Жарияланымдар

Желінбей қалған таяқ

«Аңың шықса, өзіңнен көр». Бүлдік©
Тоғызыншыны бітіріп, кенттегі Техникумның «автоэлектрик» мамандығы бойынша І-тыңдалымға түсіп, курсант атанып, қоразша маңғазданып жүрген шақтардың бірінде, агрономдағы Дариғаның туған күн кешіне шақырту алдым. Туған күн жақсы өтті. Аз-мұз спірт де ішілді. Светті өшіріп бәліске түстік. Бұл жолы Луизға ғана құрық тастай алдым. Тым сүйкімсіз де емес. Бірақ аса тәбетті де шақырмайтын қыз-тын.
Әрі қарай

Балмұздақ және Кэйтжамал

Тек шеккенде айтылатын оқиға еді. Сазанбай©
Бір шәйханада егіздер Қарақұм мен Сарықұмның туған күнінің сәскелігі кереметтей деуге келмес көңіл-күймен өтіп жатты. Әрине дастарханда спіртті сусындарсыз сән болмастай арақ та, шарап та, арасында саптыаяқтатып сыра да кетіп жатты. Ақшам түсе финалға Ауған, Шайтанжәнібек, Миллионәбухан және Мен өтіппіз. Туған күннің кешкілігін жалғастыру мақсатында төрттік енді кенттің орталық алаңына қарай аяң басты. Онда екінші қабатта орналасқан ашық аспан астындағы шәйхана бар еді. Сол еске түскен шығар бәлкім.
Әрі қарай