Таңдаулы

ДЗЮДОШЫЛАР ЖАРАДЫ!

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күні қазақ балуандары үшін сәтті басталды. Әзірге қоржынымызда 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар. Сары құрлық біріншілігінде 48 келіде Галбадрах Отгонцецег, 60 келідегі әлем чемпионы Елдос Сметов, және 63 келіде Мариан Ордабаева жеңімпаз атанды. Күміс медаль Түркістандық жас балуан Дидар Қамзаның еншісінде. Ол жапон балуанынан айласын асыра алмады, ал Елдос Сметов соңғы секундтарда өзбек балуаны Урозбоев Диорбектен жеңісті жұлып алды. Урозбоев Диорбек жартылай финалда Рустам Ибраевтан басым түскен. Соңғысы үшінші орын болған белдесуде моңғол дзюдошысына жол беріп бесінші орынды қанағат етті. Өз кезегінде Мариан Ордабаева да жапондық қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, Азия чемпионы атанған жайы бар. Қола медаль 66 келіде күрескен Елдос Жұмақановтың еншісінде. Тағы бір қазқстандық татами шебері Дастан Ықыбаев өкінішке орай, қола медальді уысынан шығарып алды. Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігін КазСпорт арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.(15-17 сәуір)
Әрі қарай

ҚАЙТАЛАНҒАН ТАРИХ!

Осыдан 11 жыл бұрын Ливерпуль ЧЛ (Чемпиондар Лигасының) финалында айды аспанға шығарған болатын. Енді міне уақыт өте келе тарих қаталануда, Еуропа лигасының ширек финалында Юрген Клопптың командасы тағы бір мәрте айды шығарып отыр. Ливерпуль мен Боруссия арасындағы кездесуді мамандар бейресми түрде Эль-Клоппико атап кеткен. Сигнал Идуна Паркте болған кездесуде тең тарқасқан екі команда Энфилдте нағыз спектакль көрсетті десек артық болмас.Блог - AbilmansurKamzaev: ҚАЙТАЛАНҒАН ТАРИХ!
"Қайталанған тарихқа" оралайық. Егер естеріңізде болса, 2005 жылы Ливерпуль мен Милан ЧЛ финалында кездескен болатын. Сол кездесу тарихта "Ұлы Стамбул финалы" деген атпен жанкүйерлер есінде қалған болатын. Бірінші таймда 0:3 есебімен жеңіліп жатқан "қызылдар" екінші таймда 10 минут ішінде есепті теңестіріп, матч соңындағы пенальтиден жеңісті жұлып алған. 11 жыл өткен соң сол жағдай 100% болмаса да қайталанды. Ливерпуль ойынның 57 минутына дейін 1:3 есебімен жеңіліп тұрған. Бірақ 60 минутынан соң не болғанын ешкім түсінбесе керек. Есепті теңестіріп, (Коутиньо мен Сако) төрешінің қосқан алғашқы минутында Деян Ловрен жеңіс голын соғып, «Энфилд Роадқа» жиналған жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді.
Осылайша, Эль-Клоппико Ливерпульдің жеңісімен аяқталды. Юрген Клопп командасы жартылай финалға жолдама алды. Ливерпульмен бірге жартылай финалға ЕЛ(Еуропа Лигасы) қазіргі жеңімпаздары испаниялық Севилья, Вильяреал және Донецкіің Шахтері жолдама алды.
Әрі қарай