EXPO дегеніміз не?

Блог - Pokemon: EXPO дегеніміз не?«EXPO дегеніміз не?» деген сұраққа көпшілігіміз тұтылып, лезде жауап қатуға жасқанамыз. Биыл Қазақстанда өткізілгелі жатқан дүниежүзілік көрменің тарихы терең, маңызы жоғары екенін білмедім дегенше, сауатсызбын десеңші. Осыған орай, ғылымға тікелей қатысы бар EXPO көрмесінің не екенін, қашан әм қайдан бастау алғаны жайлы аз-кем ақпар бере кеткеніміз орынды.

EXPO (ағыл. exposition) — индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. 1844 жылы Парижден бастау алғанымен, алғаш рет EXPO деген атпен 1851 жылы со замандары Британ емпериясының ханзадасы болған Альберттің қолдауымен Лондонда өткізілді. Оның ұтымды, техникалық пайдасы ұшаң-теңіз екенін сезінгеннен кейін арасына 1-2 жыл салып Нью-Йорк, Париж, Порто сынды бақуатты қалалар іліп әкетті. Америка мен Еуропа құрылығынан аспаған көрме, 1970 жылы алғаш рет Азия құрлығына бет алып, жапониялық Осака қаласында өткізілгенін де біле жүріңіз. Азиядағы дамыған елдер Жапония, Қытай әм Оңтүстік Кореяда ғана өткен көрме төртінші болып Қазақстанға келгендігі де бір мақтаныш.

Әр ел, әр қала көрмеге арнап нышан ретінде ғимарат тұрғызу дәстүрге айналған. 1889 жылы Парижде өткен EXPO көрмесіне орай белді Эйфель мұнарасы, Лондонда хрустал сарайы тұрғызылған болатын. Сондай-ақ, EXPO тек қана ғылыми емес, саяси дәрежеге де ие. Британдықтардан бөлініп шығып өз бетінше дамуға бет алған АҚШ, тек 1893 жылы Чикагода EXPO көрмесін өткізіп, өзінің әлемдік деңгейге шыққандығын, экономикасының мықтылығын әм әлемде белді саяси рөлге ие болатындығын паш еткендігі бар.

Сонымен, биылғы Астанадағы EXPO көрмесінен күтеріміз көп. 115 ел қатысатын ірі көрмеде Нобель сыйлығының иегерлері экологиялық проблемаларды талқылап, жалпы бір ғана ел емес, күллі планетамыздың жағдайы нысанға алынары қуантпай қоймайды. Әйткенмен, біздің де өз көздеген мақсатымыз, көздеген жоспарларымыз бары да анық енді!
Әрі қарай
  • 4
  • 2

Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?

Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Қарағанды қаласында қоқыс өңдейтін зауыт туралы 2000-ыншы жылдары айтылған болатын. Қаржылық дағдарысқа байланысты жоба ол кезде іске асқан жоқ. 2010 жылы аталмыш мәселе тағы да көтерілді. Бұл жолы құны бірнеше миллиард теңгені құрайтын жобаға неміс инвесторлары қызығушылық білдірген. Алайда басы таудай болып басталған жобаның соңы құрдымға кетті. Себебі бюджетте қаражат жоқ. Ал Қарағандыда қоқыс қалдықтарын өңдейтін бір ғана зауыт бар. Ол — қаламыздағы «Ресайклинг» компаниясы. Оның қызмет көрсету аумағына қала мен сұрыптау мөлшері кіреді. Яғни компания облыстың барлық аудандарына қызмет көрсетпейді. Ең басты мәселе сол, тұрғындар қоқысты жәшіктерге сұрыптап салу жағына келгенде енжарлық танытады.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Бүгінде көшеде шашылып-төгіліп жататын қалдықтарға жұртшылықтың көзі үйреніп кеткен. Көрсе де көрмеген болып өте шығады.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Ең бастысы қоқыс төгетін контейнерлер бос тұр. Ал оны қоршаған қоршаудың сыртқы жағында үйіліп жатқан қалдықтарда есеп жоқ.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Тұрмыстық қалдықтарды жою бүгінгі таңда өте өткір күйде тұрған мәселе. Бұл біздің қаламыз үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін де маңызды.
Өз сөзінде: «Бірінші мәселе олар үлкен аумақты алып жатса, екінші мәселе оларды жою кезіндегі ауаға таралатын түрлі газдардың адамға кері әсер етуі»,-дейді Қарағанды қалалық мәслиxат xатшысы Қабдығали Оспанов.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Ал енді статистикаға назар аударсақ, республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы полигондар бар. Оның тек 307-сі ғана заңдастырылған. (2015жыл)

