Неге екенін қайдам, ерте тұрған күндері, әсіресе демалыс күндері оянған соң таңғы ас іше алмаймын. Көзді тырнап ашып, бет жумастан су қайнатамын. Мен жуынып шыққанша су әзір болады. Қара кофеге ақ қағазға оралған темекімді қосып, никотин-кафеин араласқан мезгілді өткіземін. Сосын сүт қосылған күрең шайды құйып алып, атын барахолқа деп сақтаған плей-листімді тыңдап, сурет салумен миды босатамын.
(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).
Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…
Қаланың атауын өзгерту туралы хабарды естігенде, «сандырағы» шығар деп сақалдылардың, тіпті де елемеген едім. NEWS деген тіркесі бар ақпарат таратушылардың тілшілері тыпырлап жаза бастағанда, кәдімгідей ойланып қалдым. Твиттердегі парақшама түртіп қойып ем, бірлі-жарым саясаттан хабары бар жандар және сол «біздің» өңірдің тумалары ғана әңгімеге араласты.
Амиржан Косанов @akossanovkz Қара алтыным жеті қаттан қазылған, Билік басы көп бәлеге шатылған.Мұнаймен де, қанменен де жазылған Өзенім-ау, айналайын атыңнан!
Сонымен жаңа оқу жылы басталып кетті, құтты болсын! Менің балам алғаш мектептің бірінші класын бастаушы қатарында. Бірінші сентябрь күні мектебіне апарып класына орналастырдық. Мектепке барып тұрып өзімнің балалық шағымды тағы бір сәт еске түсірдім.
Бұл жазбаны «Пайдалы сайттар» қауымдастығына салмақшы болып едім. Жаңа нұсқаның қауымдастыққа қосылу тетігін таба алмадым(((.
Сонымен, компыңыздағы әндерден жалыққан кезде онлайн музыка тыңдай салуға енді сіздегі интернет жылдамдығынан басқа(егер баяу болса) ештеңе кедергі емес. Себебі, бұл сайтта өлең тыңдау үшін тіркелудің еш қажеті жоқ. Тағы бір жақсы жері жүктеуге де шектеу жоқ. күніне қанша өлең жүктеймін десең де өзің білесің.
Сайтқа тіркелсеңіз, сіз өзіңізге "ән парақшаларын" құрастырып алып сүйікті әндеріңізді үздіксіз тыңдай аласыз. Бұл сайтта қазақша әндермен қоса шетелдік әндердің қоры да жеткілікті.
Сайтқа сілтеме
Қоңсы орналасқан киім сатушы Светлана Павловнаның зор дауысын қатардың мына басынан естіген ол дүкеніне қарай тапырақтай жөнелді. Айналдырған алты ай бұрын ғана бәліш, тоқаш сатып жүрген Айка бүгін білдей бір киім бутигінде жұмыс істейді. Күн аяғында келіп бастығының есеп-қисап жасап кететіні бар, ал былайғы кезде өзі би, өзі қожа.
Оның үстіне ер адамдардың киімін сатқан да қызықтырақ болып шықты, осы жұмысының арқасында жігіттермен сөз қағыстыру өнерін де біршама меңгеріп алды.