Имидж сөзін алғаш рет мектеп қабырғасында оқып жүргенде естіп, білгенмін. Ол кездегі қабылдаған түсінігім бойынша имидж дегеніміз: бір әншінің киім кию, шаш қою үлгісі болатын. Бірақ, дәл бұл мағынадан маңызды және көлемді екенін студент кезімде түсіне бастадым. Коммуникация, яғни қарым-қатынастың өркендеп, технологияның адам өміріндегі маңызының күннен күнге еселеп артуы, тасқындаған ақпараттарды қабылдаудың арасында «имидж» ұғымының өзіне қарай ынтықтыруы, онымен кеңірек танысуға алып келді. Әр адам – өзіне имиджмейкер. Ол өзінің қабілеті мен пайым-парасатына қарай қабылдаған ақпаратымен өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Қазіргі таңдағы қоғамда индивидтің обьективпен қарым-қатынасында тиімді нәтижеге қол жеткізудің кілттерінің бірі дұрыс имидж қалыптастыра білу. Бастапқы сатыдан тиімді қалыптастырылған имидж халықпен тікелей қарым-қатынас жасайтын атқарушы билік саласында жұмыс жасайтын азаматтарға (облыстық және аудандық, жергілікті әкімшілік басқару саласы, ХҚО, саяси партияларда) сонымен қатар, танымал, жағымды тұлғаға айналудың сапалы және оңтайлы тәсілі.
Елімізге «имидж» ұғымы батыс елдерінен келіп кірді. Демократиялық құндылықтарды сыналап бойымызға сіңіріп келе жатқан елімізде «имиджмейкер» саласының маңызы мен болашағы жарқын екені көрініп келеді. Әр адам – жеке тұлға. Бірақ, ол қоғамда елеусіз, танымал болмауы мүмкін. Ал енді, осы қарапайым адамнан танымал тұлға шығаруда имиджмейкерлердің еңбегі «ерекше». Біле білсеңіз, бүкіл әлемді өзіне қаратқан небір танымал президенттер, олигархтар, атақты банкирлер мен депутаттар имиджмейкерлердің «туындысы». Мәселен, француз саяси технологы Жак Сегелді «президент жаратушы» дейді. Ол араласқан 20 сайлау компаниясының 18-і жеңіске жеткен. Әлемдік қауымдастықта баяғыдан-ақ үлкен сұранысқа ие болған имиджмейкерлік қызмет біздің елімізде кенже дамыған. Оған бірнеше себептерді айтуға болады. Біріншіден, саяси-құқықтық сананың төмен болуы, қоғамның демократиялық құндылықтарды толықтай қабылдай алмауы, екіншіден, қоғамда керітартпашылық сананың сіңіп кетуі, одан арыла алмауы, үшіншіден, бойында бар қабілетті дұрыс пайдалана алмау, өзіне сенімсіздік, сонымен бірге, қазіргі таңда қоғамда белең алып кеткен құбылыс жаппай күнкөріс қамын күйттеудің салдары, қоғамды тиімді өркениетке жетелейтін салаға тұсау болуда. Ақпараттық тасқын заманында, өзіңе қажетті мәліметтерді дұрыс таңдап, сіңіре білуде жетістікке жетудің кілтіне айналып отыр.
Қазір бұл қызмет түрі тек, «жұлдыздарға» ғана емес, қарапайым адамдарға да қолжетімді бола бастады. Мысалы, қазіргі таңда жұмыс беруші жақтың жұмысқа қабылдаудың негізгі тәсілі: алдын-ала қойылған талап және үміткермен тікелей сұқбат жүргізу арқылы анықтау. Осы мекемеге жұмысқа тұруға барғанда имиджмейкерлердің көмегіне жүгінгендердің жолы болады. Жалпы, танымал азаматтарға немесе халықпен тікелей жұмыс істейтін атқарушы билік басында отырған басшыларға белгілі-бір деңгейде имидж түрі жетіспейтіні ақиқат.
Бесаспап басшы болу үшін не істеу керек? Кәсіпқой маман болу үшін не жетіспейді? Негізінде, имидждің шартты түрі бес тарапқа бөлінеді. Бербальды имидж. Бір қаланың әкімі балалардың лагердегі жазғы демалысында «салауатты өмір салты» атты балалардың патриоттық сезімін арттыру мақсатында өтіп жатқан іс-шарада қағазға қарап баяндама оқып тұр. Іс-шара спорт алаңында өтіп жатыр. Әкімнің сөзін тыңдаушы – балалар аудиториясы. Әкім әдеттегідей, спорт саласына арнап пәленбай қаражат бөлініп, мемлекет тарапынан қамқорлық жасағаны туралы мәліметтерді тәптіштеп оқиды. Әлгі балалар тыпыршып, іс-шараға әкелінген жүлделерге қарап, тезірек аяқталуын күтіп отыр. Әкімнің айтып жатқан терминдерін мектеп оқушылары университеттік білім алғанда ғана түсінуі мүмкін. Осы орайда әкімдерге қай аудиторияда «қағазға қарап» баяндама оқу керек, қай жерге мүлдем керегі жоқ екені туралы кеңес беретін адам жоқтың қасы. Мұны вербальді имидж дейді.
