Жарияланымдар

Әскерге барғың келмесе...

"Қарап отырғанша жалап отыр" деп жігіті қызға балмұздақ алып беріпті. Сол секілді осынау айтулы күнді пайдаланып мынандай бір әңгіменің шетін шығарайын. Қазір әскерге бару үшін де, қалу үшін де ақша беретін заман екені екінің біріне аян. Бұл әскерге кеткеннің бәрі ақшамен кетті деген сөз емес бірақта. Әскерге баратын дер шағынан өтіп кеткен, оқуын бітіріп жұмысқа орналасқан жігіттер кей кездері өз әскери комиссариатының белді біреуімен келіссөзге отырады. Келісілген сомманың жартысын әлгіге бересің, ол сенің «делоңды» алады да үйіне апара салады. 27-ге толғанда әлгіге хабарласасың. Өліп қалмаса келісілгендей қолыңа әскери билетіңді ұстата салады. Сен қалған соммаңды беріп оны риза қыласың. Қолыңда әскери билет,27-ге келгенге дейін ешкім мазаламағанына мәзсің.
Әрі қарай

Көлеңкедегі мереке

Бүгін 7-ші мамыр. Біреулер радио күні деп жатыр. Ал, біздің мемлекетіміз бұл күнді ҚР қарулы күштерінің күні деп атап өтіп жүргентін. Елбасымыздың 3 мамыр күні қол қойған бұйрығымен бұл күн күнтізбеден қызарып тұрып орын алды. Неге қызармасқа, қауқары өзіне мәлім. Дегенмен, бұл шешімді қолдаймын. Неге десеңіз 9 мамыр, яғни Жеңіс күнінің көлеңкесінде қалып қойып жүргенін өзіңізде сезеіп отырсыз. Енді, жұртшылық осы күні демалу арқылы болса да бұл күнді санасына сіңіре береді.
Сонымен, келесі жылдан бастап демалатын мерекемізбен!
Әрі қарай

Жаңбыр,жаңбыр жау,жау, қара биені сау,сау....

«Сәуір жаумай тәуір болмайды» деуші еді үлкендер. Мамырдың бас жағында жауын жауды норма болатын шығар енді. Айтайын дегенім мынау еді.
Бала кезімізде жаңбыр жауса «Жаңбыр, жаңбыр жау, жау, қара биені сау, сау....» деп айқайлайтынбыз. Неге олай айқайлайтынымызды әлі түсінбеймін)))
Дауыл соғып, құйын болса «Таздың үйіне бар», «Пышақ әкел, балта әкел» деп айқайлайтынбыз. Бұның бәрі алдымыздағы үлкен балалардың айтқандарын қайталаудың әсері. Бірақ, бастауы қайдан шыққанын кім білсін.
«Самалет--ау, самалет, мені өзіңмен ала кет» деген тіркес түсініктілеу енді. Самалетке мініп ұшқысы келмейтін бала болушы ма еді?
Әрі қарай

Жанды дауыс

Концерттерді теледидардан немесе концерт залынан көрген кездерде кейде өкініп қайтып жатамыз. Оның себебі әншілердің жанды дауыста ән айтпауы. Еркебұлан Ериков атты мына жігіт Жақсыгелді Сейілов ағамыздың әнін жанды дауыста тамаша орындап шықты.
Әрі қарай

Төбелерді тау деседі біздің ел...

Осынау демалыс күндерін пайдаланып ауыл жаққа барып қайттық. Көктемгі қымыздан ауыз тигенімізден бұрын, көптен бері көрмеген ата-әжемізді көріп қайтқанымыз қуантады. Ауылдың тірлігі белгілі ғой. Әркім өз ісімен өзі. Кетігін тауып, кірпіш болып қалана қалу қиын. Себебі, ол жұмыстар біз жоқта да атқарылып жүрген жұмыстар ғой. Дегенмен өзімізше қол ұшын берген болдық.
Сіздерге біраз сурет ұсына кетуді жөн санап отырмын.
Әрі қарай

Шайтанмен бетпе-бет

Ол кезде жаспыз. Тепсек алюминий үземіз. Жігіт болып көшеге шыға бастаған кез. Ауылдың клубындағы би кешіне барамыз. Біздің ауыл шашылыңқырап жатқан ауыл. Таудың екі мүйісін алып жатыр. Әр жақтардағы үйлерді үкімет көше-көше қылып салған. Бергі бетіндегілер малдарына ыңғайлы болсын деп әр жерге өздері салып алған.Мен әрине бергі беттемін, клуб сәйкесінше арғы бетте. аралық 2-3 шақырым. Жас адамға түк емес әрине. сонымен бидің соңы тау жаққа барып гитарамен ән айтуға,әр ненің басын шалуға ұласады. Бір күні жындар, шайтандар жайлы сөз қозғадық. Содан түнгі үштер шамасында үйге қайттым. Бұл мәдениеттілік дегенді қойсаңызшы, үйге жеткен кезде кіші дәретке дәретханаға кіріп отыруды ұйғардым. Есігін ашып қалсам...ішінде аппақ шайтан отыр. Күшенгендей болды. Аяғым қарысып қалды. Аузыма«біссіміллә» да түспей қалды. ана шайтанның менімен ісі жоқ. «Есікті жап» деп қояды. Сөйтсем шайтан дегенім атам екен. Балқаштағы әскери қызметтегі ағам солдатский ақ киімдер әкеліп беретін. Ол кісі сол киімдермен жатушы еді.
Әрі қарай

Ат тұяғын тай басар...

«Серпер» деген топтың болғанын біреу білсе біреу білмес. Сол топтың негізін қалаушы Тұтқабеков Биғазы Фазылұлы автокөлік апатынан көз жұмған еді. Медет атты інісін қоса ерте кеткен болатын. «Серпер» тобының ұстанған бағыты қазіргі "Қоңыр" тобының бағытына ұқсас еді. "Қоңырдың" ән қоржынында тіпті бір әндері де бар -ау деймін.
Енді міне, сол Биғазы ағамыздың ұлы Алмас өзінің "Әке көрген оқ жонар" деген мақалдан алыс кетпегенін дәлелдеуде.
Fazyilov Almas білемін жаным
Әрі қарай

Душ

Жаз шықты. Енді күннің ыстығына шыдамаған кей ағайындар "Қыс қашан болады?" деген ойға да ерік берері анық. Жаздың ыстығында балалар болмаса ересек адамдар, қыз-келіншектер күнде өзенге барып шомылмасы анық. Оның үстіне барлық ауылдардың маңында ыстықтасаң суды күмп еткізіп сүңгіп шығатын өзеннің жоғы да рас. Осындай сәттерде ауылда душтың қадірі артып шыға келеді.Біздің бала кезімізде солай еді әйтеуір.
Сырт келбеті ауылдың дәретханаларына ұқсайтын,үстінде 200 (көбіне солай) летрлік бөшкенің бүйіріне кранник орнатып қоя салған кабина. Таңертең құйған суың түс ауа жып-жылы болып шыға келеді.Су соратын насостары (мотор) барларға рахат,әлгіні лезде толтырып қоя салады. Кейбір душтардың суы сол үйдің балаларының мойнында. 12 летрлік екі шелекті екі қолына ұстап 10-12 жасар балалар қисалаңдап бөшкенің 200 летрлік болғанына нәлет айтып толтырып жүргені.
Кей кездері сол ауылдың душын да сағынамын.
Әрі қарай