Жарияланымдар

81-жылғы келіншек

(Әңгіме Шерхан Мұртаза ізімен)
Бұл оқиға 1981 жылы болған…
Оқиғалар...: 81-жылғы келіншек

— Мені танымай қалдыңыз ба? Неге үндемейсіз апа?

Анасы тіл қатпады. Есіктің алдында тұрған орнынан қозғалар емес.

— Сізді көрмегелі он жылдан асыпты. Сіз кеткенде мен 7 жаста едім ғой.

Анасы Бәтима үндемеді

— Көп нәрсе өзгерді. Әкем екінші рет үйленді…

Анасы үндемеді.

— Танымадыңыз ба, апа? Мен сіздің қызыңыз Әлиямын ғой. Апа, неге үндемейсіз? Бірдеңе десеңізші?

Анасы бұл жолы да үнсіз қалды.

— Босағада тұрғаныңыз қалай? Төрге шығыңыз апа? Қазір әкем де келіп қалар. Сізді көрсе қатты қуанатын шығар.

Әлия анасының қолын алып төрге шығаруға тырысып еді, екі иығынан ауыр нәрсе бастырып тастағандай қозғала алар емес. Бірнеше адым жер болғанымен, анасымен арасы километрдей көрінді.

Ал шешесі босағадағы орнынан қозғалар емес.

— Сіздің келгеніңіз жақсы болды, апа — дейді қызы. Өгей шешемнің қорлығына шыдай алмай, сізді жылап шақырғанымды естіп келген екенсіз ғой. Сіз кеткеннен соң жарты жылдан соң әкем үйленді. Есімі -Гүлбаршын. Жүзінде жылуы жоқ, көздері бадырайған, бойшаң қараторы әйел. Көрсеңіз сізге мүлдем ұнамас еді. Алыс туыстарымыз сүйек жаңғыртамыз деп, оның үстіне маған қарайласады, ер адамға қыз балаға қарау қиын деп сол Гүлбаршынды алып берген болатын. Келе салысымен сіздің бүкіл заттарыңызды отқа жақты.

-Тиме, апамның заттарына дегеніме пысқырып қарамады да.

-Сорлы жетім, апаң келмейді. Қашанғы оны күтіп жүресің, келмейді ол.

— Келеді апам, көресің әлі. Ол келген соң сені бұл үйден қуып шығады…

***

Анасының қайтқанына 10 жылдан асты, Әлия 17 жасқа толды. Көрсе кісі қызығатындай, әппақ жүзді, бойшаң, рәңді қыз болып өсті. Осы он жыл уақыт ішінде өгей шешесінен талай қорлықты да көрді. Гүлбаршынның еш себепсіз кезекті айғайынан соң Әлия үндемей қалмады. Екеуі қатты ұрысты.

-Ақымақ, жетім. Сен кімге керексің енді. Шешең жоқ. Қиялға берілмей үйдің жұмыстарын тындырсаң етті. Жүз жыл күтсең де келмейді анаң, — деп кекетті.

-Күтемін, — дедім, -Жүз жыл емес, мың жыл күтемін, — дедім.

Ызаға булығып, өксікке тола үйден атып шықтым. Қораның артына барып еңіреп, айқайлап жыладым.

— Қайдасыз, апа! — деп бар дауысыммен айқаладым. Қанша уақыт қорада отырғанымды білмеймін, үйге келген бетім осы. Сіз келіп қалыпсыз. Гүлбаршын көрші әйелге кеткен болуы керек. Екеуі өсек соққанды жақсы көреді. Ол сізді көрсе не дер екен. Кісімсіп, осы үйдің қожайынындай сезінуші еді өзін. Енді сіз оны осы үйден қуып шығасыз.

Анасы үндемеді. Қызының сөзін тыңдаған бойы босағада тұр.

— Неге үндемейсіз апа, деп қызы жылап жіберді.

Анасы есіктен шығып көшеге қарай бет алды. Ауылдың ортасынан тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Сол жолдың бойымен ақ түйеге мінген анасы кетіп барады. Артына бұрылып та қарар емес. Қызын жалғыз тастап кетіп барады…

-Апа! Апа! — деп артынан Әлия қуып келеді. Жылап, өңешін жырта жаздай айқайлап шыққан қызының ащы дауысына аяулы анасы бұрылар емес…

***

Қыз өз дауысынан өзі шошып оянды. Кәдімгі қора. Кеш қарайып мал өрістен келетін уақыт болып қалыпты.

-Шынымен түсім бе? — деді өз-өзіне. Анам маған келмеді ме, маған тіл қатпады ма?

