Қатипаш,балалар аман ба?
Қопал негізі жаман жігіт емес. Біреудің ала жібін аттапты дегенді де ести алмайсыз ол жайлы. Тек аңда-санда ақаңнан сілтеп жіберетіні бар. Онда да ешкімнің басын жарып,қолын сындырмайды. Тек түні бойы өлең айтып ұйықтамай қоятыны бар. Шанағы сынған домбырасын сабалап не болмаса бес-ақ струнасы қалған гитарасымен барқылдайтынын есептемесек жаман емес. Әйелі Қатипаш бір күні күрт құбылды. Кезекті кәнсерттен кейін екі баласын жетектеп төркініне тартып отырды. сол кеткеннен келмеді. Қопалда бармады артынан.
Арада бес-алты жыл өтті. Қопекең қайтадан үйленген.Бір ұл, бір қызы бар. Кейінгі әйелі де жақсы адам. Кәнсерт қоюын тоқтатқан.
Жекеменшік Газ-53 мәшинесімен ауданда көмір сатады Қопекең. Бір күні көмір тиеп тұрған бұған өзі қатарлас жігіт келіп,«Мына мекенжайға апарып төк мына көміріңді. Ақшасын келіншегім береді»-деді.Қопекең рөлде қопаңдап отырып жетіп барды. Бұның келуін күтіп тұрғандай үйден әлгінің келіншегі де шықты…
...-қалың қалай Қатипаш, балалар аман ба?..
Әрі қарай
Арада бес-алты жыл өтті. Қопекең қайтадан үйленген.Бір ұл, бір қызы бар. Кейінгі әйелі де жақсы адам. Кәнсерт қоюын тоқтатқан.
Жекеменшік Газ-53 мәшинесімен ауданда көмір сатады Қопекең. Бір күні көмір тиеп тұрған бұған өзі қатарлас жігіт келіп,«Мына мекенжайға апарып төк мына көміріңді. Ақшасын келіншегім береді»-деді.Қопекең рөлде қопаңдап отырып жетіп барды. Бұның келуін күтіп тұрғандай үйден әлгінің келіншегі де шықты…...-қалың қалай Қатипаш, балалар аман ба?..

Балалары осы жайтқа қатты күйзелетін. Неге біздің әке-шешеміздің бір көздері жоқ деп ойлайтын. Мүмкін бір-бір көздерін бізге берген шығар, содан біздің де көзіміз біреу ғана шығар деп ойға бататын кішкентай циклоп ұл мен циклоп қыз.