Жарияланымдар

Ол қазақша білмейді ...:((

Жюрилер "Қытайға барып, қазақ қыздарының намысын қорғайды" деп, «маңдайынан шертіп жүріп» таңдап, тәж кигізіп, қошемет көрсеткен бұл ару бағана КТК-дан «Кешіріңіз, мен қазақша сөйлемеймін», — де-е-еп тұр… Бал-лин, японская мама! Қате болса да, орысша араластырсаң да бір-екі ауыз сөз айтуың керек еді ғой!

Әрі қарай

Йолка!


Туған-туыстардың кішкентайлары әлден Жаңа жылға дайындала бастапты."- Спайдермен болам! Сен ше? — А мен Аватар болам!" — деп мәз. Бұрынғы қасқыр, қоян, кірпі дегендер сәннен қалыпты.Мушкетерлер де «не катит». Мен Қызыл Телпек болып киінгенім есімде. Сосын бір жылы әкем аллюминийден иіп жасап берген қанаттарға ақ матаны керіп тігіп, оған өлтіріп тұрып жылтырақтарды жапсырып, арқама тағып алып Көбелек болғанмын… Ал әкем өзінің шыршаға қалай киінгенін айтқанда, күлкіден ішегім түйілген. Ол туралы бір форумға жазған едім, осында копипастить ете салдым…
Шырша мейрамы деген нәрсе қазақтарға қашан келгенін білмеймін, әйтеуір кішкентай папамды «ёлкаға киіндіру керек» дегенде марқұм әжем мен атам қатты абдырапты. Ойланып-толғанып тапқандары — бір жапырақ ақ қағазды шошайтып конус қылып орап, жиегіне ою жапсырып, папамның басына кигізіпті де екі жақ шекесінің тұсынан әлгіні тесіп жіберіп, резеңке өткізіп иектің астына іліп қойыпты. Бір қолына көк кастрюляның қақпағын, екінші қолына таяқ ұстатыпты. Папам – батыр! Келесі жылы да дәл солай киіндірген екен. Бала ғой, көк қақпақ пен «найзадан» жалыққан әкем төртінші оқып жүрген жылында ғарышкердің «костюмін» өзі жасап алыпты. Бас сиятындай етіп қағаздан оралған цилиндр, төбесін жауып, бет тұсынан төртбұрышты тесік ойып, тесікке целлофан жапсырыпты. Онысы скафандр. Оны киген папам – космонавт. Болды, басқа ешнәрсе қажет емес.«Ол уақытта ғарышкер болуды армандамайтын бала жоқ тұғын. Мен де бір журналда бейнеленген басында дәу скафандры бар, ракетаның үстіне аяқтарын талтайта мініп алып, заулап бара жатқан ғарышкер баланың суретіне қарап талай қиялға шоматынмын. Әлгіндей скафандрды өзім жасап алғаныма қатты қуанған едім», — дейді. Сол кезден бастап шыршаға баратын киімдерін өзі тігіп алатын болған.

Отак от  Прынцэса болып киіну арман болып қалып қойды менде. Кейін қызыма арқылы өшімді алмасам сол арманнан !
Сіздер кім болып киіндіңіздер?
Әрі қарай

Ойыншық керек!

«Маджонгтың» пластинкаларынан құралған тасбақаның көзін құртуға он бесінші рет әрекет етіп отырғанымды, осындай жеп-жеңіл нәрсені жеңе алмай жылағым келіп отырғанымды айтқанымда, досым таңданып: «А зачем так упорствуешь?»,- деді. Қалай «зачем»? Бұл ойынды адам баласы құрастырған болса, және оны жеңетін жол бар болса, неге жеңіп шықпасқа? «А-а, типа ты упрямая значит, кхе-кхе», — деп ол күліп алды да, «мә саған!» деп «Машинариумды» компыма лақтырып жіберген. Есім кетіп, екі түн ойнадым. Шынында да, логикаңның ішек-түшегін ақтарып, миды шашып жіберетіндей ойын екен. Логикалық тапсырмаларын былай қойғанда, жалпы «сюжеттері», суреттелуі (дизайн дегенім), саундтрек, әсіресе кейіпкерлері, жалпы идеясы – об-балденно- офигенно !

