Жарияланымдар

Орта есеппен көлік жүргізуші әйел


1. Қысқарту жолдарын білмейді, өздері үйреніп қалған жолмен жүре береді «тығын» боп тұрса да
2. Рульде отырып артық істер істей алмайды, музыка ауыстырып терезе жабу деген жұмыстарды
3. Машиналары көбіне кішкентай маркалы: гольф, матиз, смарт, жук, мини, Рав 4, тайота лансер.
Әрі қарай

Күн күліп тұрған суреттер

Алматының көшелерінде жарнама ретінде осы кісінің суреттерін жиі көретінмін. Қарап қойып, мынау ана жер мына жер, майлы бояумен қалай ұқсатып салған деген ойлар келетін. Бастысы суреттерде күннің сәулесінің анық байқалатыны мені таңқалдыратын.
Кеше біздің қасымыздағы көрмеде осы суреттер тұр, көзіме оттай басылды. Көшеден көргеннен де әсері зор болды. Суреттері көңілді, қуаныш сыйлайтындай әсер алдым.

Қасымдағы болашақ өнер танушы жігіттің айтуынша: қазіргі кезде қазақстанда танымал суретшілердің бірі және суреттерінің ең арзан 500$ ал ең қымбаты миллионға дейін барады. Мен ойладым, жарнама агенттіктері жақсы жұмыс істейді екен деп. Дегенмен, суреттері өте көңілді.
Әрі қарай

Кешіккен сараптау

Өзім үшін, былтырғы блогкэмптен биылғы блогкэмпке өзгерген жайттарды сараптап суреттер түрінде салсам ба деп ойлағаным ғой. Енді арасында бір жыл өтіп кетті ғой. Биылғы блогкэмптің өзіндік ерекшеліктері болды. Себебі, былтыр келген блогшыларды виртуал болсада бәріндерлік танитын едім, биыл көбін тіпті естімеген болып шықтым.
Әрі қарай

"Дала сазы"- ол не?


Иа, иа, иа "Ғаламартты" тұрақты оқитын оқырмандар, достар бұл сұрақтың жауабын бірден айтар .
Дегенмен, өзім басы қасында жүргендіктен де қысқаша жаза кетейін . Менің ұйымдастыру жұмыстарына қатысып жатқан алғашқы жұмысым ғой, толқу да жүгіру де көөөп .
Көрме туралы қысқаша:
Әрі қарай

Суреттер не дейді?

Жаңа жұмысым суреттер галереясына жақын жерде. Керемет кескіндемелерді көріп жүрмін. Бұрындары суреттерге қарап, түк түсінік бермейді деп ойлайтынмын. Кейіннен, суреттерден көп нәрсе ұға бастадым. Суретшінің көңіл-күйін, ішкі ойын, әлемді қалай қабылдайтынын, не айтқысы келгенін түсінуге көштім. Кейде суреттерге қарап мұңайсам кейбірінен қуаныш алып басқа бір әлемге бет алғандай боламын. Тіпті мың түрлі сұрақтар да жинап шығатын кездерім жиі кездесіп жүр. Суретшінің бір суретінің өзінде бір әлем жатқандай күй кешемін. Өзіндік сезім, өзіндік ой- сана, өзіндік тұжырым, өзіндік қуаныш пен өкпе- наз…

Жалпы айтпағым, бұл емес кеше алып келген суреттер жайлы еді…

Сонымен, мен күнделікті суреттерін тамашалап жүрген галерея- "Ұлар" арт агенствосы. Суретшілер одағында орналасқан. Жақын күнде ашылуы болатын көрмеден ұрланып түсірілген суреттер :

Авторы: Нүрекеев Рәшид. Сұрақтары көп сияқты ма? әлде жәй күнделікті өзі жалыққан көз қарас пен сұрақтарды бергісі келді ма екен? Өзін көріп жатсам міндетті түрде сұрармын.

Әрі қарай

Мен ұсынатын кітап "Желідегі жалғыздық"

Ең қысқа мерзім махаббатта...

Көптің бір құсап, менде пойыздың астына түсейін ба? Махаббатта жолым болмады деп өзімді ақтайын ба? Темір жолдың осы бір тұсында өз өмірін қиғандарын қаншама екен? Темірлердің ана жерлері ағарып кетіпті, қаншама қан жуылып тастады екен?..

Жалғыздық… Жалғыздықтан өткен қиыны жоқ шығар… Енді ешқашан жалғыз болмаймын, ешқашан. Сондықтанда осы аралыққа келдім…

Бір-екі қадамда біреу отыр, компьютерінің сәулесі бетіне түседі, ол бетін қалқалай берді, жылағанын көрсеткісі келмейтіндей… Жоқ, мен бұл жолға жалғыз аттанғым келген. Тіпті отырсы да қорқынышты...

Әрі қарай

АКУ мен кездесу не керекшілердің жиылысы :)))

Күздің соңғы күнін керекшілердің жиылысымен Сити кафесінде шығарып салдық . Жиылысымыздың басты себебі астанадан АКУның келуі болды . Мадлен хабарлап, біраз керешілердің басын қосып, керекті әңгімелер айтып пиццаның түр-түрін жеп қайттық қой. Келмегендердің іші күйсін енді. Айтпақшы үлкен құпия белгілі болды, түшшш Жалғас саңырауқұлақ жемейді екен . Сол енді, аздаған суреттен алып отырыңдар:
Әрі қарай

Кейде деймін де...

Негізі бұл пост ОН.кз сайтында жарияланған. Бірақ күнделікті өмірде осындай жәйттерді көргенде осылай жігіттердің жалпы жастардың осындай ойларды көңілдеріне түйіп жүрсе дейсің…

Осы нағыз еркек болып жүретін адамдарды көп кездестіремін.

Нағыз еркек шығар деп ойлаймын да.

Бірақ автобуста қыздар тұрып тұрғанда міз бақпастан отыра беретін жігіттер көп. Мұндай кезде «нағыз жігіттік» туралы ойларының қайда кететініне таңмын.

Қыздардың ақшасына қыдырғанды ұнататындар да бар.

Өзіне сыйластықпен қарайтын қызды пайдаланып қалуды ойлайтындар бар.

Көшеде қыздар ауыр зат көтеріп келе жатса немесе сүрініп құлап жатса, «менің қатысым қанша?» дегендей, қол ұшын беруге қысылатындар бар.

«Оның қолынан қалай ұстап жүрсің? Ол жезөкше ғой» дейтіндерді де жек көремін.

Көбі құрбысының туған күніне "әйтеуір бірдеңе" сыйлап құтылуды ойлайды. Сыйлық — ниеттің көрінісі. Сондықтан жақсы сыйлық алудан қашпау керек. Арзан, сапасыз дүние сыйлағанша, сыйламаған артық.

Осындай-осындай жағымсыз мысал-адамдарды көргенде өзімді cуперрыцарь сезінемін.

Кейбір ережелердің мен үшін құны жоқ болса да, бәрібір мен азаматпын, сондықтан, автобуста қыздар тұрып тұрғанда отыра алмауым керек, қыздардың ақшасына қыдырғанды ар санауым керек. Тағысын-тағы. Бұл нәрсе «нағыз жігіттердің» түйсігінде болып, тіпті әңгіме болмауы қажет. Негізі.
Әрі қарай