Таңдаулы

Aman1990
ақиқат хиджаб туралы осы мақалада Құран бойынша Алланың сөзі мен бұйрығы бойынша адамдардың бұйрығы емес
Aman1990
Жеңілдетілген дресс код:

Алла үй-іші жағдайында әйелдерге қиындық тудырмайды және оларға өздерінің дресс кодын жеңілдетуге мархабат етеді. Егер Құранның 33:35, 24:60 аяттарын ой елегінен өткізер болсақ, Алланың бұл дресс кодты жеңілдетудің неден көрініс табуы тиістігін анық нұсқамағанын аңдауға болады, өйткені, бұл әрбір нақты жағдайға байланысты.

Мүмін әйелдер ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына зейнеттерін көрсетпеуі тиіс. Әйел өзінің дресс кодын аға-бауырының әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін төрт жасар ұлының алдында жеңілдете алады, бірақ, өзінің он алты жасар ұлы алдында зейнеттерін көрсетпеуі, білдірмеуі тиіс. Ойымша, менің өз отбасымның ортасында дресс кодымды жеңілдетуге қақым бар.

Мешітке арналған дресс код үшін Құранның 7-ші сүресінде 31-ші аятты қараңыз.

Қараңыз: Құран 7:31
Осы діндегі ауыртпалықтар:

Мейірімді де Рақымды Алланың ұйғаруымен Оның тәмамдалған кітабын жоққа шығарып, басқа нұсқаларды басшылыққа алғандар, яғни, оған серік қосушылар үшін дүние тіршілігінде де, ахиретте де азап бар. Алла ешқашан иман келтіргендерге ауырлық қаламайды. Ауыртпалықтарды күпірлікпен Аллаға кереғар әрекет етіп, бәрін және баршасын – төсектің қай жағында ұйықтап, қай аяқтан тұру керектігінен бастап, сорпаға шыбын түсіп кетсе, не істеу керектігіне, жұбайыңызбен жыныстық жақындығыңыздағы мінез-құлық, іс-қылығыңызға шейін — ережемен шектеп, реттеп отыру үшін, өз заң-тыйымдарын ойлап шығарған дінбасылары туындатады.

Аллаға иман келтіргендер үшін және, Оның кітабы ТӘМАМДАЛҒАН, КЕМЕЛ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ТҮСІНДІРІЛГЕН болып табылатындығына иланатындар үшін, Раббымыз жағынан жеңілдік бар (қараңыз: Құран 10:62-64, 16:97), ал, Аллаға сене алмай, Құраннан өзге дереккөздерге жүгінуге ұмтылушылар осы дүниеде де, ахиретте де күйзеліс пен кесір-кесапатқа кезігеді. Қиямет күнінде олар Құдайға: «біз Аллаға ортақ қоспаған едік» деп шағынады, бірақ, Алла олардың істегендерінен ғапыл емес. Алла залымдарды толық білуші (қараңыз: Құран 6:22-24).

Your text to link...

Aman1990
Құрандағы «Химар» сөзі:

«Химар» – Құранда кездесетін араб сөзі (қараңыз: Құран 24:31). Егер мұсылман әйелдерге арналған Дресс Кодтың бірінші негізгі ережесі Құранның 7:26 аятында баян етілген болса, әйелдерге арналған дресс кодтың екінші ережесі Құранның 24:31 аятында баяндалған.

Кейбір мұсылмандар хумурухина (химар сөзінен болған) сөзіне сілтей отырып, 24-сүренің 31-аятын хиджаб немесе бас киім туралы айтылатын аят ретінде келтіреді, бұл ретте, олар Алланың Құранда бірнеше рет “хиджаб“ сөзін пайдаланғанын естен шығарады. Дінге адал ізгі жандар бұл аяттағы «химар» сөзі «хиджаб» немесе бас киімді атау үшін қолданылмағанын ұғына алады. Осы аятты алға тартатындар, әдетте, “хумурихина“ сөзінен кейін (бас киім) деп, жақшаға алып қосады, себебі, бұл — Алланың емес, солардың аятқа өз жанынан қосқаны (Қараңыз: Құран 24:31).