Тек бір белгілі жайт — біздің қаламыздың қоқыс орталығына айналып бара жатқандығына билік өкілдері мен эколог мамандардың дабыл қақпайтыны қынжылтады.
  • 0
  • 0

#ББББ. Нағыз инвестициялық шолу

Инцес… Инфоцессс… Инвестициясы несі, а? © Қалдыбек
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуБала туғалы жатқан қатынның соңғы серпінінің алдындағы бір күшенуі секілді, блогиаданың жетінші туры да қылаң берді. Бұл жолғы тақырып, әй жоқ, шәй жоқ, «Инвестиция» деп былш етіп түсті-ау жарықтық. Біз секілді қарабайыр, қос дәрет арасындағы ажалды оқырман үшін тым күрделі тақырып болғанымен, оны да оқып көрмекке бел буып, құйрық тіреп, қол босаттым.
Уа, гений және сіредний, суфий және сүкий жамағат! Мен бұл тақырыптан гөрі Дженна Хейздің туындыларын көбірек білем, сіз де аса қатты файнаншел-білгір емессіз-ау. Алайда әлеуметтік маңыздылығы, мемлекеттік өзектілігі де ықтимал, сарабдал тақырып екенін мойындаймын. Сондықтан, рұқсат етсеңіздер, байсалды бағыттағы блогерлер жазбасына бір уақ "өз кәйпімнен" тыс шығып, ми салып оқып көрейін. Рұқсат етпесеңіздер де — кеш, бастап кеттім.
Маралбек Сағынғанов үлестік инвестициялық қорлар жайлы жазыпты
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуЖазыпты дегенде, әуелгі скриніңізді айтам. Маған да мұндай жанашыр бауырлар/сестралар жиі жазып тұрады. Әрине, спам, тіпті боттар жазып жатыр ма деймін, ол да мүмкін. Бірақ осылай негізгі тақырыпқа өтудегі мағыналық линиясы тірі блогерлік әдіс екенін атап өту қажет.
Жазба тілі жетік, грамматикасы — ретімен. Безендіруі бірыңғай. Оқырманға түсінікті жеткізілгенімен, сюжеттік бояуы тым терең қаузалмаған. Механизмдік сауалдар туған оқырманға ары қарай жітірек өздерің зерттеңдер деген ниеттегі бағыттық пост болып шыққан. Танымдық, өзіндік жазбагерлік жүйе бар, «Серъезность бар. Бірақ кішкене құрғақтау екен» деген қазының сөзінде гәп бар ғой.
Тақырып ҮИҚ болғандықтан, қордың үш түрі аталған шақта кірішкесіз һәм кіршіксіз көңіліме сол үштіктің барлығы жайлы көбірек ақпар берілуі тиіс секілді көрінді. Сіз екі қор жайлы «Интервалдық қорларда мұндай операцияны нақты белгіленген уақыттарда ғана жүзеге асыра аласыз. Ал, үшіншісіне қор құрылып жатқанда ғана кіріп, нақты белгіленген уақыт мәресіне жеткенде ғана шығып кете аласыз. Оның үстіне интервалдық және жабық қордан үлес сатып алу тым қымбат» дегеннен аса қоймадыңыз. Оның себебі — бұл екі қаржылық жолдың оқырманға қымбаттығы мен механизмдік қолжетімсіздігі деген аргументтерді айтқаныңызды ескере отырып, бұл жағдайда жалпы жазба атауы/тақырыбы — «АҮИҚ» болуы қисындырақ еді. Қалған екеуі сонда жалпы кіріспе бөлімшенің бөлшегіне айналмақ керек, шамасы.
«Хижра бойынша 1425 жылдан бері.»дегеніңіз ұнады. Оу, е, баламалы ойлау мысалы!
«Неғайбіл» сөзі осылай жазылмайды-ау буын үндестігіне орай. Әлде мен шатасып отырмын ба?
Танымдық ақпарат… Әрине, әйтпесе, Маралбек болармысыз?..
Міне, соңына да келіп қалдық. Жалпы, қарапайым идея ұтқыр жеткізілген. Аяқталуы басталуымен байланысты, сондықтан қисынды, тапқыр. Трольшық! Спамның күні спаммен деген осы!