Ал, шындығында Әлия анасы Бәтимаға, Гүлбаршынның өгейлікпен істеген істерін айтқанда, Бәтиманың сай-сүйегі сырқырап еді. Қаншама жұбату сөздерін айтқан да болатын. Бірақ өлген адамның көзінен ешқашан жас шықпайды. Өлгендердің сөзін тірілер естімейді. Әлия болса:

-Шешем, түсімде де тіл қатпады, — деп қапалы.

Бүгінде Әлияның жасы 51-де. Тұрмысқа шыққан. Үш баланың анасы. 2 немеренің әжесі
Әрі қарай

Мал бағу да кәсіп...

Ескерту: Осы жазбамды жазарда Шу қаласында болғандықтан, 2-3 күн кәсіпкер іздеп уақыт өкізіп алдым. Шуда бұрын байқамаппын, ешқандай өнеркәсіп шығаратын зауыттар, шаруашылық қожалықтары жоқ екен. Барлық кәсіпкерлер тек тойханалар, дүкендер мен бутиктер ашып қойған. Содан не керек, Шу қаласынан 20 км жерде Қорағаты өзенінің жанында бір кәсіпкердің жеке мал шаруашылығы кешені бар дегенді естіп сол кісімен келістім.
Сенбі Телефонмен:
-Ассалаумағалейкум, аға! Мен студент едім, маған сіздің мал шаруашылығы кешеніңіз туралы фоторепортаж жасау керек еді. Сізден рұқсат алмақ едім.
-Түсінбедім, ол сонда қайда жарияланбақ?
-Миниблогиядаға қатысып жатырмын, кәсіпкерлікті кеңінен насихаттайтын жазба жазу керек еді, «КерекИнфо» деген сайт бар соған жариялаймын.
-Білмеімін.
Осы уақытта байланыс үзіліп кетті.
Қайта қоңырау шалдым
-Аға, не болды келісесіз бе?
-Жамандап жазбасаң болды.
-Оныңыз не аға, сізді керісінше жақсы қырынан көрсетуге тырысамын.
-Е, онда бопты.
-Айтпақшы, қай кезде келуге болады сізге?
-Ертең жексенбі мен өзім сонда боламын. Мекен-жайды білесің ғой?
-Иә
Жексенбі.
Досымды жаныма алып, фотоаппаратымды иығыма асып келісілген жерге беттедім. Шыны керек, бұл «ферманы» өзім бұрын көрмегенмін.

Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...
Анадайдан үйлер көріне бастады. Мәшиненің ішінен түсіргендіктен, дірілден фото сәтті шықпады.

Сағат 17-00. Сәскеден бесін ауғалы біраз уақыт.
Фотоаппараттың «Вспышкасы» істемей біраз қиындықтар туды. «Мал өрістен 1-2 сағаттан соң келеді»,- дейді өзін Думан деп таныстырған бір кісі (Суретке түсуге көндіре алмай-ақ қойдым. Өзі көнбегесін қатты қысатамадым). Айтпақшы осы жерде мал бағады екен. Айлығы айына 45000 теңге. Шағын аудан тұрғыны үшін жаман сома емес.
Бұл қожалықтың иесімен осы жерде сағат 17-30 да кездесеміз деп келіскенбіз. Мен біраз ерте барып алдым. Бірақ, сағат 18-00 болғанда өзім телефон соғуға оқталдым. Сөйтсем бұл жерде «свзяь» деген тек шатырдың төбесінде ғана ұстайды екен. Оған да көндігіп шатырдың төбесінен телефон соқтым. Көтермейді. «Вот қырсық». Енді қайтпекпін. Таға 5-6 рет «звондадым». Бір кезде әлгі кісіден смс келді.
«Балам, мен жиналыста отырмын. Аудан әкімі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бір маңызды шаруамен кәсіпкерлерге жиналыс ашыпты. Тоғыз-онсыз шықпаймын. Өзің бірдеңе ғып жаза бер»
Айта кетейін, Қазақ хандығының 550 жылдығы келесі жала тойланатынын естідік. Интернет шулап жатыр. Шу мен Талас өзені, Қозыбасы тауына Керей мен Жәнібек ту тіккен. Соны ескере отырып, 550 жылдық тойланатын қала — Шу болып бекітіліпті. Шудағы «дөкейлердің» дереу іс-әрекетке кіріскеніне қарағанда бұл сөздің растығына шүбәм жоқ.

Күн ұясына кіріп кеткен, вспышкамен бірдеңе ғып түсіру керек енді. Неден бастарымды білмеймін, Атқа мініп алдымда үйден шамамаен 500 метрдей жерде өрістен келе жатқан қойларды түсіруге беттедім..
Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...

Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...
Қой саны 250 екен.

