Шал ақын ата өзің қолдап, (Қазтуған, Ақтамберді аталар да қарап қалмай)
Аллаһ Тағала Мұхаммед пайғамбарға: «Шынында, өліктерге естірте алмайсың» — деген (Нәміл сүресі, 80-аят). Шал ақын сізді қолдамақ түгілі, тіпті естімейді де не сұрап жатқаныңызды.
Темекі де дүнияуи мәселеге жатады, бірақ ол харам, не себепті? Себебі ол денсаулыққа орасан зор зиян тигізеді. Оны дәрігер де, қарапайым халық та біледі. Бұл туралы мына жерлерден оқып алсаңыз болады: Мына жерден 1 Мына жерден 2
Дұрыс емес. Себебі, дүнияуи мәселелердің негізі — халал (рұқсат етілген), тек кейбіріне харам деген тыйым келмесе. Яғни основа в мирском — все халял, исключением является только то, что запретил Аллаһ и Его посланник.
Ал біздің талқылап отырған тағамымыз дүнияуи мәселеге жататыны айтпаса да түсінікті.
Осы айтып тұрған сөзіңізді шынайы өз жүрегіңіздегін ақтарып айтты дегенге сене алмаймын. Аллаһ Тағала Құран мен Сүннетті түсірмей тұрған кезде де адамдарға тек Өзіне ғана құлшылық етуге шақыратын елшілер жіберген. Оны сіз жақсы білесіз. Аллаһ Тағала былай деді: «Біз әрбір халыққа: “Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Алладан өзгеге сиынудан аулақ болыңдар”, — дейтін елші жібердік» (Нахл сүресі, 36-аят).
Құран, хадис және сахабалардың түсінігіне жету үшін арабша білу міндет деп кім айтты? Демек сіздің сөзіңізге сүйенер болсақ, арабша білмеген адам Құран, хадис және сахабалардың түсінігіне жете алмайды, демек ақиқатқа да жете алмайды.
Мысалы, осы тұрғанда айтып отырған және соған дәлел қылып келтірген сөздерім жалған ба менің? Өзіңіз айтыңызшы. Мен ешқашан қате жібермеймін демеймін, дегенмен дәл осы айтқаным қате ме?
Мен адамдардың ішінде пайғамбардан басқа ешбір кісіні қате жібермейді деп айтпаймын. Қандай да бір адамның өтірік не шын жазатынын сол айтқан әңгімесін Құран, Сүннет және сахабалардың түсінігіне салып қарау қажет: әрқайсысын бөлек-бөлек қарау керек та.
Тариқ ибн Шихабтан пайғамбар: «Бір шыбынның себебінен бір адам жәннәтқа, ал екіншісі отқа кірген» — дейді. Адамдар одан: «Иә, Аллаһ елшісі, бұл қалай?!»-деп сұрайды. Сонда пайғамбар: «Бірде екі адам бір дінсіздер тайпасының жанынан өтіп бара жатады. Жанынан өтсең міндетті түрде соған құрбан шалу керек болған бір пұттары бар екен. Сонда пұтқа табынушылар екі жолаушының біріне: «Әйтеуір бір нәрсені құрбандыққа шал» — дейді. «Менде құрбан етерлік ештеңе жоқ»-дейді әлгі адам. Әлгілер қоярда-қоймай: «Тым болмаса бір шыбынды құрбан ет» — дейді. Ол адам шыбынды құрбандыққа шалып еді, оған жолын әрі қарай жалғастыруға рұқсат береді. Осы үшін ол отқа кірген. Кейін отқа табынушылар екінші жолаушыға: «Сен де бірнәрсе болса да құрбандық ет» — дейді. Сонда ол: «Мен тек қана Аллаһқа құрбан шаламын» — дегенінде оның басын кесіп алады. Ал ол болса жәннәтқа кіреді» — деген хадис келген (Ахмад «Әз-зуһд»).
Мына жерден 1
Мына жерден 2
основа в мирском — все халял, исключением является только то, что запретил Аллаһ и Его посланник.Ал біздің талқылап отырған тағамымыз дүнияуи мәселеге жататыны айтпаса да түсінікті.
al-hanifiya.kz/arturi-audio/88-valentinkuniharam