,
Әрі қарай

Жоспарланған демалыс...!

Құрметті Достар! Неден бастасам екен…
Общім былай… Жаз басталды, оқу жылын аяқтап, балаларды жазғы лагерлерге таратып, ақшаны жаратып… т.б. жұмыстарды аяқтап, жыл бойына жинаған стрестерді табиғатқа барып шашып жіберу керек болып тұр. Сол себеппен жақын арада, өте жақын арада Оңт. Қазақстан облысына достармен жазғы демалыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Неге ОҚО дейсіздер ғой, прост бізге жақын жер сол болып тұр. Оның үстіне 2-ақ күн уақыт бар, жұмыс талабы солай. Алайда осы күнге дейін Шымкент жерінің қай жері ыңғайлы екенін білмей әлекпіз. (Біз ол жақта болмағанбыз) Мен Түлкібасқа барғым келген, таза ауасын жұтып, тауын аралағым келген. Алайда, Түлкібаста жалға берілетін коттедж, квадрацикл жайлы ешқандай ақпарат ала алмай отырмыз. Мүмкін басқа де керемет жерлер бар шығар. Гугл брат ештеңе айтпай жатыр… Алдағы жоспарланған 2 күндік демалыстың керемет өтуіне көмектесіп жіберсеңіздер «тақырып (тема)» болар еді. Алдын-ала рахмет!
Әрі қарай

Шайтаннан хат

Кеше күнделікті ісіңмен айналысып отырғаныңды көрдім. Намаз оқымай, дұға жасамай тағы бір күніңді өткіздің.Тіпті тамақ жеп болып, жатар алдында да шүкір етпей жаттың.

Өте пәс адамсың! Сені мақтан тұтамын. Бірақ сонда да, менімен болғаның үшін бақытты екенімді айта алмаймын. Есіңде ме? Бірге болғанымызға көп жыл болды. Бірақ сені әлі де жақсы көрмеймін. Шынын айтар болсам: сені Аллаһты ұнатпағыным үшін жек көремін. Аллаһ мені жәннәттан қуғаны үшін сені қолданамын. Сені қолданып, Аллаһтың маған жасағандарын қайтарып алғанға жейін қолданамын… сосын жоқ болып кетсең де бәрібір. Білемісің ақымық, Аллаһ сені жақсы көреді, бірақ сен өмірдің бәрін менің қасымда өткіздің. Бұл адалдығың үшін сені марапаттаймын. Өміріңді быт-шыт етемін. Екеуіміздің бас қосқанымыз Аллаһқа ұнамайды. Мен болсам нағыз қожайын екемді Аллаһқа сенің арқаңда көрсетемін. Бірге өткізген жақсы күндерімізді еске алшы, адамдарды жылатқанымызды, олар туралы ғайбат жасағанымызды, жынды-жынды дискотекаларға баратынымыз, есіңде ме, екіжүзділік арқасында үлкен мансапқа жеткенімізді, өтірік айтқандарымызды, арақ-шарап ішкенімізді… мешітке бармайтынбыз… намаздан қашатынбыз… Осылардың бәріне үйреніп қалдың да, олардан бас тартқың келмейді, рас қой? Кел енді ақымақ! Бақи отта бірге лаулап жанайық. Бұл хатты саған қаншалақты мән бергенімді және өміріңнің үлкен бөлімін маған сыйлағаның үшін алғыс айту үшін айтып жазып отырмын. Ақымақ, саған күлкім келеді. Жасағандарың менің көзіме жиіркенішті келеді. Сен осы жолыңнан тайма. Жаңа ұрпаққа алдауды, өтірікті, мешіт орынына дискотекаға жол көрсет. Жастардың қасында сен осылардың бәрін жаса да, олар сенен үлгі алсын. Көп кешікпей олар өзің сияқты болады. Жастар еліктеуіш қой.
Ал, әзірге кетуім керек, бірақ алысқа емес, бірнеше секундта қасыңа қайта ораламын. Аз ғана ақылың болғанда тәуба етіп қалған бірнеше бірнеше жылдық өміріңді Аллаһтың қасында өткізуге тырысар едің?! Біреуге ақыл айту табиғатымда жоқ нәрсе, бірақ сені таныймын. Сен менің қасымнан кетпейсің. Сенің жасыңда бір адамның әлі де күнәлардан арынбай жүргені ақымақтық болса да. Сен мені дұрыс түсін, мен сені әлі де жек көремін, үнемі де солай болмақ. Мені шынымен жақсы көрсең осы хатымды ешкімге айтпа. Бізді өлім қосқанға дейін…
Әрі қарай

Жалғыз жапырақ... Қайда екен сол ғашықтар?!

Қайда екен сол ғашықтар?!

Көктем еді. Табиғат ана келбеті шырайланып, айналасына шапағатын шаша түскен мезет-тін. Буырқана бусанған қара жер жүзі де тебіндей шыққан көкпен көмкеріліп, жасара бастаған. Ол кезде менің көзімді жаңа ашып, төңірегіме таңдана қарап, жарық дүниенің тіршілігін енді бажайлай бастаған кезім болатын. Күн батса шығыс жақтан қоюланып келе жатқан түнерген түнге жәутеңдей қарап, бүрісе түсуші едім. Ал көкжиектен күн қылтиса болды арқам кеңіп, керіле түсіп, еркін тыныстайтынмын. Ол күндері менің қуанышым да, қорқынышым да сол шығыстан келуші еді.

