Жарияланымдар

Судья 3.14дараз

Кеше Шымкентте Ордабасы Ақтөбені қабылдады.
Футбол, тек қана футбол!: Судья 3.14дараз
Ойын жақсы басталған осылай, әнұранмен. Бірақ, Ордабасы біз күткен ойын өрнегін көрсете алмады. Ақтөбе негізгі құраммен ойнамаса да, бір есте қаларлықтай мардымды шабуыл жасай алмады. Ойлап, қоям, негізгі құраммен келгенде ірі есеппен ұтылатын ба едік. Ощм, дәрменсіздік танытып, жанкүйерлерінң алдында жерге қарап қалды.
Әрі қарай

Жарапазан немесе ақ тауық, қара тауық



Қасиетті Рамазан айының белортасынан асып, аяқталуға жақын күндер қалды, Аллаға шүкір. Міне, осы Рамазан айымен сүйіншілеп келетін, ұлттық дәстүріміз болып табылатын «Жарапазан» жайында аз-кем пікірімді білдіргім келіп тұр. Жарапазанды біз бала кезімізде қалай айтушы едік, қазір бұл үрдістің қоғамымыздағы орны мен рөлі қандай деген сұрақтардың төңірегіне шолу жасасақ. Еміс-еміс есімде, мектеп қабырғасында оқып жүргенімізде, (ол уақытта Рамазан айы қыс мезгіліне түсетін) бізде барлық балалар сияқты топ-топ болып Жарапазан айтатынбыз. Және бір айтқан үйге екінші рет айтпаймыз деген принцип болатын. Ол кезде шыны керек Жарапазанды ақша тауып, оған тәтті-пәтті сатып алып жегенге мәз болатынбыз. Бірақ, түбіне түсіп, беталды үйді-үйді аралап кете бермейтінбіз. Бертін келе, мектепті бітіріп, қалаға оқуға түсіп, қаланың да күйбең тіршілігіне бейімделе бастадық. Рамазан айы келіп, қаладағы жарапазан айту үрдісін көріп, аздап таңырқаған жағдайым бар. Әлі есімде, 2 курста оқып жүрген кезіміз, жігіт болып қыздарды кездесуге шақырып, саябақта аралап жүргенбіз.
Әрі қарай

Қазақша бизнес тренинг. Ахметбек Нұрсила Ағамыз.


Блог - Arys_arlany: Қазақша бизнес тренинг. Ахметбек Нұрсила Ағамыз.
«Заманына қарай адамы» немесе «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деп айтпақшы, қазіргі күнімізді ақпарат алмасудың жеделде тиімді түрі әлеуметтік желілерсіз елестету қиын. Соңғы бес жылдан бергі уақытты алып қарасақ, қазақ қоғамында осы әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың қатары еселеп артып, соның есебінен қоғамдық сана, қоғамдық психологияға ықпал жасап, елеулі өзгерістерге әкеліп жатыр. Соңғы уақыттарда, осы әлеуметтік желіні пайдаланушы белсенді азаматтар қоғамдық пікірді туындатып, талқылауда бірден-бір күшке айналып келеді.
Мұның барлығын не үшін тізіп отырмын. Себебі, бұл қазіргі таңда өзінің көптеген жақсы қырларымен танылуда. Түрлі еркін блогтұғырлары бар әлеуметтік желілерді қоса алып қарағанда Фэисбук жүйесі де қазір үлкен интеллигент тобының шоғырланған ортасы деп айтуымызға болады. ФБ арқылы көптеген жаңалықтармен қоса қызықты ақпараттар мен суреттер, видеоларды бөлісу арқылы әлемнің түкпіріне лезде хабар таралады. Осы ФБ арқылы, алғаш рет блогқұрылтайға қатысып, еліміздің менмін деген блоггерлерімен таныс болсам, қазіргі таңда қызу талқыға түсіп жатқан «Домбыра Пати» дүбірі де осы желі арқылы таралуда. «Домбыра Патиге» тоқталмай-ақ қояйын, менің қазіргі айтайын дегенім, «видео семинар-тренинг» туралы. Семинар-тренингті алып қарайтын болсақ ресми өкілетті органдардың жиналыстарды өткізуінің тиімді тәсілі болып келе жатқан жүйе қазіргі таңда қоғамдық саланың кез-келген бағытында үлкен сұранысқа ие болып келе жатыр. Бұрындары, қаншама адамды бір залға жинап алып, жаттанды бір тақырыпты мыжып, халықты жалықтырып, бәрінің шыдамын тауысып бітетін ұзын-сонар (пайдасыз) жиналыстардың орнына кофе-бреик, семинар-тренинг және тб тиімді тәсілдер қолданыла бастады. Видео семинра-тренинг алғаш рет Нұр.кз әлеуметтік желісінің видеолар бөлігінен көрген болатынмын. Р.Киосакидің 10 минуттық тренкісін қарап отырып, неге осы қазақтар қазақша өтпейді деп ойлағанмын, (Бедный папа, богатый папа деген кітапты жүктеп алып, қазақшаға аударсам деген ой туындаған ед)) Сөйтсем, ол бекер екен деген ой Ахметбек Нұрсила ағамыздың мына видео тренингін көргеннен кейін өзгерді. ФБ бетінен аз уақыт бұрын ғана осы ағамыздың мынадай жазбасын оқып едім "Қарғыс атқан капитализм"- деп айтатын Кенже Жалғызұлын блоктап тастадым деп)))" осы тренингте соған тоқталып өткен. Жалпы роликті көріп шықсаңыздар біраз мәліметтермен тың идеялар аласыздар деген ойдамын.

