Жарияланымдар

Бүгінгі жас көшбасшы - ертеңгі білікті маман

Блог - BirzhanMurat: Бүгінгі жас көшбасшы - ертеңгі білікті маман
Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып өтті. Тақырып – студенттік ортадағы көшбасшылық. Семинарды жүргізген Азиз Есжанов жастарға өзі білім алып келген шет елдік студенттер ортасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары тәжірибесімен бөлісті.
Германия еліндегі студенттік және жастар ұйымдарының біздің елдегі ұйымдардан өзгешілігін айта келген тренер, қазіргі таңда көп ерекшеліктің жоқ екендігін тілге тиек етті.
Семинарға қатысушылар 2 сағат бойы жетекшілік ету дағдыларын, өз студенттік ұйымын ұйымдастырудың негіздерін, жоба менеджментінің негіздерін үйренді, өздік жұмыстарын орындап, талқылау алаңында сөз сөйледі.
Әрі қарай

Тайм-менеджмент: уақытты тиімді басқару

Өткен күндер, жылдар

қайта келмес, ал келесі жылдың

қалай өтуі сізге байланысты.
Блог - BirzhanMurat: Тайм-менеджмент: уақытты тиімді басқару
Тайм-менеджмент — бұл өзіндік уақыт ресурстарын оперативті жоспарлау, бақылау жүргізу болып табылады. Жастар Отанға лагері аясында 12 қараша күні осы тақырыпта тағы бір семинар-тренинг өткізілді.

Өткізілген шара барысында қатысушылар қажетті ақпараттармен қанықты және де кәсіби шешім қабылдау және өзінің мақсаттарын іске асыру, мақсаттарды дұрыс қоя білуге үйренді. Олар өздерінің белсенді нейрондарын толық қосып, ойнай, үлгілер жасай, қиялға беріле отырып түрлі тапсырмаларды орындады.

Өз уақытын тиімді пайдаланатын адамдар толық қызықты өмір сүріп, өз жұмысын аз уақыт шығынымен жасайтыны туралы айта келген тренер Нұғман Жұлдызбаев тайм-менеджменттің әдістері туралы ақпарат бере кетті.
Әрі қарай

Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы

2016 жылы 12 қараша күні Жастар Отанға лагері аясында, жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен семинар болып өтті. Бұл іс-шарада Төле би ауданы орталық мешітінің бас имамы – Самат қажы Анарбаев көпшілік қауым алдында өз дәрісін оқыды.
Еліміздің әр аймақтарынан келген жастар семинарға тікелей түрде қатысты. Кездесу қорытындысында ашық түрде сұхбат өтті. Сұхбат барысында қазіргі таңдағы жастарды толғандырып жүрген сұрақтары талқыға салынды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастардың қоғамдық, конфессияаралық, мәдени және кез-келген мәселе мен түсініспеушіліктерді террористік әдістерді қолдану арқылы шешуді болдырмау, терроризмге қарсы сана-сезімді түбегейлі түрде көтеру және де мәдени құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді насихаттау арқылы қоғамдық санаға енетін әдіс-тәсілдерге сенімді тосқауыл қою болып табылады.
Блог - BirzhanMurat: Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы
Әрі қарай