«Химар» – жамылғы, бүркеніш мағынасын беретін араб сөзі. Кез-келген жапқыш, перде – ол химар; көйлек – ол химар; үстелдің тақтайын жауып тұратын дастарқан — ол химар; жамылғы – ол да химар және т.б. Араб тіліндегі «хамра» сөзі масайтатын сусынды білдіреді, «Химар» сөзімен түбірлес. Химар терезені, тәнді, үстелді, т.б. жабады, ал, «хамра» психикалық күйді «бүркейді».

Құранның 24:31 аятында Алла әйелдердің бастарын яки шаштарын емес, кеуделерін бүркеу үшін, көйлек, пальто, жейде, кеудеше, галстук, бөкебай, т.б. болсын, әйтеуір, жамылғы, бүркеніш (химар) пайдалануын ғұзыр етеді. Егер де Алла әйелдердің бастары мен шаштарын жабуын қалаған болса, Оған бұл қалауын аян етуіне ештеңе кедергі болмас еді. Алланың сөзі таусылмайды. Алла ештеңені ұмытпайды. Алла әйелдерге бастары мен шаштарын жабуға әмір еткен жоқ.

Алла Ол үшін сөздерді өзгертуге, бұрмалауға әлі жетеді деп пайымдайтын әлдебір дінбасына сүйенбейді!

Араб тілінде омырау, төс, кеуде мағынасын беретін «жәиб» сөзі бар, 24:31 аятта кездеседі, бірақ, бас мағынасындағы «раас» немесе шаш мағынасындағы «шаар» сөздері бұл аята жоқ. Бұл аятта келтірілген өсиет айқын: омырауларыңды бүркеп жүріңдер.

24:31 аятының соңғы бөлімінен дененің жекелеген бөліктері ашық бола алатындығы немесе бас киімдеріңізбен емес, үстеріңізге киген көйлектеріңізбен бүркелетіндігі мәлім болады.

Сондай-ақ, 24:31 аяттағы ойдың тұжырымдалуына назар аударыңыздар.

Көпшілікке бұл тұжырым көмескі көрінуі кәдік, демек, олар оның астарына үңіліп, Алланың кеңшілігі мен мархабатын ұғына алмаған. Бұл ретте де Алла әрқайсымыздың бір-бірінен өзгешеленетін айрықша жағдайымызды ескере отырып, өзімізге «қажетті нәрсені» таңдау еркіндігін беру үшін, өте-мөте жалпылама терминді пайдаланады. Не дінбасына, не әлдебір басқа адамға бұл терминнің нақты не мағына үстейтінін ұйғару құзыры берілмеген. Алла бұл терминнің мәнін айқындауды әрбір әйелдің өз қалауына беруді қалайды және де, оның бұл құқығын ешкім тартып ала алмайды. Бірінші негізгі ережені ұстанатын, яғни, Құдайдан қорқатын тақуа әйелдер жүректері ауытқымай, тәнінің қандай бөліктерін ашуға болатындығына байланысты қайырлы дұрыс шешім қабылдары шүбәсіз.
Үшінші ереже: киімдеріңізді ұзартыңыздар

Мұсылман әйелдерге арналған дресс кодтың бірінші ережесі — Құранның 7:26 аятында, екінші ережесі — Құранның 24:31 аятында және үшіншісі Құранның 33:59 аятында баян етілген.

Құранның 33:59 аятында Алла Тағала Пайғамбардың өмірі тұсындағы мұсылман әйелдерге арналған дресс кодтың тағы бір ережесін бекіткен.

Бұл аят Пайғамбарға бағышталған болса да, яғни, онда баяндалған ереже, Құранның 49:2 аятында жазылған ереже сияқты, соның өмір сүрген кезеңіне қатысты болса да, берілген ереже Ислам рухына сәйкес келеді және бізді көп нәрсеге үйрете алады.

Егер сіздер Алланың Пайғамбарға әйелдеріне, қыздарына, иманды ерлердің әйелдеріне киімдерін ұзартуларын айтуды әмір еткендігі баян етілетін осы аятты ой елегінен өткізіп, саралар болсаңыздар, сіздер ең дана, ең рақымды Құдайдың шексіз даналығын ұғынасыздар.

