Жарияланымдар

Венеция маскалары

Венеция (Italian: Venezia, Venetian: Venesia or Venexia) — Италияның солтүстігіндегі қала. Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ.
Венеция – аралдарға салынған қала.

Адамзат
Әрі қарай

Проекция жетістігі, яки қайдасың Прохоров амиго!

Си пи аш! Он екі де бірінші пункттен қате кетіп, адамның жартысы ғана трансформалациянып қалыпты! Уваххахахаха!!!

Корпорацияның әсем екі жүз қабаттық ғимаратының басында орналасқан сервис орталығының мамандары. Түгел корпорация осылардың бөлмесіндегі қара жасыл жәшіктегі ОН*пико белокпроцессорлы сервердің үздіксіз жұмысына бағынады. Тиісінше, ол суперкомпьютер бұйрабас Мұраттың басқаруындағы команда иелігінде. «Кибертранс» әлеуметтік желісі бұлардың өмірлерінің екінші жартысын қамтитыны кім біліпті! Әлбетте…
Әлбетте… Бірде физика, бірде философияны шұқылайтын амиго үшін, материяны трансформациялау әрқашан қызықты еді. Қызықты болғанда, бірден сонысына көшейік. Еден жуушы Ләтипаның айтуынша, бұ пенделер гравитация заңдылығын пайдаланып, лазерлік проекция көмегімен, кәдімгі айнаға ұқсас құрылғысы бар бөлмеде ретрансляция жасау арқылы, материя құраушы бөлшектерді толығымен көшіріп, сандық шифраторға салып, заттарды электронды почтамен жібере салатын көрінеді! Неткен сұмдық!
Шошып оянды! Оянса, түсі екен. Және бір оянса, түсіндегі түс екен!
Әрі қарай

Драйвер іздеу

Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, юзби сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірәқ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желелік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.
Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастыра өтсек:
Әрі қарай

Ең кең тараған тілдердің үздік ондығы

Адамның жауы тіл депті. Төменде сол жаулар туралы қызықты (бәлкім қызықсыз?) ақпаратты бөліп жеу, яғни копи пастеден дәм ала отырыңыз. Қандай да бір шет елге оқуға-тоқуға, қыдыруға тіпті болмағанда қашып бармақ ниетіңіз болғанда, ол жерде қандай тілде сөйлеуі мүмкін деген заңсыз заңды сұрақ туындауы мүмкін. Сөздерін азсынбай, суреттен де аз мұз мағлұмат алады деген үміт бар. (негізі үміт дегенде ну енД плюс қояма деген үміт)
Әрі қарай

Соңғы үміт

— Өзі сондай жұмбақ бала болатын. Онымен таныстық, шамамен бес жыл бұрын болған еді. Есте қалғаны, сабақ үстінде оның анасымен келген алғашқы сыныпқа қадамы болатын. Сол күні оның анасы мұғаліммен көп сөйлесті, күбір-күбір. Бұзық балалар артында отыратын, және көрші орын бос болатын. Ал көзілдірік менің қасыма жайғасты. Ұзын құлақтан келген хабар бойынша, әкесі әскер бөлімшеде қызметте, анасы дәрігер. Кішкентай қарындасы да бар екен. Өзі тұйық. Айтпқашы, анасының өткендегі мұғаліммен неліктен ұзақ әңгімелескендігі белгілі болған сияқты. Ол мына көзілдіріктің мәселесі ғой, өзі дене шынықтыруға да қатыспайды екен. Есесіне, залда отырады. Балалар жүгіріп, доп қуып жүргенде ол қарап қана отырады.
Әрі қарай