Жарияланымдар

Аяз Ата мен Санта Клаус Алматыға көшіп келу үшін қанша қаржы жұмсар еді?

Блог - Aikona: Аяз Ата мен Санта Клаус Алматыға көшіп келу үшін қанша қаржы жұмсар еді?
Бірнеше жыл бұрын скандинавиялық консалтинг компанияларының бірі дүниежүзіндегі әр балаға жаңажылдық сыйлық жеткізу логистикасы жөнінен Санта Клаус үшін Ферғана жотасы ауданы ең қолайлы орын болатынын есептеп шығарған еді. Бұл мекен Алматыдан 500 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің мамандары егер Санта мен Аяз Ата Қазақстанның оңтүстік астанасына көшіп келсе, оларға қандай баспана қажет болатынын және ол үшін қанша қаражат жұмсайтынын анықтап көрді.
Ресми статистика цифрларына сүйенер болсақ, әр қазақстандыққа орташа есеппен 21,5 шаршы метр баспанадан келеді. Осы мәліметті негізге ала отырып, Аяз Ата мен Санта Клаусқа қолайлы баспана өлшемдерін оңай анықтауға болады.
Аяз Ата мен оның немересі – Ақшақарға екі жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі мен жеке кабинеті (бұл – міндетті түрде қажет бөлме, себебі Аяз Ата балалардан келген хатты оңаша отырып оқуы керек қой) бар төрт бөлмелі апартаменттің жарап қалатыны кәдік. Тұрғын үй кешені қала орталығынан алыс емес жерде, тауға жақын маңда, инфрақұрылымы дамыған және экологиясы қарт адамға қолайлы ауданда орналасқаны жөн. Шаршы метрі 390 мың теңге шамасында деп есептегенде ауданы 90 шаршы метр болатын мұндай пәтерлердің әрленер алдындағы құны 35,1 млн. теңгеге шығар еді. Шанасы мен үш атын жайғастыру үшін Атаға жерасты паркингінен тағы екі орын қажет болады, яғни үй бағасына шамамен тағы 8 млн. теңгені қосыңыз. Барлығы – 43,1 млн. теңге.
Ал Санта Клаусқа қаражаттың да, баспана көлемінің де әріптесіне қарағанда, көбірегі қажет. Себебі оның көмекшілерінің өзі бір қора — гномдар, эльфтер мен Рождествоға арналған сыйлықтар өндірумен айналысатын басқа да ертегілік кейіпкерлер бар. Өкінішке қарай, Санта көмекшілерінің нақты саны белгісіз, сондықтан қажеттілік мөлшерін жобалап есептеуге тура келеді.
Сонымен, Алматыға көшіп келгенде Сантаға ең алдымен баспана, шаруашылық және өндірістік нысандар салуға қажетті жер телімін сатып алу керек. Қала аумағындағы бір сотық жердің орташа құны – 4 млн. теңге. Санта Клаусқа үй, таңғажайып көмекшілеріне арналған жатақхана, сыйлық өндіретін цех пен оларды сақтайтын қойма салу үшін және 9 бұғы мен шанаға қажет орын үшін, кем дегенде, құны 40 млн. теңгеге шығатын 10 сотық қажет болады.
Санта жалғызбасты болғандықтан оған 2 млн. теңге тұратын ауданы 50 шаршы метрге дейінгі ағаш үй де жетеді. Өндірісте жұмыс істейтін гномдар мен эльфтерге арналған ауданы 16 шаршы метр болатын 60 пәтерлік бесқабатты жатақхана 240 млн. теңгеге (мұндай пәтерлердің орташа құны 4 млн. теңге деп есептегенде) шығады.
Сыйлық өндіру мен сақтауға арналған әрқайсысының ауданы 200 шаршы метр болатын қос орын құрылысына 8 млн-ға жуық теңге, ал бұғылардың бағымы мен шананы жайғастыруға тағы 4 млн теңгеге жуық қаржы қажет болады. Жалпы алғанда, Санта Клаустың Алматыға қоныс аударуы үшін кем дегенде 294 млн. теңге жұмсалар еді.
Анықтамалық ақпарат
Homsters.kz – жылжымайтын мүлік сатуға арналған халықаралық онлайн-алаң. Homsters.kz жылжымайтын мүлік объектілері туралы сенімді ақпарат негізінде екі тарапқа да тиімді мәмілелер жүргізу үшін сатушы мен сатып алушыны біріктіреді. Қазіргі уақытта онлайн-алаң белсенді сауда кезеңіндегі жаңа үйлер сатушыларының 70%-мен серіктес болып, жұмыс жүргізіп отыр, сонымен қатар бүкіл республика бойынша қайталама тұрғын үй нарығының 28 мыңнан астам объектісін қамтитын тексерілген мәліметтердің ашық базасына ие. Homsters.kz Қазақстанның жылжымайтын мүлік сегментіндегі көшбасшы үштіктің қатарына кіреді және нарықтағы өз позициясын нығайтып келеді.
Әрі қарай

Қазақстандық құрылыс салушылар жаңа клиенттер үшін қалай күреседі?