Бұл аятта Алла алдын ала ұйғарып (және де, барша ақиқатқа бойұсынушылар Алланың айтқанының, істейтінінің немесе істегенінің бәрі алдын ала ұйғарылғандығын біледі), оларға киімдерін ұзартуды айтты, бірақ, қаншалықты екенін айтпады. Алла оларға киімдерін қызыл асыққа дейін немесе жіліншігінің орта шеніне дейін, немесе тізеге дейін қысқартуға нұсқау бере алар еді, бірақ, Ол оны істеген жоқ. Ол бұны ұмытып кеткендіктен емес, кеңшілік және рақымдылықтан істеді, өйткені, Алла ештеңені де ұмыт қалдырмайды. Алла біздің әр түрлі қауымдарда тіршілік етіп, әр түрлі мәдениетке ие болатындығымызды біледі және де, Ол бұл дресс кодтың қосалқы (екіншілікті) шарттарын сақтау, орындау әрбір қауымдастық адамдарының өз қалауына қалдырылғанын талап етеді.

Жоғарыда келтірілген аяттар Құран бойынша мұсылман әйелдерге арналған дресс код тақуалық пен ұяңдыққа саятынын айқын білдіреді. Алла осы ұяңдықтың мәні әр түрлі қауымдастықтарда түрліше тарқатылатынын біледі, сол себепті де, Ол бұл мәселені шешуді – тақуалықты негізге ала отырып, «ұяңдық» дегеннің не екенін шешуді — біздің өз ықтиярымызға берді. Өйткені, Мәскеуде тұратын әйелдің ұяңдығы Ташкентте тұратын әйелге тиімсіз болуы мүмкін. Ташкентте тұратын әйелдің ұяңдығы Сауд Аравиясында тұратын әйелге мүлде қолайсыз болуы кәдік.

Сауд Аравиясындағы Джиддада тұратын әйелдің ұяңдығы дәл осы елдің құмды аймағындағы оазисті мекендейтін әйел үшін тиімсіз болуы мүмкін. Осы ұяңдық мәнін пайымдау өзгешелігі Аллаға әбден аян. Ол бізді жаратты және Ол бізге осы бір ұлы дінде оңайлық қалайды, ешқандай ауыртпалық қаламайды. Ол ұяңдықтың қандай болуы керектігін шешуді біздің еркімізге қалдырды. Егер кімде-кім өзінің құзырынан тыс ұяңдық мәселесінде кесімді түрде меже жүргізіп, тыю салып, Алланың орнына ұйғарым жасар болса, онда ол еркек/әйел Құдайдан көп біледі деген сөз.

Алла бұл мәселені біздер үшін ашық қалдырды және ешкімнің де берілген мәселені әлдебір қалыпқа салып, шектеуге уәкілдігі жоқ. Ол ашық күйі қалуы тиіс.

Осы аяттағы «зинатахунна» сөзі жүрген кезде (әсемдігі) дене қимылымен айқын көрінуі ықтимал әйел тәнінің кейбір бөліктеріне қатысты айтылады. Бұл сөздің, бәзбіреулердің түсіндіргені немесе аударғанындай, жасанды әшекейлерге еш қатысы жоқ. Осы аяттың соңында Алла көмескі зиналарын (зейнеттерін) көрсетпеу, білдірмеу үшін, әйелдерге табанын тапылдатпауға әмір етеді. Жүрген кезде аяқты тапылдатып басу тәннің жекелеген бөліктерін өрескел ерекшелеп, бөлектеп көрсетуі, селкілдетуі ықтимал, ал, олай айрықша айқындау ерсілік, жөнсіздік болады. Жүргенде, табанды тапылдату басқа, шашқа немесе бетке, яғни, Алла осы аятта көмескі «зина (зейнет)» атаған дене бөліктеріне жатпайтын бөліктерге ондай өрескел әсер етпейтіндігін есте тұтқан абзал.

