Жарқын болашаққа бастар жол!

Заң ғылымдарының магистрі Есламғалиев Жақсылық Русланұлы: "ҚазҰУ-Жарқын болашаққа бастар жол"

Дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздеген Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі олардың білімімен өлшенетіні белгілі. Бүгінде Мемлекеттің ғылыми элитасын құраушы жастардың білім мен ғылымға деген ұмтылысы, кәсіби маман атанып, ел болашағы үшін қызмет етуге деген талпынысы артып келеді. Еліміздегі білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі студенттер қатарынының жыл сайын артып жатқандығын сөзімізге дәлел етсек болады. Алтын ұя мектебінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққан талапкерлердің көпшілігі ҚазҰУ-ды таңдауының өзіндік себептері де жоқ емес. Мәселен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы және QS халықаралық рейтінгісінде әлемнің 800 үздік университеттері арасында 220 орынды алады. Екіншіден, 90 гектар аумақты құрайтын университет кампусында ұлы шығыс ойшылы Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» трактатындағы көзқарасқа сай заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым нысандары мен кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, сондай-ақ, «Жас ғалымдар үйі» орналасқан. Үшіншіден, озық білім беру жүйесіне негізделген 16 факультетте 86 мамандық бойынша студенттер жоғары білім алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Төртіншіден, күндізгі және қашықтықтан оқыту бағдарламалары бойынша жоғары және орта білім алуға жадай жасалынған. Бесіншіден, студенттер өз қызығушылықтарына сай 8 студенттік бірлестік құрамына кіріп, университет қабырғасында түрлі әлеуметтік, қоғамдық, ұйымдастырушылық істермен айналысуына болады. Сол арқылы оқу орнында белсенді студент атана отырып, әртүрлі шараларға қатысып, өз мүмкіндіктерін дамытуына болады.
Университетте Болон процесімен оқыту жүйесі де студенттер үшін тиімді болмақ. Оның негізгі мақсаты студенттер бойына білім жинаудың ізденімпаздық сипатын қалыптастыру арқылы ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін өзіндік білім жолын игеруіне ықпал ету. Сонымен қатар Болон процесіне сәйкес түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар ұсыну, әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау, академиялық еркіндікті дамыту болып табылады. Ресми заңдылық тұрғысынан Болон жүйесі Батыс Еуропа мен Қазақстан арасында білім деңгейін біркелкі формуламен теңестіріп, еліміздің білім құжаттарын Еуропа елдерінде мойындалуына жол ашады. Осы арқылы студенттер де Еуропа елдеріне арнайы бағдарламалар бойынша өз білімдерін жетілдіріп, тәжірбие алмасуға еркін мүмкіндік алады. Сол себептен еліміздегі көшбасшы оқу орыны, білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті талапкердің таңдауына сай, оның болашақта білімді маман, бәсекеге қабілетті ғылыми негізін қалыптастыруға жол ашатын үлкен қадамның бастамасы болары анық.

Айқын жолға апарар

Ізденіп ғылым жаққа жақындалық,
Бос жүріп бекер іске шашылмалық.
Еліміз ашып жатыр түрлі өнер,
Не керек бейқам жатып, қапыл қалып.
Болғанда білім -дария, ақыл –қайық,
Мініп ап етек, женді батырмалық.
Парасат, білім, ғылым, тәртіптік өрнек,
Осыдан басқаларға шатылмалық….
Әрі қарай

Менің кураторым да, эдвайзерім де - Жанар...

Иә, Жанар мен үшін кураторым да, эдвайзерім де саналады. Шыны керек, куратор, эдвайзер сөздерінің қандай мағына беретінін, қайдан пайда болған білмеймін, аса қызық та емес. Бір білетінім, әйтеуір, топқа жауап беретін басшы ғой.

Оспанов Еділ деген жас жігіт біздің топқа куратор болып тағайындалған еді. Алғашқы жылымыз аузымыз ашылып жүріп өтті, әйтеуір. Бірінші жартыжылдықта қазір күйеуге шығып кеткен Шелектің қызы Назерке тобымызға староста болған. О баста ойнап жүріп қыздар сол кісіні сайлаған ғой. Айбек пен Рауан да біздің топқа қосылмай, бірінші топта қалды. Сол топта жеті-сегіз жігіт болған. Ал Әлібек екеуіміз жиырма жеті қыздың арасында қалдық. Қазақ бөлімі. Екінші топ. Алғашқы 8-наурыздан аман шықтық. Екінші жылы ойыншықтар сыйладық-ау деймін. Ал үшінші жылы жиырмадан астам қызды әкемтеатрға апардық. "Қилы заманға".

