Жұмыртқадан кім жаралды?
Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау Қайтемін, спортқа қызықпаймын. Бірақ, Азиаданың ашылуында журналистпін дегенге нетбуктан шүлен таратынын білгенде, шауып барар едім. Сүйіп тыңдайтын Лара Фабианның сахнаға шығарын білгенде, жетіп барар едім. Әзіл ғой, әңгіме сол теликтен телміріп көрген айшықты, алау-жалау көріністердің көңілімнен шыққанында болып тұр.
Бұл турасында Тотыдан бастап Айкоға дейін тәптіштеп жазды ғой…. қосарым – безендіру, жарық түсіру, арнайы әсер, декорация жағынан анау-мынау Олимпиаданның ашылуынан кем түскен жоқ. Режиссер Сеченов та бір жарым жыл бойы бізде тегін жүрмепті. Қазақтың тамырын қазбалап, әу бастағы тарихымызға үңілуге тырысты, әй… Оғыз батыр мен Қарлығаш, жібек қауырсындардан пайда болған Ұлы Жібек жолы, Тайқазан, киіз үй, Алтын адам (кәментшілер оны комикстегі “ Темір адаммен” шатастырып, қанды ішті), арба дөңгелегі, Бәйтерек (“ Аватардағы” әулие ағаштан аумай қалған), бәрін-бәрін қамтығандай болды. “Қазағым, Қазақстаным” үшін мақтаныш сезімі маздап, шыт майкамды айыруға шақ қалғанда, бір көрініс настройымды быт-шыт қылды. Әлгі жұмыртқаның аспаннан салбырап келе жатқан сәті ше?… Мм, сол тұс сценарий бойынша солай болды ма, әлде “ как всегда” кәментшілер қуып кетті ме, “ бұл жұмыртқа тәріздес дүниеден, жо-жоқ жұмыртқадан қазір Тәңір туады” деп сүйінші сұрай бастады. Тусын ал деп мен отырмын. Жұмыртқаның ішіндегі қуыршақты (бала ғой) сақалы беліне жеткен ақсақал қолына іліп алды.