Бірнеше ойын порталдары 2009 жылдың үздік ойыншығы деп атапты бұл «Машинариумды». Уикиден сұрасаңыз айтып береді.
Енді осының екіншісін, «Машинариум- 2»-ні не базар-дүкендерден, не жора-жолдастардан таба алмай, ия порталдардан жүктей алмай дал болып жүрмін.
Тауып берген адамға менен – шашлық, сыра, балмұздақ және мультфильм
Әрі қарай

Альпинистке кінә арту

Асылбек тағы тауға кетпек. Жазда Победаны бағындырып қайтқан. Бұл жолы Мраморная Стенаға. Гуглден сұрадым: Хан-Тәңірінен 11 километр қашықтықта, солтүстік-шығыс жағына таман орналасқан биіктігі алты мың метрден асатын мұз жартас дейді. Байғұс анасы-ай! Тағы да ас ішпейтін, ұйқы көрмейтін болды ғой. «Үлкен қалада ұл баланы тәрбилеу оңай емес. Кезінде ауладағы шпанаға қосылмасын, басбұзар немесе жалқау болып өспесін деп, екеуі де сол үйірмеге қатысамыз дегенде қуана қолдап едім, — дейді анасы. — Ақша ауысып, қырқарту, дефицит дегендер шығып, нан алып жеудің өзі қиындап кетсе де, ананы-мынаны құрап, түнімен көз ілмей осыларға күрте мен рюкзакті өзім тігіп беріп жүрдім» Ұлдары өсті, бірақ ақ қар, көк мұз жамылған тау шыңдарына құмартуды қоймай келеді. Жас кезінде ойламаса да, жасы ұлғая келе анасының жаны шыр-пыр болады жібі үзіліп, аяғы тайып, өлім құшады ма деп.
Былтыр ғана Асылбектердің жасақтарынан кейін көтерілген екі поляк із-түссіз жоқ болды. Өліктерін де таба алмады құтқарушылар. «Біз көтерілген кезде, қарсы беттегі шыңда бүтіндей бір альпинистер тобы түгел қырылды, — дейді ол. – Оларға ешкім көмектесе алған жоқ Біз олармен рация арқылы байланысып отырдық. Олар біртіндеп өліп жатты». Жылда осылай. Жоғалып кетеді. Өліп қалады.
Ажал әр қадамыңды аңдып, минут сайын алдыңнан кес-кетеп жүретін жерге неге барасыңдар, а?
— Ты эгоист.
— Не-ет  Я влюбленный.
Алла жар болсын сендерге…

«Молимся, чтобы страховка не подвела»

Әрі қарай

Қыстың алғашқы таңымен құттықтаймын!! :))


Қысты менің таныстарымның көбі ұнатпайды. «Суы-ы-ық қой, қойшы-ей!» Сол-ақ па?
Суығы несі? Қыс деген ол басқа-а әлем ғой! Аяз атаға сенуден басталды ма екен, осы күнге дейін қыс кезінде өмірден әр-түрлі «чудеса подозревать» етіп жүремін. Уже патология болып кеткен. Бола берсін.Ғажайыпқа сенгеннің несі жаман? Балаларымды да солай үйретемін! Көктемде гүлдердің арасында гномдар жүреді деп айтамын, ал! Тіпті ешқандай да ғажайып болмаса да, қыстың қуаныштары кө-өп қой. Көше шамдарының жарығымен жалт-жұлт етіп, жапалақтап жауып тұрған қардың астында келе жатудың өзі күшті-іі ғой  Аққала, шаңғы, жаңа тоқылған ор-р-рранжевый жүн шарф пен свитер, Кристмас (екеу!), Жаңа жыл, әкемнің туған күні… Күн аяз деп ешқайда қыдырмай, демалыс күні үйде қалғаныңа өзің де, үйдегілер де мәз  Және мен сияқты душевно неуравновешанный адамдарға бұл эмоциональное успокоение әкелетін уақыт.
Қыс туралы мендегі ассоцияларды тізе берсем таусылмайтын шығар.
Жаурап қалмаңыздар!
Әрі қарай