Әйгерім Кеулімжай, "Инвестиция". Қаржыны қайда құям?
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуӘйгерім Кеулімжай, ҰҚК мен өсекшілердің соңғы мәлімет бойынша, берекең кіргір БӨРІБАЕВА, әңгімесін «Маңдай термен тапқан артық ақшаны қайда құюға болады?» деп бастайды. Ашығын айтайық, маңдай термен таппаған қаржыны да құя беруге болатынын біздің елдің әккі мырзалары біліп қойған…
Жазба қызық, тақырыпқа орай әдіс-түрлерінің біразы/бәрі қамтылыпты. Суреттер сирек, ой жинақы.
"Қазақстаның депозиттерге кепілдік беру қоры" — Менің Қазақстаным, сенің Қазақстаның. :)
"… төмендетілмейтін қалдықтың аз болуы" тіркесін басым әлі қақпай отыр. Жарайды, назар аудармаңдар маған. Оқи түсейін, түсініп қалармын.
«Мәдина, тәуекел-менеджер» — ықықы. Тәуекел-менеджер! Ықықықы. Көне қазақ жазбалары Тәуекелдің (1583 — 1598 ж.ж. билеген) шынымен тәуір менеджер болғанын растайды.
«Дегенмен, Қазақстанда ҮИҚ – тиімсіз болып табылады» — Маралбе-ек??? :)
Жазбаңыз ұнады, тіпті шадыман көңіл «Мәдина там, Мәдина здесь» деп әндетуге бейіл.
Кеттім. Тағы бір шиша алуға. ©
Асқар Базарбайдың атауы ұзақ тағы бір шағын шедеврін оқуды бастадым
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуОй, оқу деп қоямын. Анимация! Маған жұмысты жеңілдеткеніңіз, бір жағынан, қандай жақсы!
Посттың тілі даусы… Ақақақақақақақақа, дауыстар, дауыстар менің басымда! GoAnimate-ті пайдалануды бастаңдар, креативбектер!
Фантастика! Ана бала кәмелетке толмағандығымен де фантастика. :)
Эх! Иә, сосын Дубля*ж дегендегі жұлдызшаны байқаған жалғыз мен бе? :)
Жюридің пікірін шолдым. Неге жюриді біркелкі, бірсарынды қылудан шаршамайсыз? Маған да шолу жасауға аса қатты маневр қалдырмадыңыз. Жалпы, анимациялық фильмнің өз ішінде, фильм есебінде конструктивті сын жасауға болар еді, бірақ тақырыптық көзқарас пен шешімнің шогы оған мүмкіндік бермей отыр.
Сонда да бір далбаса жіліктейін бе?
«Менің балмұздағым жақсы, себебі ол басқалардікімен салыстырғанда, ерімейді» — бұл тіркес Асқардың посттары жайлы.
«Сау бол, балақай!» — ал бұл қарсыластарға айтылған «давайдасвитания».
«Басы артық ақшамды енді қалай пайдаға асырсам екен?» — дейді Асқар өз даусымен миллион алған соң. Болды.
Мөлт еткен мульт. Бәрекелді-і-і! *Мұрынды қысып тұрып оқу керек*
Эльвира Ерғалина үйге инвестиция салу жайлы қалам тербейді
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуЖазба қызық, өзекті. Тап-тұйнақтай пост. Жеңіл оқылады. Суреттер… жәрәйді енді. Тақырып желісі жеке көзқарасқа негізделген, бірақ блогерге абсолют объективтілік қажет емес. :)
Мына бір жерде: "өзің үйде «потологқа түкіріп жатасың»" — Өзің үйде сексапотолоГқа түкіріп қойып жатасың. :)
Одан бөлек, маған артықшылықтары мен кемшіліктерінің салмақ категориялары "үйірейіп" тұрып болмаса да, аздап әртүрлі секілді көрінді. Басқа айтарым жоқ. Сапалы!
p.s. Сіздің жазбаңыз арқау болып, уа, Эльвира ханым, мен анекдот ойлап таптым:
Алматыдағы жер сілкінісі пәтер деген мүліктің сондай бір жылжымайтын емес екенін дәлелдеп берді. :)