Алғашқы жартыжылдықта көптеген қыздардың пәндегі бағалары төмен болып қалды, қол қоятын құжаттар уақытында толтырылмады. Қысқасы, Назерке пысық қыз емес ше! Сөйтіп, екінші жартыжылдықта қыздар ақылдаса келіп, білімімен көзге түскен, пысықтығымен мақсатына ұмтылған Абитова Жанарды сайлады. Жанар топтың көшбасшысы болды. Әлбетте, орыс тілі сабағында маған ешкім ілесе алмады.

Енді айтпағым, Абитова Жанар тек қана топтың жауапкершілігін арқалаған адам болған жоқ. Оқудың екінші жылында Оспанов деген «кісі» АҚШ-қа ұшып кетті. Тіл оқиды, тағы бірдеңе оқиды екен. Қалай кетті, солай оның да аты өшті. Сөйтіп, біздің топтың кураторы да, эдвайзері де өзіміздің Жанар болды. Қысқасы, бастық болды. Жанар өзінің қабілетін сол оқудың екінші жылында анық көрсете бастады.

Бірінші топтың жігіттері Жанарды «староста» деп мазақ еткен болатын. Бірақ кейінгі жылдары сол топтың екі қызы (старосталары) неше рет ауысып, неше рет тағайындалды. Күлме топқа, боласың оппа! Оппа! Жанар әуелі фәкөлтеттің атынан тіл жарыстарына қатысып жүріп, жүлделерге ие болып, кейбір оқытушылардың сенімін ақтап, кафедраның көзіне түсіп жүрді. Бір күні тіл ғылымына қатысты ашық сабақ, одан соң дөңгелек үстел дей ме, сондай бірдеңелер өткіздік. Жанар — ұйымдастырушы, топтан ақша жинаушы, жоспар құрушы, т.б.

Жанар басшы болғалы дауыс көтеріп, ұрысатынды шығарды. Үндемей құтыласың. Бірақ ол топты осылай тәртіпке келтіріп алды. Жақсы жері, келесіде өтетін іс-шараларда бастығымыз бір айтады, ал біз дереу айтқанына қосыламыз. Уақыт өте тобымызды кафедрадағы оқытушылар мақтай бастады, жақынырақ тани бастады. Басқа да фәкөлтеттердің оқытушылары «Абитова Жанар» дегенде "ҚБ/2-топ" деген ұғымды түсіне бастады. Сәйкесінше, "ҚБ/2-топ" дегенде біздің бастығымыз Жанарды түсіне қоятын.

Топтың білім көрсеткіші де өсе бастады. Кез келген оқытушымен Жанар тез тіл табыса бастады. Емтихандарда аса қиындық болмады. Әлібек екеуміз тіптен оқымайтынбыз да, тек барып-қайтып жүретін едік. Әйтеуір, Жанардың жүгіруімен емтихандардан аман өтіп жүрдік. Менің жақсы әдетім бар еді, ауызша тапсыратын емтихандарға түк дайындалмай баратынмын. Есесіне, фәкөлтетте тобымыздың белсенділігі арта берді. Ал мен «проходной» бағаларды алып жүрдім. Басқа топтағылар дайындалып келіп «3» алатын.

Тағы не жазсам екен… Жаза берсем, таусылатын түрі жоқ. Бір күні Жанар марқұм Нұршайықовпен кездесуді өткізді. Әдеттегідей, біз ақша жинаймыз, шар үрлейміз, плакат, анау-мынау. Күлкіге қақырынып барып келетіні, Жанардың өткізген іс-шарасын деканат өз атына еншілеп алған еді. Шүкір, Жанар сол кеште өзі жүргізуші болды. Қызығы, сондай кештерде ән айтатын, би билейтін, домбырада ойнайтын қыз-жігіттер біздің топтан шыға бермейтін. Бізден тек Наркез домбырада ойнайтын, Майлықожаның термесін орындайтын. Байсабаева ғой. Поэзияға қатысты болса, Сағыздағы Адайдың қызы Ақмарал ер мінезді тұлғасымен жарқ етіп, «махамбетшілдігі» қозып, Махамбеттің өлеңдерін оқитын. Биыл күйеуге шығатын шығар, Атырауда жүр ғой мұғалім боп. Алғашқы староста Назерке басшылыққа пысық болмағанымен, үстел теннисінен әрдайым бас жүлделерді алатын.