Алладан басқа кімнің тарапынан болса да келетін нұсқауларды орындау оған ортақ қосу, пұтқа табынушылық болып табылады. Міне, осы себепті де хиджаб пен химар туралы мәселе байыпты зерделеуді қажет етеді. Дәстүрге орай немесе ұнағандықтан да Хиджаб киетін әйелдер Хиджаб киюді осы кемел дін уәжіп етпегендігін түйсінгенге дейін күнәһар саналмайды. Ал, Хиджабты тек, өз ойларынша, Алла әмір етті деп санайтындықтан киетін әйелдер пұтқа табынушылыққа ұшырайды, өйткені, оған Алла емес, дінбасылар жарлық еткен. Ондай әйелдер өздеріне тәмамдалған, кемел әрі толық түсіндірілген Құранды жіберген бірден-бір жалғыз Алладан басқа, мұсылман болу үшін, бастарын бүркеп, жауып жүруі тиіс деп үкім айтатын басқа тәңір тауып алған.

Кімде-кім Аллаға ортақ қосып, өле-өлгенше пұтқа табынатын болса, кешірілмес зор күнәлі болады. Қараңыз: Құран 4:48.
Aman1990
Бірінші ереже: жақсы (тақуалық) киім (Қараңыз: Құран, 7:26)

Бұл – Құрандағы негізгі дресс код ережесі. Бұл — Исламдағы әйелдер дресс кодының бірінші ережесі.
Екінші ереже: омырауларыңызды бүркеп жүріңіздер

Бұл екінші ережені Құраннан табуға болады (қараңыз: 24:31). Бұнда Алла әйелдерге қайда, қашан барса да, кеуделерін жауып жүруге әмір етеді. Бірақ, 24:31 аятын келтірмес бұрын, әуелі осы тақырыпқа қатысты дәйім ауызға алынатын кейбір басты сөздерді талдайық, ол сөздер: «Хиджаб» және «Химар».

«Хиджаб» сөзі (Құранда «Хиджаб») – бұл мұсылман әйелдердің көпшілігі бастарына тағатын (киетін, орайтын) және үнемі емес, кей-кейде, екі немесе бір көзінен өзге, бет-жүзін бүркеп, жауып жүруіне пайдалануына болатын бас киімдерін атау үшін қолданатын термин. «Хиджаб» деген араб сөзін «бетперде, шілтер» немесе «бүркеншік» деп аударуға болады. «Хиджаб» сөзі, сондай-ақ, басқа да мағыналарға ие, атап айтқанда: дидар, жапқыш, жамылғы, перде, шымылдық, далда, қаға беріс немесе тасалап тұратын нәрсе.
«Хиджаб» сөзі Құранда кездесе ме?

«Хиджаб» сөзі Құранда 7 рет кездеседі, бұған қоса, 5 рет «Хиджаб», 2 рет «Хиджабан» делінеді. (Қараңыз: Құран 7:46, 33:53, 38:32, 41:5, 42:51, 17:45 және 19:17).

Бұл сөздердің ешбірі мұсылман әйелдеріне арналған дресс код турасында сөз болғанда, қазіргі дәстүрлі мұсылмандар “Хиджаб” сөзіне үстейтін мағынасында Құранда пайдаланылмайды. Мұхаммед пайғамбарымыз дүниеден өткен соң арада бірнеше ұрпақ ауысқаннан кейін мұсылмандардың «Хиджаб» сөзін Ол ешқашан уәжіп етпеген дресс кодты атау (белгілеу) үшін қолдана бастайтынын білді. Алла, «Хадис» сөзіндей, бұл сөзді де олардан едәуір бұрын пайдаланды. Құранда Хиджабтың мұсылман әйелдеріне арналған дресс кодпен ортақ ештеңесі жоқ.
Тарихи дерек:

Көптеген мұсылмандар «Хиджабты» исламның дресс коды атағанда, олар хиджабтың дресс код ретінде не Исламмен, не Құранмен ортақ ештеңесі жоқ екенін мүлде елемейді, ескермейді.

