Таңдаулы

Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар)

Тараз қаласының тұрғындары жайлы тек жағымды естеліктер ғана қалыпты. Басы аздап шытырман оқиғаларға толы болды. Əйтеуір, шарықтау шегіне келгенде бəрі «happy end». Орталықтан бара жатқандықтан «байқа, алып қашпасын» деген сөздер аз айтылмады. "Құрбыларынан қалып қойма, апайдан бір елі алыстама!",- деп анам барғанымша бүкіл құлақ етімді жеп шыққан еді. Бір жағынан дұрыс айтқан екен. Себебі, күндіз қыздармен бірге дүкенге кірсек, артымыздан келе жатқан бір кісі: «Девчата, у меня есть машина. Если хотите могу вас подвезти», — дегенде көздеріміз шыға жаздаған. Енді, осыдан кейін қандай жағымды пікір болсын. Бір білерім, ол кісі тараздықтарға мүлдем ұқсамайды. Біріншіден, орыс еді, екіншіден киім үлгісіне қарағанда əскер қызметкеріне немесе аңшылықпен айналысатын адам. Аздап, саяхаттаушыға да келеді…
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар)
Сонда тараздықтар қандай жандар? Осы сұрақтың жауабын шешуге «Фотоаңшылық» байқауының септігі мол болды. Түстен аса қарнымыз ашып, бəріміз жұмылып кәуап жеуге кеттік. Тапсырыс беріп қойғанда, ватсаптан байқаудың алғашқы жұмбағы жарияланды десін. Керім екеуміз ойда жоқта бəрін тастап, Таразды шыр жүгіре жөнелдік.( Керім — бірге келген, Қарағандының қызы). Міне, осы сәтте нағыз тараздықтарды жолықтырдық.
Тараздың дана қариялары көп екен. Сақал-мұрттары ағарса да бірде-бір кідірместен қалада орналасқан мүсіндер мен олардың тарихын атап, жол сілтеп берді. Ал, жастар ше? Көп жерлерде жастардан бірдеңе сұрасақ, ат тонын бірақ ала қашатын əдеттері бар емес пе? Жасыратын жоқ, біздің жақта да «асығыс едім» деген сылтаумен зып етіп жоқ болып кетеді. Бүкіліне, топырақ шашпаймын әрине. Бірақ арасында осындай жайттар боп тұрад(ы). Тараздықтардың жастары белсенді əрі сөзге шешен. Шапшаңдылықтары қатты ұнады. Көздері оттай жанып тұрады ғой. Бұл көпшілігіне жетіспейтін қасиеттердің бірі деп білем. Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар)Тараздың жолдарын білмей, Керім екеуміз әжептәуір адастық. Сол кезде таксидің көмегіне жүгіндік. Ойымда қалыптасқаны:
Таксист -жақсы сырласушы. Әңгімеге кірсе, бүкілін ашық айтып тастайтын адам.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар) — Такси! Таксиии!
— Қайда барасыңдар, қыздар?
— Ағай, бізді «Тараз-Арена» жаққа апара аласыз ба?
— «Тараз-Аренаға» дейсіздер ме? мммм… иә, болад(ы)
— Ооо, ағай тек тезірек жетуіміз керек. Асығыс едік.
— Уайымдамаңдар, ұшып барамыз. (езу тартып күлді)
Жол ұзақ. Тараздың орталық көшелері мен базар жақты аралап шыққансың ғой. Қарнымыз да ашты. Кеш батып барады. Шаршап әзер отырғанда:
— Қыздар, Аренада не бар?
— Ағай, біз байқауға қатысып жүрміз. Өлең жолдарымен жасырған, мүсінді тауып алуымыз керек.
— Басқа жақтан келдіңдер ме сонда?
— Иә
— Қай жақтан боласыздар?
— Қарағандыдан…
— Қыздар, ақылымды тыңдандар, жат жерге барғанда ешқашан басқа қаладан келгендерінді айтпаңдар. Таксистерге мүлдем тіс жармаңдар. Себебі ақшаны көбейтіп жібереді. (жымиды)
— Иә, оны енді түсініп жатырмыз.
— Шамамен орта жүз шығарсыздар?
— Аха, орта жүзденбіз.
— Тараздықтардың көбісі ұлы жүз. Орта жүзден келгендерді ұната қоймайды. Оны білуші ме едіңдер?
— Не? Не дейсіз? Жоқ білмеген едік.
— Қалжың, бірақ араларымызда шынымен бар ондай жандар. Себебі мен өзім орта жүзденмін. Неше жыл болды ғой тұрып келгеніме, көріп жүрміз…
Шамамен әңгімеміз осылай өрбіді. Таксист ағай, бізді сілкіп-сілкіп алып, ең соңында достасып, тіпті бағасын да түсіріп берді. %) Тараздықтар — аузын ашса болды, жүректері көрініп тұратын халық. Өмір қатігездік пен әділетсіздікке толы болғанымен де оны түзететін мына сіз бен біз. Адамнан жаман жағын көре берсең, жақсы жағын мүлдем көрмей кетесің. Көргін келгенмен де көре алмайсың. Тараздың тұрғындары біз сияқты қарапайым, ақкөңіл жандар. Олардың артынан айтатын гу-гу өсектердің көбісі жалған. «Фотоаңшылықтан» олжаға кенелмесек те, достарымыздың санын бір көбейтіп алдық.Тіпті, әлі күнге дейін, әлеуметтік желі арқылы қал-жағдайымызды сұрап жүреміз. Осындай хаттар да алып тұрамыз. :D
Блог - DinaAbdigalieva: Мен тамашалаған Тараз - 2 (Тараздықтар)
Тараз — тап-таза қала. Осы тазалығы тек сырттан ғана емес, тараздықтардың жүрегінде сақталынып қалған. Ехх… осындай жандар өмірде көп болғанда ғой. Рақмет, саған ТАРАЗ!.. Жол болса, міндетті түрде, көне қалаға барып тұрам.;)