Оқудың екінші, үшінші жылдарында жағдайымыз жақсы болды, шүкір. Фәкөлтетте аты көп аталатын топ болдық. Көптеген іс-шаралар өткізілді. Әлбетте, топтың ішкі саясатында кемшіліктер орын алып тұрды. Бір қызымыз оқудың ақшасын төлей алмай, төртінші жылға өтпей қалды. Қазір күйеуге шығып кетті-ау деймін. Грантта оқитын Дина деген қызымыз сабақтарға келмей, ақыры орнында қалды. Биыл бітіретін шығар. Сырттайға ауысқан қыздар болды-ау деймін. Кезінде оқуды бітіру керек болған, бірақ бітіре алмай қалған, өзіміздің деканаттағы Гүлмира апайдың (ҚазҰУ-дың да филфағының деканының оң қолы Гүлмира апай емес пе еді, ол кісінің өз көзіммен көргем кабинетінде) туысқаны сияқты бір қыз тобымызға қосылған оқудың соңғы жылында. Ол да, әйтеуір, бізбен бірге жүріп бітірді-ау оқуын.

Оқу жылдарында екі-үш қызымыз күйеуге шыққан болатын. Сол кезде топтағы белсенді қыздарға кейде «спонсор» болатынмын. Бірақ өзім бірде-бір тойға бармағам. Элеватордан оқу орнына әрең кеп жүрген адам едім 71-автобуспен. Әлібек Гауһардың тойына барған. Оқудың соңғы жылында аттестация дей ме, сондай бірдеңе болған. Сонда бәріміз дірілдеп жүрдік. Жоға, деканаттың өзі ғой көп қорқытқан. Оразахынова Нұрша апайымыз да: «Екінші курста тест тапсырарда бір дірілдеген едіңдер, енді бітіретін жылы тағы да дірілдейсіңдер», — деп бізге сөзімен қолдау көрсеткен болатын. Нұрша апайдың көп айтатын сөздері: «КазПИ кезінде...», «Оқымайтын болсаңдар оқудан шығыңдар, оқитын біреудің орнын иеленбей...» болатын.

Оқудың соңғы жылында Жанар бастығымыз әбден жұмсарды. Бірақ топтың ісіне жауапкершілігі әлі де керемет болды. Топтағы студенттерге бұйрық беруге бұрынғыдай қажыр-қайраты қалмаған еді. Ең қызығы, бізді "әдемілеп" суретке түсіріп кеткен, әдемілеп шығарып беремін деген, ақырында "әдемілеп" лақтырып кеткен фотоға түсіруші арық жігіт біздің ақшамызды алып кетті өзімен бірге. Әрқайсысымыз 8 мың теңгеден жинадық қой деймін. Енді сол жігіт не қайтыс болды, болмаса түрмеге отырды, мүгедек боп қалды деген сияқты "қараңғы" версияларға үмітімді арнаймын. Жамандыққа қайда ұшыраса да, аман болсын. Әлі жер басып, дөнер жеп, бала-шағасын асырап жүрсе, бір күні оңбайтынын ұмытпаса екен деймін. Жамандық жасасаң, алдыңа жамандық боп қайтады ғой. Ол адамның өзіне қайтпаған күнде оның отбасына, болмаса туыстарына қайтады. Бізге де сол керек, қазір фотоәлбомсыз отырмыз.

Жалпы, Жанардың басқару қабілеті керемет. Жоға, ол тек Word-қа мәтін жазуды, ВКонтактеде әңгімелесуді ғана біледі. Айнабұлақта тұрады. Блог жүргізетін сайттарды білмейді, блог деген сөзді естімеген. Контент-менежір, өмірі интернетке байланған емес. Қазір Абай атындағы «Дарында» (№10-ау деймін шамасы) мұғалім боп қызмет етіп жүр. Ұлттық кітапханада дайындалып жүр. Биыл мәгәстірге тағы да тапсырады. Өткен жылы түсе алмай қалды «каким-то образом». Докторлықты қуатын түрі бар. Әзірге жігіті жоқ десең, ә!