Бір күні кешғұрым біздің жанымызға бір бозбала мен бойжеткен келді. Жігіттің денебітімі төртпақ келгенімен, оның тағат таппай ойнақ қаққан көздері мен шалт қимылдары оның ширақ, елгезек екендігін білдіріп тұратын. Ал бойжеткен тым ерке көрінді. Ботакөздерін төңкеріп жіберіп, жұп-жұқа еріндерін жымырайта жұмғанда аппақ бетіне қос шұңқыр ойнап шыға келуші еді.
Алғашқы күні екеуі біздің жанымызға көп тұрақтамады. Тек ұзап бара жатып бойжеткен бізге қайырылып көз тастады да: «Қандай әдемі жер! Күнде келіп тұрайықшы?» — деді…
Екеуі күнде кешке келіп жүрді. Отырып ұзақ әнгімелесетін. Әңгіме барысында көбіне жігіт сөйлейтін. Ал бойжеткен оның жүзіне күлімдей қарап, бар зейінімен ынтыға тыңдап отырушы еді. Жігіт:
— Қой жайғанда кітап оқығанды ұнатушы едім. Аш қойларды айналдыра иіріп, жусатып тастаймын да, жасыл жасаңда жатып алып кітап оқитынмын.
Бір күні оқып жатып көзім ілініп кетіпті. Ояна келсем екі табын қой маңырай-жамырай бір-біріне қосылайын деп қалыпты. Біздің көшенің қыңыр шалдарының қыржиған түрлері көз алдыма келгенде қос табынның арасына қалай жеткенімді өзім де байқамай қалыппын. Айқайлап ары қайырам, бері қайырам, болар емес. Дәл бір әкелерінің кегі кеткендей улап-шулап ентелей түседі. Жеті аталарын желдей көшіріп жүрмін. Ақ май, көк су болып терледім. Сілекпем қатып, енді қосыларға айналғанда бажайлап қарасам, қос табында да біздің үйдің қойлары жүр. Сөйтсем, ыстық күнде бірінің бауырына бірі басын тығып, көк жұлып жүре беріп, бір табын екіге бөлініп кетіпті. Мен сол бірін-бірі іздеп жамыраған қойларды екіге бөліп алып, қайырып қызыл жінік болып жүріппін.
Екеуі қосылып ұзақ күлді. Сыңғырлаған күлкісін сәл тыя бере бойжеткен:
— Мен де қой жайғанда кітап оқушы едім. Бірақ сен сияқты иіріп, жусатып тастамайтынмын. Қойдың басын жайылымға бастап тастаймын да, кітаптан көз алмай табынның артынан еріп отыратынмын. Бір күні солай кітапқа бас қойып келе жатып араның ұясын басып кетіппін. Гуілдеген аралар үйірімен жабыла қуып, ауылға жеткізіп салды. Қой да, кітап та далада қалған, тұла бойым қып-қызыл болып, жылап үйге қайттым.
— Бақырып басыңа көтерген шығарсың көшені?!
— Қойшы, — деп еркелей бұртиған қыз жігітті иғынан итеріп қалатын.
— Өзің қойшысың.
— Сен де қойшысың.
Төңіректі риясыз күлкімен көмкеріп, бірін-бірі қуа ойнап ұзап кететін.
Күнде келіп жүрді екеуі. Әрқашан жадырап күліп, жайраңдап ойнап жүрді. Дәл бір жетпісті желкелеген шал-кемпірлердей өткен-кеткен, көрген-түйгендерін айтып, әңгімелері бітпей отыратын. Кейде ақтарыла күліп алатын, кейде мұңайып қалатын. Кей сәт үнсіз іштей сырласып отырушы еді. Сондай үнсіздік орнаған сәттерде бойжеткен әңгіме арқауын өзге арнаға аударып, сөз сабақтап кетуге асығатын. Үнсіздік сәл біраз жалғасса жанарымен жер сүзіп отырған жігіт бірдеңені бүлдіретіндей оның аузына сөз салып жіберуге тырысатын. Күндер өте жігіт мүлде ұяңси берді. Аз сөйлейтін болды. Сөйлесе де көзімен көкжиекті шалып, қыз жанарына шалынып қалудан қашатын. Көздері түйісе қалса жанары жасып төмен қарап кетуші еді.
Кешқұрым уақыт болатын. Күн қызара батып, ұясына ене түскен шақ-тын. Дүние біткен қызғылт түске боялып, айнала бейне бір алаулап жанып тұрғандай еді. Бойжеткен мен бозбала бүгін де әдеткі уақытынан кешікпей бірге келді. Бірақ екеуі де үнсіз. Ренжісіп қалғандай бір-біріне тіл қатпай, аяқтарын жалқау басып жанымызға жақын келді. Жігіттің бірдеңеге әбіржіп тұрғаны алабұртқан түрінен көрініп тұрды. Бойжеткен жарты қадам қала еріп, оқта-текте жігітке жасқана қарап қояды. Кенет… бозбала іркіліп қалды да, қыз жүзіне тіке қарап: «Аяужан»,-деді. Бірақ дауысы діріл араласа сенімсіз шықты. Ару жігіт алдында қорғансыз балапандай оған көзінің астымен жәутеңдей қарап тұрып қалды.
«Аяужан»-деді жігіт қайталап, «Мен саған өзімнің көптен бері айта алмай жүрген сөзімді айтқым келіп тұр. Аяука, сені жолықтырғалы бері менің күнім шырайлана түскендей. Жанымда бір сәт болмасаң көңілім алабұртып сені іздеймін де тұрамын. Егер мен суретші болсам сенің ай бейнеңді көзімді жұмып отырып айнытпай салар едім. Сенің риясыз күлкі ойнаған ботакөздерің, өзін-өзі ауырсынғандай діріл қаққан кірпіктерің, қыл қаламдай қиылған қастарың, әдемі пісте мұрның, қызанақтай қос ернің, бәрі-бәрі менің көз алдымда күндіз-түні көлбең қағып тұрады. Жүрегім тек сен деп соғатындай. Тек сені қалайды менің жұдырықтай жүрегім, күнім!».
Бойжеткен жейдесінің етегін өші кеткендей жымыра мажғылап, үнсіз тұра берді. Өзіне-өзі тығылып, кішірейіп бара жатқандай. Қыз жауабын күтіп тағатсызданған бозбала оң қолымен арудың басын иегі астынан аса еппен көтеріп өзіне қаратты да: «Неге үндемейсің? Айтшы, гүлім, жүрегің не дейді сенің»,-деді үздіге. Бойжеткен қылғына әрең бір жұтынып алып, «Сен де маған қатты ұнайсың»,-деді де, көзін төмен ала қашты. Дәл бір біреу басына күннен қалпақ кигізіп жібергендей бозбала жанарына бақыт ойнап қыздың қыпша белін құшағына ала берді. Қыл өтпестей бір-бірін қаусыра құшып, қос ғашық үнсіз ұзақ тұрды. Маған екеуі берге тыныстап тұрғандай көрінді…
Күнде келіп жүрді екеуі. Құшақтарын жазбай бірін-бірі құшырлана иіскеп, аймаласып ұзақ отыратын. Кейде көк жасаң үстінде арпалыса аунап, естері кете өліп-өшіп сүйісуші еді. Шөлі қанбай шөліркей су жұтқан жандардай бір-бірінің жүзін жанарымен жұтына аймалап, үнсіз сырласып та отыра беретін-ді. Екеуі өздерінен басқа ешкімді көрмейтін жандардай көрінуші еді маған.
Бірде бозбала көкте жымың қаққан жұлдыздарға қарап жатып құшағындағы сұлуына:
— Аяужан, сенің ең ыстық арманың не?,-деп сұрады. Кенеттен мұны неге сұрадың дегендей ару жігітке таңырқай бір қарап алды да:
— Менің арманым ба? Менің арманым – ғарышқа ұшу.
— Онда не жоғалттың,-деп жігіт сұлу жүзіне күле қарады.
— Керемет емес пе?! Құмырсқа тірліктен бір сәт арылып, сол құмырсқалар илеу еткен Жер атты ғаламшарды алақаныңа салғандай сыртынан тамашалайсын. Ғаламның қожайынындай сезінбейсің ба өзіңді!
— Қатырып жібердің ғой,-деп жігіт жылы жымия аруының көзінен сүйіп алды.
— Ал сенің арманың не?
— Менің арманым — өзімнің желкемнен қарау.
— Немене? Бойжеткен оң қолын жағына таяныш ете қырындай жатып, жігіт жүзіне күле қарады.
— Мен өз желкемнен өзім қарағым келеді.
— Қойшы, жынды адамның сөзін сөйлемей. Қалай өз желкеңе өзің қарайсың? Желкең арт жағыңда, ал көзің алдыңда. Мүмкін емес ғой.
— Міне, мәселе сонда. Адам өзін ту сыртынан өзі ешқашан қарай алмайды.
— Енді...?
— Менің айтпағым, адам өмірде өз іс-әрекетінің, алған бағытының бұрыс, дұрыстығын бірден біле бермейді. Соны білем дегенше зымырап уақыт өте шығады. Кейде тіпті ғұмыры өтіп кетеді. Мен де сондай пенденің бірімін. Қазіргі бет алысым, жасар ісім, алар, берер дүниелерімнің ағат әлде құп екенін білмеймін. Мүмкін бүгінгі жасағаным үшін ертен жауап беретін шығармын, мүмкін керісінше маған абырой әкелетін шығар. Ол жағы да маған беймәлім. Ал егер мен өзімді ту сыртымнан бақылай алар болсам мен ешқашан ағат баспас едім.
— Қашаннан бері пәлсафашыл болып кеткенсің,-деп ару жігіттің қолтығына қолын сүңгітіп жіберетін. Еңгезердей жігіттің кенеттен шыққан қатты тарқыл күлкісі жұлдызды түнгі аспанды қақ айырып жібергендей болушы еді. Біраздан соң оған сұлудың шолпының сыңғырындай тәтті күлкісі қосылып, айналаны қуанышқа бөлеп әкететін.
Екеуі күнде келіп жүрді. Ол күндері күз мезгілі жақындап қалған болатын. Ымырт үйіріле батыстан баяу ескен жел бұрынғыдай емес жалап өткенде тұла бойыңды тітіркендіріп кетер еді. У-шу, ойын-күлкі азайған. Күн еңкейе барша жұрт үйлеріне сүңгіп кететін.
Сол бір кеш екеуі мүлде көңілсіз боды. Екі сағат отырса да, екі ауыз сөз айтпады. Дәл бір тілдерін жұтып қойғандай бір-біріне қадалып отыра берді. Ала жаздай екеуінің махаббатына куә болған менен жасқана ма не?! Тіл қатпағандары үшін мен де оларға сәл ренжіп қалдым.
Бойжеткен аса өкпелі көрінді. Әсте күлкі қашпас қос жанарында бүгін реніштің ізі байқалады. Бар пәле сенен шықты дегендей алдында отырған жігітке жазғыра қарайды. Аяулысының өкпесін тарқата алмай қиналған жігіт амалы құрығандай бойжеткен жүзіне кешірім сұрай қарай берді. Бар талас-тартыс екеуінің жүректерінде жүріп жатқандай. Оқта-текте қабақтарын түйе түсіп, терең күрсініп алады. Ондай сәтте бозбала сүйіктісіне ұмсына түсіп, «қинамашы өзіңді» дегендей өтіне қарайды. Бойжеткен болса қырын қарап, бұртиып отырып алады. Осылай арпалысып екеуі ұзақ отырды. Дінкесі құрыды, білем, бір сәтте жігіт:
— Ренжімеші, күнім. Бұл екеуміздің болашағымыз үшін,-деді.
Ару жігіт жүзіне өкпелі көздерін біраз кідертіп тұрды да, тайдырып әкетті. Орнынан қозғала беріп:
— Тоңып кеттім. Үйге қайтайықшы,-деді.
Ұзай бере бозбала аруды иғынан құшақтайын деп еді, бойжеткен жеңіл бұлқынып жігіттен алыстай берді…
Айнала әлдеқайда сары түске боялған. Кейбір ағаштар мүлде жалаңаштанып, сойдиып-сойдиып қалды. Бұрын жанымызға сәлде болса аялдап, бізге бір сәт көз салып қоятын жандар, қазір бізден ұялатындай жүздерін жасыра жанымыздан жылдам адымдай өте береді. Бәрі бір жаққа асығатындай. Табиғат ана да мүлде танымастай өзгерді. Кейде ызыңдап созыла сұрқия жел соғып тұрып алады, ал кейде шаң көтере ұйтқып келіп бір ұрып кетеді. Кей күндері түбі түскендей сызылып ақ жауындатса, кей күн ұшқындап қар жауып алады. Кейде зілді тұман бар денесімен ыңырана шөгіп, буылдыра бір тұншықтырып кетеді. Әбден мазаны алды.
Менің қос ғашығым да көзден ғайып болды. Сарыла күтіп бір айды артта қалдырдым. Күнде келер деген үмітпен жәутеңдей күткеніме бір айдың жүзі болды. Келмеді екеуі. Өміріме шырай берген сол қос ғашықтың күлкісі екенін кім білген. Олармен бірге менің өмірімнің де мәні кеткендей. Қызықсыз, қуанышсыз бір ай өткіздім. Келер деп күттім. Келмеді. Күбір-сыбыр, дыбыр-тықыр естілсе солар ма екен деп елеңдеп айды еңсердім. Келмеді. Көзім жетер жерлерге сүзіле қарағаныма ай болды. Көре алмадым екеуін.

