Қаскүнем қазақтар немесе "Операция Ө"

«Досың қазақтан болсын» деген ізгі ниетті, ілтипат сипатты пікірдің аурасына ауырған қазекеме «ащы ақиқаттың өткір шындығын» шырмаған хақ оқиға аса мәлім емес-тын. Ислам әканың «Досың қазақтан болсын. Ол сені сатпайды, бауырмал адал халық» деген сыңайдағы тұжырымын өзбектің БАҚ-ы кеңінен таратып, хассақтардың қазіргі ұрпағы ере жариялады. Ел артынд… аузындағы әңгіме — осы.
Шын мәнінде толық мәтінде «Досың қазақтан болсын. Ол сені сатпайды, бауырмал, адал халық. Бұл далбандарды зато сендерге лақтырып кету оңайырақ болады. Тем более, досың болғасын подлянка күтпейді» деген болатын Өзбасы. Бірақ бізге қалай жетті, солай жетті енді...

Кәрімов әкам өз спортшыларын әр әлемпиадаға аттандырарда: «Сукілер біләт, медаль алғандарың өздеріңе жақсы. Бірақ медаль алмасаңдар да, қазақтан қалғандарың — лоқтық. 1/16-дан тігілсеңдер де, қазақтан ұтылмаңдар нақ!» деп бата беретінін біреу білсе, 17 миллион білмейтін.