Топта тағы да басқа белсенді қыздар болды ғой. Солардың бірі Ләззат пен Динара да қазір Жанармен бірге бір мектепте қызмет етіп жүр. Ләззат басқа жерде әдіскер болған еді, ал Динара 59-да мұғалім болған. Жанар бастық екеуін өзінің қасына жинап алды. Биыл Атыраудан Ақмарал келетін сияқты. Сондай ниеті бар. Атырауда маса шағып тастапты. Бір күні «Дарында» біреуі директор, біреуі зауыш боп отырса, мен таң қалмаймын. Бұл қыздар ғылыммен айналысамыз дейді ғой. Қайдам, бес жыл ішінде оқу орнына оқытушы боп орналасып алатын шығар. Анау Акрамның жүрісі: қазір ТарМУ-дың бір жерінде кафедрада жұмыс істеп жүр. Мәгәстірін де оқып жатыр. Бұл кісілер Twitter-де жоқ әзілдесе қояйын десең. Содан елге танымал адамдармен әзілдесіп отырасың, бейтаныс адамдармен әңгімелесіп отырасың Twitter-де. Олар блог жазбайды, Canon/Nikon фотоқұрылғылары жоқ. Телефондарына видео түсірмейді YouTube-қа салатындай. Бірақ оқып жүрген, қызметте жүрген адамдар. Менің де миымнан шәпәтәқ еткізіп, интернетті алып тастаса ғой, шіркін!

Нұрбол аға да алғашқы жылы мәгәстірге түсе алмай, «Жас Қазақта» жұмыс істеді ғой. Биыл мәгәстірді бітіріп жатыр. Жақында 250 мың теңге де жеңіп алды. Мәләдес-әй! Жанар да биыл мәгәстірге түсіп кетсе екен деп тілеймін ал. Өкініштісі, қазір топтың студенттері жан-жаққа шашырап кетті, бірлік жоқ, хабарласу жоқ, т.б. Осман империясы сияқты ыдырап кетті ғой, қасқа!

Мен сияқты сіздер жайлы бірге оқыған таныстарыңыз бір жерлерде жазып жатса, қызық шығар, ә-на!? Кім біледі, мен жайлы да топтағылардан біреу бір жерге бірдеңе жазған шығар… Қой, құрысын, аман болсын бәрі! Әрі жүрсін, әрі!..

Басшыға бағынғанның зияны жоқ. Басшыға құрмет көрсету — міндет. Басшыларымыз аман жүрсін! Ал Оспановты мойындай алмайды екенмін қай жерде жүрсе де. Оқудың соңғы жылында кураторымыз Жанар деген жас оқытушы болған, тіл білімі сабағын оқытатын. Ол кісі де екінші топтың басшысы болып мойындалмайды, түйіндемесі қарастырылмайды. Қария жасына жетсем де, топтың басшысы «Абитова Жанар» болды деп ыржаң етіп, қалған екі тісімді көрсетіп, таяғыма сүйеніп кете беремін пінсиә алуға…
Әрі қарай

Плеоназм немесе плеонастикалық тізбек

Мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің қолданыс аясы күннен-күнге артқан сайын оған деген қажеттілік те өсіп келеді. Қазақ тілін дамыту бағыты оның мемлекеттік мәртебесін іске асыру қажеттілігімен айқындалады. Қазақ тілін ғылыми салада дамыту үшін іске асып жатқан шаралар жеткілікті десек те, әлі толыққанды шешілмеген мәселелер де бар. Соның бірі плеоназмдық тізбек.

Ол не нәрсе? Қайдан шықты? (немесе, мынау не дейд?)– деген сауал баршаңызды мазалап отырған болар. Ия, атын естігеннен кейін, аты қабағының астымен қараған, беймәлім плеоназм тіркесінің қараңғылығынан сәуле іздеу қызығушылық туғызды. Сүйенішіміздей көретін, қабырғадағы қанатымыз интернеттен де тұшымды жауап болмағаннан кейін, кісі бетіне күліп қарап көрмеген ғылым саласы ма деп ойладым. Айтушы ердің ұстасы болған ғаламтордың етінен ет кессем де мыңқ етпеді.(өләәә) Сөйтіп, қазақ тілінің қайнарынан қанып ішкен, айтулы ғалым-көкжалдарымыздың еңбектерін ақтардым. Сонымен, күннен аптаға созып, қыры жар берместей көрінген плеоназмдық тізбектің сырына жеттім. Құлақ түріңіздер. (тыңдасаңыздар да болады)

Қай тілдің болмасын, тіл байлығының көрсеткіші, сөздік қорының алтын сандық, асыл қазынасы синонимдер екені белгілі. Ана тіліміздің де байлығы мен оралымдығы, көркемділігі мен бейнелілігі, алымы мен кең тыныстылығы синоним сөздердің молдығымен көрініс тапқан. Ғылыми анықтамасына тоқталатын болсақ, синонимдер дегеніміз тұлғасы басқаша болғанымен, мағынасы бір-біріне жуық, бірінің орнына бірі қолданыла беретін лексикалық бірлікті атаймыз.

