ЖАЙДАРМАН, Жоғары Лига, жартылай финал, 1 - күн, 5.10.2014

Әлқисса…
Былтыр, Жоғары Лиганың жартылай финалында Жастар Сарайында Оралдың «Назар аудар» атты командасы залды тұрғызып жіберген. Биылғы жартылай финал да осал болмады. Әлбетте, біз тек бірінші күн туралы айтып отырмыз…
Блог - aza: ЖАЙДАРМАН, Жоғары Лига, жартылай финал, 1 - күн, 5.10.2014
Жігіттердің дайындығына разымын! Қазылардың «бүгінгі ойын қатты ұнады, керемет өтті» деген сөзі бұрын сендіре алмаушы еді, бүгін расымен жақсы ойын болды. Есте қалған эпизодтар өтте көп. Мен анық аутсайдер деп ойлаған «Аграрка сарбаздары» мен «Жаснар» жинақы ойнап шықты да, керісінше «Демеушіміз Болашақ» білгенінен жаңылды. Ал, финалға өткен екі команда да таза еңбекпен өтті, бұған ешкімнің таласы болмаса керек. Әсіресе, талай жыл жартылай финалдан кері қайтқан «Күлкі терапиясы» үшін қуандым. Ал, Ұлттық құрама, әдеттегідей фаворит… Сонымен, жекелеген сайыстардағы командалардың жетістіктері мен кемшіліктері туралы:
Сәлемдесу
Жаснар
Жоғарыда айтқам, жинақы ұжым. Бүгін де өте әдемі ойнап шықты. Сәлемдесудің тақырыбын да тілге тиек етті. Бірақ, «радиодан футбол репортажын тыңдау» дегенді «радиодан тамашалау» дегені құлаққа түрпідей тиді. Айтпақшы, осы сәлемдесуде «күй арқылы түсінсу» деген әдемі әзіл болды. Ұнады:) Негізі, Жаснар көңіл күйдің командасы. Мұның алдындағы Астана қаласы әкімінің Кубогында бұдан да жақсы өнер көрсеткен. Бүгінгі ойыннан соң… «осы жігіттер Премьер Лиганың гүлі болар еді-ау» деп ойладым.
Аграрка сарбаздары
Жайдарманның финалдық кезеңдері Астанада өтеді. Бұл астаналық командалар үшін үлкен көмек. Елорданың Жоғары Лигадағы екі командасы «Аграрка» мен «Күлтегін» осы артықшылықты пайдаланып-ақ қалады. Бұл екі команда сахнаға кемі 30 адам ап шығады:) «Аграрка» бүгін де жаңылмады. Максимнің «нөкерлері» сәлемдесуді жақсы — ақ ап шықты. Орыс басымен бата бергені де әдемі. Саяси астарлы, сұмдық әзіл:)
Күлкі терапиясы
Саматтың командасы Жайдарманда тіл мен саясатты ең өткір айта алатын команда. «Экспреске» саясатты ойнату жетіспейді, Саматтың шеберлігі сонда, оның әзілдеріне ойланып отырып күлесің, күліп отырып ойланасың. Қарағандылық әкімдердің басына үйірілген бұлттың қаншалықты қою екенін «Боранбаев, уақытың бітті» деген жалғыз ауыз сөзбен жеткізген жігіттерге разы болмауға хақымыз жоқ еді…
Демеушіміз Болашақ
Нұрболхан Сәлемдесуде де, Үй тапсырмасында да қойылым ұсынды. Динаның құдалығы сәтті. Байланыс Жігіттерін де сәтті пайданалана алды. Жалпы, Нұрболханды бүгін тәжірибе ғана ап шықты. Ыңғай ауызекі әзілге құрылған ойын көрдім.
Ұлттық Құрама
Жігіттерге респект!
Кез-келген жерден шоу жасай алатын талантты құрама… Сәлемдесу ұнады.