Хард-әдебиет: Қаскүнем қазақтар немесе Операция Ө

Алайда қазақтай қайсар халықтың Қабанбайдай батыр бабасымен қоса, Тазша баладай суайт кейіпкері барын да ұмытпаған жөн болатын. Өзбек басшысының шын пиғылын білетін біздің ақылман ойлы шенеуніктеріміз бен көреген функционерлеріміз «Операция Ө» деп аталған ұлы жоспар құруға кірісті.
Ол — өзбек басшысының көзін құрту еді.
Әрине, тікелей қастандық қылу — адамдыққа жат, жоғары саяси деңгейде орынсыз, қылмыс атаулының үлкені. Олай-бұлай бола қалса, жаны сірі Кастро да емес ол, бір-екі шабуылдан соң-ақ Аид ақсақалдың ауылына аттануы әбден мүмкін еді. Өзбек комитеті де «Моссад» емес дегендей...
Сондықтан, елдегі басқа шаруаның бәрін шешіп қойған (галстуктерін де) біздің ақылмандар іске басқаша кірісті.
Сөйтіп, кабинетке үйренген қауым арасында кіл ығай мен сығайдың басқосуы болды. Бір ірі тұлғаның өз адал еңбегімен тапқан ақшасына салдырған мүбәрак вилласында (енесін, ойнап айтам нақу, ондай вилла жоқ қо), жабық есік жағдайында жиналыс өтті. Есік шынымен жабық болатын. Бақылау камералары дарбаза шетінен өмірге құштар кейіппен қарап тұрды. Вилла қақпасының алдында сұсты, тағдырға ызалы қап-қара иттер мен олардың қап-қара кәдімгі иттері күзетте жүрді. Овчарка мен питбуль болатын соңғылары. Нұрлыбек пен Гриша болатын алдыңғылары.
Хард-әдебиет: Қаскүнем қазақтар немесе Операция Ө
— Тәәә-әәәкс, ағайын, туыс бауырлар… Кхм, ой, тойыс, әріптестер! Мемлекеттік маңызы бар мәселені талқылауға келгенімізді білесіздер. Қара уылдырықтан ала отырыңыздар. Кімде қандай ұсыныс бар? — деді сөзбасшы.
Бірінші болып иегі жып-жылтыр семіз кісі сөз бастады.
— Исламды құрту үшін сақалы шоқшаларды кеңінен пайдалану жайлы ұсыныс бар...
— Өй, бұл Исламды емес қой олардың құртатыны… — семізді тыйып тастағанға бәрі үнсіз бас изесті. Бір-екеуі «Машалла» деді іштей сыбырлап.
Келесі бір белсендінің:
— Кешіріңіздер, мен айтайын, әлімжеттік желіде жүрген суретке және үш әріптен тұратын мемлекеттік ұйымның есебіне сенсек… — деп қостап келе жатқаны сол еді, сөзбасшы сөзін бөлді.
— Сіз үшін фейсбуктің әлімжеттік желі деп аталатынын білеміз. Ал үш әріп дегеніңіз ЦОН ба?
— Үш әріп деген үш әріп қой. Сол дерекке сенсек, Ислам ақамыз ақтан аздап алыңқырайтын көрінеді.
— Сіз сонда ішімдікке цианид салуды немесе «паленый столичныйды» жібере салуды ұсынасыз ба, блеәт нақұй? — Телевидение жоқта, үй жағдайында мұндай зиялы қауым да өзара осылай сөйлесе беретін.
Әлгіннен үнсіз отырған көзі сығыр жылтыр бет галстугын ағыта, осы жерде сөзге араласты:
— Жоқ, мен ұсынатын басқа идея бар.
— Сөйлеңіз, жепутат мырза.
— Бізге не керек? Әканың әрақты сілтегені керек. Бірақ легально болуы керек пе ол похмель? Болуы керек. Ол қатты ішіп, 79 жастағы организм шыдамай жүріп кетуі мүмкін. Сондықтан повод керек пе? Керек.
Уощм, ел боп, жұрт боп, не қатты қайғыртуымыз керек, не қатты қуантуымыз керек.
— Қайғырту не получится. Ол үшін ескі замандардан қалған 2-3 қазақтың мазары жатыр деп сылтауратып, Жизаққа дейінгі жерді қайта тартып алу керек. Немесе, Олимпиадада алғашқы ондыққа кіріп кетіп, 10 алтын алып, өзбектерді көтте қалдыруға болады. көріп отырғандарыңыздай, екеуі де нереальный нәрсе. Сол себепті, мен сіздерге от обратного қимылдауды ұсынамын.
Ең принципиалды спортымыз — бокста өзбектерден аяусыз жеңіліп, олардан жалпы есепте қалып қояйық. Басқа амал жоқ.
— Сөйтсе?
— Сонда Кәрімов әкам қуаныштан жүзі бал-бұл жанып, қассақтардың аузын тігіп кеттік деп, банкет жағалап, ақаңнан сілтейтін болады. Ал оның ар жағы инсульт емей немене?
— Ғажап идея! Бізде Парламентте мұндай ұсыныстар айтыла бермейді...
Осы тұста спортқа тақырып ауаны ауғанын естіген сығыр көз жұқа кісі көзілдірігін түзеді де:
— Кешіріңіздер, мен ауыр атлетиканың майын ішкен маман ретінде айтайын, біз бұған үлес қоса алмаймыз! Менен кемі 3 алтын шығады! Өзбектерде өзі ауыр атлетикада бір ғана фаворит бар, оның өзі біздің чемпионнан ұтылады. Біз Қазақстанды жалпыкомандалық есепте көтермесек, түсіруіміз қиын… Екінші жаттығуда мықты спортшыларымыз бәрінен…
— Тәк, сен өйтіп неғыма! Ал мен спортқа жауапты тұлға ретінде Ильиніңді де, басқасын да қатыстырмаймын! Басқа, әлсіз спортшылар жіберіңдер! Иә, айтпақшы, штанга көтеру екі жаттығуға бөліне ме не?
— Левеке, бұныңыз қалай?! Олар көп жыл дайындалды емес пе?
— Все, все, әңгіме бітті! Себеп табамыз. Бұрынғы жүлдесімен қосып тартып аламыз. дәрі іштә, үйтті-бүйтті деп шығарып жіберіңдер. Олар итак пәтер-мәшінелерін алып алды.
Келесі, бокстан қысылуымыз керек. Өзағамдар өзі ыштанга көтеру мен бокстан басқа спорттан алтын медаль ала алмайды. Бізге лимит — бір алтын, чтобы халық шуламау үшін. Қалған выскочкаларымызды қысып, құлатып, ал өзбектерді көтеру керек.
— Кешіріңіз, бізде кемі 3-4 спортшы алтынға үміткер. Өзбектермен шамалас медаль аламыз деп тұрмыз.
— Никаких шамалас! Бір алтын болсын, ана Даниярды ваще құлатып тастаңдар, онсыз да алтынды көп алады ол. Тем более, вахабиттермен араласа ма, бірдеңе.
— Ол баланы құлату қиын. Қалай да алады ол. Вот, Иванды көндіруге болады. Вася деген спортшы көнбейд, бірақ орыс қо, мейлі, оның үстіне ешкім ол үшін тұрмайды. Соны қысып жібереміз, алтын болмауын қадағалаймыз.
— Әділбек ше? Ол да фаворит қо.
— Әділбек? Алтын? Пхахаха, ағасы, осы екі сөздің бір-біріне кереғар, үйлесімсіз екенін көрмейсіз бе?!
— Уощм, өзбектерді алға шығарыңдар. Жеке матчта жеңілсін бәрі. Ана Біржанға айт, өзіміздің бала ғо, таяқ жесін кездесіп жатса.
— Көрерміз енді… Құраманың бапкері өзіндік пікірі бар жігіт еді…
— Қой, сөзді қой. Егер де дейді, кімде-кім дейді, тыңдамаса дейді, орнынан аламыз деңдер дейд та!..
— Жақсы, жолдастар! Ендеше, алдымызда Ұлы даланың ұлы мақсаты тұр. Барлығы еліміздің болашағы үшін. Бәлки, біздің ерлігіміз бен еңбегімізді ұрпақтар білмей кетер, бірақ біз оған мұңаймаймыз. Үлкен саясат болғасын, ондай-мұндай болад… Тарихтың парақтары әлі-ақ ашады айқара…
— Онда шартты түрде «Операция Ө» деп аталған жасырын жобаны бастауға пәрмен беремін!
Хард-әдебиет: Қаскүнем қазақтар немесе Операция Ө
«Операция Ө» деген атау — мысалы, Өзбек, не Өлімпиада, не Өлім болып дешифрленетінін біз білмейміз. Алайда, оқиғада баяндалған барлық жоспар соңғы сағаттарда орындалып үлгерді деседі. Ол үшін тіпті Сотомайорды да жығуға тура келіпті-мыс. 22-орын — қазақ спортының кемшін қалуы емес, көреген функционерлердің сарабдал саясаты ғана екен.
Ал Ислам әка сол жеңісті қуаныштан 3 күн ішіп кетіп, банкеттің алдын бермей, тост айтыпты. Содан жүрек шіркін шыдамай жүріп кеткен екен.
Көпке қолжетімсіз ақиқат оқиға осылай болған деседі. Бірақ кім білсін, бұл өмірде болмаған оқиға да болуы мүмкін ғой, жиынның қазақ тілінде өткеніне қарасақ…