Және тағы бір айтакетерлігі Ахметбек ағамыз нағыз Қазақ жанашыры. Қымыз туралы жазылған сұхбатында да осы сусынды қалай әлемдік нарыққа шығарудың жолдары туралы айтып өтеді, ол туралы
Әрі қарай

Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс

Бүгін, 13.07.2013 жылы Шымкент қаласында қалаішілік маршрутта адам тасымалдайтын 6 бағыттағы 6 автобус тегін жүргізілуде. Аталмыш іс-шараны ҚМДБ-ға қарасты Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешіті және «Сейіткәрім қажы» мешіті ұйымдастырып отыр. Рамазан айы қарсаңында елімізідің бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров барша халыққа арнап сауапты істер жасайық деп үндеу тастаған болатын. Шымкент қаласында атқарылып жатқан іс-шара, міне осы үндеуге дауыс қосып, барлығына үлгі боларлық жаңалық деп айтуға болады. Алла қасиетті айда жасап жатқан барша қайырымдылық істерімізді қабыл етсін! Аталмыш шарадан фото көрініс:
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Дін-діңгегіміз: Шымкентте Рамазан айында атқарылып жатқан игі іс
Әрі қарай

Барбарис

Түнде тойдан кеш келіп, сәресіге дейін аздап ұйықтап алайын деп төсегіме жатып, ұйқының орнына ойға шомып кеттім. Жолда келе жатып көптен бері әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп тұратын бір қарындастан «Ватс Апп» арқылы тынымсыз хат алмасып, үйге кірген кезде жазуды тоқтатқан болатынмын. Соны есіме алып, соткамнан жалқаулана ашып, диалогты қайта қарай бастадым. Оқи отырып іштей «мырс» етіп, жүзіме күлкі ұялады.
Ойыма «БАРБАРИС!» сап ете қалды.
"
Ия, дәл солай, әңгімесінің «дәмі» «барбарис» сияқты. Әнебір кваенде әзілдесіп айтады ғой «Менің қызым барбарис сияқты, көп сорсаң тіліңді ойып жібереді» деп. Сол есіме түсіп кетті. Тәттім деп еркелетіп қоятыным бар өзін. Сөйтіп, тәтті болып жүргенінде бір күні «тіліңді ойып» жіберетін сөздері және бар.
Содан, барбарис туралы ойымды ары қарай сабақтай түстім. Есімде, оқуды жаңадан бітіріп, студент кезімізде бастап істеген жұмысты жалғасытырып, қаладан қайтпай жүргенмін. «Агент деген аурудың» жаңа пайда болған кезі. Бір күні кешкісін жұмыста жүрсем, группадан оқуды бітіре сала әскерге кеткен группаласым звондап тұр. Ант қабылдапты. Кешкісін «уволнениеде» жүр екен. Енді сұрайсың ғой, қандай екен ол жақ, «етің» үйренді ма дегендей. «Бір сөзбен айтқанда „Барбаристің“ қадірін түсінесің» деп қысқа жауап қатқан еді. Күзгі шақырылыммен әскерге кетемін деп жүрген көңіл шіркін барбаристің қадірін «гражданкада» түсінсін бе ол кезде.
Расында да, әскерге барғанда түсіндік қой… барбаристің қадірін… Асханадан кешкі асты ішіп алып, жататын орынға қайтуға сапқа тұрғанда, «ротада» кімнің қандай кәмпит, кімнің «барбарис» сорып жатқанын иісінен біліп қоясың. Бір «барбаристі» 2-3 адам бөліп жеуші едік. Барбарис сорып жатқандарды «технично» аузына салып, білдірмесе де біліп қоясың, сұрасаң «жоқ» дид, іштей «ах, крыса» деп қоясың. Сөйтсек, ол жақта дәмсіз тағам іше берген организм «тәттіні» қалап тұрады екен.