АҢЫЗ АДАМ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

Мэнни Пакьяо өзінің спорттық мансабын аяқтады. Ол өзінің кездесуін Тимоти Брэдлимен өткізіп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Бұл Пак мэннің Брэдлимен өткізіп отырған үшінші кездесуі. Өткен екі кездесуде бір жолы Мэнни, бір жолы американдық жеңіске жеткен. Бұл жеңіс Филлипиндықтың кәсіпқой рингтегі елу сегізінші жеңісі. Бұған дейін ол "Ғасыр кездесуі" атанған Флойд Мэйуезер мен кездесу өткізіп 12 раунд қорытындысы бойынша есе жіберді. "Ғасыр кездесуінен" кейін өзінің соңғы кездесуін өткізіп, жеңіспен аяқтады. Пакьяо қазақ жанкүйерлерінің есінде де қалып үлгерген. Осыдан 13 жыл бұрын, яғни 2003 жылдың 15 наурызында қазақстандық Серікжан Ешмағамбетовпен өзінің отанында кездесу өткізіп, бесінші раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.
Мэнниді аңыз дейтініміз- бүгінгі күнге дейін кәсіпқой рингте сегіз салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы. Жетістіктері бір басына жетіп артылады. Атап айтар болсақ: 2006,2008,2009 жылдары «Жыл Боксшысы», атақты «РИНГ» журналы Мэнниді 2008-2011 жылдары үздік деп таныған. 2009 жылдың «Жыл Спортшысы».
Спорттық мансабын 1995 жылы бастап, ақырындап салмағын көтеріп отырған. Өз салмағына қарамастан, нағыз үздік боксшы деп айтуға толықтай негіз бар.
Әрі қарай

Балалар үйі

Балалар үйі-
Шаттанып сәби күлмейді,
«Менікі» деуді білмейді.
Жыласа шаршап қояды,
Өксімей көзін ілмейді.
Қ. Әбілдәқызы

Түс ауған шақ. Биік дуалдармен қоршалған бақтың ішінде асыр салып ойнап жүрген балалар. Тек Диляра ғана ағаштың бір түбінде көңілсіз отыр. Диляра небары 8-жаста, бұйра шашы иығынан асып, ерке, жәудіреген көзі елжіретпей қоймайтын, жүрегі мейірімге толы, өтірік айта алмайтын, жат қылықтан ада, жан жүрегі таза бала.

