Жарияланымдар

Әсем рок группасының әні - "Жылайды жүрек"

Әсемге ырзамын, дауысы да, стилі де ерекше. Мына әнді сөзімен бірге Ғалымжан Молданазар есімді ақын әрі әнші жігіт жазыпты. Өзі де қосылып айтады клипінде. Оның да дауысы әп әдемі.
Туынды мамыр айында шығып қойыпты, мен енді көріп отырмын :)
Әрі қарай

Girdap: Қарауға тұрарлық фильм

Шымкенттегі құрбан айт алдындағы шуды өтірік ақпар деп қоя салуға да болмайтын сияқты, адамда бірнәрсеге деген сенім мықты болса ол бәрін жасайды, жеңіп шығады. Терроризм деп жүргеніміздің өзі осы мықты сенімнен жасалып жатқан дүниелер ғой. Қазір ешнәрсеге таң қалуға болмайтынына сендім, кішкентай Түркістанның өзінде орын алған жан түршігерлік оқиғалардан кейін.
Әрі қарай

Шекспир: Қорқамын

Шекспирдің осы бір өлеңін қазақша іздеп көрген едім, таба алмадым. Аударылған нұсқасы болса бөліссеңіздер екен. Ал егер жоқ болса, ұйқастан хабары бар мүшелеріміз түзетсе екен деген тілек бар менде  
Әрі қарай

Ал содан соң...Ya Sonra...

Ақпан айында шыққан фильм еді, барып көре алмадық, сонымен интернетке шықса қарап аламыз деп жүргенбіз. Кеше ғана мүмкіндік туды соны көруге. Фильм «Ал содан кейін ше»  деп аталады. Сценариін жазған әрі режиссері Өзжан Дениздің (Маусым түніндегі Байрам) өзі екен. Басты рөлдерде өзі, сосын Дениз Чакыр (Ферхунде). Ферхунде ойнайды деген соң тошно жақсы кино деп ойлағанбыз, солай екен. Кинодағы сомдаған рөлдері Адем мен Дидем.
Әрі қарай

Отан

Бағана бір жерден Нұрғисаның «Отанды» бас әріппен жазуды әдетке айналдырайық дегенін оқып қалдым. Оқып қалдым да ұнатып қалдым :)
Сосын Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы осы бір өлеңін бөліскім келді Сіздермен ;)
Өз еліңнің жақсылы-жаманды болса
Әрі қарай

Ыстамбұлда 9 күн мұсылманша өмір сүру


Түркия туризмінде жаңалық, Стамбул қаласында шетелдік туристерге осындай бір жоба басталыпты. Жоба авторы Blood Foundation атты азаматтық ұйымның өкілі Бен Боулер, жобаны «Бір ай мұсылманша өмір сүру» деп атаған
Әрі қарай

Нурикамал әнінің тарихы (Қисықтың назарына ;)



Ақын Ханбибі Есенқарақызы (Шымкенттен шыққан)күйеуінің бір ерекше күйде жүргенін сезіп, ол өйткені бір әуенді қайта қайта тарта беріпті, сені мазалап жүрген осы ма деп, өзі жазып шыққан Нурикамал деген өлеңді күйеуіне әкеліп береді.
Әрі қарай

Супер ұсыныс :)


Мына видеоны осында жаңалыққа жаны құмар достармен бөліскім келді көріп отырып. Қызға үйдену ұсынысын жасаудың тың бір жолын ойлап тауыпты ғашық жігіт. Жазулар түрікше, көбіңіз түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын. «Барлығынсенүшінжасадым» деп блог та ашыпты сосын жігіт ғашығына арнап, сілтемесі: hepsiniseninicinyaptim.tumblr.com/
Әрі қарай