Жарияланымдар

Болар елдің баласы айтады...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Болар елдің баласы айтады...

Болар елдің баласы айтады:

Мен елімді ақиқатқа, адалдарға жақ қылам!
Қара қылды қақ жаратын әділ досқа тап қылам!
Сүмірейіп, езілетін ез — ынжықты жат қылам!
Тіктеп айтар сөзің болса үрлей берем, от қылам!
Әр қазақтың шаңырағын бақытты етем, бақ қылам!
Астындағы жамау-жамау көрпелерін тақ қылам!
Нағыз қазақ — нағыз досым, тіл мен көзден сақ қылам!
Шала қазақ — жауыз досым, таудан төмен лақтырам!

Абылай Хамидулла 28.03.2014
Әрі қарай

М.Шаханов Ш.Айтматов - "Құз басындағы аңшының зары немесе ғасыр айрығындағы сырласу"

Ғасырлар тоғысындағы әңгіме… Жалпы, астындағы аты кісінісе Аллаға тәубәсін айтып, «сен тимесең мен тимейтін» момын халықпыз ғой. Тұла бойымыз тұнып тұрған — толеранттылық! Барға — қанағат, жоққа — мезірет айтып отыратын ата — бабаларымыз, апа-әжелеріміз қолындағы бар нәрсесін өз балаларына қимай, қашан келетіні бір құдайға мәлім құдайы қонағына сақтап отыратыны — соның бір дәлелі. Ал мен оқыған "Құз басындағы аңшының зары" кітабы — екі бөлек әлемнің, яғни қазақтың қайсар ақыны — Мұхтар Шаханов пен қырғыз ағайынның ардақтысы, бүкіл әлем бас иген Шыңғыс Айтматовтың диалогынан тұрады. Оқуға кеңес беремін! Халқымыздың өткен өміріндегі көлеңке тұстарды әшкерелеп, тарихи оқиғаларға да анализ жасап отырады қос наркескен. Сол арқылы әңгімеден әңгіме өрбітіп, туған халықтарының күйін күйіттейді. Сәттілік достар! Оқып жатсаңыздар ойларыңызбен бөлісе отырарсыздар!
Кітаптар әлемі: М.Шаханов  Ш.Айтматов  -  Құз басындағы аңшының зары немесе ғасыр айрығындағы сырласу
Әрі қарай

Қазақи хип-хоп

Керекинфоға қосылғаныма 1-ақ сағат болды… Өзім Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ университетінің 2-ші курс студентімін. «Новичок» болғасын аз-мұз таныстырып кетіп жатқаным ғой.
Айтайын дегенім, Қазақстанда шоу-бизнес өзінше дамып жатыр. Ақсап жатыр, қақсап жатыр. Біреулер бізде шоу-бизнес емес той-бизнес деп зар қағады. Айтатыны жоқ, біздің шоубиз 90 пайыз шетелге еліктеуден тұрады. Плагиат көөөп. Бірақ сол батыстың дүниелерін қазақылыққа бұрып, қазақи «бұйымдар» жасап жүрген қандастарымыз да жоқ емес. Солардың бірегейі батыстық жігіттер «Жақау» деген лақап атпен белгілі Амангелді Өтешов пен Оралдық «Диди» Данияр деген жігіттер. Америкада хип-хоптың «тұсауын кескен» Тупак деген «тентек қара баланы» танымайтындар кемде-кем. Соларға еліктеп өздерінше қазақы бағытта рэп жасап жүрген бауырларымыздың өнеріне тәнті болдым. Қазақтың домбырасын, шертерін,қобызын хип-хоптың ритміне салып, керемет ұштастырған. Керемет жігіттер! Мен ұсынатын үш ән:

www.youtube.com/watch?v=184Ydh_ZcOk
www.youtube.com/watch?v=i_0LLATZ3TU
Әрі қарай

Қызылға тоқтағанда...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Қызылға тоқтағанда...

Келемін жалғыз көшемен тегіс,
Жолға да жеттім, аңғарсам.
Жасылы бітіп, сөнді де еміс
Қызылын жақты бағдаршам.

Бұл ұзын жолдың келесі беті
Сұлулыққа бір тұнып тұр…
Ойласам неге?! Не себепті?!
Алдымда бір қыз күліп тұр…

Тоқтады жүрек, тулады қаным,
Бағдаршам!
Жақпа,қызылды!
Бір кіріп қайта, бір шықты жаным,
Жан-дүнием қирап-бұзылды…

Бір айналған басты шыр айналып та
Әлгі қыз мүмкін мені күтуде.
Жатыр ғой денем дайындалып та
Қарама-қарсы өтуге…

Жасыл жанды!!!
Дүрсілде жүрек!!!
Иісі баурад танауды.
Асықпа уақыт, тоқташы бір рет,
Әр басқан адым санаулы…

Көзі мен көзім кездесті менің,
Мұрны мен мұрным алмасты иіс…
Әйтеуір жаным тапқандай теңін,
Жүрегім мұны сақтауға тиіс!!!

Өтті де кетті...Ұқпай бір сәттен,
Керемет балқып тұрғанбыз.
Артына карап өтпеді,әттең,
Қарама-қарсы тұрған қыз…
Әрі қарай