«Хиджаб» немесе бетперде бағзы өркениеттер дәуірлерінен бері белгілі болған. Бұл киім кескінін (бейнесін) ертедегі және кейінгі рим және грек өнері туындыларынан табуға болады, бұны қыш бұйымдар, суреттер (картиналар) немесе азаматтық заң қолжазбаларының жұрнақтары түріндегі археологиялық табыстар айғақтайды.

Грек-рим мәдениетінде әйелдер де, ерлер де өздерінің діндарлығын таныту үшін бас киім киетін болған. Әйелдердің бетперде тағуы және ерлердің бас киім киюі дәстүрін соңыра еврейлер қабылдап, бұл дәстүрді Талмудта рәсімдеп, бекіткен, ал, одан кейін оны христиандар қабылдады. Әлдебір раввин бірде бір топ еврей қыздарына былай деп түсіндірді: «Біз Торадан әйелдердің міндетті түрде бастарын жауып жүруіне тікелей нұсқау таппаймыз, бірақ, біз бұл салттың мыңжылдықтар бойы сақталып келгенін анық білеміз». Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін хадистер авторлары осы басты бүркеу көне дәстүрін қолдап, қуаттап отырды. Хадистер авторлары бұл дәстүрді, басқа да көптеген дәстүрлер сияқты, еврейлерден алған, сөйтіп, Құранда ондай нұсқау жазылмағандықтан, оны Пайғамбарға теліген (тән еткен).

Еврей дәстүрлерін немесе діни кітаптарын оқып-зерттей отырып, еврей әйелдерінің (ерлерінің де) бас киім киюі раввиндер мен діни көсемдер тарапынан қошталып-қуатталатынына көз жеткізуге болады. Діни жөн-жосықты берік ұстанатын еврей әйелдері әлі де күннің басым бөлігінде, әсіресе, синагогаларда, тойларда және діни мейрамдар кезінде бастарын жауып жүреді.

Христиан әйелдері көптеген діни шаралар кезінде бастарын бүркейді, ал, монахинялар үнемі бастарын қымтап жауып жүреді. Әсілі, дәстүрлі арабтар қай дінді – иудей, христиан немесе мұсылман дінін ұстансын, мейлі, Исламның ықпалымен емес, дәстүрге орай бас киім немесе “хиджаб” киюге дағдыланған деп топшылауға болады. Сауд Аравиясында күні бүгінге шейін ерлердің көпшілігі Ислам солай талап еткендіктен емес, қайта, дәстүр бойынша бастарын бүркейді. Солтүстік Африкадағы туарегтер тайпасында әйелдердің орнына, мұсылман еркектер „хиджаб“ киетіндігі белгілі. Ондағы хиджаб кию дәстүріне сай, ерлер мен әйелдердің рольдері өзара орын алмасқан. Егер Хиджаб кию ізгі де діндар мұсылман әйелдің бірден-бір белгісі болып табылса, онда Тереза Шешейді солардың біріншісі һәм бірегейі санауға болар еді.

Тұжыра айтқанда, хиджаб – бұл Исламға және, жалпы, дінге еш қатысы жоқ дәстүрлі киім. Әлемнің кейбір аймақтарында хиджабты тек ер адамдар, ал, басқа бір аймақтарында тек әйелдер киеді. Дінді дәстүрмен шатыстыру пұтқа табынушылықтың көрінісі болып табылады, өйткені, дәстүрді жақтаушылар өздері ұстанатын амалдарды небір дереккөздерден алады, бірақ, қайдан алса да, тек Қасиетті Жазбаға (Құранға) жүгінбейді, сөйтіп, онымен қоймай, оларды Құдайдың үкімдері ретінде жария етеді. Кімде-кім Аллаға ортақ қосатын болса, кешірілмес күнәға батады.