Қайда екен сол ғашықтар?

Баяу қалқып келіп жермен жанаса берген жалғыз жапырақты сыпсықай жел лып етіп ұшырып ала жөнелді.

А. Дәлелхан

Жалғыз жапырақ
(А. Дәлелханның әңгімесінің желісі бойынша.)

Көктемнің кезі, жайнаған дала құлпырып,
Майысып жаймен, аз ғана тербеп жел тұрып.
Күн кетсе батып, мұңайам қою түнекке,
Шыққанда сәуле, арқамды жаям кең тұрып.

Күн тұрса болды, күнменен тұрған тіршілік,
Ауасы жағып, бойыма еркін тұр сіңіп.
Кетемін билеп, қоңырау сынды сылдырлап,
Жай соққан желмен, аламын бірге сілкініп.

Күндердің бірі, кеш батып қалған шақта бір,
Екі жас келді, әңгімелерін ақтарып.
Жаныма келді, жайлы бір жерді тапқандай,
«Әдемі екен» — деп жүздері кетті шаттанып.

Жігіт денелі, қадамын жайлап аттаған,
Көздері жалтақ, бір жерді қадап жатпаған,
Епті бір қимыл, ширақтық та бар бойында,
Келісті келбет, ерге тән жүзін сақтаған.

Қаз болса ерке, қылығы сүйкім беретін,
Көздері мөлдір, ботадай болып келетін.
Күлімдеп тұрса, бетіне аздап ой түскен,
Баурап алатын, сиқыр бір жүзге енетін.

Алғашқы күні, аялдамады ұзаққа,
Аяңдап барып, бұрылып қарап қыз артқа,
«Әдемі екен, күнде келейікші»- деп еркелеп,
Ал жігіт үнсіз, келіскен сияқты сұраққа.

Күндер жалғасты, күндермен уақыт зымырап,
Жаз кезі келді, көктемнен күні жылырақ.
Екі жас әр кеш, осында келіп сырласты,
Жастарға қарап, сүйсінем мен де тұрып ап.

Әр кез табысты, ақтарып сырын, арманын,
Саралап кейде, өткен күндердің салмағын.
Айтады мәтін, оқыған кітап, журналдан,
Айтады одан, көкейге тоқып алғанын.

Осындай күннің, қараңғыланған кеші еді,
Үнсіздік алған, екпін жоқ күндей кешегі.
Жігіт мазасыз, сұлу қыз соны сезгендей.
Жұмбағын таппай, беймәлім күйді кешеді.

Шыдамай жігіт, ақтармақ болды бар сырын,
Бір басып алып, терең демменен алқымын,
«Аяужан» — деді, сұлудың жүзін қаратып,
«Сүйем сені» — деп ашығын айтты, бар шынын.

Сенсіз аяулым, жалғанда жүргім келмейді,
Көрмесем сені, жүрегім маза бермейді,
Сағынам әр кез, әр кешті күтем сарыла,
Айтшы Аяужан, жүрегің маған не дейді?

Бір сезім билеп, барады жанды, сананы.
Жүрекке түскен, тырнағандай ма жараны?
Арада әлсіз үнсіздік билеп кеткен соң,
«Мен де» — деді де, төменге көзін қадады.

Қуандым мен де, қуандым осы бейнеге,
Сыбдырап кеттім, сыңғырлап кеттім желменен,
Кеудесін ашып, кұшақтап жігіт тіл қатты –
«Ғашығым менің, Ханшайымымсың сен деген!»

Осылай жастар, «қос ғашық» болып ұласты,
Әр кеште келіп, астымда жатып сырласты,
Әр кеште бірге, жұптары ешбір жазылмай,
Көңіл көтеріп, жұлдыздарменен сырласты.

Жаз аяқталды, уақытқа тоқтау салған ба?
Күз куә болды, қос ғашықтағы арманға.
Күз де куә боп, қос ғашық келген әр күнге
Жандар жоқтай бір, екеуінен асқан жалғанда.

Бүгінде келді, мен күткен сәтте ғашықтар,
Көрінді сұлба, көзіме еркін қашықтан.
Жігіт келеді, көздері төмен, мұңайған,
Сұлудың жүзі, ашудан білем ашыққан.

Жігіт сөз алды, дауысы діріл, елеңдеп
«Осының бәрін біз үшін істеп келем» — деп
Қыз елемеді, көңілге ешбір ой алмай,
«Үйге қайтайықшы, тоңазып қалды денем»- деп.

Аялдамады, бұл күні олар ұзаққа,
Алғашқы күндей, қарамады да бір артқа,
Түсінбей тұрмын, көз алмай екі ғашықтан,
Жауап алалмай, «не болды?» деген сұраққа.

Содан соң міне, оралмай кетті қос ғашық,
Қалғандай едім, қос ғашықтармен достасып.
Әр күні кешке, бос үміт алдап күтемін,
Қалалмадым-ау, құрғанда дұрыс қоштасып.

****

Күндер өтсе де, кезекпен-кезек тізіліп,
Үмітін үзбей, қарап жүр жолға сүзіліп,
«Ғашыққа» деген, сағыныш кернеп, сарғайып,
Жалғыз жапырақ, кетті желменен үзіліп
Әрі қарай

Сенімен билеген вальс

Балқытып барып денемді,
Жанымнан кеттің дем үрлеп.
Жүрекпен тыңдап өленді,
Сезімім кетті дірілдеп

Тербелдік бірге ырғақпен,
Кеуде мен кеуде түйісіп.
Ауызыңнан шығып құрғақ дем,
Біз кеттік ойша сүйісіп.

Тамсандым сұлулыққа бір,
Алмадым сенен көзімді.
Әнші де әнін шырқап жүр,
Ән етіп мендік сезімді.

Жүрек пен жүрек қосылмай,
Арасы жетпей бір қарыс.
Тәп-тәтті болды осылай,
Сенімен билеген вальс
Әрі қарай

Жанукаға

Мен ол кезде ғашық едім. Жо-жоқ ғашық едім емес, мен әлі де ғашықпын. Мен үшін ғашықтық сезімі мәңгілік деген ұғыммен бірге. Мен оны сағынамын. Ия бірақ мен ол кезде бақытты едім, қазір аңсаймын сол бақытты. Сол кездегінің барлығын тізе алмаймын, бірақ мына үзіндіні ұсынамын.

Бұл шумақтарды Жанураны ренжітіп алған кезімде жазғанмын ))) Ол ренжісе ұзағынан кетуші еді…

Жанука, сен маған «сәлем» деші,
Шыдадым әрең деші.
Куліп тұрып, «қалайсың?» деші,
Бағдат, жарайсың деші.
Сені тағы сынадым деші,
Ал сен тағы құладың деші.
Сүйген адам шыдайды,
Сүйсең сен де шыдағын деші.
Барлығы менің ойым деші,
Кезекті ойын деші.
Еркеледім, ерігіп деші,
Ауылда зерігіп деші,
Негізі сен де маған ұнайсың деші,
Неге сен,
«Сезімім сәтсіз» деп жылайсың деші,
Жарайды, звонда деші,
Тек жөнсіз қызғанба деші,
Телефонды алғанда,
Ашуланып, жынданба деші,
Сен алдандың, мен сені алдадым деші,
Бірақ сенің, орындалды арманың деші.
Қинаймын, бірақ қимаймын деші,
Мен сендікпін енді,
Жүрегімді саған сыйлаймын деші.
Осылай деші,
Қандай керемет, осылай деген,
Өтінемін,
Тек «қош бол!» демен,
Тек «қош бол!» демен… Жанука…

Түлен түрткендей түнгі 1-ден таңғы 6-ға дейін Астана көшелерін жаяу аралағанбыз. Сол кезде пайда болған туынды )))

Әрі қарай

Жұмбақ қыз.