"Есірткіні өз арамызда емес, ниггерлерге сатайық, олар бәрібір хайуан емес пе..."

«Крестный отец» фильмінде итальяндықтардың осылай деген жерінде тітіркеніп қалып едім. «Болады ғой жамандары. Негрдің бәрі саған Уилл Смит пен Эдди Мерфи ме не?», — деген сонда інім.

Қара нәсілді адамдармен араласып көрмегеніммен, кино, телевидение, музыка әлемі менің тесік-тесік басыма олардың образын мейірбан, аңғал, еңбексүйгіш, бала мінезді етіп мықтап қондырып кеткен. Жалпы, байқауымша, Америка киноларында афроамерикандықтарды жағымсыз рөлде бейнелей бермейді. Оның себебі тарихта жатыр ғой, әрине.
Он тоғысыншы ғасырдағы Америкадағы негрлердің құқығын аяққа таптаған, заңдастырылған құлдық туралы қанша естіп жүрсем де, осы күнге дейін ол туралы бірде бір әдебиетті ақтарып көрмеппін. (Холокост, 731 отряд, Невада-Семей- Хиросима-Нагасаки деген сияқты жантүршігерлік масштабты оқиғалардың қасында Оңтүстік Америкадағы негрлер құқығы деген не?) Бүгін әйгілі «Том ағайдың лашығы» деген кітап кездейсоқ қолыма түсіп қалды. Негрлердің күнделікті көрген адам төзгісіз қиындықтары туралы емес, олардың жан азабы жайлы екен. Бірге қиналдым. Ыза болдым. Оқи-жаза білген, төрт-бес тілді жетік меңгерген, өздерін әлем мәдениетін алға бастаушымыз деп санаған сол уақыттағы ақ американдықтардың қатыгездігіне емес, рухани мәгүрттігіне. Олардың қылмыстары — қара жұмысқа құл салу емес екен, мыңдаған құл негрлерді итпен қуып, атып-соғып өлтіргендерінде де емес екен. Олардың ең үлкен қылмысы, ауыр күнәсі – ана мен баланың бір-біріне деген махаббатын жоққа шығаруында екен: «Отправлю мать куда-нибудь, тобы не мешала – ведь вы сами знаете: с глаз долой – из сердца вон, — а когда дело сделано и назад его не повернешь, она воле-неволей свыкается. Ведь это не белые, которые сызмальства знают, что жена должна жить при муже, а дети — при родителях», — дейді бірқұл сатушы. Немесе: «Ну что вы! Такие слова смешно слушать! Негры принадлежат к низшей расе! Няня не способна на глубокие чувства… Можно подумать, что няня любит своих замарашек не меньше, чем я люблю Еву!»- дейді біреуі үйіндегі күтуші негр әйел туралы. Негр сүйе білмейді, негр үшін отбасы деген түсінік жоқ, негрге баланың қажеті жоқ. деген пікір аксиомаға айналған. Мен үшін бұл нағыз сұмдық.

ЗЫ:
Кішкентай күнімде балалар емханасында жатқанда бір кәрі орыс медбикенің: «Эти казахи совсем не умеют кормить своих детей. Они кашу не едят, привыкли только к жирным лепешкам, это ужасно», — дегені есіме түсіп кетті. Олардың да істемегені жоқ қой.
Әрі қарай