Аспан жартылай бұлтты, арасында қатты жел ұрып өтеді. Жел ағаштарды тербеткенде айнала гуілдеп, бойыңды үрей билейді. Диляра ағаш жапырақтары қозғалған сайын қорқып, анасының құшағына енгісі келеді. Жанына жақын адамнан пана тапқысы келеді. Бірақ, бұның бәрі арман,қиял ғана… Диляраның жалғыздыққа бойы үйреніп келе жатқанына 2 жылдай болып қалды. Сол 2 жылда жүрегінде жазылмас ауыр жара қала берді…

Уақыт, орта Диляраны өзгертпей қоймас. Бастапқыда ол: «Мамам келеді. Оның «Мерседесі», ал папамның «Тайотасы бар», -дейтін… Және әр сөзін «біздің үйде...» деп бастайтын. Қазір төмен қарауы басым.

Сүп-сүйкімді Диляра кіп-кішкентай болып, тағдырынан екі мәрте оңбай соққы алған бейкүнә. Оны 18 жастағы туған анасы бөбектер үйіне, одан екі айдан соң, асырап алған анасы 8 жасында балалар үйіне өткізіп отыр.

Бұл қатыгездікті қойсаңызшы! Егер Диляраның ақыл-есінде, он екі мүшесінде бір кемшілік болса, «пендешілік ай» дейсің ғой!..

-Қане, балалар, енді өз бөлмелеріңе барып, шуламай ғана сабақтарына дайындалыңдар»-деген Гүлзира апайдың даусы шықты. Гүлзира апай осындағы ең мейірімді тәрбиеші апай. Мұны естіген балалар ойындары қанбай, еріксіз, «төрт қабырғалы үйге» кіріп бара жатты.

Диляра да орнынан әрең тұрып, көзінен бір-екі моншақ жас домалап жерге түсті. Ол көз-жасын сүртіп алдына қарап еді, Гүлзира апаймен бірге әдеміше келген, жас, бойы ұзын, тал шыбықтай нәзік, жүзінде мейірім толы бір жас қызбен әңгімелесіп тұр екен. Гүлзира апай:

-Диляра қызым, бері келіп кетші- деп шақырды.Диляра жылағанын байқатпай апайына барды. Гүлзира апай қасындағы жас қызды осында тәрбиеші болып келгенін айтып, Диляра екеуін таныстырды. Ары қарай екеуі әңгімелескен күйі кетіп қалды.
Диляра тағдырының тағы да бір келесі таңы атты. күн күркіреп, жаңбыр төгіп жауып тұр. Тағы да көңілсіз күймен Диляра терезеге үңіліп тұр. Арғы жақтан сықырлап есіктен біреу кіріп келе жатты. Диляра елең етіп қараса жаңа келген тәрбиешісі екен. Қолында тәтті-дәмділер бар. Ол тәрбиешісінің аты Ботагөз. Диляра орнынан тұрайын дей бергенде, тәрбиешісі «отыра бер» деп, қасына ептеп жайғасты. Ботагөз тәрбиешісі Диляраны бауырына тартып:

-Диляра, жасың нешеде?
-Жасым 8-де.
-Ммм… 2-сыныпта оқиды екенсің.
-Иә…

-Осында келгеніңе көп болды ма?-деп сұрай бергені сол еді, Диляраның көңілі босап, жылап жіберді. Ботагөз апайы сәл сасқалақтап «Жаным, кешірші»-деп, бетінен сүйіп, «Кел, тәтті жейік»- деп, ақыры көңілін жұбатты-ау. Ботагөз тағы да Дилярамен сырласқысы келіп:

-Есіңде қалған ең қуанышты сәтіңді айтып берші?
Диляраның сол сәтте көңілі көтеріліп:
-Менің туған күнімді бір күн үйде, бір күн тауға барып тойлайтынбыз. Киімдерім шкафқа сыймай тұратын. Папам әкеле беретін. Қуыршақтарымның бір үйі бар-тын. Мамам әткеншекке отырғанда, мені қатты қысып құшақтап алаты. Бір бөлмеде бес жас үлкен Ақжол ағам екеуіміз ғана жататынбыз.
Менен кейінгі Жансая жаңа туғанда, қолы қуыршақтікіндей болатын. Санжар бауырымды тоссам, отырмай, жүгіріп бара жатып «жіберіп» қоятын.-деді күрсініп.