Ұзақты күн жұмыстан шаршап шығасың, оның үстіне берілген уақыттан аса жұмыс тағы істеп жүргем. Енді қайттім, жыл аяғы, осы жылдың есебі мен келесі жылдың жұмыс бағдарламасын даярлауды менің мойыныма іліп қойған. Жыл болса аяқталуға жақын.
Өзім жалғыз басты болғандықтан, кешке жұмыстан қайтып келе жатып жол бойында асханаға соғып тамақтанып алатын едім, бүгін міне бұлар да ерте жабылып қалған екен. Салым суға кетіп келе жатырымын. Не де болса тамақ даярлау қолдан келмейді, дүкеннен онды-мұнды алайын деп дүкенге кірдім. Тіске басар бірдемелер алып дүкеннен шыққан бетім болатын, кенет арт жақтан қыз баланың «Қанат» деген дауысын естідім. Бұрылып қарасам бейтаныс сұлба. Бұл қалай болды екен, мені қайдан таниды? Аман-жөнсіз осы сұрақты бірден айттым.
-Кешіріңіз, біз таныспыз ба?
Қыз үнсіз, мен таңырқай тағы қайталап:
-Сіз мені қайдан танисыз?
-Есіміңіз Қанат па еді?
Бұл сұрақ мені одан сайын таңырқатты
-Сіз солай дедіңіз ғой, сіз мені танисыз ба?
-Кешіріңіз, сізді артыңыздан біреумен шатастырып алыппын.
Аз ойланып тұрып, оған көз тастадым. Ой үстінде тұрып байқамаған екенмін, киімінде қан жұққан дақ бар екен және бір-екі жерден сәл жырлылған. Өзінің түрі адам аярлықтай болған, сәл ластау. Бірақ жүзі жанып тұрған сұлу екен.
* * *
Бұл оқиғаның өткеніне шамамен бес-алты ай болған. Жұмысты жақсы істегенім үшін бастық жаңа жылдан соң мені бір мәз қылып қойған. Шеттен келіп жұмыс істеушілерге арналған пәтердің кілтін, оған қоса жалақымды көтерді. Бұрынға айлығым да жеке басыма жететін, бірақ пәтерді жалға алатын едім. Оның жарты ақшасын мекеме өз мойынына алған, сондықтан ақша жетпей де, артылмай да қалатын. Бірақ өз басыма ерікті жететін. Ал міне бір-екі ай жүзі болды, ақша артылып, жұмыс жеңілдеп, жұмыстан кейінгі уақытымды мейрамханаға, дүкен аралау, киім сатып алуға жұмсап жүрмін. Жұмыста бірге істейтін әріптестерім де жастар болған соң, олардан кем жүргім келмейді. Аракідік ауылдағы ата-анама да ақша жіберіп мәз қылып қоямын. Әкем ондайда «бастық боласың» деп көтеріп қоятын.
Не керек сол алты ай бұрынғы болған оқиға бір-екі күннен соң-ақ ойдан шығып кеткен. Бірақ бүгін сол қыз алдымнан қайта шықты. Бір әріптесімнің туылған күнін тойлап мейремханадан шығып келе жатқанбыз, сол жерден сәл әріде бір қыз гүлзардың қоршауында сүйкеніп жылап отыр екен. Жүзі таныс, көп ойланбастан сұлу бейнені тани кеттім. Алғашында жақындауға жүрексіндім. Кейін алдыңғы кездескендегі түрі де, қазіргі түрі де аянышты болған соң серіктерімнен қалып қойып, әлгі сұлу қызға жақындадым. Жақындап барғанда ол мен аңғара қоймады. Ашық иығына қолымды қойдым, «Қарындас» деген дауысым діріл қағып кетті. Шошығаннан ыршып кеткен қыз, бірден мөп-мөлдір сұлу жанарын маған тіке қадады. Ол да танған кейіпке еніп, өзіне еш зиян қылмайтынымды сезгендей баяғыша төмен қарап, жылауын жалғастырды. Бұнысына қарап, «бақытсыз ару-ай» дерсің. Ондай сұлулықты көріп, өз-өзіме ие бола алмай қалдым. Бірден басын көтеріп, өзіме еріксіз қараттым.
-Сіз мені таныдыңыз ба?
-Қааанааат…
-Ия, ия… әлі ұмытпасыз ғой, сол Қанатпын.
-Сізге не керек...? Сәл ыңғайсызданып қалдым да, бірден қайта ес жинап, -Сіз мұнда не істеп отырсыз? Түн болса мынау, екі-үш сағаттан соң таң атады- дедім күмілжіп.
-Енді...?
-Ендісі несі, тоңып қаласыз ғой. Үйіңізге қайтпайсыз ба?
Ол маған аянышты түрімен тағы бір қарады. Менің болса жаным ашып тұр.
-Бәлкім шығарып салайын. Жаман ойламаңыз, бірақ түнде қауіпті – деп ақталып қоямын. Содан соң ғана кішкене жүзі күлісіреп сала берді.
-Мен үйге бара алмаймын.
-Неге?
-Оны айту қиын.
-Жарайды, тыңдап тұратын да уақыт емес. Тоңып қалған да боларсыз,өзіңіз жеңіл киініпсіз. Бәлкім ыстық шәй ішіп алармыз, бойыңыз жылынсын.
-Қайдан?
-Біздің үйге жүріңіз – дей салдым ойланбастан.
-Ол қай жерде?
-Өткенде, біз кездескен дүкеннің жанында. Жүріңіз, тоңып қалдыңыз. Қорықпаңыз, сізге еш жаман ойым жоқ.
* * *

