Жарияланымдар

Созақ бардық, не көрдік?

Уа аман-есенсіңдер ме әлде аршатсыңдар ма ғақлия мүккәмәл мүміндер!
Өткендегі айтқан СексАуылдың отаны, менің де Теріскей амигоның да тумаса да тұрған жері Созаққа барып қайттым. Таңғы алтыда Шымкентке түстік інім екеуміз пойыздан. Тұрмыз. Мазаламайық деп жора жолдастарға хабарласпағанбыз. Қайда барамыз… Не істейміз… Сонааадайда маңдайшасында «кафе» деген жазуы бар ғимарат тұр. Барсақ — ашық. Түнгі 12-де қуып шығатын Асцотононың кафелерін бір боқтап алдық… Екеуміз тойып тамақтанып алып бағасын сұрасаң мұндағы бір адамның тоймай тамақ ішетін тамағының бағасын сұрайд… Рәхәт.  Қаланы аралауға кірістік. Әжептәуір шырайланыпты. Тал астына кезекке тұратын Асцотодай емес жан-жақтың бәрі тал, көк шөп, көлеңке. Такси ұстайсың да қаланың арғы басындағы әдрісті айтасың. -Қанша? — Бес жүз. — Үш жүз. — Кеттік. Рәхәт!! Сол күні түске таман — Созаққа тарттық. Рахат қо шіркееееен ауыл деген, айран, сүт, талдың астында жатеееееп ұйықтайсың… Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Келгенімізден кейін 4-күні ағам "қонақ — үш күн қонақ, онан соң… қонақ емес" деді да, қолымызға шалғы берді, -Шөп орыңдар бар… Кеттік сомен… шөп ору, жинау, кесек жинау… уопшым қалған 5-күніміз ақсаусақ болып қалған бізге әжептәуір қиындықпен өтті. Күндізі әрине. Кешке ауылдың аңқылдаған жігіттері келіп тұрад. — Кеттік. Қайда деп сұрамайсың. Онсыз да белгілі. Анооооо бас жақтағы Сәлимәнің кафесі. Шымкенттік пибің ағыл-тегіл… Рәхәт … Жағдайы жақсы ауылдың. Уран шығаратын зауыттары бар ғой. 91-жылғы брәтішкә 60 000 айлықты менсінбей отыр. 120-150 болса дид. Бір жолдас бала отпускнойына 850 000 алыпты. Айлығымен қосып миллион. Рәхәт . Созақтан ары Мойынқұм мен Бетпақтың қосылар тұсында, Шу өзенінің аяғы Тасты деген ауыл бар. Тамалар жері. Онда да болдық. Жолай соғылған ғимараттар, кафелер, мектеп, Мешіттерді, Кесенелерді көріп көңілің кәдімгідей көтеріледі… Бері келе жатып Шымкентте жаттық 1-күн. Ескі қала үстіндегі паркті қатырып салып қойыпты. Жынды енД. Мұнда да сол арзаншылық. Шашлығың 150, пибің де 150 теңге… Рәхәт … Қимай-қимай қоштастым Шымкентіммен. Бұйырса айналып қазығымызды табармыз…
Әрі қарай

Түнек...