-Енді ең қорыққанымды, қатты шошып кеткенімді айтайын ба?..
Сабақтан келгенде, мамам мені қасына отырғызып: «мен сенің туған анаң емеспін, сені «дом малюткадан» алғам. Папаң қарсы болған. Онда Ақжол ғана бар-тын...»-деді. Мен қатты жылап, жалаң аяқ далаға шығып кеттім. Алдымнан Ақжол шығып, өтірік, өтірік айтады деп жұбатты. Сосын бір күні менің барлық киімдерімді сыртқа жайып қойыпты. Ертесіне бір сумканы көтерді де: «Жүр, машинаға отыр» деді.

Бір бөлмеден Ғазиза анам жылап шықты. Мені бір тәте үстіне ертіп әкетті. Ішім солқылдап, денем дірілдеп бір күн жыладым. Гүлзира апай: «Жылап болдың ба, әбден жылап ал, тазар, сосын жыламайсың»,-деді.
Жаңа жылда үйге телефон соғып, құттықтайын дегем, маған мамам қатты ұрысты, «бізді ұмыт» ,-деді Мен ұйықтағанда, көп түс көремін. Үйдегілердің бәрі сөйлеметін фото сияқты боп кете береді! Кете береді…

Ботагөз тәрбиешісі шынында қатты тебіреніп, жүрегі елжіреп, жанарына жас толып, « жарайды, қазір келемін»-деп, тысқа шығып кетті.

Ботагөз баққа барып, орындыққа жайғасып, терең ойға шомып кетті.
… Мейірім орнын жауыздық басып бара ма? Жетімдер… ата-анасынан, ана тілінен, ұлттың қадір қасиетінен, мейірімділіктен айырылған қара домалақтардың қамын, тағдырын кім ойлайды?.. Бізге ата-бабаларымыз осындай қатыгездік пен реніші өшпес өрескелді мұра етіп қалдырып па еді?! Жоқ. Халқымыз ата-анасыз қалған баланы жетімсіретпей, ел болып қамқорлықтарына алған-деп Ботагөз тәрбиешінің жүзінен мұң, ертеңге үрей мен қарайтын сезім байқалады.
Расында, торғай екеш торғай да балапанын қорғайды. Сонда біздің кім болғанымыз. Ойланайықшы. Біз ұлттық сана сезімнен, шынайы болмысымыздан айырылып бара жатырмыз. Сондықтан біз ұлттық сана сезімге және ұлттық тәрбиеге зәруміз.Өмір жалғасуда, бірақ, жетімдер мәселесі шешілмей, болашақта да үлкен мәселе болып қалмаса екен деген іштей үрей бар…
Әрі қарай

"Арсенал-Барселона" ойынынан кейінгі Аарон Рэмзидің сұқбаты

Аарон Рэмзи: «Біз бірінші таймда жақсы ойын өрнегін көрсеттік және тіпті бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырдық. Өкінішке орай, ең болмаса бізге олардың біреуін голға айналдыру бақыты бұйырмады. Біз үшін енді ширек финалға шығу қиынға соғады, себебі жауапты кездесу айтарлықтай қиынға соғары анық. Бірақ сонда да өз мүмкірдіктерімізді пайдаланып, тырысуымыз керек».Блог - BekezhanZhumanov: Арсенал-Барселона ойынынан кейінгі Аарон Рэмзидің сұқбаты
Әрі қарай

Ақ рэпер

Блог - SabinaTlegenova: Ақ рэпер
Сәлем достар! Мен сіздерге алдыңғы блогымда кедейшілік өмірлерін өнері арқылы өзгерткен танымал адамдар жайлы жазамын деген болатынмын. Менің бүгінгі кейіпкерім барлығыңыз жақсы білетін, әлемге танымал өнер адамы!

— Анасы оны он сегіз жасында
Әрі қарай