Қара түнді жамылып үйге келдік. Бұл кезде жол бойы әңгімеге тартқан соң Саяның көңілі де көтеріліп қалған. Ия оның есімі Сая, танысып та үлгергенбіз. Келе сала, асханаға жүгірдім. Бұл жерге қонақ сирек келетін болғандықтан, мейман күтуге онша жоқ едім. Ертіп келген Саяға да сол қалыпта қызмет көрсеттім. Яғни бір-екі кесе шәй, дастарханда бір-екі жерден тәттілер. Осының шығып қалғанына да шүкіршілік еттім. Ол еш сын көз тастамай, көңілі көтеріңкі күйде шәйін рахаттана ішіп отыр. Өзі де бір әңгімеге жақын қыз болып шықты, тіпті бүгін таныссақ та, ортақ тақырып табыла кетеді. Қысқасы түн бойы көз ілмей әңгімелесіп шықтық. Таңға таяу ғана көзім ілініп кетіпті.
Сағаттың қоңырауы жанымды шығарардай безілдеп жатыр екен. Ия жұмысқа шығу керек деп ойлап жатырмын, кенет Сая есіме түсіп кетті. Басымды жұлып алдым, ол жоқ. Атып тұрып ас бөлмеге жүгірдім. Сая сол жерден табылды. Ол дәл сол сәтте көзіме періштедей көрінді. Әппақ жүзі, келісті денесі, мөлдір көздері… Мен оны сол сәтте ғана көргендей болып тұрмын. Сәл қарап тұрып қалдым. Есімді жинап, тілге келдім.
-Сен қашан тұрып кеткенсің?
-Мен ұйықтаған жоқпын.
-Қойшы сен де…
-Шын айтам, мен ұйықтамаймын. Мен бұл сөзге мән берместен оның құйып берген шәйін іштім. Асықпай отырып шәй іштік.
Мен жұмысқа жиналдым, менімен қосылып Сая да шықты. Ол кетіп бара жатқанда маған үй телефоны мен адресін тастап кетті. Бұл күнгі жұмысым ойланумен өтті. «Мен оған ғашық болып қалдым ба? Қой, қайдағы, сен оны әлі дұрыс танымайсың ғой. Бірақ несі бар, сұп-сұлу қыз?! Негізі «жігіті бар ма?» деп сұраппын да ғой. Қайдағы жігіт, жігіті болса сенің үйіңде түнеп несі бар?! Мүмкін сол күні ұрысып, сосын жылып отырған болар. Егер жігітімен қайта кездесіп татуласса не болады? Мейлі, бақыт тілерсің да?» деген алма-кезек сұрақ пен жауап жаудырып жатқан ішкі дүнием маза берер емес. Осымен жұмыс күнін де аяқтаппын. Оны тағы көргім келіп, кабинетте отырып, берген нөміріне телефон соқтым. Арғы жақтан үлкен әйел кісінің дауысы естілді. Анасы шығар деп ойладым.
-Алло, саламатсыз ба? Мұнда Сая есімді қыз тұра ма екен?
-Сіз кім боласыз?
-Есімім Қанат, айтсаңыз таниды. Бір танысы едім.
-Ол жоқ. – деп тұтқаны тастай салды. «Мұнысы несі, мәдениет деген қайда осы жұртта?» — деп өзінен-өзім белгісіз біреуге ренжіп қалдым. «Қайта соқсам ба, жоқ үйіне барсам ба?»- деп ойланып біраз тұрдым. «Үйіне барайын, сол дұрыс. Есігінің алдынан шақырып алармын» — деп ойладым. Сөйткен басым адрестен бір-ақ шықтым. Алғашында есігінің алдында біраз тұрдым, көріне қоймаған соң үйіне кіруге бел байладым. Оның үстіне кеш батып барады. Есік алдында жүрексініп тағы тұрып қалдым. «Шешінген судан тайынбас»-тың қалпына түсіп, есіктің қоңырауын бастым. Екі рет шақырылған қоңыраудан соң, үйден жас шамасы елуге жакын бір әйел кісі ашты. Тұтқаға да жауап берген сол кісі болатын. Мұнысы дауысынан аңғарылып тұр.
-Ия жас жігіт, сізге кім керек?
-Саламатсыз ба? Маған Сая керек еді. Жаңа телефон шалған мен едім.
-Сіз оны қайдан танисыз?
-Кеше танысқан… Жоқ біраз күн бұрын танысқан едік- дедім күлідеп. Мұным жаман ойламасын дегенім еді.
-Алдамаңыз, шыныңызды айтыңыз.
-Ааа...іііі… ол осы адресті беріп еді, кеше, ия кеше берген – дедім ауызыма басқа сөз түспей. «Сонша тергегені несі» — деп ойлап қоям ішімнен.
-Ол жоқ, болған да емес – деді қатқыл дауыспен. Сөйтіп есікті жаппаққа әрекеттенді. Мен де қалыспай:
-Кешірерсіз, ол осында тұрам деді ғой.
-Тұрған, енді тұрмайды.
-Қалай сонда?
-Саған неге керек, тұрмайды деген соң тұрмайды?!
-Сіз кімі боласыз? Сіздер ұрысып қалғанға ұқсайсыздар ғой, Сіз оны үйден қудыңыз ба? Олай болса мен алып кетем, менімен тұрсын… — деп қысқа мағынасыз сұрақты жаудырып жатырмын.
Қоймай қасарысып тұрып алған соң, қайтпасымды білді ма, сұрақтардың біріне де жауап берместен үйдің ішін ымдап мені үйіне кіргізді. Түпкіргі бөлмеге қарай артынан еріп келемін, келе жатып «үйінде бар ма екен?» деген оймен жан-жағыма қарап қоям. Ол кісі бұл әрекетімді түсінгендей болып, -ол үйде жоқ – деді. Мен ыңғайсызданып қалдым. -Оны сен соңғы рет кеше көрдің ба? – деді сұраулы жүзбен. Мен үнсіз басымды изедім. Сая менің қызым. Ол осыдан алты ай бұрын жол апатынан қаза тапқа… – деді сөзінің артын жұтып, көздеріне жас келіп. Төбемнен біреу мұздай су құйып жіберегендей болды. Мен түсінбей қайта сұрадым, бір жағы есеңгіреп тұрмын.
Сол күні мен оны сүйіктісімен кездесуге шығармай қойдым, біз қатты ұрысып қалдық. Ол мені тыңдамай кездесуге кетіп қалды. Бірақ ол іздегенін таба алмаған. Кездесуге барғанда оның жігіті басқа біреумен тұрғанын көріп қояды. Өз-өзіне ие бола алмай қалған ол, сол жерде жылап-сықтап қала береді. Сөйтіп жүріп жолға шыққанда көлік қағып, сол жерде мерт болады. Ия, сол жерде қаза болады. Сенің алдыңда да бір кісі келген іздеп. Ол кісі такси екен. Айтуынша осы жерге алып келіп «ақша алып келем» деп үйге кіріп кетіпті. Ол әлі мазасызданып жүр екен ғой, ботам-ай – деп отырған ананың көзінен әлдеқашан жас парлап кеткен. «Мен үйге бара алмаймын. Мен ұйықтамаймын» — деген сөздер. Дүкеннен шыққанда қан-қан болған киіммен тұрған ару. Осыларды енді ғана ой елегінен өткізіп жатыр едім. Бірақ сенер-сенбесімді білмей, есеңгіреген бойда есіктен шығып кете бардым…
* * *

Міне, болған іске екі аптадай болып қалған. Алғашқы бір аптада өзіме келе алмай, оны қайта көргім келіп жүрген. Бірақ өткен іске өкінудің қажетсіз екенін түсініп, баяғы тұрмысыма қайта оралғам. Бірақ бұл оқиғаны ұмытпайтын шығармын. Бүгін де атқарылмай қалған істерді аяқтаймын деп жұмыстан кеш шықтым. Бүгін асхана ерте жауып кетіпті-ау. Кешкі ас алайын деп дүкенге бас сұқтым. Қажет деген заттарымды алып, үйге кетіп бара жатқанмын. Кенет арт жағымнан «Қанат» деген таныс дауыс естілді. Мен жалт қарадым…
Әрі қарай

Өкініш (Кеш оянған махаббат)