Алланың Оның кітабында ғұзыр еткенін елеусіз қалдыру және Құран бекітпеген, ойдан шығарылған амалдарды ұстану Алла мен Оның жолдауын құрметтемеушіліктің айқын белгісі болып табылады. Дәстүр Алла өсиетінен жоғары қойылған кезде хақ дін екінші қатарға ысырылады. Алла ешқашан екінші орында болуға келіспейді, Алла әмісе бірінші болуы тиіс, екінші орын Оған мінәсіп емес.
Aman1990
Мәртебелі Иордания Патшайымы Ранияның “Arabian Times” газетіне жолдауы:

«Мейірімді де Рақымды Алла Оның дінін Өзіне иман келтіргендер үшін қарапайым, ыңғайлы әрі қуанышты еткендерін қалайды. Алла, сондай-ақ, Оны немесе Оның кітаптарын терістеп, жоққа шығаратындар өзі мен ізінен ерген өз жақындарының өмірін зиянға ұшыратытынын да аян қылды. Ол Құранда біздер үшін дінімізде ешқандай қиындық қылмағанын есімізге салады (қараңыз: Құран 22:78). Алла, сонымен бірге, Оның кітабы — Құранда ақиқатқа бойұсынғандарға бірнеше үкім етті. Ол үкімдерді бұзу, бұрмалау немесе қайсібірін жоққа шығару — жазықтылардан болып, өзіне кесір-кесапат, тура жолдан адасу, мәңгілік күйзелтуші азап тілеп алу деген сөз. Мұсылман әйелдерге арналған киіну тәртібі (дресс код) тәрізді мәселенің басын ашу үшін, біздер іс-әрекеттеріміз үшін алдында жауапкер болатын Жаратушымыз, Құдіреті күшті Құдай парыз қылған осы үкімдердің кейбіреуін қысқаша қарастыруымыз қажет. Әрбір үкім маңызды және де, әрбір үкім өз міндетін атқарады.

(1) Құран – тәмамдалған кітап; (қараңыз: Құран 6:19, 38, 114, 115; 12:111 және 50:45)

Естеріңізде болсын, Алла Оның кітабы тәмамдалғанын айтса, бұл оның 100% тәмамдалғандығын білдіреді.

(2) Құран кемел; онда қателер жоқ, жалғандық жоқ, мағынасыз бос сөз жоқ. (Қараңыз: Құран 41:42, 12:40, 30:30, 30:43 және 98:5)

(3) Құран егжей-тегжейлі түсіндірілген және де, Алла Оның кітабын егжей-тегжейлі түсіндіргенін айтса, бұл оның толықтай түсіндірілгендігін білдіреді. Алла жұмысты жарым-жартылай істемейді. (Қараңыз: Құран 6:114, 7:52, 11:1, 41:3, 10:37 және 12:111)

(4) Алла Оның кітабын толықтыруға зәру емес. Алла бізді Құранда Оның сөздері таусылып қалмағанын және де, егер Ол қалаған болса, бізге Құраннан басқа, жүздеген, мыңдаған немесе миллиондаған кітаптар түсіруге әмірі жететінін (қараңыз: Құран 18:109) үйретеді. Құран тәмамдалған, кемел һәм түсіндірілген кітап болып табылатындықтан да, Алла бізге басқа ешқандай кітаптарды түсірмеді.

(5) Алла Оның кітабы — Құранды ең үздік хадис деп атайды. Ол ақиқат бойұсынғандарды басқа ешқандай хадистерді кемел діннің түп нұсқасы ретінде мойындамауға шақырады (Қараңыз: Құран 7:185, 31:6, 39:23, 45:6 және 77:50).

(6) Алла ақиқат бойұсынғандарды Құдай сөзіне емес, дінбасылардың сөзіне еріп, пұтқа табынушылар тұзағына түсіп қалмағандарына көз жеткізуге шақырады. (Қараңыз: Құран 9:31)

(7) Алла Ол харам етпегенді харам ететіндерді шектен шығушылар, жалған сөйлеушілер (өтірікшілер) және кәпірлер деп атайды. Кімде-кім дүние тіршілігінде Аллаға серік қосса, кешірілмес күнә арқалайды. (Қараңыз: Құран 5:87, 9:37, 7:32, 6:119, 6:140 және 10:59)

