Жарияланымдар

Ұмытқым келмейді

Ояным азан даусы естіліп,

Жия алмай есті жатам тағы да,

Оралам күнге қалған ескіріп,

Күздің жауынды шағына…

Жүректі қорғай аламын, білгін,

Көргенге ерер жан деп ойлама.

Әр айтқан сөзге құлақты түргін

Асығып жауап жолдама…

Тым тәтті кезді ұмытып кейде,

Кеткім ақ келеді ел кезіп.

Жоғалса көзден сол нәзік бейне,

Қалатындаймын өзімнен безіп.
Әрі қарай

Жасы үлкен қыз

Үміттенген көздеріңе қараймын,
Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз
Кейде сізбен кездесуді қалаймын,
Көргім келген арманымның бірі сіз.

Бірі емессіз кезектегі он қыздың,
Бөлектенді байқадыңыз жол біздің
Құмарымыз қанбаса да сол кеште,
Жақсы болды басылғаны тормыздың

Салынбадық уақытпен ерегеске,
Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?!
«Қарамайды махаббат жасқа» десе,
Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске…

***

Хабары оның кеп тұрады, неліктен?
Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді
Әңгімеміз суыса да еліткен,
Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді
Әрі қарай

Қайдасың, "керек" кешегі?

Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұл тартпаған.
Қайран күндер:
Қиада құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!

Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа- Албасты басқырыңа.
Өткір еді- ау, алмас шеңгелі оның
Қайрап- қайрап алғандай тас қырына!

Қадыр Мырза Әлидің мына бір «Кәрі қыранын» оқимын да, «керекинфоның» бірнеше жыл бұрынғы жайын еске аламын. Түлкіге де, қасқырға да бас салатын еді ғой бұл жақтың сыншылары. Сынайтын да, сындыратын да. Солардың арқасында шығар, адекватты адамдардың көп болуы.

Қысқасы, кейде, жазғаныңның быт-шытың шығаратын баяғы керектіктерді сағынып жүрмін.
Әрі қарай

Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Топырағынан қазақтың өткен ғасырында талай талант жаралған Баянауылға осы жолғы сапарымыз бір тәулікке ұзарса да, көп-көрім жерді қызықтап қайттық. Павлодардың оңтүстігінде орналасқан, 18,5 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан ауданның 4 ауылына ат басын тіреп, халқымен сұхбат құрдық.

ЖОЛ

Негізі, Баянауылға Павлодар және Екібастұз арқылы екі жолмен жетуге болады. Біріншісінің жолы жақсы – 220 шақырым асфальт төселген. Кей тұстарында кемшіліктері бар, алайда, 2018 жылға дейін Бурабай-Астана ақылы жолындай тегістейміз дейді. Ұшып барасыздар. Айтпақшы, осы жылы облыс әкімі бірнеше рет ұшып барғанға ұқсайды Баянауылға, бірақ, қара халықтың қалтасы көтермейтін дүниелер бар. Билет дегендей.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Ерейментаудан 22.40-та жеттім. Билет құны 1600 теңгенің ар жақ бер жағы, таңдаған класыңызға байланысты ғой. Екібастұздан інім күтіп алды. Сапарластарым – Әсет, Алдияр деген екі інім. Көлік өзіміздікі. Туысқан үйіне қонуға барып, азанмен көлікке міндік.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Екібастұздан Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ауылына бет алдық. Ұзындығы 70 шақырымға созылған жол күтіп тұрды. Екі сағатта жеттік Кесененің басына. Кесененің тұрғызылуына Мәшекеңнің өзі атсалысқан. Дұрысы, тірісінде жерлейтін жерін көрсетіп, асын беріп кеткен, туысқандарын шақырып. Өлетін күнін білген деседі, себебі сол асында «Мен бүгін жетпістің екеуіндемін, мені келіп балталаса да өлмеймін, ал келесі жылы Пайғамбардың өзі келіп қалқаласа да тірі қалмаймын»- деп қоштасу айтқан.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

