Виртуалды шулатқан #СинийКиттен құтылу жолы бар
 
            
Қош көрдім!
Өзіндік ой, өзіндік көзқарас. Бүгінгі менің жазбағым да субъективті пікірім. Адам болған соң қоғамнан алшақ болу мүмкін емес. Қоғам тәрбиелейді. Иә, үйдегі ата-ана қалыптастырған іргетасты жоққа шығаруға болмас. Алайда, жастардың үнемі ата-ана қарауында, көз алдында бола бермейтінін ескерген жөн. Мектептен басталады, кейін жоғары оқу орнына түсуге басқа қалаға кетеді. Қазіргі SQ-да жастар арасындағы мәселелер шаш етектен. Өтпелі кезеңде жүріп өкінішке ұрынып қалып жатқандары қаншама?! Беймәлім дүниелерге елтіп бақытынан айырылып қалғандар ше? Күйзелістің құрбандарын қайтару мүмкін бе? Жоқ… Иісі қоғамға әбден сіңіп қалған дерттерден қалай арашалау керек? Мен өзім қатарлы жастардың атынан, жастар психологиясымен жазып отырмын. Көп сұрақтың жауабы жоқ. Бұрыс діни ағымдар, моральдық азғындау, намыстан жұрдай болу, тәнін сату, жанын сату деген секілді тізім кете береді. Енді міне, «Беги или умри» немесе «Синий кит» деген нәрселер шықты. Аз ғана уақыттың ішінде Ресейден бері асып біздің елімізге жығылды. Екінің бірінің аузында осы ойынның ережесі мен жапа шеккендер өмірі. Қоғам қорқыныш үстінде. Үлкен резонанс тудырған бұл жайт ендігі көрші Қырғыз еліне де жетіпті деп жатыр. Ойын шартын жазудың қажеті шамалы шығар — барлық желіде әбден таралып болды. (Атауына келсек, көк кит — суицид жасаушылардың символы-мыс). Халық бұл істің анық-қанығы туралы жоғарыдағы азаматтардан, IT-мамандарынан, психологтардан ресми байламдар күтері хақ. #f57 #f58 — дерден қашан құтыларымыз белгісіз болса да, белгілі жайттар бар. Бұл ойынсыз да суицидтің болып келгенін, болып жатқанын жасыра алмаспыз. Ал, тақи осы ойын өз-өзіне қол жұмсауды көбейтіп жатса, құтылу жолдарын айтып тыраштанып көрейін…
Бір ғана жолын көріп тұрғандаймын. Ол — адамның бір-біріне деген немқұрайлылығын жоғалту. Біздің қазақта мынадай сөздер көп: «Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Жаман басыңды көрге сүйрейді» деген секілді. Менің түсінуімше, мұнда «жамандармен» дос болудан аластайды. Өкініштің алдын алады. Бірақ Абай айты емес пе, «Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деп. Бәлкім, келіспейтіндер де бар шығар. Бірақ, ойланып қарайықшы, жаман адам деген болады ма? Жоға, адамда жаман мінез болады. Және ол мінезді өзгерту алдымен адамға, кейін қасындағы жолдасына, ортасына байланысты. Осы тұрғыда мен жоғарыда айтылып жүрген сөздерге қарсылығымды білдіргім келеді. Неге? Себебі, ол жаман екен деп шеттей берсек, қасымызға жуытпай, қатынаспай, араласпай қойсақ, ӘЛГІНДЕГІДЕЙ өз-өзін өлімге қиятындар саны көбеймей ме?! Статистика, суицидке баратынның көбісі жасөспірім жасындағылар дейді. Ал өтпелі кезеңде тинейджердің бойында түрлі психологиялық өзгерістердің болатыны ғылыми дәлелденген. Әр адам рухани мықты бола бермейді. Сезімтал, нәзіктер көп. Егер сіздің қолыңыздан келсе, оған қуат беріңіз, жақсы көріңіз. Оның виртуалдан реалға ауысуына көмектесіңіз. Сонда ғана әлгі көк киттіктердің күрмеуіне ілікпейтін боламыз.
Ендеше, «адамзаттың бәрін сүйейік бауырым деп»! Немқұрайлы болмайық! Мейірімділік танытайық дегім келеді!

 
            