… Көктемнің соңғы күндері… Жұмыстан сәл кештеу жібергеніне бастығыма деген ашуым бар, оның үстіне бір жарым сағаттан бері темекі тартпағам, айына отбасылық бюджетімнің жетіден екісі кететін темекімді құмарта тартып бара жатырмын. Анда-санда темекі тартқандағы әдетіммен жерге шырт-шырт түкіріп қоям. Аялдама да алыс емес-тін, жақындап қалдым…
Алыстан сирена дауысы естілді. Сол жаққа бұрыла бергенмін… айнала көк түтін… айқай-ұйқай… Басыма зіл батпан шоқпар тиді де көзімнің алды жарқ ете қалды… Түнек… Ашыла бастады көзім… Алдымда маска киген біреу… анадайда «Полиция» деген жазуы бар қара микроавтобусты көзім шалды… түнек…
Орындықта отырмын. Бөлме іші қаракөлеңке. Лампаның жарығы тура көзіме түсіп тұр. Алдымда стол. Қарама-қарсы бір адамның сұлбасы байқалады. Полиция бөлімшесінде секілдімін.
-Фамилия?
-А… аа?
-Фамилииияя?,-деп жекіріп жіберді сұлба.
-ааа… Алан…
-атың?
-Данияр… мм… мен қайдамын?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Мекен-жайың?
-Ацсотоно қаласы, Кербабаев көшесі, 13,-деп өтірікті қойып қалдым.
-Жұмыс орның?
-«Артемда» тәшкі сүйреймін.
-24 мамыр күні, кешкі сағат 7-лер шамасында қайда болдың?
-Жұмыстан қайтып бара жатқам…
-Қолыңда не бар еді?
-Папка… документтермен. Таксист болып жұмысқа тұруға бара жатқам. Айтпақшы документтерім қайда? Кімсіңдер өзі?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Қолыңда басқа не болды?
-Басқа ештеңе…
-Темекіні мен тарттым ба сонда?!!! Сссұмырраййй…
Жуан жұдырық мұрныма дөп тиді… Тағы да түнек…
… дәл осы кезде көрші кабинетте Ацсотонода заң күшіне мінген 2-күн ішінде 2000 адам темір торға тоғытылғаны туралы рапорт жасалып жатты…
Әрі қарай

Тауарих қаузайық

… Алғаш керекке Абзал арқылы келдім. Майл.ру-да блоктатып отырғам… Арасынан келіп сөзге қыстырылып, одан агентпен сөйлесіп, ақыры керекке кіргізді. Блоктағы Абзалмен дауласып отырғанымыз Рафаның "ҚазақГейт ісі" атты салиқалы, адамға ой салатын туынды екенін кейінірек білдік қой. Оған Абзалдың салмақты пікірлерін қосып қойыңыз… Сонымен не керек, алдын ала екі күн бойы мақала жазып, Абзалға вордпен жіберіп оқытып алып, Абзал оны мақтап, Керекке салмасаң болмайды, тамаша шығарма екен,-деген секілді әңгімелер айтып, тіркелу жолдарын көрсетіп, керекке тіркетіп «шығармамды» жариялатты да жіберді сосын… қайдан білейін ол кезде Абзалдың прикол ұстап отырғанын… сосын…
басталдыыы… талады ғой талады, лібааааддд. Сыртқа шығам күйіп тұрып темекі шегем (-40-50 градуста ойлаңыз). Қайта кірем ішімнен "… ссүкілер… көрсетем қазір" деп шіркін ай десиш...
Осылай келдік Керекке! Өкпелеп шығып кеткеміз жоқ, барлық шымкенттіктерше теманы түсініп, тастай батып, судай сіңіп кетуге тырыстық. Құрылтайда көрдік барлығын. Көпшілігімен достық қарым-қатынастамыз. Сооолл.
Қазір құдайға шүкір қазақ блогосферасы дамып келе жатыр. 4-5 ай бұрын админіміз "… адам қызығатын пост жоқ. Сол баяғы Сатыпалды, сол баяғы Гаста",-деген бір сөзінде. Күйіп кеткен ғой қайтсін. Сонан соң осы жақында «Жазғы сылбырлық басталды»,-деп бір намек тастап қойды. Шамамыз келсе де келмесе де осы олқылықтың орынын толтыруға тырысып жүрміз. Жастар шығып жатыр небір талантты. Fox_kz-тен көп үміт күтемін өзім.
Уопшым әңгіменің қорытындысы. Құрметті жастар өзімізді сәл ересек санасақ болатын шығар. Қайтпаңдар, жазыңдар, пікір білдіріңдер.
Әрі қарай