1931 жылы қайтыс болған атаның мазары 1952 жылға дейін есен-аман ұсталып тұрды. Өлгенінен 20 жыл өткен соң ресми билік мазардың құлатуға бұйрық береді. Мазары қиратылса да, мәйіті бүлінбеген деген де сөз бар ел арасында. Бұл сөздік қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін. Бірақ, халық айтса, қалпы айтпайды ғой.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

1978 жылы Мәшекеңнің мазары қайта қалпына тұрғызылып, 2006 жылы кесене салынды. Ерлан Арын бастаған халықтың қолдауымен.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Бірден байқаған жоқпын, кейіннен оқыдым, Мәшһүр-Жүсіп өмірден өтер алдында кесененің есігі солтүстікке қарайды, мұсылмандарға салса ол шығысқа қарау керектігін білеміз ғой. Кесененің ішінде 2 бөлме бар: бірі – намаз оқитын жер, екіншісі – Мәшһүрдің жатқан бөлмесі. Кесенеге көтерілу үшін 73 баспалдақпен жүрік өту керек – 73 жылдың белгісі ретінде.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі

Кесененің айналасында тасқа жазылған ақынның өлеңдері. Кітабын сатып алайын деген ем – еш кәдесый тауарары табылмады. Баянауылдан да таппадық. Өкініштісі сол.
Адамдардың көбі бұл жерге түнеп қайту үшін келеді. 2016 жылы Кесене басында үлкен қонақ үй ашылған. МІші таза демесем, күнеген жоқпын, шай мен қант, сүт бар екен. Одан басқа жолаушыларға арналған 3 бөлмелі үй бар: намаз оқып, түнде ұйықтауға болады. Ресейден, Астанадан, Павлодардан келген туристер қой сойып, ет асып жатты. Біз болсақ көлікке отырып, Жаңажолға бет алдық.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Баянауыл: Мәшһүр-Жүсіп кесенесі
Әрі қарай

Бір күндік Бурабай

Көзілдірікті фрилансер болмасаңыз, аптасына 2 күн ғана демалысыңыз бар. Оның екіншісі демалыстан кейінгі демалысқа арналған. Әйел, я үйленген болсаңыз үйдің шаруасы тағы бар. Басым бойдақ болғандықтан демалыс күнімнің екінші күні қалпына келу процедуралары мен үйге оралуға арналады. Ал демалысым, көбіне, бұрын болмаған жерлерге, я кездесемін деген адамдармен кездесуге жұмсалады. Шілде айының демалысының бір күнін Бурабайда өткіздім. Негізі, Бурабайда демалу үшін бір күн жеткілікті екеніне көзім жетті.

Тамақ пен жол шығындары туралы сәл кейінірек жазармын. Қазір бұл далаға қалай жетіп, келгенім жайлы жазайын.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Негізі, демалысыңыз жолдан басталады.
Еліміздің соңғы жылдары жеткен жетістігін туралы сұраса, сөзсіз, осы тас жолды атар едім. Ресейде бар «Дурактың» бізде де барын білесіз ғой. Сол «дуракты» сәл де болса жеңдік. Сапарымыз 3 сағатқа созылды.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Жол бойында шағын шаруақожалықтарының малдары көзіңізге түседі.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Симметриялы тізілген столбылардың өз әдемілігі бар.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Жол бойындағы ауылдың аттары маған бірдеңе дегісі келгендей. «Жасыл» дегенде «жасыл елді» есіме түсірді. «Атамекен» дегені тағы бар. Әлде, маған солай көрінді ме?!