Барбаристің «афторітеті» осындай болғанда, «сникерсті» айтпай-ақ қояйын. «Сникерс» қолыңа түскен күні, ұрлық істеген адамша жан-жағыңа алаңдап, «гражданканың» қадірін-ай деген оймен, әр сәтті асықпай өткеріп, тәтті күй кешіп қалар ең.
Әрі қарай

Тегін шипажай

Жазғы демалыстағы бітірген ісімнің бірі, көрші ауылға қарасты аумақта орналасқан «ыстық суға» түсіп қайтуым болды. Алғаш, 9 сыныпты бітірген жылы нағашы әжелеріммен бірге барып түскен болатынмын. Сырттай қарағанда елеусіз, қараусыз жатқан бұл ыстық судың емдік қасиеті мол. Жер астынан атқылап шығып жатқан суға, әркімнен естіп облысымыздың әр түкпірінен адамдар келіп, қона жатып, ем қабылдап жатады. Біздің барған уақытымыз, ауыл халқы үшін шаруашылықтың нағыз қарбаласқан шағы, науқан кезеңі, диқаншылықпен айналысатын тұрғындардың бақша дақылдарын күтіп-бағып жанталасқан сәті. Жылы судың басына барсақ, бізден бөлек Мақтарал ауданының бір тұрғыны шәйлә құрып алып, жатыр екен. Бізбен қатар, Шардара ауданынан тағы адамдар келіп, орналастық.
Мұнда ем қабылдаудың барлығы табиғи. Су фонтан болып шығады да, екі арнаға бөлініп ағады. Бір арнасына әйелдер, бір арнасына еркектер арнаны бойлатып, хауыз қазып, соған ыстық суды толтырып, суытады да, белгілі уақытқа түсіп шығады. Арнаның төменгі ағысына үлкен көлшікке айналған. Сол көлшіктің бастаңғы жағының қара батпағы да емдік үшін пайдаланылады. Осы жылы судың басында 4 күн уақыт өзімізше жақсы өткердік. Интернет, ТВ деп алаңдамайсың, суға түсіп келіп, терлеп жатасың, кітап оқуға да тамаша мүмкіндік болады. Фотоларыммен бөлісе отырсам, біраз нәрсе түсінікі болып қалады.


Судың көптеген емдік қасиеттері туралы айтылады. Менің өзім үш мәрте түстім. Ең алғаш барғанымды, аяқ-қолыма шығып, мазаны алған экземаны жазған болатын. Тері ауруларының барлығына да мың да бір ем. Сонымен қатар суының құрамында иод бар екенідігі, оның ЗОБқа таптырмас ем екенін айтты сонда бірге түскен бір кісі. Батпағының құрамы да минералды заттарға бай. Тіпті, Жаңақорғанның атақты шипажайларының батпағымен салыстырып жатады. Мұнда, ауруына шипа ізеп келгендер жиналады негізінен. Және, осы суға тамыз айында келушілердің қатары артып, 200-ге тарта адам жиналатын көрінеді. Қаладан апарған досымда кетерінде алғысын білдіре отырып, келесі жылғы демалысында тағы келгісі келетіні білдірді.
Әрі қарай