Ел тірегі – жастар

Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Тəуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің жарқын болашағы білім нəрімен сусындаған, парасат-пайымы мол, жоғары мəдениетті жастардың қолында.
2016 жылдың 10-15 қараша аралығында ОҚО Төле би ауданында орналасқан «Бəйшешек» спортты-сауықтыру орталығында жас ұрпақтың бойына адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру, саяси білімін жандандыру, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен Еуразиялық келісім қоры «Жастар Отанға» жастар лагерін өткізді. Лагерьге республиканың 14 облысынан 50-ден аса белсенді студент жастар қатысты.
Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Лагерь барысында білікті мамандар семинар-тренингтер, жастардың бойындағы сенімділікті бекіте түсетін ойындар, көпшілік алдында сөйлеу, ораторлық қабілетті арттыру мақсатында пікір алмасулар және мызғымас достық орнатып, жолдастық қатынасын бекем ете түсетін спорттық ойындар ұйымдастырды. Жастар лагерінің ашылу салтанатында əр облыс жастарының басын біріктіріп, достық ортасын қалыптастыру мақсатында 6 топқа бөлді. Топтар «Forever friends», «Boom», «Red Bull», «Жұлдыздар», «Айналайын», «Ұлы дала ұландары» деген атауларды иемденді.
Лагерь аясында командалардың достығын нығайту мақсатында сауықтыру орталығының территориясында селфи ойыны өткізілді. Ойын шарты бойынша командалар жасырылған əріптерді тауып, ортақ селфи жасап, жинақталған əріптерден бір сөз құрауы тиіс. Ойын қорытындысы бойынша командалар жасырылған “отансүйгіштік” сөзі екенін анықтады.
Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыруға, олардың денсаулығын сақтауға бағытталған командалық волейбол, ұлдар мен қыздар арасында теннис сияқты спорттық ойындар ойнатылды.
Блог - BirzhanMurat: Ел тірегі – жастар
Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы. Əрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек. Лагер барысында интелектуалдық шахмат, дойбы ойындары да ойнатылды. Жеңімпаздар командаларына жоғары ұпайлар сыйлады. “Жастар Отанға” жастар лагері білімнің ғана емес, салауатты өмірдің, қыл өтпес татулықтың ордасы болды.
Ұлт тағдыры — ұрпақ қолында. Болашаққа үлкен сеніммен қадам басу үшін өткенмен қуаттанып, жастармен қанаттану керек.
Әрі қарай

StartUp: А-дан Я-ға дейін

Блог - BirzhanMurat: StartUp: А-дан Я-ға дейін
Тың идея. Жаңа жоба. Болашақ үлкен компания. Бұның барлығы “StartUp” ұғымына тиесілі. StartUp — инновациялық жаңа идеяға негізделіп бизнес құруды көздеген жаңа компания. Немесе оны инновациялармен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған қозғалыс десек те болады. Бұл ұғым күннен – күнге әлемді айнала кезіп, заман ағымына ілесуге шақырады. Бүгінде “StartUp”-тың не екенін түсіндіріп, бизнесті бастап, әрмен қарай қалай дамыту керек екендігі жайлы түрлі кеңестер, нұсқаулар ұсынатын шеберлік сыныптары бар.
Блог - BirzhanMurat: StartUp: А-дан Я-ға дейін
Осындай шеберлік сыныптарының бірін – «StartUp: А-дан Я-ға дейін» — «Жастар Отанға» жастар лагері жобасы аясында ОҚО «Кәсіпкерлік метебінің» тренері Есжанов Азиз өткізді. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған дарынды жастар оған белсене қатысты. Бұл шеберлік сыныбы жаңа технологияларды игеруге шақырып, бәсекеге қабілетті болуға бағыттады.
Тренинг барысында жас буын стартап жобаларына арналған стартапты қаржыландыру, оның қалыптасуы мен дамуы, қолдау бағдарламалары мен тәсілдері сияқты пайдалы ақпараттармен өз білімін толықтырды. Сондай-ақ, студенттер тренингте алған ақпараттарыныңнеізінде бизнес жоспар жасап, жаңа стартап жобасын ұсынып, таныстырды.
Тренинг жүргізушінің жас кәсіпкер болуы, әрі оның осы салада қиындықтарды бастан кешіріп, қайта аяққа тұруы жастарға ерекше жігер сыйлағаны сөзсіз. Мұны аталмыш шеберлік сыныбының басты артықшылығы ретінде көрсетуге болады.
Кез келген істе жетістікке жетуде ұстанатын қағида – ерінбей еңбек ету және өзіне деген сенімділікті жоғалтпау. Бизнесте де осы ереженің сақталатынына шеберлік сыныпқа қатысушы жастарымыздың көздері жетті.
Әрі қарай