Бурабай ауданы Щучинскіге кеп жеттік. Ескі қала, алайда, оңтүстіктен көп адам келген секілденді кәсіп ашуға. Қала ішінде донер дүңгіршектері, кәуәпханалар мен шығыс дәмханалары көптеп кездеседі. «Терраса парк» пен «Риксостармен» қатарласып. Өзіміздей экотуристерге арналған ғой. Эко дегенім — экономиямен келген туристерге.
Алайда, сол дүңгіршектермен қатара Кеңес Одағының қалдықтары да аз емес.
Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Бурабайға бет алдық. Көлік көп, қоятын орын аз. Саябаққа кіре бергенде адам басына 227 теңге төлеу керек.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

«Аллаға серікті қосатын жер қайда?» — деп сұрадым адамдардан. Бірден ұғына қойған жоқ. Абылай ханның тағын айналып жүр. Арман тілектерін іштей тілеп. Ақша лақтыруды азайтқан секілді.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Абылайдың тағын айналмасам да, мына бір жігіттің жанына барып махаббатыма өлең шығардым. «Счастливые часов не наблюдают» деген М. Горькийдің жазбасы тұр. "Қазақтан біреуді таппағанына таңым бар". Маған дейін бұндай ой неге ешкімге келмеген?!
Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Қарағай орманның ішінде жатып демалу керек. Апта бойы мазаңды алған ойлардан алыстап, таза ауамен тыныстап, ұйықтап кетудің алдында қаласың. Айнала құстар дауысы, қарағай арасынан күннің көзі ойнақтап тұрады. Мұқағали бұл күндері демалып жатса «О тыныштық, тыныштық қандай бақыт, қандай бақыт клавиатура ойнамаған» деп өлең де шығарар ма еді.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Кез-келген жерге жатып демалуға болады десе біреу сенбеңіз.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Бурабай көлінің жағасына келдік. Шомылуға. Судың демалдыратын жақсы қасиетін менсіз-ақ білетін шығарсыздар. Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Көл жағасында щағалалар көптеп кездеседі
Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Қарағай. Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Жағажай Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Ағаштың ішінде қоқыс кездейпейді десек те болады.

Блог - ErnarSeytahmet: Бір күндік Бурабай

Осылайша сенбінің кеші жақындап, Астанаға аттандық. Түске дейін тауға шығып, түстен кейін суға түсіп.

Негізі, Көкшетаудың тауына шығамын демесеңіз, суына шомылып, еңбек аптасынан соң бой жазып келем десеңіз бір күнде баруға болады. Тек, баратын жеріңізді алдын ала белгілеп алыңыз.
Тамақтың бағасы Астанаша. Сондықтан, өзіңізбен ала барғаныңыз жөн.
Қоғамдық әжетханалар аз. Сондықтан, қонақүйлер жанындағы жағажайларда тоқтауға кеңес беремін. "Әлем" атты қонақүйдің арты жағажай, қонақ үйге дәрет алуға барамыз.

Мен көрген бір күнді Бурабай осындай.
Әрі қарай

Бойдақтар жыры

Күніңді кейде түн еткен
Жалғыз емессің, досым-ау
Бойдақтық дейтін бейнеттен,
Керек те шығар ұтылмау

Керек те шығар жалғыздық
Бағасын қыздың түсінер
Жігіттер болмас «мың қыздық»
Бір қызға сенген күшіңе ер

«Сиырды сауған сұлулық»
Саған тиеді бір күні
Ақындар туған ұлылық
Біз сүйген қыздың төркіні
Ертең-ақ орнап жылулық,
Жамылам бірге көрпені
Берер ем жұлдыз, күн сыйлап
Бір көрпе оның не теңі?!
Айта алман, əттең, дырдилап
Қарашы қалта — келтені

Мұқанға тиген Лашын бар,
Шын сүйген Қадыр, Қасымдар.
Сүйгенің қарсы болмаса,
Ауылға алып қашыңдар
Әрі қарай

Сенің атыңмен...