Оның ішінде сөйлеу, дыбыстық компотенттері (оның сөйлесу, асықпай сөйлеу, дикцияны қалытастыру) жатады. Бастапқыда үлкен қателік болып көрінбейтін мұндай жәйіт, әкімнің жеке басының құндылығына кері әсерін тигізеді. Жалпы, басшыларға қалай десек те, шешендік өнер жетіспейді.
Демалыс уақытын пайдаланып, үйге қажетті заттарды алып, қайтып келе жатырмын. Біз тұратын шағын ауданның үйлерінің арасынан бір жігіт маған қарсы келе жатты. Бір қарағаннан-ақ түрін шырамыттым. Мешітте жұма намазынан, бір-екі мәрте аялдамадан көрген болатынмын. Орта бойлы, жасы менімен қатарлас, (яғни 22-25 жас аралығы) ақ құба өңді, қыр мұрын, жұқа ерін, иегінде ретсіз өскен шошақ сақал, жағы мен құлақ шеке аралығында алағат шыққан мақта егістігі сияқты әр-әр жерге орналасқан жарасымсыз қыл өсінділері, көйлегінің жеңі ұзын, шалбарының балағы тобық үстінен шолақ (қысқа балақ) / «балағының ұзындығы тобығынан төмен болғандар тозақылық» деген хадисті санасына мықтап сіңірген болуы керек/ киініп алған. Қабағы жадыраңқы, көңіл-күйі жоғары екені байқалады. Жүзіне қарап, жәннәтпен сүйіншілегендей бақытты, нұрды көресің. Сол бір сәттік бейне, көз алдыма «бақытты саляфи» көрінісін қайта оралта берді.
«Бақытты саляфи» бейнесін «біреулер» байқауы мүмкін, біреулер жиренуі мүмкін. Қазіргі таңда көшедегі адамға сырт бейнесі, киім киіс, жүріс-тұрысына қарап баға беру басым. Әлгіндей адамды сырттай көрген бәзбіреулер «мына бақабист мәз ғой» деуі мүмкін.
Өкінішке орай, қазіргі қоғамда қазақтың ұлттық дүниетаным, құндылықтарына қайшы, түрлі санаттағы адами мүшелер толығып келе жатыр. Кейбірі шошына қараса, кейбірі «еее, пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті дейді ғой, оның несіне таңғаласың» деген немқұрайды пікірі де естіліп қалып жатыр.
Жаһандану дәуірінде орта жолды ұстанатын мүшелердің санын арттыру мүддесі тұрғанда (орта жол – менің ойымша заманауи ғылыми технология жетістіктерін бойына сіңірген, ұлттық дүниетаным, құндылықты бойына қалыптастырған тұлға) ортодоксальді мұсылмандық бағытқа жетелейтін, өткен тарихты білмек тұрмақ мақұрым қалған, өздерін ғана үмбет санайтын, қысқа ойлы (қысқа балақты) маргинал топтардың саны артып келеді. Сонымен бірге, азғындықтың шегінен шығып, рухани құлдырауға ұшыраған біржыныстылардың жанұялық қарым-қатынасы, үлкенді сыйлаған ұлттық тәрбиенің орнына, бесіктен белі шықпай жатып өзінікі ғана дұрыс дейтін «өзімшіл» бетпақтар қалыптасып, тамыр жайлап келеді.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары идеологиялық салада хаос болғанымен, экономикалық жағдайдың тұрақталып, идеологияға баса көңіл аударғанымызбен, тез арада оңалып кететін өзгерістерді байқай алмай келеміз.
Нарықтық қатынаста қаржы басты рөл ойнайтындығын халық қашан түсініп қойған. Қаржы қайда болса, халық та соған үйір болып келеді. Қаржы жолында алдау, арбау, зорлау, озбырлық, өктемдік бәрі-бәрі орын алып отыр, бірақ оған тосқауыл болуға халық болып бірге қарсы күресуге бірлік жетіспей жатыр.