Жамбы ату
Жоғары Лиганың аты Жоғары Лига екенін осы сайыстан анық аңғаруға болады. Ес жиғызбайтын, небір қиямпұрыс әзілдер кетті-ау… Тек, Ұлттық Құрама жанып кетті… Ал, Күлкі терапиясы әділ жеңді.
Ұнаған әзілдер: Құрбан айт кезінде Инстаграмм мал қораға айналып кетті (Аграрка)
5 рет күйеуге шыққан бір қыз тойды жақсы жүргізетін тамадаларды таниды екен. (Күлкі терапиясы)
Бұты қисық қыздар 3х4 суретке түскенді ұнатады екен (Аграрка)

Бір әуен аясында...
Қазылардың біріне осы сайыс қатты ұнапты, енді жетпей тұрғаны би деді:))) Би, шіли артық боп кетеді-ау, әннің өзі керемет әсер сыйлады. Ең қызу да тартысты өткен сайыс болды дер едім.
Аграрка
Өткір тақырыптарды, нәзік мәселелерді әнге арқау етті. Әсіресе, футболдағы 7:1 деген есеп айтылғанда ұялтты…
Ұлттық Құрама
Шоу! (Жалпы, алматылықтардың барлық сайыстардағы ойындарына шоу деп кете беруіме болатын еді))))
Жаснар
Жаснар осы сайыста беріп қойды… Ән әдемі, алайда, жігіттер сөзден жаңылды, сасқалақтады… Фристайлды жақсы берді, ғаламторсыз балалық дегендері ұнады…
Күлкі терапиясы
Тіл Жайдарманда осы команда тарапынан ең көп қозғалатын тақырып. Бүгін де әдемі дүние ұсынды. Сөз жоқ.
Демеушіміз Болашақ
Не ддеген артистизм! Орындауда мін жоқ. Ал, мағына мен салмақ тұрғысынан Жоғары Лиганың жартылай финалына ұсынар дүние емес бұл.

Күлкі терапиясы
Бұрынғы қозғалған әңгіме. Жаңашылдық командаға синтезаторда еркін ойнай алатын ойыншы келіпті:) Маңызды әңгіме айта алмады, сәттілік пен қалған командалардың да сәтсіз өнер көрсетуі арқасында жақсы баға алды. Финалда бұрынғы ойындарындай ойын көрсетедлі деп сенем. Бүгінгідей үй тапсырмасы жарамайды аааауу…
Аграрка сарбаздары
Максим финалға шығуға лайық өнер көрсетті. Бірақ, сұрыпталу заңы қатал, келесіге тек мықтылар өтеді. Жалпы, Астана мен «Аграрка» Максимдей тамаша ойыншыны ашты. Бағын ашты. Ал, команданың дауысы болатын ойыншы "Ң" деген әріпті айта алуы тиіс!
ЖАЛПЫ, ҚҰРАМАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ДА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ТАРАПЫНАН «КОМАНДАЛАРДЫҢ ХАБАРЛАУШЫЛАРЫ „Ң“ ӘРІПІН АЙТА АЛУЫ ТИІС» ДЕГЕН ТАЛАП ҚОЙЫЛУЫ КЕРЕК
Демеушіміз Болашақ
Ауыл. Дала. Түн. Нардың үстіндегі әңгіме… Тәтті естелік. Тек аяқталуы тым сүреңсіз. Асығыс бітіре салғандай көрінді.
Жаснар
Басталғаннан — ақ қалай аяқтайтынын білдім. Қызықтыра алмады. Жалпы, Жаснар шаршаған секілді көрінді. Келесі жылы Жоғары Лигадағы элиталы құрамалар кетіп, осы күйімізге зар боп, осындай командаларға күлуге тура келмесе екен. Ширайтын уақыттары болды ғой, екі жыл қатарынан жартылай финалда ойнау деген аз жетістік пе…
Ұлттық Құрама
Оқиғаның қай жерден қалай бітерін білмейсің… Маған осы шытырмандары ұнайды. Қазыларға да ұнайтын болса керек.

Түйін
Мықтылардың мықтылары ғана өтті… Ұлттық Құрама мен Күлкі терапиясының жеңісі күмәнсіз. «Күлкі терапиясы» финалдағы төрттіктің бірі болу үшін шын ынтызар еді. Міні, жетті. Жалпы, финалда жеңу маңызды ғой, ал, ойнау кез-келген жайдарманшының арманы. Екінші топтан кімдер шығатыны қызық… Сәттілік!
Бөлісу:

7 пікір

MERmukhanov
Бөлістім постыңмен )
Aldeken
Жақсы сараптама. Ұнады. тек бір ескерту: ЖасНАР Премьер-лигадан шыққан команда. яғни Премьер-Лиганың гүлі болып қойған. Қалғанының бәрі дұрыс. Келе алмағаныма әлі өкініп отырмын.
aza
Жайдарман тарихында Жоғары Лигада ойнап жүріп, Премьер Лигаға түсіп қалған командалар болған ба?
ritarita
Болған ғой) ана «Байдың балалары» кезінде Премьер лиганың чемпионы боп, бір ойын жоғарыда ойнап көріп, премьеркаға қайтып кетіп қалған)