«ЖАСТАР ОТАНҒА» ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Блог - BirzhanMurat: «ЖАСТАР ОТАНҒА» ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қоғамның басты байлығы – жастар. Тал бесіктен әрбір жеткіншектің бойына рух, жалынды жігер, туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерді сіңіріп, елінің ертеңін ойлайтын тұлға тәрбиелеу қажет. Ел болашағын жарқын, келешегін кемелді ететін – жастар.
2016 жылдың 10 қараша күні еліміздің шырайлы оңтүстік өңірінің Төле би ауданында орналасқан «Бəйшешек» спортты-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен Еуразиялық келісім қоры «Жастар Отанға» жастар лагері өз жұмысын бастады.
Лагерге республиканың түпкір-түпкірінен жас буын – студенттер мен белсенді жастардың басын біріктірді. Лагерь барысында жастармен жұмыс жасау тəжірибесі бар мамандар семинар-тренингтер, жастардың бойындағы сенімділікті бекіте түсетін ойындар, көпшілік алдында сөйлеу, ораторлық қабілетті арттыру мақсатында пікір алмасулар және мызғымас достық орнатып, жолдастық қатынасын бекем ете түсетін спорттық ойындар ұйымдастыру күтілуде.
Жастар лагерінің ашылу салтанатында əр облыс жастарының басын біріктіріп, достық ортасын қалыптастыру мақсатында 6 топқа бөлінді. 8-9 адамнан жинақталған 6 команда өз тобының атын, ұранын, ерекше өнерін əзірлеп, ортаға салды. Топтарға «Forever friends», «Boom», «Red Bull», «Жұлдыздар», «Айналайын», «Ұлы дала ұландары» деген креативті атаулар қойылды. От шашқан жалынды, жігерлі, жүйрік оймен қанаттанған алғыр жастар өнерден де кенде емес. Əр топ өз өнеріне қазақтың қара домбырасынан төгілте күй орындап, əсем əуезді əндер шырқап, актерлік шеберліктерімен бөлісіп, заманауи би түрлерін паш етті. Ашылу салтанаты би кешімен жалғасын тапты.
Ел тірегі — білімді ұрпақ. Белсенді 50 елмен бәсекеге түсе алатын дәрежеге жету мақсатында қарышты қадамдар жасалуда. Сол жолда келешек тұтқасы – білімді ұрпақ тәрбиеленуде. Отанды көркейту жастардың қасиетті ұраны.
Әрі қарай

Қазақстандық патриотизм тұғыры – Отансүйгіштік

«Жастар Отанға» жастар лагерінің қатысушылары жоба аясында қазақтың белгілі қаламгері, талантты жазушы Мархабат Байғұтпен кездесті. Бұл басқосу Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Мақсат — жастар арасында ұлы тұлғалардың еңбегін насихаттау арқылы еліміздің 25 жылда жеткен жетістігін дәріптеу. Тағылымы мол кездесуде жазушы шығармаларын оқыту арқылы әдебиет құндылықтарын арттыру тілге тиек етілді.
Блог - BirzhanMurat: Қазақстандық патриотизм тұғыры – Отансүйгіштік
Кездесу барысында жазушы жиналған жастарға Абылай хан заманы өткенсін-ақ дертті болған қазақтың тарихи жадысы мың соққыға ұшырап, аңсап қол жеткізген егемендігіміздің қадір-қасиеті туралы айтып өтті. Сонымен қатар, өзге өңірлерден келген студенттерге қаламгер киелі оңтүстік жері, соның ішінде Төле би ауданының тарихымен де таныстыра кетті.
Блог - BirzhanMurat: Қазақстандық патриотизм тұғыры – Отансүйгіштік
Кештің соңында отырысқа қатысқан жастар өз тарапынан қызықты әңгімесі үшін Мархабат Байғұтқа алғыстарын жаудырып, өнерлерімен бөлісті. Бірі әдебиеттен жыр шертсе, енді бірі қара домбыраны қолға алып әндетіп берді.
Әрі қарай