Блог - Aikona: Қазақстандық құрылыс салушылар жаңа клиенттер үшін қалай күреседі?
Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы желтоқсанның ортасынан бастап әдеттегідей "қысқы ұйқыға" кетеді. Белсенділік жаңа жылдың қаңтарының соңында ғана басталады. Homsters.kz сарапшылары үй салушылар өлі маусымда клиент үшін қалай күресетінін талдап көрді.
Қысқы мерекелер қарсаңында жылжымайтын мүлік нарығында тыныштық басталады. Сатушылар мен сатып алушылардың көбі желтоқсанның алғашқы апталарында-ақ мәмілелердің бәрін жасап бітіруге тырысады, сөйтіп, айдың соңында сату-сатып алу мәмілелерінің саны нөлге дейін азаяды. Бірақ баспана бағасы статистикалық ала-құлалық аралығында есепке алынады. Сондықтан клиент жинағысы келген үй салушылардың дені сан алуан акциялар мен жеңілдіктер маусымын бастайды. Homsters.kz сервисіндегі үздік тұрғын үй кешендері туралы базасын талдаған компания мамандары кең тараған ұсыныстардың екі типін ажыратып отыр.
Жеңілдіктер
Шаршы метрлер бағасына жеңілдікті, мысалы, астаналық Real Comfort пен алматылық «Әлем» және «Комфорт» тұрғын үй кешендері ұсынады.
Real Comfort тұрғын үй кешені Астанада Есілдің сол жағалауында, салынып жатқан EXPO павильондарына жақын маңда орналасқан. Болашақ тұрғындар көріктендірілген және күзетілетін аумағы бар, ауданы 43 шаршы метрден 63 шаршы метрге дейінгі пәтерлерді таңдай алады. Сегізқабатты бұл нысанды 2017 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру көзделіп отыр. Жаңа жыл алдындағы акция шеңберінде бір шаршы метрдің құны 260 мың теңгеге дейін төмендетілді.
Оңтүстік астананың Әуезов ауданында орналасқан «Әлем» тұрғын үй кешені ауданы 74 шаршы метрден 99 шаршы метрге дейінгі пәтерлерді ұсынады. Жаңа жыл қарсаңындағы акцияны есептегенде бұл үйде бір шаршы метрдің құны – 240 мың теңге. Нысанның алғашқы тұрғындары үшін тамаша бонустар жасалып отыр, мысалы, жерасты паркингін жалға алу бір жылға дейін және интернетке қосу қызметі алты айға дейін тегін болады.
Алматының Бостандық ауданындағы құрылысы аяқталған «Комфорт» тұрғын үй кешенінде шаршы метрдің бағасы акция аясында 385 мың теңгеден 365 мың теңгеге дейін төмендетіліп отыр. Көріктендірілген, күзетілетін ауласы мен жерасты паркингі бар кешеннен ауданы 53 шаршы метрден 140 шаршы метрге дейінгі пәтерлерді сатып алуға болады.
Акциялар
Шаршы метрдің бағасына тікелей байланысты емес акциялар әдетте сатып алынатын баспанаға қажет болатын керек-жараққа қатысты жасалады.
Айталық, қазақстандық ірі құрылыс салушылардың бірі пәтер сатып алушыларға тұрмыстық техника мен жаңа баспананы сәндеуге қажет болатын үй электроникасын жаңажылдық сыйлық ретінде береді. Акция бұл компанияның кез келген нысанынан баспана сатып алатындар үшін 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады, компания нысандарының қатарында Алматыдағы Royal Gardens, «Симфония» тұрғын үй кешендері мен «Алмалы» тұрғын үй ауданы, Астанадағы England, Millennium Park және «Триумфальный» тұрғын үй кешендері бар.
Келесі бір ірі құрылыс салушы пәтерлер, автокөліктер, екі адамға арналған туристік жолдамалар, тұрмыстық техника, үй электроникасы сияқты бағалы сыйлықтарға ұтыс ойнатады. Ұтысқа қатысу үшін 2017 жылдың 31 қаңтарына дейін компания нысандарының бірінен пәтер сатып алу қажет, ондай нысандардың қатарында елордадағы «Арман Қала», Park Avenue, BI City және Алматыдағы Gagarin Park, «Сезам», «Асыл Тау» кешендері бар.
Homsters.kz те өз клиенттеріне сыйлық тарту етеді. Ниеттестік туралы жаңа бағдарламаның шеңберінде Homsters.kz жаңа баспана сатып алушыларға арналған тегін кеңестер қызметін пайдаланған және осы онлайн-сервистің көмегімен жылжымайтын мүлік сатып алған адамдардың бәріне тұрмыстық техника сыйлайды. Сыйлықтарға баспана сатып алғалы жүрген достарына Homsters.kz-ке хабарласуға кеңес бергендер қол жеткізе алады. Акция шарттары туралы promo.homsters.kz/ сайтында толығырақ жазылған.
Анықтамалық ақпарат
Homsters.kz – жылжымайтын мүлік сатуға арналған халықаралық онлайн-алаң. Homsters.kz жылжымайтын мүлік объектілері туралы сенімді ақпарат негізінде екі тарапқа да тиімді мәмілелер жүргізу үшін сатушы мен сатып алушыны біріктіреді. Қазіргі уақытта онлайн-алаң белсенді сауда кезеңіндегі жаңа үйлер сатушыларының 70%-мен серіктес болып, жұмыс жүргізіп отыр, сонымен қатар бүкіл республика бойынша қайталама тұрғын үй нарығының 28 мыңнан астам объектісін қамтитын тексерілген мәліметтердің ашық базасына ие. Homsters.kz Қазақстанның жылжымайтын мүлік сегментіндегі көшбасшы үштіктің қатарына кіреді және нарықтағы өз позициясын нығайтып келеді.
Әрі қарай

