Жарияланымдар

Көлсай туралы


«Көлсай — армандарымның бірі» деген постты оқып едім бүгін. Мен сол Көлсайдың дәл жанында Саты деген ауылда туып-өстім. Суын ішіп, форелін жеп, шөбін неғып… шауып дегенім ғой. Әкем сол Көлсайда лесничий.(Қазақшасын аудара алмадым.Лесник-орманшы,
Әрі қарай

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

1 мамырдағы жағдай біраз ойлантып кетті. Ондай жағдайға мүлдем дайын емес екенбіз. У-шудың арқасында біраз дайындық жасағандай болдық. Өз басым бүкіл құжаттарымды бір сөмкеге салып қойдым. Сосын қауіпті жағдай туады -ау дегенде үйдің қай жеріне
Әрі қарай

Алматының жұрты неге дүрлікті?

Мамырдың 1-і таңғы 8.31-де Алматының халқы Жапондардың «шекпенін» киіп оянды. Соларша жер сілкінісінен оянды дегенім ғой. 30 секундтай Алатаудың баурайын теңселткен дүмпудің ошағы Алматыдан 75 шақырым жердегі Моловодное ауылының маңы, онда сілкініс
Әрі қарай

Қазақшасы балдыр-батпақ, сатпақ-сатпақ сайттар көбейді

Өткенде ФФК-нің сайтына өре түрегеліп едік. Енді мына сайтқа да сондай тесірейіп, жаман көзбен қарауға тура келіп тұр. Телебезерден, интернет беттерінен мына сайт туралы http://visitkazakhstan.kz естіп жүргем. Көруге бүгін ғана ыңғай болды. Ашарда сумаң етіп әй, бұл да бір шығар деген ой келген. Бақсы екем. Тағы бір балдыр-батпақ, қазақшасында қате өріп жүрген сайттың бірі екен. Қазақша бетінің жартысы орысша. Алдымен бөлімдерді қарап отырып «Демалыс қоймалары» деген бөлімге көзім түсті. Қоймада демалып жатқанымды елестетіп күлкім келд

Әрі қарай

Ескі- жаңа министрлердің есімдері белгілі бола бастады

Бүгін Астана жақтан үзік-үзік сыбыстар жетті. Ескі- жаңа министрлерден құралған министрлер кабинеті жасақталып болыпты. Бұны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің туиттердегі блогында да жазыпты.
Әрі қарай

Адам үшінші, төртінші көргеннен ғашық болады деген қағида жоқ

Бұл менің сөзім емес. Бүгін ғана премьерасы болған «Жаужүрек» спектакліндегі Ерлан Біләлдің сомдауындағы Балуан Шолақтың орыс оязының қызы Татьянаға айтқаны.

Премьераға әріптестерім жүр-жүрлеген соң,  театрдың ауасын жұтып келейік деп жүріп бергем.  Көріп шыққан соң көңілге келген ойды блогқа бағыттауды арасында езуімізге күлкі мен ой үйірген соң осы сөзден бастауды жөн көрдім. Әсия әріптесім сияқты майын шақпаспын. Бірақ осы қойылым туралы аз-кем әңгіме.
Әрі қарай

«Көшпенділер» фильмінде атпен бірге джип арқандалып тұр

Көшпенділерді көрдіңіз ба.Мен сияқты мән бермей көрген болсаңыз, тағы бір анықтап қарауға кеңес берем. Фильмде Абылай ханды тәрбиелейтін ұстазын қалмақтардың ұстап келіп, ат таңдап бер дейтін жері бар.Тура сол кадрға мән беріп қарасаңыз, арт жағында сонау қырда 2 джип тұрады арқандалып.Общм сол кездегі қазақтар джиптерді арқандап қойып, атпен жүрген екен ғо.

Жұмыста бірге істейтін шопыр көкем айтқанда қое деп едім.Сөйтсем шын екен. Жылт еткен кадрдан байқасаң қасқиып джип тұр.Әлемге көрсетіп, беделімізді арттырамыз деп, ат арылтып АҚШ-тан актер алдырып түсірген фильмде сондай қателіктер бар екенін білгенде ұяттан жарылып кете жаздадым. «Әлемдік кино» үшін кешірілмес күнә.
Әрі қарай

Блогкемп бітпей жатыр, бітпейтін сияқты

Елдің бәрі блогкемп бітті, өткені-ай, кеткені-ай десіп жатыр. Бірақ Алматылықтар үшін әлі бітпей жатыр. Блогкемптің алдында сенбі сайын жиналу әдетке айналып кетті ма, жоқ Керместің «магниті» бар ма әйтеуір автоматты түрде сенбі, жексенбіде Кермеске жиналып алатынды шығардық. Кеше 7-ге таман Қарасақал, Сағын, Жалғас, Жанна (Алтыградус), Патик, Батыр мен Саттар бар түріктердің времянкасыыы ой Керместің әрең піскен тамағынан дәм татып, шайын сораптап, біраз әңгіме соғып қайттық. Күн тәртібінде басты мәселе – блогкемптегі старт-апта Патик “100 мың теңгені берсеңіздер неғыламыз, бермесеңіздер де неғыламыз, шамаммен аты «Киностан» болады”,- деп таныстырған Қисық & Патик компанияларының жобасын талқылау.
Әрі қарай

Қайран құрылтай, өттің де кеттің

Тақырыпқа қарап кіргендеріңе рахмет! Әлі ештеме жазуға үлгере алмай жатырмын. (Қисық сияқты смайлик). )))

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/03/24/%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%80%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9-%d3%a9%d1%82%d1%82%d1%96%d2%a3-%d0%b4%d0%b5-%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96%d2%a3/
Әрі қарай

Блогқұрылтайға 1,5-ақ күн қалды


Блогкемпқа 1,5 ақ күн қалды. Блогшы бауырлардың алды Алматыға келіп те үлгерді. Блогкемп туралы кейін естіген ке ағайын хабарласып, “ по блату” болса да қатысайықшы деп жатыр.Соған қарағанда блогкемптен көпшіліктің күтері көп сияқты. Үміттерді ақтайық. Қазақ блогшыларының басқосуы сәті өтуге жазсын!!! (Фотоны көріп, тақалғанда лого ауыстырған екен деп жүрмеңіздер. Түркиядан келген Батыр бауырымыз бүгін жіберіпті. Қабылданып қойған логомыз болған соң,  блогқа қойып тамашалауға тура келеді)

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/03/17/%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3%d2%9b%d2%b1%d1%80%d1%8b%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%b9%d2%93%d0%b0-15-%d0%b0%d2%9b-%d0%ba%d2%af%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b/
Әрі қарай