Таңдаулы

"Қазақстанда" енді тек қазақша...

Кешелі бері "Қазақстан" арнасы телетаратылымды тұтастай қазақ тіліне көшірді. Елбасының пәрмені бар-ды. Кесім сол болды. Орыстілді сегментіндегілер жазда жұмыстан өз қалауларымен кетіп үлгерген.

"Қазақстан" ұлттық арнасында енді төл мәдениетіміздің өркен жаюына бұл жақсы ықылас деп білем. Бұдан шовинисттік пиғыл тіміскілеп жүргендер аз боп жатқан жоқ. Шарқ ұруда. Өткендегі Теміртаудағы мектептерге қатысты да лап ете қалды. Орыстілді бір депутат барып қайтқан ұқсайды,
Әрі қарай

ҚАТЫН керек пе, ӘЙЕЛ керек пе?

Біздің жұртта нәзікжандыларды күйеуге шыққаннан кейін қатын деп атаған. Ол сөзді көбі ерсі сөз ретінде ұғынып жүр. Қатын байырға қызақ тілінде ҚҰТЫМ деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында ҚҰТЫМ сөзі Қатынға ауысыпты.
Ал, қазір Әйел деген сөзді әспеттейтін болдық. Әйел сөзі парсы тілінен алғанда ЖЕЗӨКШЕ деген мағына береді дейді тіл мамандары. Бірақ, көбіміз әлі күнге ҚАТЫННАН қашып, әйелді ардақтап жүрміз. Не істейміз???
Әрі қарай

Анама

(1998 ж, жаз)
Анам барда күлімдеймін, күлемін,
Сен болмасаң қалай өмір сүремін?
Анам барда керегі жоқ ештеңе —
Анам менің жүрегім мен тірегім.

Анам менің! Дүниедегі асыл жан!
Мейірімі шуақ болып шашылған.
Анашымның өнегесі, тәлімі
Жадымда бір кітап болып басылған.

Анам менің бұл дүниеде көнерім,
Анам менің бұл өмірде сенерім.
Теңдесі жоқ үлкен сыйлық емес пе,
Анашымның “айналайын” дегені!
Әрі қарай

Бір өкініш… Бір арман… Бір үміт…


Көбіміз осы уақытқа дейін махаббат сезімін бастан кешірген шығармыз. Мейлі ол қандай болсын: бір жақты махаббат, жауапсыз махаббат, алып-ұшырған махаббат, қайғылы махаббат…

Өзімізден жырақ кеткен адамды уақыт өте келе ұмытқанмен ара-тұра еске түсетіні анық. Не істеп жүр екен? Қызық, ол да дәл мендей есіне ала ма екен? Ең алғашқы қыдырып барған бақ, осыны жолда көрсе мен есіне түсем бе екен? Әлде мен сүйетін құлпынай балмұздағын бал татқандай жей ма екен? Эгоистік шығар, біз үшін жауапсыз кеткен махаббат әркез өкініп жүргендей еске оралады. Мейлі ол қосағын тауып, бақытты болсын, сені мүлде ойына да алмайтын шығар, бірақ бәрібір сендей адамды ендігәрі жолықтырмайтындай болады да тұрады…

Әрі қарай