Мен ұсынатын тіскебасар :)

Мен негізі аспаздық өнермен мақтана алмайтын адамдар қатарынанмын. Бірақ, анда- санда өзім ғана қалғанда жасап жейтін тамағым бар және көп уақытта керек емес максимум 10 минут  Соны сіздермен бөліссем.
Әрі қарай

Мен көрген БлогКэмп

Көптен күткен, көптен шақырған блогкэмте өтіп кетті. Біраз адамдар мен танысып, Шымкентті көріп қайттық. Өкініште, қуанышта бар. Кемшілігі де сол пайдалы ақпарат ала алмағаным шығар… Жылда өзіме пайдалы бір ақпар алып қайтатынмын, мүмкін ақпарат алатын белестен өтіп ақпарат беретін белеске өтіп кеткен де шығармын... 
Әрі қарай

БлогҚұрылтайға 7 күн қалды!

Өздеріңіз білетіндей, биылШымкент қаласында өтетін БлогКэмп 2013 шарасына 7 күн қалды. Кешегі күні, яғни 15 күні блог құрылтайға тіркелу аяқталды. Қазірше тіркелгендер 321 адам. Тіркелгендердің ішінде көбіне Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Павлодар, Орал, Қостанай, Өскемен, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылжар, Тараз, Түркістан және басқа да қалалардан блоггерлер тіркелген. Тек қазақстан қалаларынан ғана емес Франция, Қытай, Моңғолия елдерінен қандас блоггерлер тіркеліп үлгерген. Блогкэмпке алдын ала тіркелу нақты қанша адам санын келуге болатын мүмкіндігін көрсетеді және блогкэмп кезіндегі ұйымдастырушылар дайындаған естелік заттардан міндетті түрде берілетіндігін білдіреді. Егер, сіз тіркеле алмай қалған жағдай да, тыңдаушы ретінде келіп көріп танысуыңызға болады.

БлогҚұрылтайдың ресми өтетін күндері 23-24 наурыз күні. Алдында ескерткендей 22 нен 23 не қараған түні пәтер ақыны өздеріңіз көтересіздер. Егер сіз басқа қаладан келетін болсаңыз, Шымкентті жақсы білмейтін болсаңыз және таныс-туыстарыңыз жоқ болса пәтер жалдау жөнінде Берікбол атты жігітке хабарласып сізге алдын ала квартираға немесе қонақ үйге бронь жасатып қоюды сұраңыз.

1) Қонақүй – бағасы – 3- 16 000 теңге. ОҚМУ (университетке) ең жақын орналасқаны – “Клара Центр Сапар”.
2) Пәтер – сыйымдылығы 4-8-адам, бағасы – 4-8 000 теңге
Берікболдың байланыс телефоны: 8 702 266 56 33


Тағы да естеріңізге сала кетсем: БлогҚұрылтай өтетін жер туралы ақпаратты мына жерден біле аласыз және БлогҚұрылтай бағдарламасы мына жерде.

