Жарияланымдар

Қарағанды.Қасым тойының нәтижелері.

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы деп шабылғанымызға біраз болды. ақындар айтысы мен әншілер байқауының нәтижелері белгілі болды. Марапаттау рәсімі бүгін кешке болады. Сөйтіп, айтыстан бағы жанып жеңіл көлікті болған ақынымыз- Айнұр Тұрсынбаева, бірінші орын қарағандылық Мақсат Ақановқа бұйырды.
Өзім ән байқауының басы-қасында жүргендіктен бұл жайлы кеңінен айтып өтейін. Республикамыздың (Орал қаласы, ақтау қаласы, ОҚО, Павлодар қаласы және өзіміздің Қарағандыдан)әр жерінен келген 22 үміткердің 11-і екінші кезеңге өтті.
Әрі қарай

Сұрақтың "көкесі"

«Жүре берсең көре бересің» деген рас негізі. Өткенде Балқашта болғанымда жездемнен бір қызық әңгіме естідім. Мүмкін маған ғана қызық болып көрінген болар. Мәселе былай, әкімшіліктің адамдарымен үй тұрғындары кездесіп жатса керек. Бір шал әдейі ме әлде шын ба мынандай сұрақ қойыпты: «Мен екінші қабатта тұрамын, неліктен мен жерге салық төлеуім керек? Себебі ол жердің салығын бірінші қабаттағы тұрғын төлеген жоқ па? Мен одан артық көлем алып жатқан жоқпын, дәл соның үстінде тұрамын» деген екен. ақсақалға әкімдіктен келгендер жауап бере алмай қалыпты.
Әрі қарай

Молданың айтқанын істегенмен, интернеттен көргеніңді істеме...

Қазағымыздың мақалын бұлай бұрмалауыма себептің болып тұрғаны. 30 жасар американдық Кимонта атты келіншек өзінің 3 айлық нәрестесін Youtube-дегі бейнеролик арқылы сүндеттемек болады. Бірақта оның қай жерден қателескені белгісіз,қатты қансыраған баланың жанын дәрігерлер алып қалыпты.

Дереккөз
Әрі қарай

Мұндай да болады)))

Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай Қарағанды облысында жыл басынан бері облыстық-республикалық деңгейде ауқымды іс-шаралар өтуде.Қыркүйектің 8-9-10 күндері айтысы бар, мүшайрасы бар, ән конкурсы бар обшым небір қызықтардың бәрі қатар -қатар келеді. мен ән конкурсының басы қасында жүретін топтамын. Отпускаға кетерде жер-жерге конкурс шарттарын жіберген едім, енді жұмысқа шыға салып келген құжаттарды қарап отырып қызық суретке тап болдым. Конкурсқа қатысушы өзінің белгілі бір көлемдегі суретін жіберуге міндетті.Астаналық бір қыз соткамен түскен (2 мп ғой деймін) оның үстіне гүлді-гүлді рамкасы бар суретін жіберіпті)))) Сірә, конкурсқа бірінші қатысып тұр ау деймін))))
Әрі қарай

"Жармақ" романы. Мұхтар Мағауин.

Кеше "Қылмыс" романын ұсынған кезімде, жекеде Мағауиннің «Жармағын» сұрағандар да болды. Енді, сол кісінің шығармасынан үзінді.
Jarmaq.doc на files.gameworld.kz толық нұсқасы.

ЖАРМАҚ
Роман

Бұл ойқы-шойқы, шимай-шытырық жазбалар көпшілік жұрт үшін елеусіз, бәлкім мүлде белгісіз қаламгер, шын мәнінде бұрынғы-соңғы алаш руханиятындағы ең алып тұлғалардың бірі Иман Қазақбайдың архивінен табылды. Марқұммен ежеттес дос болмасақ та, ара-кідік телефондасып тұратынымыз бар еді, азалы топырақ үстінде өкінішке әрі ризашылыққа толы екі-үш ауыз бақұл сөз айттым, жыл уағы өтпей, бейбақ жесірі де дүние салып еді, әке жолынан аулақ балалары мынау алмағайып заманда тіршілік қамында кетіпті, ала қағаз бетіндегі барлық мұрасына жанашырлық танытқан немере інісі менің қолыма әртүрлі сыпаттағы, тура жарым сандық қолжазба тапсырды. Енді сізден басқа ешкімге керегі жоқ деген. Мүмкін, өзіңіз қабір басында айтқандай, құнды шығар, бірақ біліп, бағалап жатқан жұрты қане, әрі осыншама көп жазуды кім ақтарып, кім сараптамақ. Өзінің аманаты да осы. Сізге табыста деген. Жағдайы келсе, бір заманда жарыққа шығарар, қажет көрсе, өз керегіне пайдалана берсін деген. Анығы сол.
Әрі қарай

Қажығұмар Шәбденұлы. Қылмыс романы. Кірісу.

"Қылмыс" романының бастапқы беттерін оқи отырыңыздар! Ұнаса жекеге хабарласыңыздар

КІРІСУ

1968 жылдың басы.

Темір қақпақ пен шәугімдей шойын құлып шарқ-шұрқ ете түсті. Қап-қараңғы терең ұрада жатқан мен елеңдеп басымды көтеріп алдым. Жүрегім де әлдене бір шойын-темірге соғылып, шақылдап кеткендей болды. Тұла бойымды түршіктірген қатер мен күдіктің мұздай суық желі сумаң қақты.
Заңды түрмеде жатқан адамдар мұндай тосын құбылысқа кезіккенде елеңдесе де, жүрегіне мұз ине шаншылғандай болмай, үмітпен елеңдеп, жылы самал тигендей бір сезімге келетін. Босатып жіберер ме, иә, далада жұмыс істетер ме екен дегендей жақсылық күтетін. Ал, менде ондай үміт сезімі мүлде жоқ еді.
Әрі қарай

Қасық түссе...

Қазақта небір ырымдар мен тиымдар көп қой. Баяғыда кеседегі шайдың ішінде бір ұзын шама (сама) жүзіп жүрсе қонақ келеді дегенді де естіп ем. Шай ішіп отырып қасық түсіріп алса да біреу келе жатыр деп жорамалдауға болады екен. Бір қызығы, қасық етпетінен түссе еркек, шалқасынан түссе әйел (қатын) адам келеді деп айтылады. Неге? Әлде бұған қос жыныстың төсекте жатуының қатысы бар ма? Бұндайды естіп пе едіңіздер?


Суреттің алынған жері міне
Әрі қарай

Намыс дода

Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстан арнасы «Намыс дода» атты ойынды көрсетуші еді. Жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев болды-ау деймін шамасы. Бұл ойынға белгілі бір мемлекеттердің спортшылары, өнер жұлдыздары қатысушы еді. Үйде бала-шаға, шал-шауқан демей бәріміз көруші едік.Бағана ТД қарап отырсам ресейліктер тағы да осындай сынға түскелі жатыр екен. Біздің ел бұл ойынға неге қатыспады екен? Әлде бір іріктеу ойындары болушы ма еді, содан өте алмадық па?

Суреттің алынған жері міне
Әрі қарай