СексАуыл

Әлқисса
Айқаракөздің Шымкент жақсы қала-сынан ба, әлде кешегі түнде Сатыбалдымен ажырасып, бала-шағасының алиментімен күнелтіп жүрген, іші пысқан Муза шешеймен болған 15-секундттық телефонмен сөйлескені әсер етті ма… мына постты жазып отырған пақырыңызға шабыт келді ойда жоқта…
Тұра қалып тақырып іздейді ғой сондағысы. «Тарының түсіне тауық кіреді» дегендей, ауылдан басқа не ой келсін, креативіңдіссс… әлде ауылға деген сағыныштан ба…

Акт намба уан (эротикалық).
Бір қарағанда балыққа ұқсайтын Қазақстанның картасындағы ОҚО деген жазуды көзіңіз шалды ма? Сол ОҚО-ң Оңтүстік Қазақстан облысы. Сол облыстың солтүстігіндегі үштен бір бөлігін бөліп алыңыз. Сол — Созақ даласы. Далалы, құмайтты, шөлді жер. Негізгі шаруашылық — мал болған кезінде. Мал бағып жүрген ата-бабаларымыздың фантазиясы қатты ойнап кеткен ау деймін, жер-жерге эротикалық сипаттамасы бар топонимдерді қоя беріпті. Кіре берістен бастайық: Шаяннан (аты не деген жаман еД) кіре берісте Аққолтық деген ауыл бар. Аққолтық көне түркіше — әйел деген мағына береді, одан бері Жыныс-ата (әулие адам дейді білетіндер), одан бері — Қотантас. Аңыз бойынша жаугершілікте бір батырдың (Сатыбалдының айтып жүрген Мастұр батыры осы ау деп шамаладым) еркектік белдеуін кесіп алып лақтырып кетіпті «атаңанәлет қалмақ тағы шапты ма»-лар. Содан осы тас өсіп шығыпты. Одан бері Қыземшек. Мұнда да жоғарыдағы іспеттес аңыз, бірақ бұл жерде кесетін қалмақ емес, сүйіктісімен бір болғызуды қаламаған ағасы дейді көзкөргендер. Одан бері Шүмекейқұдық ( айттым ғой тұнып тұрған эротика деп).

  • Жарнамалық үзіліс:
    Ауылға бешірге келіп отырған қонақ қыздың әңгімесі: -Аққолтықтан өтіп, Жыныс-атада сексаулмен дайындалған шашлык жеп отырмыз.

Акт намба ту

Қайдағы бір Дәруішөлгенде туып қор болған ғой Сатыбалды ағамыз мүмкін әпше. Созақта, онда да Теріскейдің туған ауылы Шолаққорғанда туылуы керек еді. Шолаққорған — Созақ ауданының орталығы, мордасы. Пьяншіктерге барлық жағдай жасалған.
Дүкенің міне, базарың,
Осы жерде он жыл тұрасың.
Екі аяқпен кіресің,
Төрт аяқпен шығасың,-деп жырлап өткен талай дүлдүлдер бұл маңды. Базарыңды қойшы, ауылдың қақ ортасынан бір жылға ағып өтеді. Аты? Пиянарық! Бүдкіңнен экстра-мэкстраңды алып келесің де отырып алып сілтейсің айй бір айызың қанып. Су жаныңда, таза ауа, ешектің ақырғаны, тұнып тұрған көк майса… бұдан артық не керек?!!!

Қорытынды

Шымкенттіктер Созақты жердіңбіржерово деп атайды. Алыстығынан болса керек. Бірақ бізге Созақтықтарға жақын. Жүрегімізге жақын. Өзінің ПриколАтауАуылдарымен, құмымен, жусанымен, түйесімен. Бір жылдан бері жете алмай жүрген жеріміз.