Осымен, тәмам. Жазбаларда ешкім мазмұндық жаңалық ашпаған, оған тақырыптың тартыныстылығы да, жаңалық ашу қажеттілігінің жоқтығы да себеп шығар. Айқын ойды әдемі, шым-шытырықты, әртүрлі алып келуге болады. Бірақ қазы келіншектің «кэптей» беруінің де гәбі мен діті бар-ау.
Жаңалық ашпағанда, технологиялық-көрнекі жаңалық, әрине, болды. Анимациялық фильм. Мен соңғы турда да посттардан көзімнің майы құрғайды деп сенемін.
Сондай-ақ, айтып кетейін: блогтарда пунткуациялық ақаулар болып тұрады енді, оны бірақ ешкім оқып отырмайды ғой. Оның үстіне, олар жай «ачепятка», әйтпесе, шынымен білмей жазады дегенге мен де, Назгүл ханым да Ctrl+Хтамайды екенбіз.
Жалпы, #ББББ бойынша, тұғырдың екінші сатысы үшін айқас соңғы турға қалып отыр. Қанды қоймалжың арпалысты жақсы көрем өзім. Гызляр, сәттілік!
Иә, әнебір сайтта блогерлерді бағалаған жюри саны бірдей емес. Қане, қане, табыңдар, қай жазбагерді бәрі жапа-тармағай бағалап тастады? :)
Қорыта отыра, соңғы турға кіріспе тастай келе, тақырып жөнінде мынаны айтқым келеді. Блогиадашылар! Сіздердің жыл бойы іздеген қазбаларыңыз бен жазған жазбаларыңыз, төккен тер мен кеткен шер, ой мен дене еңбегінің барлығы — қазнеттің ертеңіне салған инвестицияларыңыз. Тек, бұл ұзақ мерзімді инвестициялар жалғыз сіз үшін ғана салынған салым емес. Нағыз инвестициялар. Сондықтан да менің шолуым — нағыз инвестициялық шолу.
Жарайды, жаңа жыл жуық, блогиада бітпек. Сіздердің құрметтеріңізге де, өзіме де жұмыстан демалыс беріп, тойлауға кеттім. Батылдық үшін салафизмнен басқа да нәрсе қабылдауға болатынын дәлелдеп қайтайын. Жеңісті күндерде жуысқанша!

p.s. Айтып жіберіңдерші, кісінің туған күніне сыйлық алу үшін сол кісінің өзінен қарыз алу инвестиция болып санала ма?…
Әрі қарай