БлогҚұрылтайдың көп бөлігі бейресми ортада өтетін болғандықтан біз екі байқау ұйымдастырып отырмыз! Байқаудың қорытындысы 24- наурыз күні белгілі болады!

Назар аударыңыз байқау!

1- байқау: ПЛАНШЕТ ҰТЫП АЛ! Толығырақ мына сілтемеде.

2- байқау: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР БАЙҚАУЫ. “СЕЛТЕТКІЗЕР” МЕН “ҰЙҚЫАШАР”. Толығырақ сілтеме арқылы өтсеңіз біле аласыз.
Егер сізге оқу орынына немесе жұмысыңызға БлогҚұрылтайға келу үшін ресми шақырту қағазы керек болса мына жерден толығырақ білуіңізге болады.

БлогҚұрылтайда кездескенше қымбатты КЕРЕКТІК БЛОГГЕР!
Әрі қарай

Блогтағы танымал тақырыптар немесе біз нені көп талқылаймыз

Заманның дамуына қарай қазір «блог» жазу сәнге айналды десе де болады. Әр бір блогтұғырды қолданып және ол жерде өз ойын бөлісіп жүрген әр бір қолданушы өзін «блоггермін» деп атауға толық құқылы.


Сонымен, қазіргі күндегі өзіміз оқып жүрген блогтұғырлардағы тақырыптарды сараптап көрсек.
Әрі қарай

Саз әлемі 2

Саз әлемі- 2012 кешеден бастап қайта бізді қуантпақ…

Былтырғы жылы, бірінші рет басталғасын кемшіліктері жайлы көп сөз қозғап, біраз әншілерді аспаннан түсіріп қойған едік…

Әр бағдарлама жасаушыға меніңше болса, өз бағдарламасын жұрттың қалай қабылдап, жақсы-жаман болсын талқылап жатқаны меніңше қуаныш. Шын ғой, өзіміз кішкене бірдеме жазсақ та талқылау күтіп отырамыз. Ешкім 100% керемет дүние жасай алмайды, себебі талғам деген "өте капризный" кісі екен)).
Әрі қарай

Орташа есеппен қазақтардың үй салуы


"Үй салу керек еді"- деп кемінде 3 жыл жүреді, енді қиялдай да білу керек қой!
Үй салу жайында көбіне балалары ер жеткенде ойланады, онда студент балалары туысқандарыныкінде тұрудан жалықандарын айтқанда шешім қабылдайды
Жер алу үшін міндетті түрде кредит алады
Жерді алдымен байлар тұрады деген аудандардан іздейді, несі бар ақшасы бар шығар
жер іздеуде ақшасының қалыңдығына қарай, басқа райондарға көшеді
Әрі қарай

Қыздар танитын футболистер ондығы

Жігіттеріміз де енді «андай» күндері болып жатқан соң, бізге көп көңіл бөлінбей қалып жатыр ғой. Біз, қыздар, жалпы футбол қарамаймыз . Мысалы, көп қыздар, енді барлығы дерлік қарамайды. Футбол қарайтын қыздар көбіне жігіттері мен ортақ «тақырып» болу үшін қарайды немесе жарнамадан не журналдан әдемі жігіт көріп қалса кім екен, немен айналысады екен деп интерес тудыруы мүмкін. Интерестің ішіне: әйелі бар жоқтығы, қай елдікі екені, қанша қаржысы, қандай үй машинасы, футболдан басқа қандай бизнесі бар жоқтығы ғана қызықтырады. Оның қандай құрамада, құрамада кім екені қызықтырмайды.
Сонымен жігіттерінің, жарнамалардың арқасында қыздар таниды- ау деген 10 танымал футболист:
Әрі қарай

Ерекше техникамен салынған суреттер


Бірғали Байекеев маңғыстау өңірінен шыққан ерекше дарын иесі. Маңғыстау өңірінде көптеген жылдар бойы журналист болған. 5 жасыннан сурет сала бастаған, қазіргі кезде көп суретшілер қолдана бермейтін (Қазақстанда кенже қалып қалған) линогрвюра, офорт, ксилография, литогрифия графикалық техникада сурет салады, онымен қатар қара қарындаш пен гуашьпен де сурет салудың шебері. Бұл техникаларда сурет салу өте қиын, жұмысы ауыр. "Әсіресе ақ қара түсті заттарды салған кезде ақ түсті суреттерді беру өте қиын дейді",- өнер танушылар.
Әрі қарай