Жазбада сіз ұқсатқан кейіпкерлер жай ғана сәйкестік, өмірдегі тұлғалармен ұшырасуы кездейсоқтық болып табылады.
Әрі қарай

ҮЗДІК 10 "ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ". Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

— Олар не істеуші еді маған? Көп болса укол салар… Әйтпесе, алып кетер...

«Тамақтан ұшындым» деп қысылып жатқан құрбымнан неге жедел жәрдемге хабарласпағанын сұрағанымда алған жауабымның сиқы осы еді.
Рас, еліміздің науқастарға жедел көмек көрсету жылдамдығы мен сапасы кейде сан соқтырып, бармағыңды шайнатады. Оған жақсылы-жаман сан себептер бар. Дегенмен, жеке өз жауапкершілігіміз қайда?!
Айталық, ол жай улану емес — «сальмонеллез» не бір вирустық жұқпалы ауру болса ше?! Алып кетсе, дәрігерлер аурудың себебін анықтауға тырысып, жазылғанша оқшаулар ма еді?!
Бірақ, жо-о-оқ. Біз дәрігерге сенбейміз. Одан да жағдайды әбден асқындырып, алтын уақытты өлтіріп, бәрібір сол «жәмән» дәрігердің алдына барғанды артық көреміз…
Ал оған дейін не істейміз?
Әрі қарай

Аты Алдан еді, алдап кетті

Оңбай алданған аңқаулығым ойыма оралып отыр.
Қаладан ауылға төрт жасымда келдім. Көрші үйдің бір баласы бар еді, есімі Алдан. Негізі, баласы көп. Соңғы патрондарының нәтижесі ғой, ол. Бақташы отбасы болатын, жылқы ұстайды. Алданға еріп, жылқыға да, сиырға да, жылқықамаққа да барамын. Алғаш темекі де тартып көрдім. Шаруаның жай-жапсарын қағып қана қоймай, небір қайыра сыбайтын қазекемнің сөздерін де үйрендім.
Әрі қарай

Мимырттттттт

Тігіле тігіле санамның түгіде қалмады — :( мнологпен саналарыңды тігіп көрейін(Жындану, пиролиз, қайнау)- ренжімеңдерші:
Пендешілкпен іздейтін НАНымыз кімді де болса ойландырады…
Әрі қарай

99 пайыз...



Біздің ұлтшылдардың 99% өтірік ұлтшылдар.

Біздің діншілдердің 99% өтірік діншілдер.

Құлқын мен нәпсіден, позерлік пен понттан адалар 1%.

Болмысың қандай болса солай көрін немесе қалай көрінесің сондай бол. (Мевлана Джелаледдин Руми)
Әрі қарай

ПІКІР ЖАЗУ - ҚУУ ЕМЕС ШЫҒАР



Қазақ блогшыларының арасында неше түрлі «иттер» қалыптасып келе жатыр. Үруде кәнденнен кем емес. Тістеуде төбетті шаң қаптырады. Қорқаулығы қасқырды жұмыссыз қалдырардай.

Сыңарезу, топас, білімсіз, өтірік жынды, тәкәппар, тоңмойын т.б…
Әрі қарай

Балуан Шолақ 816 кг-ды көтерді дегенге сенесіз бе?

Бұл күнде 35-те менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын…

Депті палуанның өзі, бірақ
Әрі қарай