Нарықтық қатынаста мәселені шешуге мемлекеттік фактор емес, адами фактор маңызды рөл ойнайтынын толық түсінген жоқ қоғам. Қарапайым халық ертеңгі күнге ертегідегі батырдың құбыжықты жеңетіндей сенімі бар сияқты көрінеді. Ал, реалистік көзбен қарағанда болашақтағы бағындырылуы тиіс белестер идеологияда айқындалмаған. Қазіргі қоғамдық саладағы үдерістерге көз жүгіртіп қарасақ, қоғамдық сана қалыптасу кезеңін бастан кешіруде. Нақтысын айтқанда қазақтың қазақи болашағына жаны ашитын азаматтардың көтеріп жүрген ұсыныс, пікірлері барша қоғамдық сананы жаулап ала алған жоқ.
Қалыптастыру үшін белсеніп жатқан күштің жұмысы «үлкен механизммен» біте-қайнасып, «ішкі механизмнің» негізгі бөлшегіне айнала алса, қазақтың болашағының айқындығын шамалауға болады.
Қоғамдық пікірді туындатып, ұлттық санамызда қайта жаңғыру процесі тоқтаусыз жүріп жатыр. Бастауы анықталған нәрсенің салдарымен жүргізіліп жатқан идеологиялық күрестің нәтижесін күтіп, халықтың оянуы тиіс санасы, немқұрайдылыққа салынып кетуінің алдында тұр. Күнделікті тіршілікте көріп жүрген көзге оғаш көріністер «дұрысқа» айналып кетуі, зардабын әкелуі мүмкін.
Бұл жағдайда халық мемлекеттік орындау процесін күтпей-ақ, сауатты амалмен белсенділік танытып, қол қусырмағаны дұрыс.
Уақтылы ұйықтауға міндетті бір жаратылысты «неліктен, тағы да саляфизм мәселесі» мазалауы тиіс?
Ауылдағы сыныптас досым той жасаймын, той жолдас бол деп қолқа салғаннан кейін ауылға тойға барып қайттым. Ауылдың тойы өзіндік ерекшеліктерімен қызық және есте қаларлық. Әсіресе «гулянкасы»!
Мұның барлығы дайындық жұмыстары. Қызықтың барлығы жолғы шыққанда басталды. Той жолдас болып лимузинде отырғанымды қайтейін, артымдағы «лицензиясы» жоқ шопырлар арсың-гүрсің, алдына шығуға таласып, тар жолда жарысты бастап жіберді.
Бізде ауылда, гулянкаға баратын жер біреу-ақ, ол Сырдың жағасы және Сырға салынған көпір.
Биледік, күлдік кеш болды. 15 машина барлығы. Енді қайтуы бар. Шопырлардың барлығымен сөйлесіп шығуға тура келді, «жәй жүріңдер, Құдай үшін» деп. Сөйтіп жайғастық машинамызға.
пысы. бір күн, бір сәттік ғұмыр осылай өтті.
Шымкент қаласында "Әлеуметтік бастамалар орталығы" МКМ-нің арнайы тапсырысымен даярланған балаларға арналған анимациялық фильмінің тұсауы кесілді. Қазақтың рухани, ұлттық және отбасылық құндылықтарын бала тілімен дәріптейтін бұл туынды кішкентай бүлдіршіндеріміздің көңілінен шығады деген үміттеміз.
Қайда журсем естен кетпейсін
Көңілімде менің көктейсің
Бір жалын бар бойда сен жаққан
Жүрегімде мәңгі өшпейтін
Гүлімдей жайнап, асырсалып ойнап
Еркелеп өскен ауылым, — деп Нұрлан Өнербаев ағамыз әндеткендей туып-өскен жерің қашанда ыстық қой. Еңбек демалысын өткеріп, «комфорт аймағымен» қайта қауышып, тіршіліктің қамымен жүргенде екі ай уақыт зымырап өте шығыпты. Атамның көзі барда бір айдан артық уақыт ауылға бармау мен үшін үлкен күнә болатын. Мерекелік демалыстарды айтпағанда сенбі, жексенбі күнгі демалысты пайдаланып, Атам мен жаңа өсіп келе жатқан қарындасымның сыбағасын ала сала ауылға асығатынмын.
Ауылда өстім өзім. Ауылда жаз келісімен аяқ киім дегеннің не екенін ұмытасың. Жалаң аяқ шауып жүргенің. Күзге қарай аяғың күс-күс болып, табаның жарылып, қысқа қарай қалпына келеді. Ауылда ойынның неше түрі бар. Кейде дарияға шомылуға барасың. Жолда аяғыңа міндетті түрде «тікенек» кіреді Әсіресе, табаныңа кірсе жәмән болад. Алынуы қиын. Ал сіздерге сұрақ «Аяққа тікенек кіреді ма?»
гөгілден тікенектің суретін таппаған соң осы суретті қоя салдым. Бірақ, мұндай тікен деп ойлап қалмаңыздар, бұл тікенек аяқ қана емес, қай жеріңізге кірсе де оңдырмайды)))