Жарияланымдар

Шәлі немесе орамал тон болмайды, жол болады. :)

Тағы да сол тоқыма.:))
Бұл жолы көрсетейін деп жатқаным шәлі(шаль) немесе орамал. Өткен жолы санасам азды-көпті 16 орамал тоқыған екенмін. Біреуі ғана үйде, ал қалғандарының барлығын сыйға тартып жібердік. Блогқа салатынымды білмедім ғой, болмаса
Әрі қарай

Арманмен қанат жайғандар/Dream high

Жақында көріп бітірген кәріс сериалы жайында жазбақпын. Бұл сериалды бесеу көрмесе, үшеу көрер.)) Соңғы уақытта Корей сериалдарын көру озып барады, сол үшін сериалдары туралы қазақша жазсам артықтық етпес.
Әрі қарай

Кәсібім дамып жатыр.)))

Откенде сіңліме мынадай сыйлық жасаймын деп едім ғой. Сол көйлегім сыймай қалды оған. Содан күні кешегіге дейін үйде жатты. Құры жатқанша сатып көрейінші, ала ма екен деп ойладым да, бір дүкенге апарып қойып қойдым. Тек қана сатылып қоймай, тапсырыс та түсіпті. Бір жасар қызға шапкасымен тоқып берсінші деген екен. Одан бөлек тағы екі көйлек түсіпті, бірақ олар асығыс емес екен.
Міне, көйлек:
Әрі қарай

Кисэн.



Бүгін мен жүз жылдар бұрын Кәріс классикалық романдарында көп айтылған кәріс куртизанкалары «кисэн» туралы жазбақшымын. Бірнеше күндер бұрын «Хабар» телеарнасынан «Хван Джин И» телехикаясы болды. Көргендеріңіз бар ма? Мен көрдім. Сол сериалдан соң осы «кисэн» туралы білгім келді де, инетті біраз қопардым.
Әрі қарай

Сабынсулар.


Барлық қыздарда/әйелдерде сабынсу таңдау үлкен проблема. Басқасын қайдам, өзімде сабынсу таңдау үлкен проблема. Шашымның қалың,әдемі, жібектей төгілгенін қалаймын. Көп сабынсулармен жуып көрдім. Бірінен шашым кеуіп қалған құрғақ шөптей болса, ал енді біреуінен тура шашыма майды жағын қоя салған сияқты болады.
Әрі қарай

Коллаж-мінездеме.

Менде ерігіп отырып коллаж-мінездеме жасадым. :)))

Есімім- Еркеқыз( жеңгелерім солай атайды),(шын есімім гүлге байланысты қойылған).
Сүйікті фильмім-«Сладкий ноябрь»
Арманым-Мықты дизайнер модельер болу(еді)
Арманымдағы қала-Париж
Сусын-шие шырыны.
Тағам-лағман.
Жақсы көретін түсім-қызыл.
Жақсы көретін мекенім-компьютер үстелім.:)
Хобби-сурет салу, тоқу(Әсіресе тоқу. Ауру қалса да әдет қалмайды демекші, кезінде сырқаттанып қалғанымда ішім пысып тоқуды үйреніп едім, қазір сауығып кетсемде қолым босаса болды отырып алып тоқи берем.)
Бір сөзбен өзімді қалай сипаттаймын-сезімталмын.
Туған жерім-Мақтаарал ауданы.)))
Әрі қарай

Әжемнен естелік.

Нағашы әжем марқұм көзі ашық, көкірегі ояу, жаны таза, дана кісі еді. Қашанда бата оқығанда сөздерінде шынайылық білініп тұратын. 85 жасында дүние салды. Ол да болса кәріліктен өтті болмаса бақуат кісі болған. Бұрынғының адамдары қазақшылыққа салынып оқымаған ғой, сол замандастарына қарағанда зерек болып, оқып, көзі ашылып өскен әжем. Жасы 80-нен асар аспас газет-журналдарды судыратып оқитын, сөйтіп алып көзім көрмейді-әй деп қоятын.Ал, біздер оның жасының төрттен біріндеміз, қазірден көзімізде көзілдірік((. Әжем ақындыққа бір табан жақын кісі еді. Мамам айтуына қарағанда кәдімгідей айтыса беретін суырыпсалма болған дейді, тек енесіннен табан тартып, ел-жұрттан ұят деп айтыспай қойған дейді. Сол қазір шкафты жинастырып жатып, соңғы жылдары шығарған өлеңін тауып алдым, соны жаза кетейінші. Блогымда естелік болып тұра берсін.))
Бастайын бісміллә деп тойдың басын,
Аман боп өсе берсің малы басың
Құдайым Берікжанға бала беріп,
Бәрінің ұзақ қылсын өмір жасын.

Немене өлең деген құрағанға
Өлеңді аямаймын сұрағанға
Айтпаушы ем бұл өлеңді басқа жерде,
Тек қана айтамын ұнағанға.

Басында бір ағаштың елу қарға
Сөзіне жалғаншының сену бар ма?
Барында оралыңның ойнада-күл,
Жалғанға екі айналып келу бар ма?

Жаратты Құдай сені айдап қылып,
Шәйнекке демдеп қойған шәйдәй қылып.
Тоты құс сен бір тұрған тал басында
Қолымды жеткеремін қандай қылып?

Қарағым айналайын кекілдім-ай
Судағы өмілдірік секілдім-ай.
Аллаға мінажат қып зарын қылып,
Жолына ғашықтыңтың бекіндім-ай.

Басында бір ағаштың алты қарға
Болама жаяу жолдас аты барға?
Қыздар көп өлең айтсам ел ішінде
Айтамын сіз сияқты заты барға.

Немене өлең деген білген құлға
Жақсы адам таптырмайды алсаң пұлға
Барында оралыңның ойна да күл
Жалғанға қайта айналып келу бар ма?

Базардан базар барып мия аламын,
Мияны төкпей-шашпай жия аламын.
Айтар ем бұл өлеңді таң атқанша
Жасым келіп қалды ғой, ұяламын.
Әрі қарай

Ондай ондай болып тұрады...

Бүгін дүкенге барайын. Кеше мамамның туған куні болған, бугінде қонақтар келіп, туған күн әлі жалғасын табуда. Содан алатындарымды алып сыртқа шықтым. Өзі небәрі 4 баспалдақ, соның төртіншісін көрмей қалыппын, аяғым сүрініп құлап түстім. Пакеттерім бір жақта өзім бір жақта. Ол да мейлі еді құлағанда тізерлеп тура алдымдағы мәшинеге құладым. Ол мәшиненің сигнализациясы қосулы екен, ол деген ойбайлап кетті. Егесі ебіл-дебілі шығып жүгіріп келді. Келіп: "Қарындас, бәрі жақсы ма? Не болды?"-деп сұрап жатыр, мен болсам ұялып даусым шықпай:«Ағай, сигнализацияны өшіріңізші „-деп әрең сөйлеп тұрмын. Ол ағай “ойбуу каблугыңыз биік екен, содан құлағансыз ғой»-деп одан сайын ұялтып :). Орнымнан тұрып қарасам бәрі қарап тұр екен, ұялғаным-ай. ))))
Әрі қарай