Ақпарат бір минут өмір сүреді

Бүгін «Жастар Отанға» жастар лагерінің алаңында диалогтық алаң «Жастар ортасындағы әлеуметтік өзгеріс» тақырыбында ұйымдастырылған болатын. Халық айтады ғой: «Шындық даудан туады» диалог үшін алаңдағы дәл осы ұйымның идеясы барлық Қазақстан жастарының қатысушыларға жалпы құнын құруға және тақырыпты терең ұғынуларына мүмкіндік берді.
Блог - BirzhanMurat: Ақпарат бір минут өмір сүреді
Бүгінгі таңдағы әрбір жас қазақстандық күнді өзінің Instagram немесе Facebookтағы парақшасын парақтаудан бастайтыны ешкімге құпия емес, бұл оның бірқатар оқиғалар желісінде қалуына мүмкіндік береді. Ақпараттық заманда жаңа заман теxнологиясына төтеп беру қиын, әсіресе ұялы телефон теxнологиясын атап өтсек болады. Дәл осы ұялы телефон бүгінгі таңда сіз бен біздің өміріміздегі қажетті бөлігімізге айналды.
Блог - BirzhanMurat: Ақпарат бір минут өмір сүреді
Қатысушы сарапшы ретінде осы шараға қатысқан – қоғамдық тұлға, әлеуметтанушы, блогер — Абен Абдрасилов. Ол өз сөзінің барысында тыңдаушыларға әлеуметтік желінің жалпы, сондай-ақ жас қолданушылар үшін өте дұрыс және керекті ақпараттарды, сонымен қатар бүкіләлемдік желі төңірегінде өзін ұстау мәдениетін атап өтті. Шын мәнінде желідегі мәдениет тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем үшін де үлкен мәселе болып қалмақ. Монитордың арғы жағында емес, жүзбе жүз болғанын дәлелдей келе алаң ішіндегі көтерілген тақырып аудиторияны толығымен қамтып қана қоймай, сонымен қатар өзіне 50 белсенді балаларды баурап алған көріністі бақылау өте жағымды әсер қалдырды.
Әрі қарай

Информация живет одну минуту

Сегодня на полях молодежного лагеря «Жастар Отанга» была организована диалоговая площадка по теме: «Социальные изменения в молодежной среде». В народе говорят: «в споре рождается истина» именно идея организации площадки для диалога молодежи со всего Казахстана позволила участникам выстроить общие ценности и глубже понять тему.
Блог - BirzhanMurat: Информация живет одну минуту
Ни для кого не секрет, что сегодня каждый молодой казахстанец начинает свой день с пролистывания своей страницы в Instagram или Facebook, это позволяет оставаться ему в череде событии. В информационный век трудно сопротивляется новым вызовам технологии, особенно нужно подчеркнуть – мобильные технологии. Именно смартфон сегодня стал неотъемлемой частью нашей с вами жизни.
Блог - BirzhanMurat: Информация живет одну минуту
Выступающим экспертом на данном мероприятии выступил –общественный деятель, социолог, блогер – Абен Абдрасилов. Он в ходе своего спича, рассказал слушателям о социальных сетях в общем, а так же подчеркнул очень правильную и нужную информацию для молодых пользователей, это культура поведение себя на просторах всемирной сети. На самом деле культура в сети остается большой проблемой не только для Казахстана, но и для всего мира. Тема которая была поднята спикером в рамках площадки вполне оживила аудиторию и было приятно видеть как 50 активных ребят вовлекались в тему, доказывая свою точку зрения, сегодня это было в живую, не за монитором.
Блог - BirzhanMurat: Информация живет одну минуту
Әрі қарай

Жас ақындар мүшәйрасы өтті

Блог - BirzhanMurat: Жас ақындар мүшәйрасы өтті
Алматы қаласының тұрғындары ел күнтізбесіндегі елеулі қос мереке – Тұңғыш Президент күні мен Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын биыл ерекше атап өтті. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны күні өткізілген шара өз есігін Елбасының кітаптары мен фотолар көрмесінен басталған болатын.
Блог - BirzhanMurat: Жас ақындар мүшәйрасы өтті
Аталмыш көрме мақсаты — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың егеменді, экономикалық тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі тарихи рөлін, қазақстандық қоғамды жаңғырту мен қайта құрудағы еңбегін кеңінен ашып көрсету болды. 6 бөлімді көрмеге қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 500-ден астам басылым қойылды. Онда Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары бар.
Блог - BirzhanMurat: Жас ақындар мүшәйрасы өтті
Ары қарай жас ақындар арасындағы мүшәйраға жалғасқан бұл шара Алматы қаласының үздік деген 20-дан астам шығармашыл жастарының басын бір сахнаға біріктірді. Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшелері әділдігін анықтаған аталмыш мүшәйра барысында жас ақындарымыз ел тәуелсіздігі жөнінде жырларын төкті.
Нәтижесінде 3 үздік орынға лайықты деп байқауға қатысушы келесі ақындарды марапаттады: Қауымбек Қайсар – І-орын, Хаутайқызы Алтыншапақ – ІІ орын және Талап Шерхан – ІІІ-орынды иемденді. Жүлделі орындарға Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы арнайы сыйлықтар тағайындап, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Әрі қарай