Үлестік инвестициялық қорлар

Блог - Marco: Үлестік инвестициялық қорлар
Сәйкестікті қараңыз. Әдетте спам хаттарды ашпаймын ғой. Бірақ, Усман ханымнан (өзі ханым, бірақ үйленген) келген хаттың тақырыбы блогиаданың осы аптадағы тапсырмасымен үндесе қалғаны соншалық, көз салмай кете алмадым. Марам апам біздің елдегі дайын бизнеске инвестиция құймақшы екен. «Пішту» деп миығымнан күліп қойып отырсам да, «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін қонақтарды жатқызатын отель-мотельдердің әлі де жетпей жатқанын білетін жазған басым, «Жөн-ау» деп те ойлап қалды. Идея тамаша. Бірақ, қонақ үй салмақ түгіл, пәтер сатып алуға ақшам жетпей жүргені ойға түсіп, мұңайып та алдым. Бірақ, бұл енді бос сөз болып кетті…
Әрі қарай
  • 16
  • 13

Роберт Кийосаки немесе оның "Бай әке,Кедей әке" кітабы

Блог - AzamatToyshybek: Роберт Кийосаки немесе оның Бай әке,Кедей әке кітабыҚұрметті оқырмандар жалпы салем! Міне, менің ең алғашқы блог жазбам. Сіздер Роберт Кийосаки жайлы естіген шығарсыздар.Тіпті «Богатый папа, Бедный Папа» қазақшада «Бай әке, Кедей әке» кітабында, оқыған боласыздар.Қазіргі перспективалық жасстардың сүйікті кітаптарының бірі. Сол кісі жайлы айта кетсем, Рәкеннің ата-бабалары Жапониядан арнайы Америкаға қоныс аударған.Роберт 1947 жылы 8 сәуірде дүниеге келген.Ең алғаш мектеп табалдырығын Нью-Йорктағы бір мектептердің бірінен аттаған деседі.Жас кезінен бастап, бала Роберт қиыншылық көрген ба, не басқа себептер болды ма, ақша десе жылтың ете қалатындардың арасынан болды.Орта мектепті тәмамдаған соң, АҚШ әуе-теңіз күштерінде әскери борышын өтеп, Вьетнамда пилот болып қызмет атқарған.
Әскерден оралған соң Xerox компаниясында тауар агенті болып қызметқе орналасады.1977 жылы өзінің жеке бизнесін бастап, компания құра бастады.Оның негізгі табыс көздері жылжымайтын мүліктер және активтер(акциялар,құнды қағаздар) болды.
1995 жылы Кийосаки мен Шерон Л.Лечтер халықаралық «Rich Dad`s Organization» компаниясын құрды.Тікелей қазақшаға аударғанда «Бай Әкелер Организациясы».Комнанияның мақсаты бизнес және инвестиция жайлы пайдалы ақпараттар мен білім беру және кітаптар шығару болды. Осы жылдар аралығында Кийосаки «Бай әке, Кедей әке» кітабын жазып шығарады.Кітап бүкіл әлемде бестселлер болып таралады.Сонымен қатар «Уолл-стрит джорнал», «BusinessWeek» және «Нью-Йорк таймс» сияқты белді басылымдар арасында рейтингісі ең жоғары кітаптардың арасында болды.
«Бай әке, Кедей әке» кітабының танымал болу себебі неде?
Кийосаки өз кезегінде болып жатқан әлеуметтік тұрмыстың қиыншылықтарын дөп басып айтып, тығырықтан шығудың жолын іздестіріп өз пікірін айтады.Кітапта акция, облигация сияқты қаржы мәселесіне қатысты терминдерді қарапайым түрде мысалмен түсіндіреді.Өзінің әкесін «Кедей әке»деп атап, жақын досының әкесін «Бай әке» деп атайды.Екі әкесі де Робертке өздерінің ақыл-кеңестерін береді.Бірақ Роберт Бай әкесінің ақылымен жүріп миллионер атануға тырысады.Әрине кітапта негізінен АҚШ-тағы экономикалық қиын жағдайлар: салық жайлы банктік төлем, кредиттік карточкалар т.б әңгімелер қозғалған.Біздегі ең қиын мәселе «тұрғын үй» мәселесі деп ойлаймын.Сондықтан бізде АҚШ-қа қарағанда салық мәселесі жайлы қатты асып бара жатқан проблема жоқ. Кітапта сонымен қатар адам психологиясының әлсіз тұстарын анық айтып, күресу жайлы кеңестер берілген.Кітапты оқымаған болсаңыздар оқуға кеңес беремін.