Кеш қарайып бара жатыр. Өрістен сиыр мен жалқы келер емес. Атқа мініп алып өзеннің арғы бетінен сиырды іздеп жүрмін.
Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...
Осы өзеннің арғы бетінде сиырлар жайылып жүр екен. Барып іздеп түсірмекке бел будым.
Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...
Мынау суреттен сиырды байқау қиынның қиыны. Десе де әнебір жерде талдың жанында ақбас сиырды байқауға болады. Мұнадғылардың айтуынша Қайрат ағай(«Ферма» иесі) өткен жылы қазақтың «ақбас сиыры» тұқымын көбейту үшін мемлекеттен 5млн. теңге субсидия алып, оған ақбастың әрқайсысы 450000 теңге 11 бұзауын сатып алыпты.
Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...
Мен сиырларды түсіріп келемін дегенше жылқылар өрістен айдалып келіп, қораға қамалып үлгеріпті. Қораның ішінен жалқыны түсірудің ырымын жасап бақтым.
Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...

Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...Керек тілші: Мал бағу да кәсіп...
Қойларды қораға кіргізу сәті.
Қорытынды. Бұл жолы «пост» аса сәтті шықпаса да, мен үшін өте қызық болды. Бұрын атқа мініп көрмеген мені, «сиырларды түсіремін десең, мына жылқыға отыр да өзеннің арғы жағынан түсіріп кел», — деген Думан ағайға бұрын атқа мінбегенімді білдіртпей аспай-саспай өзеннен өтіп, жұмысты сәтті-сәтсіз аяқтадым. "Өлімнен ұят күшті". Аударыспақ тауралы пост жазып, ондағы чемпиондардың атқа мінбеген жігіттерден қорқамын деген сөздері, өзімді қамшылап еш саспай, атты меңгеуге себеп болды. Тіпті үйге кетер уақыт таяғанда досым мені аттан түсіре алмай әуре болғаны бар. Себебі атпен шапқан, атқа отырған өзіме қатты ұнады. Тақарып — Мал бағу да кәсіп. Мұндағылардың бар өмірі малмен байланысты. Онсыз өмірлерін елестете алмайды. Қайрат ағаның 250 қойы, 50 жылқысы, 80 сиыры(оның 11 асыл тұқымды «ақбас» сыйыры) бар екен. 80 сиырдың, саууға болатын 50 сиырынан күніне 400 литр сүт сауылып мемлекетке өткізіледі. Аптаның әр жесенбісі 40 литр қымыз базарға жеткізіледі. Құрт, май, ірімшік те дүкендерге жеткезіледі екен. 2 отбасын жұмыспен қамтып отыр.

Табыс.
Сиыр сүті 400 литр х 90 теңге= 36000 теңге күніне
36000х30= 1080000теңге
1080000х12960000 теңге жылына

Жылқы сүті 40литрх350теңге=14000 теңге аптасына
5250 теңге x 4= 56000 теңге айына
56000х12=672000жылына

12960000+672000= 13млн 632мың теңге

Шығын:

Арпа 1 тонна= 67000
Ұрпақ 1 тонна= 55000
Жоңышқа 1 жылға 350 теңгеден 500 тюк = 175000
Шөп 1 жылға 175 теңгеден 500 тюк =87500
Жұмысшылардың айлығы — 45000 теңге х 2 отбасы= 90000айына
90000х12= 1млн 80 мың теңге жылына
Азық-түлік 10000х12=120000жылына

Жалпы: 1 млн 584 500 теңге

Кіріс — Шығыс = 13632000-1584500= 12 миллион 47 мың 500 теңге

Мәлімметерді Қайрат аға смс арқылы жіберді

.

Мал бағып, істің көзін таба білген адамдардың бірі осы Қайрат аға. Халықты сүтпен, қымызбен, қамтамасыз етеді.
2 отбасын үймен, жұмыспен қамтып отыр.
Әрі қарай

Аударыспақ - денсаулық кепілі...

Уикипедия бүй дейді: Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Ал, салауатты өмір салтын сақтау үшін, әлбетте, спортпен айналысқан абзал. «Спорт — денсаулық кепілі», «Шынықсаң шымыр боларсың» деген мақалдар — осының айғағы. Спорттың түрі көп, қай спортпен айналысамын десе де, ол адамның — өз еркі. Дегенмен, дене бітімі келісті батырлар жырында кездесетін" жауырыны қақпақтай, білектері тоқпақтай " болуды армандайтын жігіттерге — Аударыспақпен айналысуға кеңес берер едім. Арамызда «Гугл ата» болмаса, аударыспақтың қандай спорт екенін де білмейтіндер бар. Ойнасақ ойын көп, ойнайтын бірі жоқ. Олардың арасынан керегін білер адам жоқ. Денсаулыққа пайданы батыстың технологиясынан емес, қазақ ойындарындағы идеядан табу керек. Қазақтың жан саулығына септігін тигізер ойындарының бірі әрі бірегейі — аударыспақ.
Аударыспақ - салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін, ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған.

