Жарияланымдар

Алдамшы дәурен

Әлеуметтік желілердегі таныстығымыз реалға ұласты. Былайша тәуір көреміз бір бірімізді. Емешегіміз езіліп тұрады онлайнда. Бір күні жұмыстан шығып, оның жұмысына бардым. Жобалау институтында жоба менеджері екен. Күтпеген жағдай болды ол үшін. Бірден паркке тарттық.
Дендропарктегі кассадан ақшаны төлеп, кіру билетін алуым сол екен, шар алып алдымнан атып шықты. Құдды кішкентай. Алдымда еркелеп мәз болып келеді. Еркенің еркесі енді…
Бірақ өзіме ұнайды. Қатал өскендіктен, қылықтарын кішкентай балаға ұқсатамын. Газельде, автобуста отырғанда, басқа қыздарға қарауым мұң екен, бұртия қалады. Менің назарымды толық иемденгісі келеді. Тәлпішім-ай!!!) Осылай күндер өте берді. Қыдыру да қыдыру.
Оқиға күтпеген жерден болды. Бұрынғы «махаббатсымағы» пайда болыпты. Ресепшнде жұмыстан шығатын уақытта күтіп отырғам, қасыма бір жігіт келіп ырсылдап отыра кетті. БІр кезде телефонымен сөйлесіп келе жатқан еркемнің даусы шығып келе жатты. Қасымдағы жігіт менен де тез орнынан қарғып тұрды. Қайтер екен десем, қасына жетіп барып, бетінен сүйіп амандасып қал жағдайды сұрап барады. Түсінбей состиып біраз тұрдым. Керегім жоқ сияқты. Біраздан соң маған бүгін бірге қыдыра алмайтынын айтып, ана жігітпен кете барды. Пайдаланылып, сол жерде қала бердім…
Әрі қарай

Таудағы жайылымға барып келу хикаям

Ауылға жиі барамын. Ауасы, айраны жағады. Әкемнің Үркен деген інісі бар. Аңшы. Саусағынан өнері тамған ұста. Әйелі төсек тартып қалса, «збагойно» тандырға нан жаба салады.
Атамның көзі тірісінде бізге атаған сиыры бар тұғын. Сол сиыр көктемде туғанда, тауға жіберіп, жаздың ортасында ақша керек болып қалып, сол бұзауды сатуға тура келді. Сату үшін әрине тауға барып, айдап келу керек.
Үркен тәтем(оңтүстікте ағаны тәте деп айтады) екеуміз жиналып қамданып жолға шығатын болдық. Жайылым ауылдан 10 км жерде негізі. Уйде ат ұстамайтын болғандықтан жаяу шығуға тура келді.
Өзімше кинодағыдай, рюкзак асынып, мұздай болып тұрмын. Үркін менің тұрысымды көріп: «Мыналарыңды таста, үшінші қырдан соң өзің-ақ лақтырғың кеп жібереді» дегенін мазақ көрдім. Намысым «слегка» тапталғандай болды)
Қош сонымен, сағат түскі 11-де жолға шықтық. Күн ыстық, бірақ бетіңді ыстық самал аймалап, сүйіп барады. Ескен самал маған да ұнап тұр. Екінші қырдың ортасына жете бере, айтқандай-ақ шаршап, тер сорғалап, заттарым ауырлай бастады. Үркінге сыр білдірмей келемін бірақ. Сезіп келеді сабазың!
Екеуміздің арамыз алшақтай бастады. 2 адымнан бастап, 100 адымға жетуге барды. Мен өліп-талып жеткенше, Үркін демалып, миығынан күліп отырады. Қасына барып, отырғанда ол тұрып, жолын ары қарай жалғастырады. Амал жоқ артынан сүмірейіп, жетіп алу керек.
Бұрын мұндай сұлулыққа мән бермеуші едім, осы сәтте табиғатымыздың қандай сұлу, саф алтын екеніне куә болдым. Үркін тез бол деп түртіп келеді. Аяқтан аяқ қалмады. Аяғым бағынбай бара жатқандай болды. Адамның белінен асатын шөптердің арасынан жүріп өту мүмкін емес. Жұпар исі аңқыған шөптер мұрынды жарады. Іштей өзімді боқтап, біраз жерге апарып тастадым. Өзімнің тірлігіме әдемілеп тұрып, «объективный» баға бердім…
Шаршап-шалдығып, кеш бата малшылардың тұрағына келдік. Келе салып жата кеттім. Түрім қиналып, әбіржіп кеткен. Адам аярлықтай еді) Жігіттер бірден түсінді, қалалық ақ саусақ екенімді. Күлді де қойды. Әңгімелері де басқаша, барлығы да тіпті басқаша екен тауда. Таудың ауасында шығар деп түйдім бар гәп. Киіктің етінен дәмді жасалған сорпаны ішіп, жатуға жинала бастадық. Жасымды сыйлап, кезекші қылды).Ыдысты жуып барып, әңгімелерін тыңдап жаттым. Өте-өте тамаша, ғибратты нәрселерді тыңдап жатып ұйқыға кеттім.
Ертесіне қамданып, тағы да жолға шықтық. Малды баққан еңбектерінің ақысын төлеп кете бардық. Қызғана да қызыға, қимай кете бардым оларды. Осылай мен тауларға ғашық болдым.
Әрі қарай