P.S: отпуск қашан болар екен…
Әрі қарай

Жаңалықтар бір сөйлеммен



  • Қазконтентте өзіндік орны бар Гаста вахталық жұмысының орта шенінен асыпты, оған дәлел өзінің іші пысқанда жазатын, көлемі бір постқа татитын коменттері,-дейді білетіндер/Маңғыстау оттары/
  • Сатыбалды Муза шешеймен ажырасу сот-процесін бастап кетіпті/Хабар/
  • Өзіндік стилімен танылған Рафаелло, «Ескіге қайтып оралмаймын» атты проза жазып жатқан көрінеді/Жас алаш/
  • «Балдар юнайтедтен» қатарынан 2-рет оңбай жеңілген «Шалдар юнайтед» командасы стадионның жөндеу жұмыстарына жабылуын сылтауратып ойынды кейінге шегеріп жүр/Өзақпарат/
  • «Астанаға Көкбөрі кеш келеді» фильмін 14-рет көрген Саясат ойланыыып қалыпты/Время/
Әрі қарай

Қара түс (қара киім туралы)

Кез-келген бутикке кіргенде қара түске секіре берме.
Әсіресе, Шымкенттік жігіттер, сендерге арнайы айтып отырмын!
Batyr (Жігіттерге мода/жетінші абзац)


Қара түс. Құпияға толы бұл түс баз біреулерге ұнамауы мүмкін әрине. Бірақ маған емес. Неге?
1) Жылуды жақсы сақтайды. Шымкенттің +40 ыстығынан Ацсотононың +20-сы көктемнің алғашқы күндеріндей-ақ. Жаз бойы 2-рет қана терлейсің.
2) Түнде тығылып қалу оңай. Қызылды-жасылды киіммен тығылып көрш.
3) Ең бастысы — пибіқарынды жасыруда таптырмас түс. Былайша айтқанда сымбатты қылып көрсетеді.
Дәлел??! Пожалыстаңыз:



(Екеуінің де размері бір. Қара түс ақ (светлый) фонда визуально кішкентай болып көрінеді. Бешірній көйлектердің қара түсті болуы да осы себептен).

4) Қара түс осы жаз маусымында қазақшаға аударылған "Қара киімділер 3" фильмінен соң актуальді түске айналады деп күтілуде.
Әрі қарай

Жұма 13-і

… Жұма күні 13-не сәйкес келсе келеңсіздіктер мен оқыс жағдайларға дайын болу керек деген сенім бар. Бұл сенімнің қайдан шыққанын аздап зерттеп көрейік.
Бұл жағдай медицинада фобия деп қарастырылып, кейде параскавидекатриафобия деп те аталады. Терминді америкалық психотерапевт Дональд Доссей гректің παρασκευή (жұма) и δεκατρείς (он үш) деген сөздерінен құрастырып, ғылымға енгізген. Доссейдің сөзіне сенсек, бұл сөзді бірнеше рет жаңылыспай айтып шыққан адамның «жұма 13-інің» алдындағы қорқынышы сейіледі екен.
Зерттеушілер бұл қорқыныш кейінірек ХІХ-ХХ ғасырларда шыққан деп отыр. Негізі ежелден келе жатқан «13-саны жаманшылық алып келеді» деушілер және «жұма күні жаманшылық алып келеді» деушілердің қосындысынан шыққан. Бір зерттеуші мұны: «Ежелден келе жатқан екі қорқыныш қосылып «супержаман» күнге айналған (ағ.: «The two unlucky entities ultimately combined to make one super unlucky day.»),-дейді.
Бұл күннің танымал болуына 1980 жылы шығарылған «Жұма 13-і» («Пятница 13-ое») фильмі де өз «үлесін» қосты. Ал, хакерлердің бұл күн алдындағы қорқынышы 1988 жылы шыққан Jerusalem вирусы болып табылады. Вирусты дәл осы күні, яғни жұма 13-іне іске қосса жою қабілеті бірнеше есе артады екен. Алғаш рет 1988 жылдың 13-мамырында іске қосылған «қара әзіл» негізінде, кейінірек тағы да басқа вирустардың ойлап табылуына алып келді.