Әр кеште терезенің алдына тұрып табиғаттың күнді ұясына қалай батырарын тамашалап, қызара батқан әр кешті әлдене керметке теңеп, Жаратушының құдіретіне тамсанып тұрамын. Каланың түні қоюлана түсіп, бірте-бірте жарықсыз қалған бұрыштар қойынындағының барлығын өзгелерден жасырғандай қараңғылана түседі. Көшелер көркем жарықтармен көмкеріліп әдемілікке бет ала бастайды. Жанып-өшкен жарықтар, ағылған көліктер, асыққан адамдар, осының барлығы әлемдері тіршіліктің тоқтамас тынысы екенін дәлелдеп тұрады.Осы бір көріністер әр кеште қайталанып жатса да, сол әр кеште құдды бір қонағымдай, өз үйімнің босағасынан аттап келе жатқан сияқты қарсы аламын-ау. Осы бір бірер сағатта өткенімды саралап, жауапсыз қалған сұрақтарыма жауап табуға тырысамын. Жауап тапсам да қанағаттана алмаймын. Барлық сұрақтардың жауабын өзіме ұнамды етіп алғым келеді, бірақ айналам да, өмір заңдылығы да, табиғат та менімкен келіспейтін сияқты. Ауыр бір күрсінемен, өкінемін!
Биылғы сабағымды ойдағыдай аяқтап, демалуға, сағынып қалған бауырларымның қасында болып, ата-анама еркелеп жатуға ауылға келдім. Шіркін, ауылымның ауасы-ай! Ерекшесің ғой. Бала күнімде мән бермеуші едім, қазір қомағайлана жұтамын. Алматы әсем қала. Ойын-сауығы, көшелері, жарық шамдары бейне бір адам қолымен жасалған жұмақ дерсің, алайда туған жердің, ауылдың бір қасиесі сол ауыға тартып тұратын бір тылсым күш тағы бар. Тау-тасы, өзені, жасыл желегі… Ештеңеге айырбастай алмайсың. Осы бір кереметтерге тамсанып, құмарым қанбай, сағынышым басылмай жүрген кез. Осы бір керемет кездердің шырқын бұзған оқиға әлі күнге дейін ойымды сан-саққасандалтып жібереді. Өкінішімнің де себебі осы еді.
Қазанға ет салынып, сорпасы қайнап, иісі мұрын жарардай болып жатыр. Кешқұрым қонақтар келеді деп абыр-сабыр болып жатқан едік. Қыз баласы дегенім болмаса, кейбір жұмысқа онша қырым жоқ. Қанша дегеніме жеңгем тындырып жүр барлық жұмысты. Жеңгем пысық жан еді. Қолынан келмейтіні жоқ, анша-мұнша кісіні өзі күтіп шығарып салып жүре беретін еді. Тіл байлығы да аспандағыны арбап, жердегіні жалмауға жететін. Келбеті келіспей қалғаны болмаса… Сондықтан болар үлкендер жағы «пұшық-пысық келін» дейтін. Өзі де намыстанбай, арсыздана бір күліп қойып жүре беретін. Сол «пұшық» жеңгемнің қасында барып кел-шауып келіне жарап жүре бердім. Бір кезде жеңгем – Ботакөз, сен дүкеннен кеспе алып келмесең болмас, қамыр жайып үлгермейтін сияқтымыз – деді. Көздерім «ботаның» көздеріндей мөлдіреп тұратын болған соң жеңгем мені солай атайтын, негізі есімім басқа еді. Жалпы қонақ күтудің байыбына бара бермеген соң айтқанына көне бересің. Сүйретпемді аяққа іле салып көшенің басына беттеп кете бардым. Негізі дүкен біздің үйден едәуір қашықтау еді. Үйден шыға қалта телефонымды алып «сүйіктіме» телефон соқтым. Жалпы тұтқаны алуы қиын еді, бұл жолы да солай бірнеше гуілден соң барып бірақ алды. Айтар сылтауы көп, «қол тимей жатыр еді», «телефоным қуатта тұр еді», «көлігімде қалып кетіпті», «дыбыссыз болып қалыпты» деген сияқты. Сондықтан ол туралы сұрақ қоюды қойғанмын. Бірден хал сұрасып әдемі сөздермен сағынышымызды сипаттауға кірісіп кеттік. Бірде күліп, бірде еркелеп дүкенге де тез жетіп қалдым. Дүкеннен шыққан соң қайта хабарласатынымды айтып тұтқаны қойдым. Дүкен алдындағы қымбат көлік көзіме бірден басылды. Әдетте бұндай қымбат көліктер біздің жатқан сирек көрінетін. Қысқа ойланып аса мән бермедім. Дүкен ішіне кірсем 3-4 жас бала жөн сұрасып тұр екен. Шамасы көлік осылардан болды-ау деп тағы қысқа ойландым. Сатушы әпке мені көре салып, — Нұрсұлу, мына жігіттер сендерді үйлеріңді іздеп жүр екен, жақсы болды ғой келгенің, қалай түсіндірерімді білмей тұр едім – деп күлімдеп қоя салды. Бұндайды күтпеген соң ба таңырқап қалдым, не айтарымды білмей үнсіз келісе салғандай болдым. Ішімде бірақ сұрақ туындап жатыр. «Кім екен бұлар, әлгі қонақ па? Жоқ оларды анамның құрбылары деп еді ғой. Сонда кім?» Ойым кімге теңерін білмей жатқанда, — сіз кімі боласыз Гүлім апайдың – деген сұрағы бөліп жіберді. Есеңгіреп барып – қызымын – дедім. Олар да артық сұрақ қойған жоқ. Іздегенін тапқанда бірінен соң бірі сыртқа шығып кетті. Кеспемді алып мен де арттарынан шықтым. Сыртта көліктің жанында топырлап тұр екен. Мені көріп, — жүріңіз біз сіздің үйді іздеп келіп едік, сіздің үйге баратын едік, бізбен жетіп қалыңыз» — деді бір орта бойлы жігіт. Ойымда ештеңе жоқ көліктің арт жағына отыра кеттім. Ойлаған олжалары оңай түсті білемін, рөлде отырған жігіт ештеңе сұрамастан көлікті орынынан жұлқи қозғалды. Алғашында көшенің басымен шамалы жүрген соң кері бұрылып жалдамдығын арттыра түсті. Бірде ойыма «алып қашу» түсті. Жалтақтап жан-жағыма қарадым. Алдын ала біліп алған жоспар ғой, міз бақпайды ешқайсысы. Тек алдындағы жігіт түрінде өзгеріс бар ма дегендей орынынан теріс айналып маған бажырайа қарады. Қалғандары да маған тесіле түсті. Тілім енді келгендей – Сіздер қайда барасыздар, менің үйім ол жақта емес.-дедім. Сол жағымдағы жігіт мысқылдай, — енді сол жақта болады – деді. Ойым орынды екен. Содан соң ғана оң жағымдағы жігіт, — Нұрсұлу, мен сізді алып-қашып барамын, осылай болғанына айып етпеңіз. Сіз маған ұнайсыз, есімім Сәбит – деді ешқандай сыр білдірмесен. Не айтарымды білмей, есеңгіреп барамын. Айналап тұманданып кеткен сияқты, айтылған сөзге жауап таба алмаймын, қалай айтсам орынды болады деп отырмын. Бір ғұмыр кеткендей, бірақ қас-қағым сәт. Бәлкім ойын шығар дегендей, айналама, Сәбитке бір қарап қоямын. Жоқ олай емес сияқты. Есім енді кіре бастады, мен ол жігітті бұрын соңды көрген емеспін, мені қайдан таниды… Кенет айқайлап жібердім. – Естерің дұрыс па, сендер кімсіңдер? Алып қашқаны несі? Өле алмай жүрсіңдер ме…
Бұл кездер есімде толық қалмапты, тек жылаймын, ышқынамын, жалынамын, айқайлаймын… Бірақ оған кім көнсін, Көрші ауылдың бір үйіне осылай келдік. Келе сала орамал алып жүгіріп жатыр, шашуларын шашым, енді бірі құдды өз аяғыммен келгендей маңдайымнан сүюге тырысып жатыр. Ышқынып, ұрысып, итеріп, жан-жағымды жайпап келемін. Басқалар үшін қуаныш, бәрі келінді көргісі келеп жатыр, ал мен үшін қайғы… Қайда келдім мен, апарып тастаңдар деп зар илеп жатырмын. Естіп жатқан ешкім жоқ. Басу айтып жатыр. Осылай бірнеше уақыт өтті… Жылай-жылай әлсіреп қалыппын. Жаймен ғана ыңылдап жалынып отырмын. –Жіберіңдерші – деп қоямын. Мен шаршасам да басқалар тың секілді. Айналамда әлі басу айтып жыбырлап жүр. Бір кезде әлгі өзін Сәбит деп таныстырған жігіт есіктен кіріп келді. Келді де, ымдап барлығын сырқа шығарып жіберді. Ішінен есікті іліп алып, қасым келіп отырды. Ойым бір жағына қарай қараланып барады. Үстімен тарпа бас салатын секілді, үрке қараймын. Аянышты жанарыма көзін бір қадап, — Нұрсұлу, сенің осылай отырғаныңа бірнеше сағат болды. Үй-ішіңізге хабар бердік, әне-міне келіп қалар қуғыншылар да. Бірақ бір шешімге келмес бұрын айтарым бар – деді жеңіл күрсініп. Сөйлегеннен пайда жоқ, сөйлеуге шамам да жоқ, үнсіз отырмын. Сәл үнсіздіктен соң сөзін жалғастырды. – Нұрсұлу, білемін, күтпедіңіз бұндайды, есеңгіреп отырсыз, бірақ ойланыңыз, бұл түс емес, расында мен сізді алып қаштым. Ия, сіз мен танымайсыз, мен де сізді көрген емеспін, тек суреттен болмаса. Мен сіздің анаңызбен бір жерде жұмыс істеймін, жақында келгенмін. Есімім – Сәбит. Мен сізді танымасам да, анаңызды жақсы танимын, ол кісіні мен әйел адам ретінде қатты бағалаймын, сыйлаймын, мойындаймын. Қазақта «Анасына қарап қызын ал» дейді, сондықтан осы байламға келдім. Анасы сондай, қызы да сондай деп ойлаймын. Мен де жаман адам емес сияқтымын – деді ол сәл жымиып, — әйтеуір ел сыйлап жүр. Анаңыз да білетін шығар, жұмыста да ортама сыйлымын. Тек осылай істемеуім керек еді, бірақ аяқ асты осылай болды. Мен сіздің алдыңызда кінәлімін, осылай істегенім үшін. Бірақ бәрібір соңғы нүктесін қоятын өзіңізсіз. Мен сізді осында зорлап алып қала алмаймын, бірақ қалсаңыз уәде беремін, Аллам аман қылса мен сізді қор қылмаймын, ешқашан өкіндірмеймін. Айтарым осы ғана, қалғанын өзіңіз біліңіз – деді әңгімесін аяқтаған болып. – Менің сүйгенім бар –дедім одан әрі сөйлеуге шамам келмей. Шамалы үнсіз отырып, — Меніңше қыз баласы сүю үшін жаралмаған, сүйікті болу үшін жаралған, білесіз бе...- дей беріп еді, ышқынып барып – ол да мені сүйеді — деп сөзін бөліп жібердім. Біз ұзақ үнсіз отырып қалдық. Сол үнсіз кезде ол маған аса жаман жігіт емес сияқты көрінді. Сыпайы, зілі жоқ, салмақты, сабырлы, ойындағысын айтады, ойланып айтады. Шамасы жұмысында оны сол үшін де сыйлайтын шығар… Осылай ол туралы жақсы ойланып келе жатып, кенеттен, – егер анамды сыйласаныз маған неге бұлай еттіңіз, мен сол сен сыйлағын әйелдің әлпештеген қызымын ғой – деп ойсыз сұрақ қойдым. Осыны күткендей ол да бірден, — сіз де анаңызға ұқсайды екенсіз – деді. Ол тағы да сөйлеуге тырысып еді, мен тағы да, — жоқ, мен анама ұқсамағанмын – дедім сөзін бөліп. Шамалы үнсіздіктен соң ол орынынан тұрып, — Өкінішті – деді да есікті сыртынан жауып шығып кетті. Одан кейін бөлмеген ешкім кірген жоқ. Шамалы уақыттан соң ағам мен жеңгем қуып келді. Сәбиттің сөзінен соң ба, арада онша дау болған жоқ. Жеңгем өз қалауымды сұрап, келіспеген соң мені үйге алып кетті. Әлі есімде кетіп бара жатқанда барлығына бір қарап шықтым. Бағанағы ойын-сауық пен көңіл-күй жоқ ешкімде Сәбит те терезеден сыртқа қарап ой үстінде тұр. Анасы мен әкесі анадай жерде үнсіз жерге қарап отыр. Мен үшін қуаныш, өзгелер үшін қайғы…
Болған оқиғаны көп ұзамай ұмытып кеттім. Сауықты күндеріме қайта оралып ештеңе болмағандай өмір сүре бердім. Анам кейін Сәбит турады бәрін айтып берді. Расында жаман бала емес екен, шынында жұмысындағыларға сыйлы екен. Кішіпейіл, мәдениетті, жұмысына ықтияты, керек десеңіз жұмысындағы біраз қыздың арманы да болып үлгеріпті. Жеңгеммен жасты екен. Бақуатты да тұрады екен, әлгі қымбат көлік өзінікі екен, таза еңбегімен алған. Жалпы анам ол жігітке қарсы болмапты, жеңгеме «келісіп отырсы қалсын» деп айтып жіберген екен. Кейінірек ол турады да анам айтып жүрді. Мен отырмаған соң басқы өзімен қатар қызды алыпты. Келіншегі жеңгеммен қатар оқыған қыз екен. Сосын жұмыстан шығып кәсіпкерлікпен айналысып кетіпті. Анамның сол жігіт туралы айқанынан аздаған өкініш байқайтынмын. Бірақ анамның осы айтқандары мені еш қызықтармайтын. Не үшін қызықтыруы керек бірақ?
Уақыты келіп қалаға оқуыма қайттым. Бірақ болған оқиғаны сүйіктіме айтпаған едім. Алдында айтып жеткізе алмайтын сағынышы сол екен, тіпті қалаға келген соң бір апта бойы тұтқасын көтермей қойды. Бір аптадан соң бірақ кездестік. Сол кезде барып мен оған басымнан өткенді түгел айтып бердім. Алғашында үндемеген еді. Кейінірек осы туралы айтып қоймай қойды. Сылтауы болды сол оқиға, қит етсе сол оқиғаны алға тартатын болды. Біртүрлі күмәнді сұрақтар қояды. Менімен айырылысып кету үшін істейтін сияқты. Расында ұзаққа бармадық, ақыры жөнімізбен кеттік. Кейінірек бір құрбымнан естідім, мен жазғы демалыста жүргенде «сүйіктім» деп жүрген азаматым бір қызды «бүлдіріп (жүкті етіп)» қойыпты. Сол қызға үйленуге тура келген соң менімен айырылысудың осындай қырын ойлап тауыпты. Әрине, «ұшайын деп тұрған бүркітті, артынан түртіп үркітті» болған екен.
Осы өмірімдегі шым-шытырақтан соң оқудан басқа ештеңеге алаңдамай кеттім. Оқуымды аман-есен бітіріп, қаланда жұмыс табылмаған соң ауылға келдім. Анамның қасына жұмысқа орналасып сол жерде тәжірбие жинақтадым. Кейде сол жерден Сәбитті көріп қалатында болып жүруші едім. Шынымды айтсам көріп қалғым келетін. Оның қазір қандай болғанын көргім келетін. Онымен сөйлесіп қалғым келетін. Оның сол кездегі сабырлы жүзі көз алдымнан кетпейтін. Кейде, «мен осы соны сағынып жүрген жоқпын ба?» деген ой келетін. Сосын «қайдағы сағыныш, оны танымайсың да ғой» дейтінмен өімді алдап. Бірақ, шынында сағынатын сияқтымын.
Бір күні жұмыстан кеш шығып қалдық. Анам екеуіміз қолтықтасып үйге асығып келеміз. Жұмыс негізі аудан орталығында еді. Шамамен екі сағаттық жер, сондықтан жол-жөнекей көлік ұстап қайтатынбыз. Артымызға жалтақтап қоямыз, көліктің де ыңғайы білінбейтін сияқты. Дала қараңғылынып барады. Анам екеуіміз бір-бірімізге қарап қоямыз. Біраз жүргеннен соң барып артымыздан жарық түсті, анық көліктің жарығы. Анама, — мына көлікті қалай да тоқтатып алуымыз керек, болмаса бүгін үйге жете алмаймыз» — дедім. Анам да үнсіз келісті. Көлік жақындаған тұста екі қолымды бірдей көтеріп көлбеңдеп алдына жүгіріп шықтам. Жетер-жетпес ол да кілт тоқтады. Қуанып барып есігін ашып жалынышты түрмен, – бізді жеткізіп тастайсыз ба? – дедім ентігімді бас алмай. Өзіме таңырқай қараған жігітті енді таныдым, о Аллам бұл Сәбит қой. Маған солай көрінді ма, әлде расында солай ма, бұл жолы Сәбитті басқаша көрдім. Сұңғақ бойлы, қыр мұрынды, қара торы келген, жүзі сұлуланып кеткен. Баяғыда мен көрген Сәбит емес, басқа. Айтып жеткізу қиын тілмен…
Ол бізді жеткізіп тастады. Үйге жеткенше анам екеуі әңгімелесіп өткенді қозғап келді. Ол мені алып қашқаны үшін анамнан ұялыңқырап келетін сияқты. Үздік-үздік маған қарап қояды арқы айнадан. Ал мен...., мен одан көз алмай келемін. Айтуы бойынша қазір егіз ұлдары бар екен, сол біздің ауылға жұбайын алып кетуге келе жатыр екен. Жұбайы төркіндетіп қыдырып кеткен екен. Бақытты екені байқалды. Отбасын айтқан сайын көздері жанып тұрады. Оны аңғару қиын емес еді. Отбасын айтқан кезде ішімнен бір шамалы қызғаныш сезіп қаламын. Бірақ сыртқа еш білдірмедім…
Сол кездесу маған қатты әсер етті. Ия, мен Сәбитті ұнатып қалған сияқтымын. Сияқты емес, шынымен солай. Бір көрсем деген арманым осыған жетелеген екен ғой деген ой келеді басыма. Кейде, бұл мүмкін емес сияқты көрінеді. Бірақ осылай болып жатыр ғой. Не ойларымды білмеймін, ойым астаң-кестең болып кетті. Ешкімге ашылып айта алмаймын, ішімнен тұншығып барамын. Таң қаламын өз-өзіме. Мүмкін емес, мүмкін емес бұлай болуы…
Кейін тағы көрдім Сәбитті. Біздің жұмысқа бір жұмыстармен келген екен. Екеуіміз бұл жолы көп сөйлесіп қалдық. Өткенді айтып күлісіп алдық. Бетіне қарап сыр бермегенімен ішімнен өкініш өтреп барады. Арамыз алшақ тұрғанымен құшақтап алғым келіп барады. Бірақ кедергі көп, өткеніме орала алмасымды білемін. Ғашықтық деген осы екен ғой деймін ішімнен. Оны кінәлаймын баріне, бәлкім алып қашпай жай танысуға тырысқанда бұлай болмас па еді?! Енді міне осы екінші рет көргеннен соң оны тағы да көре бергім келеді.Қасында тұрып сағынамын Оған барлығын айтып салғым келеді. Бірақ жалған намыс жібермейді. Сағынамын оны, сүйемін оны, ғашықпын оған… Бірақ бұл жолы да өзгеріссіз тарастық.
Көп уақыт өтпей тәжірбиемді шыңдап қалаға қайта оралдым. Алматы мені баяғыдай қарсы алмаған сияқты. Ғашық жан жат секілді оған. Бәлкім ұмытармын, басқаны жолықтырармын деймін, бірақ керісінше ауылға кетіп қалғым келеді, барсам Сәбитпен бақытты болып кететін сияқтымын, сағынамын, көрсем деймін, тым болмаса түсіме енсе деймін. О тоба, бұл не деген сезім еді?! Өкінемін, өкінемін...қатты өкінемін. Оған жар болмағаным үшін емес, оны қайта көргенім үшін өкінемін, ғашық болғаным үшін өкінемін…
Екі көзім жасқа толып тереземның арғы жағындағы Алматыға, табиғатқа, түнгі көшеге сыр айтып тұрмын. Көңілсіз түн гі Алматы менің мұңыма жылап тұрған секілді. Әлем жылап тұрған секілді…
Әрі қарай