Білесің бе, сенің атыңмен атар едім бүгінгі күнімді. Ойымнан кетпейсің, әдейі жасадың ба, білмеймін, қалайша ойыма кіріп кеткенімді білмеймін… Білмеймін, бұдан кейін сұлулықты сұлулық деп атай аламын ба?! Әлде, сенің атыңмен атау кереметті толықтай жеткізеді ме?! Білмедім… Күннің бұзылғаны, тоқтағаны пойыздардың, ұшақтардың үнсіздігі, қыстың суығы да сенің көз жасыңдай мені мұңайта алмас. Ұғынасың ба?! Мұңлы дидарларды көргенде сенің сол бір құса болған жанарыңды еске аламын да, өзім де өмірден жоғалардай күн кешермін… Өмірден жоғалардай… Құдай-ау, сен адамдар арасында тартылыстың барына сенесің бе? Әйтпесе, оның жасқа толы жанарын көргенде мендік жүрек неге кеудеден ұшардай болады?! Кеуде, осы бір кеуде соңғы кезде жиі шаншитын болыпты. Егер де мұңын соншалықты ауыр болса өзің үшін емес, менің байғұс көңілім үшін сәл де болса жымиярсың…
Жымию… Сенің жымиғаныңнан жиырма жылым мәнсіз өтпегендей түсінемін. Түсінемін, жақсылықтың бар екенің, адамның да жылуын бөлісе алатынын. Ал солтүстік азаматтары үшін бұл қаншалықты маңызды екенін айтпаса да түсінікті шығар… Сен баурап аласың, жаныңа жақындаған әрбір азаматты. Ессіз сенің соныңнан ере бастаймыз. Сірә, ғасырлар боцы аудара алмай жатқан «харизма» сөзі сенің атыңмен аударылуы керек-ау. Ал, қытай да, қатар да, араб та, түркі де, тіпті еуропалықтар үшін де сенің есімін нәзіктіктің символы болады-ау… Сенің атыңмен өз қызымды да атар ем, саған тартсын деп, бірақ, анасы сендей болмаса ол ісім де бекер. Күн сайын сені еске түсіреді ғой ол сосын. Жылатып, өткен күнге оралтып… Мен мүлдем жылауық адам емеспін. Білесің бе, керісінше, күн сайы қатты болуды үйренудемін. Бірақ, мендегі бар суықтық, мендегі бар салмақтылық сенің есімің естілгенде тоқталады… Егерде сенің атыңмен қала аталса мен ол қаладағы ең ессіз адам атанар ма едім…
Әрі қарай

Бозбала күнделігі: махаббат - мотивация.

Махаббат — ең үлкен мотивация!
Практикалық пайдасы бар мол жазба. Қыздар, тыңдаңыздаршы!
Менің көптеген достарымның ішіндегісінен екеуіне назар салғым келеді. Екі жағдайда да махаббатары баянсыз болды, тек, сол ғашықтық оларды қалай өзгерткені жайлы әңгіме.

Салауат!

Салауат, менің құрдасым, студенттік шақта бір жобаны бірге іске асырған едік. Сол кезде күнімен бірге жүріп, кешке қыздарға да бірге баратын едік. Қыз болғанда, оның қызы, классика бойынша, оның қызының өте әдемі жалғыз жүрген құрбысымен мені таныстырады. Мен оңбағанның Баянауылда қызы барын ол «жеңгелер» білмеді де, мен де айтпадым. Бірақ, мәселе Салауаттың өзі жайында: кезінде бойы менен бір бас үлкен, денесі менен екі есе арық. Әлгі қызға ғашық болған соң басталды барлығы: кешкі жүгіріс, штанга, турник. Сөйтіп бір айдың ішінде денесі орнығып, өзі де сұсты жігітке айналды. Сордағы бар ойы — «ертең қызыма біреу тиіссе кім қорған болады?!». Тек, кейін әлгі қыздың өзге жігітпен күлімдесіп тұрғанына шыдамай, қызғанып кетті. Кейін екеуі ұрысып тыңды, Салауаттың ішімдікке беріліп, салы суға кетті.