 
             Мұнда жер бедері сан қилы. Бізге келсеңіз аласа тауларды да, қыратты-белесті даланы да, құмды алқаптарды да, тіпті сорды да көре аласыз. Климатымыз тым континентті. Табиғат-Анадан тиген үлесіміз қуаң, шөлейт белдем болғандықтан – амал жоқ, боранды, қытымыр қыс пен аңызақ, аптап жазға төзуге бейімделіп алғанбыз. Сол үшін көктемде ағын түзеп, арнасы толған өзен-көлдеріміз жазда кеуіп, тартылып қалатыны құпия емес. Күн мен желден энергия өндірер болса (ЭКСПО) біздің жақтың біраз индустриясы мен инновациясы көтеріліп қала ма деп қоям) Жануардан – қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ақбөкендер мен жеңіл көлікпен жүрсеңіз жол бойында шоқиып тұрған сарышұнақтарды да көптеп кездестіруге болады. Көбінесе шөлді аймақтарға бейімделген өсімдіктер мен құс атаулысынан да кенде емеспіз.
Мұнда жер бедері сан қилы. Бізге келсеңіз аласа тауларды да, қыратты-белесті даланы да, құмды алқаптарды да, тіпті сорды да көре аласыз. Климатымыз тым континентті. Табиғат-Анадан тиген үлесіміз қуаң, шөлейт белдем болғандықтан – амал жоқ, боранды, қытымыр қыс пен аңызақ, аптап жазға төзуге бейімделіп алғанбыз. Сол үшін көктемде ағын түзеп, арнасы толған өзен-көлдеріміз жазда кеуіп, тартылып қалатыны құпия емес. Күн мен желден энергия өндірер болса (ЭКСПО) біздің жақтың біраз индустриясы мен инновациясы көтеріліп қала ма деп қоям) Жануардан – қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ақбөкендер мен жеңіл көлікпен жүрсеңіз жол бойында шоқиып тұрған сарышұнақтарды да көптеп кездестіруге болады. Көбінесе шөлді аймақтарға бейімделген өсімдіктер мен құс атаулысынан да кенде емеспіз. Санаулы, негізгі көшелердің басқасымен түнделетіп жүрсеңіз Шалқарды қараңғы қала екен деп немесе асты төмен көлігіме обал болды деп көңіліңіз қалуы ықтимал. Яғни, қараңғыда жалғыз жүруге фобиясы бар адамдар үшін, тәжірибесіз жеңіл көлік жүргізушілері үшін сәл қиындау. Алайда, сеніңіз – біздің тұрғындар батыл әрі автомобильдің құлағында ойнайтын шумахерлер өңкей) Жаздың күндері келсеңіз қонақжай масаларымыз бар – адамды жасы мен жынысына, бойы мен келбетіне қарап бағаламайды, бәрін түгел жақсы көреді. Ыстықтадыңыз ба? Уайымдамаңыз, көліміз бар. «Жазда күнге күйген – қыста ауырмайды» дегенді басты қағида санаймыз. Сол үшін күнге еш кедергісіз күйіп, абсолютті нәтижеге жету үшін жағажайға ешбір көлеңке қоймаған ғой, шіркін! Бәрі табиғи. Кешке серуендегенді ұнатасыз ба? Әрине, болады! Бірақ үйге жақын болсын әрі босқа шаршамасын деп саябақтар салмаған. Есесіне әр үй өз алдымызға өзіндік үстел орнатып алғанбыз. Шағылған шемішке (пісте) қалдығын үзіліссіз есіп тұратын «самал» желіміз ертеңіне жоқ қылады. (қысқасы – бізде бәрі «чики, чики») Бәлкім, ауылдың қызығы да осында шығар… Енді мәдениет жағына ойысайық…
Санаулы, негізгі көшелердің басқасымен түнделетіп жүрсеңіз Шалқарды қараңғы қала екен деп немесе асты төмен көлігіме обал болды деп көңіліңіз қалуы ықтимал. Яғни, қараңғыда жалғыз жүруге фобиясы бар адамдар үшін, тәжірибесіз жеңіл көлік жүргізушілері үшін сәл қиындау. Алайда, сеніңіз – біздің тұрғындар батыл әрі автомобильдің құлағында ойнайтын шумахерлер өңкей) Жаздың күндері келсеңіз қонақжай масаларымыз бар – адамды жасы мен жынысына, бойы мен келбетіне қарап бағаламайды, бәрін түгел жақсы көреді. Ыстықтадыңыз ба? Уайымдамаңыз, көліміз бар. «Жазда күнге күйген – қыста ауырмайды» дегенді басты қағида санаймыз. Сол үшін күнге еш кедергісіз күйіп, абсолютті нәтижеге жету үшін жағажайға ешбір көлеңке қоймаған ғой, шіркін! Бәрі табиғи. Кешке серуендегенді ұнатасыз ба? Әрине, болады! Бірақ үйге жақын болсын әрі босқа шаршамасын деп саябақтар салмаған. Есесіне әр үй өз алдымызға өзіндік үстел орнатып алғанбыз. Шағылған шемішке (пісте) қалдығын үзіліссіз есіп тұратын «самал» желіміз ертеңіне жоқ қылады. (қысқасы – бізде бәрі «чики, чики») Бәлкім, ауылдың қызығы да осында шығар… Енді мәдениет жағына ойысайық… Қандай болса да, әркімнің өз туған жері – Мысыр шаһары ғой! Қазірде көк тіреген зәулім-зәулім ғимараттардың арасында жүрсем де, Шалқарымның көшелеріне жетпейді. Себебі, бұл аспан – менің балалық шағымның аспаны, бұл өлке – менің небір қуанышым мен қайғыма куә болған өлке. Осында менің бойым өсті, ойым өсті. Махаббат пен мейірімді, шынайылық пен қамқорлықты сезіндірген де осы жақтың адамдары. Шыны керек, кейде қаланың шуынан шаршағанда ауылыңның тыныштығын аңсайтының болады. Бір-екі күнге барып келсе ғой деп) Әттең, 2000 шақырым кедергі. (Оның үстіне екі поезбен қатынайтының тағы бар. Тура поезд болса деп жүрміз ғой… тағы да жанайқайға салып кеттім ба?)
Қандай болса да, әркімнің өз туған жері – Мысыр шаһары ғой! Қазірде көк тіреген зәулім-зәулім ғимараттардың арасында жүрсем де, Шалқарымның көшелеріне жетпейді. Себебі, бұл аспан – менің балалық шағымның аспаны, бұл өлке – менің небір қуанышым мен қайғыма куә болған өлке. Осында менің бойым өсті, ойым өсті. Махаббат пен мейірімді, шынайылық пен қамқорлықты сезіндірген де осы жақтың адамдары. Шыны керек, кейде қаланың шуынан шаршағанда ауылыңның тыныштығын аңсайтының болады. Бір-екі күнге барып келсе ғой деп) Әттең, 2000 шақырым кедергі. (Оның үстіне екі поезбен қатынайтының тағы бар. Тура поезд болса деп жүрміз ғой… тағы да жанайқайға салып кеттім ба?)