Құнсыздану (Инфляция)

"Құнсыздану — Ұлттық валютаның, бұрынырақ —алтынға, шетел валюталары немесе халықаралық есептік ақша бірліктеріне қатысы бойынша бағамынын төмендеуі түрінде көрінген құнсыздануы" — деп сайрап тұр Википедия данышпан. Әлі есімде бала күнгі ақшалардың суреттері, 1,3,5,10,20 арғысы 50 теңгелер. Ойпырмай сол ақшаларды көрсек бүкіл дүниені сатып алардай көрінетінбіз. Келе-келе 100 теңге, сосын 200, 500,1000-дап шықты. Біз жаңа купюраларды қызықтап жатқанда үлкендер «ееее сабан ақша деген осы екен гой, құнсызданып барады бұл теңге» деп отыратын. Ол кезде қайғыратын. Келе -келе есейгендік па, алде ақшаны танығандық па мен де расымен ойланатын болдым. «Неге осы жұрт құнсызданудан қашады?» — деп. Биылғы жылы осы ақша туралы жаңалықтарға құлақ түре бастадым. «Не білдім?», «не естідім?», "Құнсыздану керек пе?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Жаңалыққа құлақ түрер болсақ құнсыздана береді екенбіз әлі. 2012-2013 жылғы құнсыздану көрсеткіші 4,7%-ды құрап тұр. Хош, енді кішкенке басқа мәліметтерге сүйенсек анықтаймыз құнсызданудың қаншалықты «керек» немесе «керек емес» екендігін.