Аударыспақтың пайдасы жайлы ҚР Еңбек сірген жаттықтырушысы Сәттібаев Рамазан ағадан 7 кеңес.Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...
1 Сабырлыққа үйретеді (Себебі қарсыласыңның қателескенін күте білу — үлкен сабырлықты талап етеді
2 Айлаға, шапшаңдыққа баулиды
3 Төзімділікті дамытады
4 Бедеулік немесе өзге де қуық ауруларына шалдыққан адамға атқа отыру көмектеседі
5 Жылқыға отырған адамның нерв жүйесі де жақсаратынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған.
6 Жылқыға отырған адамда ешқашан қорқыныш сезімі болмайды
7 Білек күші бұлшық еттерінің жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

70 келі салмақта аударыспақтан Азия чемпионы Ермек Жәпішев:
Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...Аударыспақпен 10 жасымнан бері айналысып келемін. Бұл спорт — шапшаңдыққа, төзімділікке үйретеді, айланы талап етеді. Тек қара күшпен жеңем деу үлкен әбестік. Білек күші тең қарсыластар күш сынасқанда басты орынға айла-тәсіл шығады. Осы тұста кім шапшаң ойлап әдісті жақсы меңгерген болса соның алшысы оңынан түседі. Және де аударыспақ ат үстіндегі күрес болғандықтан, тепе — теңдікті сақтамасаң жеңілсесің. Өзінің денесін игере алған спортшы мықтылығын дәлелдеп шығады. Мен — теледидар қарап, интернетте шұқшиып отырғаннын гөрі, атпен бір мезгіл серуендеп келгенді ұнатамын. Ат үстінде жүргелі 15 жыл болды. Осы уақытқа дейін аурыған емеспін, Аллаға шүкір.

Аударыспақтың ережелері:



Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...Білектен ұстап қарсыласын аттан аунатып түсіру, аударыспақтың ең керемет әдістерінің бірі


Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...
Қарсыласыңды өзіңе қарай жұлқа тартуға да болады.

Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...
Шын мықтыға тұсау жоқ. Қарсыласын төбесінен бұлтша төніп, атынан итеріп құлатуға да болады.Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...

Аударыспақтан 90 келіден жоғары салмақта және абсолют салмақта Азия чемпионы Біржан Қосалиев:Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...

Аударыспақпен айналысқаныма 7-8 жыл болды. Талай жерде топ жардым. Бірақ мақсат топ жару емес. Басты мақсат — бабаларымыздың көзіндей болған ұлттық спортымызды ұлықтап, кейінгі жастарға дәріптеу. Шын айтсам аударыспақпен айналысқалы бері, сабырлық, ұстамдылық деген сезімдер бойымнан табылды. Негізі атқа отыру нерв жүйелеріне де жақсы әсер етеді. Менің қорқатыным атқа мініп көрмеген, аттан қорқатын жастардың көбеюі. Ат десе ат тонын ала қашатындарды талай көз көрді. Айтарым, бұл спортпен айналыспаған адам бұның керемет қасиетін сезіне алмайды. Сөздің ашығын айтатын болсам, осы күнге дейін ауырған емеспін. Аударыспақтың басты пайдасы да — осы. Ата-бабаларымыз әр істің көзін тауып, өзінің кәдесіне жарата білген. Бұрындары бедеулікпен ауырған қазақ болмаған, қазірде жастарымыздың көбі осы «аты жаман аурумен» ауырады. Жастарымыздың осыны түсініп аттан қорықпауына шақырар едім.

Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...
Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...Керек тілші: Аударыспақ - денсаулық кепілі...

Аударыспақтың қазіргі ережесі
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтық категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттық сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез — келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.
Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке ұласып жатуы шарт.

Қорытынды

Жанына халқымыздың жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан,
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы,
Қашаннан қазақ халық жылқы баққан.
Жасымнан жылқы десе менің жаным,
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын,
Жапанда жел жылқының үстінде өстім,
Мекендеп өмірімде аттың жалын..., -деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай аттың қазақ өмірінде орны ерек. Жылқы малының қымызы көп дертке ем екені де баршаға мәлім. Бүгінде Еуропаның көптеген елдерінде жылқыға отырғызып емдеу етек алған. Қымызынан неміс халқы дәрі жасап дерттерінің шипасын табуда. «Жылқы — қазақтың қанаты». Салауатты өмір салтын ұстанып, көп дертке ем тапқыңыз келсе атқа қоныңыз...
Әрі қарай