Асқар тауым

Адамға өнер қайдан дариды? Неге, мысалға, мен домбыра тарта алам, бірақ, сурет сала алмаймын? Әлгі, қазақтың "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген сөзі рас-ау. Маған домбыра тартуды үйреткен әкем. Үйреткенде отырғызып қойып, мәжбүрлеген жоқ. Өзі қолы босаса (ал, қолы босай бермейді, дәлірегі, бос отыру дегенді білмейді) күй тартып, ән салады, содан құлаққа сіңген ғой. Бірақ, менікі енді ол кісінің қасында далбаса. Құнт жоқ.
Әрі қарай

Ақмола. Әкем. Құрылыс.

Жылдың басы Жайдарманның маусымашарына деп арнайы Астанаға барған болатынмын. Бардым, көрдім, үйге келген соң бұрын неге Астанаға бармағанымды көп ойландым.

90шы жылдардың аяғында «каскамен астанаға» бағдарламасымен барлық өңірлерден ер-азаматтар Ақмолаға кеткені естеріңізде шығар. Әкем бізді асыраймын деп ұсыныс (ұсыныссыз өзі кеткен де шығар) түскен жұмысқа кетті. Алғаш барып келгенде өмірінде қара жұмыс жасап көрмеген әкем қатты арықтап, түрі бір уыс болып қалған етін. Баламын ғой, қанша жерден жылағым келсе де, әкемнің аман оралғанына қуанып көз жасымды көрсетпегенмін. Айлап жұмыс істеп жүрсе де, еңбек ақысын бермей лақтырғандар көп болды.
Әрі қарай