Жарияланымдар

Қасиетті аяз (Крещенские морозы)

Блог - ErNur: Қасиетті аяз (Крещенские морозы)
Суреттің сілтемесі мында

Исі Христиан жандардың аяз мерекесі жайлы әңгіме. Осы күндері өзен көлдерден крест үлгісінде ойықтар жасап, суға шомылады. Олардың сенімі бойынша осы суға шомылу күнәларын тазартып, арылтады-мыс. Денсаулықтарына жақсы әсер береді. Ендігі айтпағым осы былтыр кабинеттестеріміздің арасында бәстесу болып, болмай қалған. Кейбіреуі осы күні кәдімгі краннан су ағызып алып сақтаймыз, пайдаланамыз, қанша уақыт өтсе де өзгермейтінін айтып қоймайды, ал біз ( меніңше де) оның мүмкін емес екенін айтып бақтық. Биыл бұйыртса енді суды әкелтіп сенушілерге сол күнгі, біз келесі күнгі судан алып екі ыдысқа құйып қойып бақылап көретін болып келістік. Ал сендер бұл жайлы не білесіңдер? Жалпы сенесіңдер ме?
Әрі қарай

Мектепке жол!


Сонымен жаңа оқу жылы басталып кетті, құтты болсын! Менің балам алғаш мектептің бірінші класын бастаушы қатарында. Бірінші сентябрь күні мектебіне апарып класына орналастырдық. Мектепке барып тұрып өзімнің балалық шағымды тағы бір сәт еске түсірдім.
Әрі қарай

Блогкемп, Ақтөбеліктің көзімен

Армысыңдар достар! Сол тойдың болғаннан боладысы қызық деген, құрылтайды да бітірдік.
Астана, Бәйтерек… деп қиялдап кеткен дейсің 
Аман-есен жетіп елге, күнделікті орнымда, компымда клаваны тыңқылдатып отырған жай, міне… Бірінші кезек мен үшін жылына бір болатын достармен кездесу маңызды. Жаңа керек қолданушыларды да көріп, танысқаныма қуаныштымын.
Әрі қарай

Шимпанзенің ғылыми түйсігі


Терең әйнек шөлмекке салынып темір торға мықтылап байланған, тазартылған тәтті жаңғақты қалай алуға болады?

Зерек шимпанзе күлкі тудыра отырып, бұл мәселені көп ойланбастан, жеңіл шешімін тапты. Ал сіз не істер едіңіз?

Барлығыңыздың жауаптарыңыз біреу — шөлмекті сындыру

Ұят емес пе?

Енді қайсысың шимпанзені дамымаған мақұлық, ал адамдар ғана табиғат патшасы деп сендіре аласыңдар )))))??????
дейді мына бұтақбас
Әрі қарай

Африкада бильярд ойыны чемпионаты

Бүгін Африка тайпалары арасында бильярд ойынының чемпионаты басталды — деп хабарлайды папуаснюсь ақпараттық агенттігі.
Бұл дүбірлі додада кабил, туарег, шавия, бени-мзаб тайпаларынан үздік шыққан бильярдшылар сайысқа түсуде.

Әрі қарай

Олар алаяқ па? Адамдардың бәрі ақымақ па?

Бүгін жол жүрмекші болып билет алғанмын пойызға жұмысқа жақын жердегі коммерциялық кассадан. Онымен жұмыстан босай алмай бара алмайтын болдым. Кассаға билетті тапсыруға бардым. Кассир қыз билеттің барардағысының 50 проценті, қайтардағы билеттің толық қайтарылатынын айтып түсіндіріп санап келіп жібердте калькуляторын басып ақшамды берді.
Әрі қарай

Лянга ойыны есіңде ме?

Балалық шағымызда ойынның неше түрін ойнаушы едік. Сол ойындардың ішінде ең сүйікті ойындардың бірі ляңкі ойыны осы. Мектепте команда болып бөлісіп алып жарысатынбыз. Негізі түбі қытайдан шыққан дейді интернет бойынша іздестіріп көріп едім. Жалпы азияда кең таралған екен.
Әрі қарай

Моншада

Бір шал байқамай моншада әйелдер жағына кіріп кетіпті. Қыз-келіншектер шыңғырып қолдарындағы тазикпен бұттарын жауып жатса, бір кемпір ғана бетін жауып алыпты дейді. Сонда шал — «уот.., мына кемпірдікі дұрыс! Шырақтарымау, мен сендерді көттеріңнен емес, беттеріңнен танимын ғой» деген екен.
Әрі қарай