Трипофобияңыз бар ма?(18+)

Әлеуметтік желілерде, форумдарда қолданушылардың никогда не открывай это деген хабарламаларын жиі көзіміз шалып қалады. Сілтемені ашқан кезде жаман суреттер шығып, жиіркендіріп жібереді.
Бұл құбылыс трипофобия деп аталады, Грек тілінен «trypho-тесік, ойық» деген сөзі мен фобия терминінен құралған. Мұндай көріністер, сондай-ақ голливудтық кинолардан байқауға болады.
Осы суреттерді көргенде құйқаң шымырлап, еркіңнен тыс тітіркеніп кетесің.
Суреттердің иллюзиялық әсерінен басында осы сезімдер қорқынышты болады. Кейін уақыт өте келе жеңесіздер, фобияларыңызды, Егер қорықпасаңыздар онда сіздерде бұл фобия жоқ екеніне қуаныштымын.
Блог - Abzal2014: Трипофобияңыз бар ма?(18+)
Блог - Abzal2014: Трипофобияңыз бар ма?(18+)
Блог - Abzal2014: Трипофобияңыз бар ма?(18+)
Блог - Abzal2014: Трипофобияңыз бар ма?(18+)
Әрі қарай

Ұялғаным-ай...

Шымкенттің көктемгі жаңбырлы күні болатын. Түлкібас ауданынадығы бір елді мекенге шығуға бел байлап, үйден шыққан бетім. Аялдамаға барған соң, «Фиркан!… Евразия!!! 18-ый микрорайон!!! Север!!! Восток!!! Кабиско!!!...» деген кондуктордың сөзіне елең етіп, 96-бағыттағы маршрутқа отырдым. Газель еді. Орын көп.
Жүргізушінің тура артындағы орындықта екі орыс қыз бен жігіт бір біріне мәз болып келеді. Сол екі жасқа қарама-қарсы, терезеге таман отырдым. Терезе буланып кеткен. Соны пайдаланып, жігіт терезеге «Алена, я тебя… » деп қасына жүрекшенің белгісін салды. Бір кезде ойға шомып кетсем керек, мен де терезеге бақырайып қарап отырып, «Алена я теб» деп жазған кезде есімді жидым…
«Неге олай еттің?» дегендей сұраулы кейіппен жігіт түсінбей маған ұзақ тесіле қарады, не істеп қойғанымды сол мезетте түсіндім. Кінәмді мойындап демімді тартып қалып, суық тер бүрқ ете қалды! Саусағымның ұшынан бастап, денемнің қызарып жатқанын анық сезіп отырмын.
Ұялған тек тұрмас деп, кондуктордың «Север!!!»(Теріскей деген мкр ғой) дегенінде орнымнан атып тұрып, газельден зып еттім. Шығып бара жатып, Аленаның сыңғырлаған күлкісі есімде қалыпты…
Әрі қарай