Кітартағы афоризм:

Кедейлер мен орта тап өкілдері ақша үшін жұмыс істейді. Ал ақша байлар үшін жұмыс істейді
Әрі қарай

Эльвира Ерғалина. Біз қандай телесериал көреміз?

Блог - kaztube: Эльвира Ерғалина. Біз қандай телесериал көреміз?
Блогер Эльвира Ерғалинаның кезекті видеосы шықты.
Бұл жолы Эльвира елімізде көрсетіліп жатқан телесериалдар туралы видео түсірген екен. Бұл видеода отандық сериалдар мен шет елден сатып алынатын сериалдардың айырмашылығы, еліміздің экономикасына тигізер зияны туралы айтады. Шетелдік сериалдардың арқайсысын нешеге сатып алынады, отандық сериалдардың әрбір сериясы нешеге түсіріледі сол туралы айтылады.
Қымбат ақшаға сатып алған шетелдік сериалдардың елімізде тигізіп жатқан зияны қандай, сол туралы да кішігірім зерттеу жүргізеді.
Видеоның астында «Ескерту! Бұл видеода айтылатын отандық сериалдарды түсіруге кеткен сома нақты емес, қателесуіміз де мүмкін» деген ескертпесі де бар. Көріңіздер
Әрі қарай
  • 4
  • 2

Алғашқы айлығыңды не істедің?

Блог - Ispek92: Алғашқы айлығыңды не істедің?
Осы жазбаны неге жазып отырғанымды білмеймін, алайда миым(істеп тұр екен) жазып көрсеңші, бөліс дегендей болып отыр. Сонымен немен бөліседі деп ойлап отырсаңыз, (тұрғын үй құрылыс жинақ банктегідей) ондай маңызды емес. Осыдан тура 27 күн бұрын Қазалысушар өндірістік учаскесіне университетті жап-жаңа көк дипломға бітірген пүздік студент жұмысқа орналасқан еді.
Әрі қарай
  • 15
  • 83

«Ел болам десең бесігіңді емес, ақыл-есіңді түзе». Халқымыздың қай ойын түзеу қажет?

Жақында қаржы министрлігінде қызмет еткен жақын досыммен ой алмастық. Сол әңгімеден білгенім: қазақ халқының еңбекке жарамды бөлігінің 60%-ы несиеге тәуелді екен. Содан туған сұрақ; неліктен халқымыз несиеқұмар? Ол бәленің қай тығырыққа апарып тірейтінін білмей ме?

Әрине, қолыңа бір сәтте аоншама көп ақша ұстау әр адамды қызықтырады. Қиялындағы нәрсені алуды ойлайды. Сауатсыздар бұл қармаққа бірден ілінеді. Одан асқан топастар бір күндік той үшін банктен миллиондап ақша алады. Мейлі, ел алдында бір күн жарқырады. Бірақ өмірінің бір бөлігін сол банкке қарызын өтеумен өткізеді. Есі-дерті сол ақшаны қайтарумен болады. Басқа нәрсеге уақыты болмай, өмірінің мәні мен сәні кетеді.
Әрі қарай
  • -2
  • 24