(8) Мұхаммед пайғамбар туралы тек Құран куәлік етеді. Мұхаммед Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңы (қараңыз: Құран 33:40). Ол сол (Мұхаммед) болғандығы үшін емес, өзіне уахи етіп түсірілген Құранды күллі әлемге жеткізу үшін де, Алланың елшісі болған еді. Ислам – бұл Алла осы хабарды (Құранды) үмметіне жеткізу нығметіне бөлеген Мұхаммедтің ғана емес, Алланың абыройлы діні. Мұхаммедтің өз жоспары болған жоқ. Оның міндеті Алла оған аманат еткен Құранды әлемге паш етуде еді. (Қараңыз: Құран 42:48, 13:40, 5:99-100)

Мұхаммед өз қалауынша халалды харам немесе харамды халал деп ұйғара алмайды. Солай (халалды харам) етпек болғанында, Құдай оны әшкере етіп, мінеді (қараңыз: Құран 66:1).

66:1 аяты бізге әлденені харам немесе халал етуші жалғыз Алла екенін есімізге салады. Ешкім де Мұхаммедке Алла оған Құранда бермеген құзырды тән ете алмайды. Бұны істеуге тырысатын кімде-кім өзінің Құранда баяндалған ғибраттар мен Құдай сөзін жасынға (жалғанға) шығарып, оған ортақ қосатынын айғақтайды.

(9) Ақиқатқа бойұсынғандар Алла әлдене айтса, Ол дәл соны меңзейтінін, ал, Ол ештеңе хақында айтпаса, Ол, сондай-ақ, сонысын сездіретінін біледі. Бізге Құранда үкім етіліп, берілгеннің бәрі алдын-ала ұйғарылып жіберілген, ал, қалып кеткеннің бәрі, сондай-ақ, алдын-ала ұйғарылып қалдырылған.

Алла ештеңені ұмытпайды (Қараңыз: Құран 19:64). Біздің бұл дінге Алла алдын-ала ұйғарып қалдырылғанды қосып, оны Одан немесе Оның елшісінен деп жария етуге пәрменіміз жоқ. Оның елшісі тек бір хабар әкелді, ол хабар Құран болып табылады. Алла бізге Оның сөзі сарқылмағанын айтты (Қараңыз: Құран 18:109).

(10) Алла біздің Оның кітабы — Құранға түзетулер енгізгенімізге зәру емес, бірақ, біз өміріміздің әрбір көрінімінде (мезетінде) Оған қатты зәруміз. Құранға түзету енгізе аламыз деп ойлайтындар бар болғаны өз пұттарының жалғыз Аллаға теңдес тәңір ретінде танылуына қол жеткізгісі келеді.

(11) Алла ақиқатқа бойұсынғандарды өздері көрген, естіген немесе оқыған кез-келген мағлұматты тексеріп, көз жеткізіп отыруға шақырады (қараңыз: Құран 17:36).

Сонымен, өздеріңіз тексеріп, көз жеткізіңіздер. Исламдағы әйелдер дресс кодына арналған үш ереже:
Aman1990

Қай сасқанымнан? (Салафиттер мен сопыларға қарсылық)

Неге салафиттерді және сопыларды құрметтеуге міндеттімін?

Олардың «сеніміне» неге шыдамдылықпен қарауға міндеттімін?

Ешкім де, еш нарсе де оларға қарсы төзімді және шыдамды болуға міндеттей алмайды.

Олар маған қалай қараса, оларға және олардың түкке де тұрғысыз секталарына қарсы тура солай қарауға толық құқылымын деп санаймын. Оған қоса олар менің Ақиқатты түсінуіме қарсы болды.

Олар мені имансыз кәпір деген атқа лайық көрді, сондағысы менің Құдай мен Құранды түсінуім олардыкіне сәйкес еместігінде екен.

Салафиттердей қысқа балақ шалбар кимей, ұзын сақал өсірмегенім үшін, сопылар секілді ұшатын пірлер мен «қасиетті» ағаштарға сенбейтінім үшін кәпір атандым. Құранды өз бетімше түсінгенім бойынша тек өз басыма ғана сене алатынымды айтқаным үшін кәпір деген атқа ие болдым. Елімізге толып кеткен келімсек молдалардың айтқандарына да иланбағаным үшін де кәпір лақабына ие болдым.