13-і жұма күнтізбесі

2011—2020
2011-мамыр
2012-қаңтар, сәуір, шілде
2013-қыркүйек, желтоқсан
2014-маусым
2015-Ақпан, наурыз, қараша
2016-мамыр
2017-Қаңтар, желтоқсан
2018-сәуір, маусым
2019-Қыркүйек, желтоқсан
2020-Наурыз, қараша

Жұма 13-не сәйкес келетін оқиғалар тізбегі:

1907 жылдың 13 декабрі – жеті мачталық «Томас У. Лоусон» шхунаның жартастарға соғылып, быт-шыт боп кетуі.
1942 жылдың 13 ноябрі – Гуадалканал үшін болған шайқаста одақтастардың быт-шыт болып жеңілуі.
1972 жылдың 13-сәуірі – Сатыбалды Кербабаевтің дүниеге келуі.
1972 жылдың 13 октябрі — FH-227 ұшағының Андта апатқа ұшырап, тірі қалған 72 адам бірінің етін бірі жеген (каннибализм) дейд.
2012 жылдың 13 январі – өзіміз куә болған «Costa Concordia»-ның апаты.

Қорытынды:

Бүгінгі жұмамыз тыныш өтсін. Пибімізден айырмасын будда.
сілтемесі мында
Әрі қарай

Алдекеңнің сурет таувалдым

Бізде жұмыста фотолардың үлкен қоры бар. Өткенде фотоларды қарап отырып о, тобаааа Алдекеңнің фотосын тауып алдым. Фото — архив. 2008-жылы түсірілген. Алдекеңнің мемжұмысқа енді кірватқан кезі ауууу деп топшыладым. Мәрөпрітатия "Әділет органдары жүйесі қызметкерлері арасындағы республикалық көркемөнерпаздар конкурсы" деп аталады. уопшым тамашалаңыздар:

отаным Қазақстанға қызмет етем"-деп сөйлеватқан болу керек. Өзім солай жобаладым. Өлең оқватыр мааааааа…

ДВД алватыр

Алдеке, әлі стеватыр ма?

Уопшым, осы бар айтайндегенім
Әрі қарай

ШЫМ ҚАЛА ЖИНАЛАЙЫҚ!



уа Шым кала керекшілері армысыздар!

Көпшіліктің шешімімен келесі құрылтай Шымқалада өткізілетін болды. Дайындықты осы бастан бастап жіберейік. Кім бар, кім жоқ екенін түгендеп… дегендей.
Әрі таныспағандармен танысайық.

в обшым 8-сәуір демалысқа тура келеді екен. Сол күні Мегада жолығайық. Кешкі 18.00-де.
Мүмкін болса тел. номерлеріңді (үй телефоны қажет емес) жекеге жазып жіберсеңдер.
Әрі қарай

Қатын болу оңай ма?

Әбіләкімнің: «Жақсы қатын алсаң күнде қыз,
жаман қыз алсаң сол түннен кейін бәрібір қатын болады» деген сөзінен кейін ойланып қалдым…
Осы "қатын" сөзі жаман мағына білдіре ма әлде…
Тарихта олай емес секілді (осы жерде мамандығым тарихшы екенін тек сіздердің емес, өзімнің де есіме салып қояйын ). Мысалы, «Бабаджа хатун» — вряд ли (осы сөздің тура мағынасындағы аударылуын жазсаңдар түзеп қояйын) жаман әйелге қауым мавзолей салады. Логикаға сай келе ма?
Тағы бір мысал, "Қатон-қарағай" — жер аты. Бұл жерде ауыспалы мағынада қолданып тұрған секілді.
Осы және басқа мәліметтерді салыстыра отырып қарасақ, қатын сөзінің түп-төркіні СҰЛУ деген сөз ау деймін. Кейінірек басқа мағынаға ауысып кеткен (қазір жаман еркекті "қатын" дейді мысалы)…
Ал атам қазақ жабайы… тойыс жұбайларын "Әй, қатын" деп шақыратын болған (қазір де қолданад, бірақ көп емес).
Соған қарағанда жаман сөз мес ау дим… Бастығым айтатын: "қатын болу мәртебе" деп , әрине басқа мағынада… Айтуынша қатын сөзі — бұрынғы уақытта семьяға, кланға әжептәуір қызмет істеп, дәрежесі көтерілген әйел адамдарға таңылады.
Сіздер қандай ойдасыздар?
Қатын болу оңай ма?
Әрі қарай