Жарияланымдар

Жедел жад: hybrid memory cube



Hybrid Memory Cube — жедел жадтың келесі толқыны
Hybrid Memory Cube атауындағы жаңа шыққан жедел жад (қазақша түсінбесеңіз: ОЗУ) үш өлшемді болмақ. Оның ақпарат алмасу жылдамдығы, бүгінде соңғы деп саналатындар қатарындағы DDR3 модулінен 12 есе жылдам. Нарыққа 2013 жылы шығады деп күтілуде.
Әрі қарай

Update

Жүрекке әмір жүрмейді

Сұраулы жүзбен қарайсың маған.
Жақындасам жалтардың.
Көңілім, неге болды екен алаң,
Жаныңа батты-ау,
шаңшар мұң…
Айтқызбай-ақ,
сездің бе, әлде,
іштегі сырын сезімнің.
Жүргенім де меңіреу халде,
Жетегінде төзімнің.
Мұз еді жүрек көргеннен сені,
Шуағың тиіп еріп еді…
Қайтейін бірақ,
Мен емес теңің.
Ойласам қайғы төгіледі.
Аңсаған күнім алыста тегі,
Білемін, қайта келмейді.
Түсінсең жаным кешірші мені,
Жүрекке әмір жүрмейді

(Жаңғырық Бестәңірі)

Келе берем

Бардым. Тостым.
Сен жоқсың,
сезіндің бе?
Сезіндің бе, шегі бар төзімнің де.
Білесің бе?
Мен сені шын сүйемін,
Келе бергім келеді кезігуге.
Тосып тұрмын,
Уақыт өтіп барады.
Бір көруге өзіңді кетіп тағат.
Ойыңа да келмеді-ау,
бәлкім сенің,
Мен келер деп кешігіп,
тосып қалады.
Айыға алмай түйіткіл жебелерден.
Қайтып барам,
Күдікті ой себелеумен.
Болма мейілі,
Болмағың мен келгенде,
Келе берем,
бәрі-бір келе берем.

(Жаңғырық Бестәңірі)

ПыСы: авторы мен емес
Әрі қарай

Corel Draw туындылары



Corel® ұйымдастырған CorelDRAW® International Design Contest 2011 дизайнерлер конкурсындағы суреттер. Жаңалық ескі болса да, ондағы туындыларға баға беру кеш болмас. Corel Draw бағдарламасымен осындай туындылар жасауға болады екен:
Әрі қарай

Гиперреалисттерге жауап болар

Әрине, қазіргі кезде жүз (бәлкім мың) адамның қолын бос қалдырып, бір автоматтандырылған машиналар жұмыс жасауда. Оң қолынан өнері тамған адамдар көз майын тауысып жасаутын дүниелерді компьютерлер басып келеді.

Әрі қарай

Қолданыстағы электронды пошта қызметіңіз қандай?

Өзіңіздің қолданатын пошта қызметінің сапасы туралы пікір қалдыра кетсеңіз. Әсіресе, спам өткізу жағы бойынша. Қажетсіз хабарламаларды көп аласыз ба? Қай пошта қызметінің қызметі сапалырақ екені туралы пікір қалдыруыңызға болады.
Әрі қарай

Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға...

Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға…

Бақытыңызға/өкінішіңізге орай, программистке күйеуге шықтыңыз. Әдетте программистер “маған күйеуге шық!” деп қинамайды, себебі, ол баяғыда-ақ компьютеріне үйленген.
Қыз-келіншек табиғатынан қылықты ғой, сондықтан программист-күйеуіңіздің қасынан әрлі-берлі жүріп, комплимент күтіп жүретініңіз рас. Алайда программист-күйеуден оны күтпей-ақ қойыңыз. Оның Сізді әйелдікке алғанының өзі — бүкіл өміріңізге жететін комплимент болуы керек.
Программист қайсыбір жобаларды алғанда, не өз бетімен код кеміруді бастайын деп жатқанда бақұлдасып, сөйлесіп қалыңыз. Редакторды ашып алғашқы сөздерді тере бастағанда-ақ сыртқы дүниемен байланысы үзіледі. Күйеуіңізден анда-санда «қап, әкеңді!», «қазақша әріп құртты ғой!», «си пи он екі елу бір деп қойыппын ғой», «ремембе дедім ғой саған!», «аха», «эхе» деген сияқты міңгірлеген хабар-ошар болып тұруы мүмкін. Олардың шешімін іздемей-ақ қойыңыз. Сосын «не боп қалды?» деп те сұрамаңыз. Жалпы код кеміру сияқты майдан кезінде дым айтпаңыз.
Программист дегенмен сүтқоректі болып тұрғандықтан, ішіп-жем қажетсінетіні рас. Арасында дәретке тұруға мәжбүр болған кезде, бірдеңе бере салыңыз жейтін. Алайда ол қайсыбір ресторанның сайтында ілулі тұрған қымбат тағамның суретін қарап алып, тоқ жүре беруі де мүмкін. Тәтті немесе дәмі жаман деудің орнына «фотограф — мал екен!» немесе «дизайнерге — респект» дейді де қояды. Тамаққа байланысты нағыз программисті айыратын мынадай бір тест бар. Оған жұмысқа кетерде «тоңазытқышта тамақ бар!» деп айтып кетіңіз. Егер келгенде тамақ әлі орнында тұрса — құттықтаймын, күйеуіңіз — нағыз программист! Себебі ол Сіздің не айтып кеткеніңізді естімей де қалған…
Жасап жатқан дүниесінің қиын тұстарында сыраға сұранысы арта бастайды. Бұған ішімдік ретінде емес, отын ретінде қараңыз. Будақтатып көк түтін қылмас үшін, оның жұмыс үстелін мұржасы бар жерге орналастырған дұрыс. Мысалы, ас бөлмедегі газ плитаның орнына…
Отыратын орындығы қаратопырақты жерге жақын болмағаны лазым. Әйтпесе бір айдан кейін күйеуіңіз тамыр жайып, бүршік атып тұруы да ғажап емес…
Жалпы, программисті таң қалдыратын дүниеде бірде-бір уақиға жоқ! Сондықтан оның назарын жаңалық айту арқылы аударамын деп, әуре болмаңыз. Сіздің құрбыңыз Әсия, күйеуіңіз үшін — қайсыбір программаның лақап аты ғана. Құда қайтыс болыпты дегеннен гөрі, Кнут қайтыс болыпты десеңіз, елең етуі мүмкін. Жалпы өлім дегеніңіз — программист үшін айнымалының логикалық мәні ғана…
Ал енді ай сайын шашын алдыру да жүз пайызға Сіздің мойныңызда! Әйтпесе, шашқа берген ақшаңызға бір қорап CD-R алып, ыржиып келіп тұруы мүмкін…

Ерлан Оспан, Азаннан — кешке дейінгі ITтірлік

Дереккөз
Әрі қарай

Анонимайзерлерге жол жоқ?!

Бірнеше жерден қарай салдым. Анонимайзер сайттар ашылмайды. Өткенде бір жерге дауыс беру керек болып, анонимайзер қолднанғанда, оншақтысын ашқаным есімде. Қазір вордпресстегі бір блогты ашу керек болып, анонимайзермен кірейін десем, анонимайзерім өзі ашылмайды. Сіздерде ше?
Әрі қарай