Сонша уақытымды сарп етіп философия мен ғылымды, математика мен астрофизиканы, араб тілінің қыр-сырын меңгеруге талпыныстарыма қарамай, қолынан түк те келмейтін надандардан балағат пен басынуды ғана көремін.

Мен бір ғана нәрсеге кәміл сенемін: олардың сондай сұрқия өтірік пен надандыққа батып кеткендігін әшкерелеп жар салуым керек. Мұны бәрі де естіп білсін.

Олар он екіде бір гүлі ашылмаған кішкентай қыздарды еріктеріне қарсы ар-ұяттан безген шалдарға әйелдікке береді. Өздеріндей адамдарды мал құрлы көрмей, таспен атқылап өлтәруден тайынбайды.

Осының бәрін біле тұра мен қалайша дін-аралық төзімділікті бетке ұстап, үнсіз ғана шетте қаламын?

Менің ішімде қара қазандай қайнаған бар ар-ожданым, жан-тәніммен бірге мұндайға қарсы!

Солардың дүниетанымдарының негізін қалаушылар өз басымен ойланған адамдарды отға жағып, қырып жойған.

Солардың ізашарлары хадистерді жазып, Құранның нағыз мағынасын бұрмалаған.

Мұндайлардың зұлымына Құдай өз Құранында тайсалмай ашық түрде қарсы шығуды бұйырады.

Құдайдың әмір еткені — өз ізбасарларын алдап жүрген салафиттер мен сопылардың басшыларының жасап жатқан әділетсіздігіне және надандығына көз жұмбай, сонысын бетке айту. Шынтуайтқа келсек, салафиттер мен сопылардың басшылары нағыз барып тұрған есерсоқ, жатыпішер жалмауыздар!

Құранды зерттеуімізде табылған ғылыми және математикалық кереметтерді елге жайып көрсеткеніміз үшін біздерді мінеп-сынайды. Сонда біздің Құдайды бар екеніне дәлел келтіргеніміз үшін, әрі Құран Құдайдың сөзі екенін айтқанымыз үшін ғана мінеп сынайды.

Біздің үстімізге кір жаққылары келеді. Бізге қарсы арамдық торын құрмақшы.

Олардың «нағыз данагөй және данышпандық» дегендерін қабылдап, одан дұрыстық іздеу тек қана қорқақтарға тән және ол барып тұрған бассыздық және есуастық болар еді.

Құрандағы ғылыми деректерді көрсеткен роликтерге жауаптары тек қана «аузубиллахиден» ары аспайды, өйткені оған бастары да жетпейді.

Құранның маған үйреткені — адамгершілік, батылдық, қайсарлық, әділдік және шындық. Зорлық-зомбылықтан бойды ұзақ ұстау Құранның үйреткені.

Ақиқатты қорғау, Құранның шындығын көрсету біздің бірінші және басты міндетіміз.

Құранда хиджаб киюге ешқандай әмір жоқ, сонымен сөз бітті. Салафиттер мен сопылар ойына келгенін айтып, Құранға қайшы келіп лағып жатады.

Қасиетті соғыс — жихадта дінсіздерді қырып-жоюға ешқандай негіз жоқ. Құрандағы жихад сөзі жігер, ынта, ыждағат мағыналарын береді. Бұл туралы айтпай қалуға болмайды.

Бұл жолда соңына дейін баруға дайынмын, Құдайдың рұқсатымен. Өйткені Құдайдың бізге берген ақылы соны Құранда көруге мүмкіндік береді.

Құран — бұл философия мен ғылым, математика мен адамгершілік.

Сендердің секталарын тек қана ағаштай қатып сіресіп қалған діни жоралар мен ғұрыптардың жиынтығы. Оның өзі Құранды бұрмалаудан тұған адасушылық қана.

Мен өз елімді сүйемін, және осы елімнен орта ғасырлық түсінік әлемінде қалып қойған елдерден келген келімсектерден тазарту үшін барымды саламын.

Мұны түсініп, сақалдарыңа қосып өріп қойыңдар, сосын барып жайнамаздарыңа жығылып, жылап та аларсыңдар.
Көріскенше!