Бізге ол үшін статистика керек. Бірінші, еліміздегі 2013 жылғы коммуналдық төлемдердің статистикасына сүйенсек 2013 жылы біздің елімізде жалпы ыстық су — 10,8%, электроэнергия — 10%, жылу беру — 9,8%-ға артқан. Бұл республикалық көрсеткіш. Екінші, тамақ өнімдеріне келер болсақ бір айдың (қараша) ішінде жұмыртқа -16,3%, қызанақ – 13,7%, қияр – 9,5%, қызылша – 3,9%, картоп – 1,8%, май – 1,4%, сыр мен сүзбе – на 1,1%, балық – 0,8%, сүт және сүттен жасалатын тағамдар – 0,7%, макарон өнімдері – 0,5%-ға қымбаттаған. Ал былтырғы жылмен салыстырғанда макарон өнімдері — 6,8%, балық және теңіз тағамдары – 4,7%, сүт өнімдері – 4,5%, кофе, шәй, какао – 3,9%, ұн өнімдері – 3,4%, ұн – 3,1%, алкогольді ішімдіктер мен тәтті тағамдар – 3%, нан – 1,4%, май – 1,2%-ға артқан.Шүкір, арзандаған өнімдер де бар екен, күріш пен гречка (қазақшасын білмедім) – 6,3%, қант – 2,6%-ға арзандапты. Үшінші, жанар-жағар май 2,8%, киім, аяқ киім, дәрі-дәрмектер – 0,5%, үй техникалары және тұтынушы тауарлары–0,3%-ға қымбаттаған. Жекелеген адамдарға қызмет көрету (шаш алу, тырнақ бояту деген сияқты) 1,3%, қонақ үйлер мен ресторандар – 0,8%, ойын-сауық отаулары – 0,6%, денсаулық сақтау саласы – 0,5%, қоғамдық көлік, таымалдау қызметтері – 0,8%-ға артқан.

Экономика және қаржы министрі Ерболат Досаев 2014-2018 жылдар аралығында құнсызданудың көрсеткіші 6-8% болады деп көресетіп отыр. Құнсыздану жалақы мен зейнетақының артуына әсер береді.Бірақ 4,7 пайыз болғанда өскен бағалар анау болса 6-8% болғанда күніміз не болмақ, қай жыртығымызды жамаймыз? Қысқасы бізге құнсызданудың жоғарғы пайызды көрсеткіші мен бағалар тұрақтылығы керек. Құнсызданудың керектігіне екінші мысал келтірсек.

Қайда қарасаң да «келмұндалап» тұратын, «мен сенің барлық проблемаларыңды шешіп беремін, мен сиякты достарың да, туыстарың да көмектесе алмайды», «сіз үшін тағы не істей аламын» деп тұратын кім? Арине, НЕСИЕ! Оооо Несие, несие! «Кредит — это просто „ЖОПА“» дейді орыстар жаңа мақалдатып. Ондайда қазақ сөзден қалған халық па, «Мысқылдап алып, мықшыңдап төлейсің» деп әп-әдемі мақалмен анықтама береді.

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Көп сөзді қойып тағы да статистикаға сүйенейік.

Биылға несие қоры 175 млрд теңгені құрайды. Бұл деген сөз Қазақстанның жалпы жалақы қорының 40 пайызын құрайды екен. 2012 жылы 29,6%, 2011 жылы 22,5% көрсеткен екен. Несиеге қатты мәжбүр болып барады екенбіз. Бұл деген жалақы жетпей барады деген сөз шығар. Ал несие алу жағынан Алматы қаласы бірінші орында, ал Астана екінші орынды иеленіпті. Бұл екі бірдей астанамызда күн көру қиын екені көрініп тұр.

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Блог - KONILDI: Құнсыздану (Инфляция)

Биылғы статус Елбасының өзін алаңдатып жіберді. Кезінде «халыққа несие беріңдер» деп стартта тұрған банктерге пісталетті атып жіберіп «айда пошел» деген Елбасы бүгін де «сол жерім томпақтау болды-ау» деп өкініп қалған сиякты. Әйтеуір не керек, биыл «мен сендерге тұтынушылық несие емес, кәсіптік несие» беріңдер дегенмін де столды тоқпақтап отыр. Бірақ қайдаааааамммм… Қарапайым мысал келтірейікші, сізде 100 000тг бар. Екі досыңыз келіп бірі, маған әлгі ақшаңды берсең 5 жылда 7 пайыз жылдық үстемесімен қайтарамын десе, екіншісі, — сен оданда маған бер, мен 3 жылда, жылдық үстемесі 20 пайызбен қайтарып беремін — деп тұр, сіз қайсысын таңдайсыз. Біріншісін таңдасаңыз таза ақымақсыз, сізден банкир шықпайды, оған кепілдік беремін. Алайда, біріншісі де досыңыз, көңілін қалдыруға болмайды. Ал ақшаны пайдалы жағына жұмсау керек… Нестейсіз?! Мен көмектесейін, бірінші досыңызға 1-ші көп сылтау айтыңыз, 2-ші кепілдіктің базасын кеңейтіңіз, 3-ші уақыт созыңыз, алматыда едім, астанада едім, бір шаруаммен шығып кетіп едім, әзір үйге келмеймін… Міне бірінші досыңызды мезі етесіз, оп-оңай ия? Егер досыңыз ренжісе, «ой сәл күтсең берер едім ғой» дей саласыз. Бірақ сіз ол кезде ол ақшаны екінші досыңызға беріп қойғансыз. Міне, төркінін түсінген боларсыздар.

Бұл бөлімді қорытындылайтын болсақ, қарапайым тілмен айтқанда біздің елдің азаматтары жалақы алғанда несие төлеуден де, азық-түлік алудан да, қажетіне жаратудан да таршылық көрмеуі тиіс. Сонда бәлкім мына жан түршігерлік көрсеткіштер кейін шегінер. Осы көрсеткіштерге қарап отырып өз ойым, бізге құнсыздану дәл қазіргі кезде керек деп ойладым. Бәлкім дұрыс түсінбей, кей жерлерден қателескен шығармын.Сіздер қалай ойлайсыздар?
Әрі қарай

Қазақстандық антивирус!

"Қазақстандық антивирус шықты" — деп аспаннан түскендей болып айтпай-ақ қояйын, бірақ шыққанына бірнеше уақыт болды. Алайда көп адам біле бермейді. Ия Қазақстандық антивирустық бағдарлама қателеспесем 2012 жылдың 9 мамыр айынан бастап сатылымда болуы керек. 2013 жылы «Антивирус ALTAIR Systems Security 2013» болып сатылған бағдарлама қазіргі таңда «AWS Core 2014» болып өзгерді.
2013 жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталында түбегейлі бағдарламалар сатумен айналыса бастадым. Алғашында жап-жақсы басталып келе жатқан жұмысым аяқ асты төмендеп кетті. Себебі менен де арзан сатушылар пайда бола бостады. Миығмнан күліп жүре бердім, алайда олар тоқтар емес. Мені алаңдата бастады бәсекелестерім. Кейін контактілеріне шығып қандай антивиурстық бағдарлама екенін білдім. Міне, Қазақстандық антивирусты (Антивирус ALTAIR Systems Security 2013) сол кезден бастап есітім. Бірден өзіме орнаттым. Орнатқан сәттен бастап компьютерім қуып кетті. Системалық файларыма зиян келіп компьютерім қосылмай қалды. Тех қолдаушыларына телефон соғып болған жайды айтып бердім. Олар менің компьютеріме кіріп барлық кеткен қателіктерді түзеп берді. Хош. Бірақ онымен тоқтап қалмадым. Ары қарай тексере бердім. Әрине, Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ, қателіктері біршама болды. Уақыт келе түзеліп жатты. Түзелмей жатқандары да болды. Базаны кеңейте бердік. Шынымды айтсам Касперский антивирусының кейбір істей алмаған жұмыстарын жасады. Қысқасы ұнай бастады. Сөйтіп олармен келісімге отырып олардың да өнімін сата бастадым. Бағасы да арзан.
Міне жақында олар тауардың атауын өзгертті «AWS Core 2014» етіп. (Мына жерден көшіріп ала аласыздар).
Блог - KONILDI: Қазақстандық антивирус!

Блог - KONILDI: Қазақстандық антивирус!

Кесікіні Антивирус ALTAIR Systems Security 2013-ге қарағанда өзгерген. Жұмысы жағынан да ерекшеліктер бар сияқты. Тексеріп көрмекпін, сіздерге де ұсынамын. Бағалап көрейік.
Әрі қарай