Батыржан — аптасына темекіге 2000 теңге жұмсайтын, бос уақытын футбол мен дебатқа арнайтын, әйтеуір азарт десе ішкен асын жерге қоятын "қутриот" бала. Бірде Разия деген қызбен танысып, оған темекі атуды қоюға уәде берді. «Маған көмектесші» деп өзінің де ниет білдіріп Разияға айтқаны бар. Онысынан түк шықпаса да, бір-екі апта шыдады. Кейін, Разия сүймейтінін айтып, екеуі қоштасқан-ды.

Екі жағдай да жақсы аяқталған жоқ, алайда, шын сүйген қыз жігіттің ең үлкен мотивациясы бола алатындығын осы жағдайдан да, басымнан өткен бір-екі жағдайдан соң да түсіндім. Қыздар, өзіңізге ұнаған жігітті ғашық қыла аласындар ғой, ендеше көкке жетелеу де қолдарыңыздан келеді. Жақсылап ойланыңыздаршы, бәлкім Мишельше «Мен болмасам сен президент болмас ең!»-деп әдемі жауап қайтарғыларын келеді ғой Сіздің де болашақта жарыңызға?! Мотивацияландар!
P.s: и пожалуйста, өздерің ұнатпаған жігітке көздеріңді қыса бермендерш. Ит болмандаршы.
Әрі қарай

Бозбала күнделігі: Махаббат он бесте де, он сегізде де, (жиырма екіде де) бірдей-ау.

Сізбенен бүгін тағы да кездестік. Әлбетте, мен сол баяғы көрінгенге көңіл білдіріп, ойын мен ессіздігі тонналы Ернармын. Сізді байқамастай орныма отырдым. Елден алыс, шыраққа отауын тіккен қазалы жан деседі біреу. Әлбетте, олай емес. Тек, Сіздей жанның өзгелермен әзілдесіп, күлімсіреп, маған назар аудармағанын сезгім де, көргім де келген емес. Арылмаған бойдағы қорқыныш пен үрей он бестегі алғашқы махаббатқа бой алдырмаған баланың кейпін іштей сезіп, сырттай жасырп жүрмін. «Махаббат жасқа қарамайды» дейді ғой, енді түсіндім. Махаббат он бесте де, он сегізде де, (жиырма екіде де) бірдей-ау.
Жігіттер «Кез-келген қызбен таныса алар потенциалым» бар деп бір-бірімізге мақтанамыз. Әрине, ондай "қасиетттен" ада емеспін, алайда, сен дегенде сөз айту, ойлы пікір мен ұстамдылықтың барлығы жүректің түкпірінен шыға алмай қалатын сынайлы.
Сендегі құдырет те осы ғой: менің іштей өзіңе асық екенімді біле тұра жақындатпайсын, көрмейсін, жауап қатпайсын. Қатпағанын да жөн-ақ, өйтпегенде мен бұл университетке сыймай кетер ем ғой… Жә, түн батқан шақта ойыма орала берер заирімсін менің. Коэльодай сен жайлы кітап жаза алмасам да, күнделігімнің біраз парақтары мен өлеңдерімнің шуақтары сен деп жазылғаның ұғынарсың бір күні.
Қызғаншақпын, сенімен күлімдескен азаматтардың барлығынан ата-жауымды көретіндеймін. Мейлі досым болсын, әріптесім болсын. Иә, олар мендегі сезімді білмейді ғой… Түннің уағы он екіден асқан соң ұйқыға бату жөн шығар. Қош бүгінгі қайталанбас күн…
Әрі қарай

Депрессия

Сап-сары түлкілерге сай түріңіз,
Бірде толып, құлпырған ай түріңіз,
«Жалғыздары» бес адам меніменен,
«Махаббатым» жанымнан сау тұрыңыз…

«Жанымдығын» сөзіңнен тастамадың,
Білгендеймін «маңызды іс» басталарын.
Аңқаулығым осы деп сақтап қойдым,
Арулардың ашылған маскаларын…
©Ернар Сейтахмет
Әрі қарай