Жұма намазынан кейін туындаған ой

Еңбек демалысын алып, «ауылым қайдасың?» деп қалада бір күн де тұрақтамастан ауылға ұшқан жағдайым бар. Енді ауылда көрген-баққан, қағаз бетіне шимайлағандарымды бөлісе отырсам деймін. Керекке де кірмегелі біраз уақыт болыпты.
Ауылға барған күннің ертесі жұма күніне сәйкес келіп, ауыл мешітіне барып, «жұма намазына» қатыстым. Салыстырмалы түрде алып қарағанда, орташадан аз халық (шамамен 100 ден аса отбасы) тұратын ауыл арасында «жұма намазына» жиналған жамағатта үлкен кісілерден гөрі, жас жеткіншектердің саны артық. Жұма оқылып біткеннен кейін, құран оқылып, көпшілікке арнап дұға бағышталып, бата берілгенде бір жас жігіт қолын жайып, бетін сипамады. Аз ғана жамағат арасынан бөлініп, бұрышта отырған бұл жігітке менің көзқарасым қалыпты болғанымен, жұмаға жиналып отырған кішкентай балдар не ойлауы мүмкін? Үлкендерге еліктеп өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің мұндайды санасына тез сіңіріп алады емес па? Жасымыз түгілі, үлкен ағаларымыздың өзі дін жолына шорқақ, сауатсыз болып отырған қоғамымызда осындай «ерекшеленетіндер» санамызға аздап болса да кірбің салады.
Мешіттен шығып, есік алдынан адамдар жөн-жөнімен тарай бастады. Мен ойланбастан әлгі жігітті әңгімеге тарттым:
-Бауырым, таныс болайық, есімің кім?
-Бекзат.
-Қуаныштымын, қай жылғы болдың?
-93 ж.
-Мм, дұрыс, жаңа мешітте байқадым,(жұма басталмай жатып, мешіт ішіндегі құран кітапты оқып жатқанын көргем) құранды араб тілінен оқыдың, соған қарағанда діни білім алғансың-ау?
-Арнайы медресе оқымадым, бірақ Алматы қаласында ЖОО сырттай білім аламын, өзім жұмыс жасаймын, бос уақытымды мешітке барып, имамдардан білім алып, ізденемін — деп жауап қатты.
Іштей разылығымды білдіргеніммен, мешіт ішіндегі қылығы көз алдымнан кетпей тұрды. Таныса салып, әңгіме арнасын ол жаққа бұрсам, күрделеніп кететінін ойлап, диалогты сыпайы аяқтағым келді:
-Өте дұрыс, Сауатыңды арттырып, күнкөріс қамымен кетпей, бір сәт ақырет күнін ойлап, уақыт тауып, ілім ізденгенінң құптарлық. Ол жақта ұстазың бар ма? Арнайы сұрақ қойып, шешімді кімнен аласың?- деп
-Иә, ұстазым қары (хафыз), тәжік ұлтының азаматы (аты есімнен шығып тұр) ҚМДБ сараптауынан өткен адам — деп менен сезіктенгендей жауап қатты. Менде әңгімені созбай, сәттілік тілеп, жылы қоштастым.
Қазіргі таңда жұма намазынан кейінгі дұға-тілекке, сонымен бірге қанша ғасырдан салтымызға сіңіп кеткен Қазақшылық ерекше дәстүріміздің бірі батаға, бата қайыруға қырын қарап, шариғатта жоқ, «бидғат» деп атайтын жандар кездеседі. Әсіресе, облыс орталықтарында, халық жиі жиналатын мешіттерде жұма намазының парызын оқып болған соң, жапа тармағай орындарынан тұрып, сүннетін өтеп жатқан жамағаттың үстінен аттап өтіп, әбігерге салып жатқаны туралы айтылып, көтеріліп жатқанына біраз уақыт болды.
Менің көз алдымнан өткен әлгі жігіттің де қылығынан кейін, шалғайдағы ауылға да келіп жетті ме, бұл қалай болды екен деген ой мазалады. Оны алып қалып, әңгімеге тартқым келді. Көпшілікпен оқуға ниет етіп келгеннен кейін, олардан бөлінбегені дұрыс еді.
Әрі қарай