Синонимдерді зерттеген ғалым Әсет Болғанбаев олардың қолданылу жағдайларын атап көрсетті.(өтеее көп) Солардың бірегейі плеоназмдық сөз қолданысы.

Плеоназм н/е плеонастикалық сөз тіркесі (грек. Pleonasmos-артықшылық, шамадан тыс) қабаттасып қатар қолданылу нәтижесінде бір мағынаны білдіріп, қалыптасып кеткен екі сөз. Өзара мағыналас екі сөз плеоназм әдісімен ұдайы айтыла келе бір сөз есебінде қолданылады. Мысалы, зәулім биік үй, кең-байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, жайдары жарқын мінез, орасан зор жұмыс, құр бекер жүріс, нән семіз жылқы, қызыл жоса қан, кәрі шал, суық аяз, кіршіксіз таза т.б.

Лингвистикада «Плеоназм» терминін түсіндіруде біраз қайшылықтар бар. Бұл мәселе І.Кеңесбаев, Ә.Болғанбаев, К.Аханов, Г.Әжібекованың еңбектерінде (менің блогымда) біршама қарастырылған.

Синонимдерді жекелеп, жалғыз-жарымдап жұмсаудан гөрі плеонастикалық тәсілмен жұптап қолдану әлдеқайда мәнерлі болып ұғынылады. Мәселен, «байтақ жер» дегенннен гөрі «ұлан байтақ жер» деп айту күштірек мән туғызады. Сол сияқты «ғажайып оқиға» дегеннен «таңғажайып оқиға» дегеннің мәні басымырақ түседі.
Қорытынды. Қазақ лексикологиясы қай жағынан болсын нәтижелі еңбек пен атқарылған іс-шаралар нәтижесінде едәуір биікке көтерілді деуге болады. Дегенмен, басы ашылмаған, сараланбай, жүйеге түспей жатқан дүниелер әлі де көп. Тек қана ерінбеген арыстанның аузындағысын алатынын есте шығармайық.

ПыСы: Мұның бұл жерге өтпейтінін білем. Бірақ, өліп қалған өтірік жазбалардан гөрі, миларыңызға құнды бірдеме болатын жазба деп ойлаймын. Айтпақшы, ізеп сарылып жүргендер, рефераттық нұсқасы керек болса жекеге хабарласыңыздар…
Әрі қарай

The Плагиатор

«Мен бҰе бұлҒ, дОС?» ©СаянҮш

Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірдеңесінші жылдар. Елде жеті жоқтың бәрі жоқ: қант жоқ, нан жоқ, жарық жоқ, бензин жоқ, киім жоқ, темекі жоқ, ет… рас, ет енді — бұрында да толып тұрғаны шамалы еді, тігейіннің. Бірақ ғалымдар бар. Вильсон камерасы түгілі, белсебедінің кәмірін жамайтын да ақшасы жоқ бұтақбас ғалымдар қалайша жаңалық ашыватыр? Ол әдетте былай түсіндіріледі: «аш болса да, жалаңаш болса да, отансүйгіштікпен ғылым жолын тастамады». Әне, біздер қандаймыз деп, мәз боласың, нақ.
Әрі қарай

Жер бетіндегі Қызыл ғаламшар

ЮТА штатындағы мына шөлді-қыратты мекен — Марс ғаламшарының тіршіліктен ада ландшафтын еске түсіреді. Дәл осы жерде марсиандық шөл дала зерттеу станциясы орналасқан. Жобаның басты мақсаты да сол, келер күндерде адамзаттың қызыл ғаламшарда әрекет ету мүмкіншіліктерін байқап көру. Мұнда түрлі тәжірибелер жүргізіліп, бұған қоса Марста және Айда пайдаланылатын техникалар ғарышқа жіберілместен бұрын, алдын-ала тексерістен өтеді.
Рейтер агенттігінің фотографы Jim Urquhart осы Жерде орналасқан Марсқа барып, ондағы тіршілікті көріп қайтқан екен.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Әрі қарай

Қазақ философиясындағы физика

Бір жақын досым студент кезінде осындай тақырыпта ғылыми жұмыс қорғап еді. Орыс тілді, материалистер физикалық есептеулер жоқ деп күресінге тастады. Ойларын бағалап көріңіздер:
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды — Сырттан күш әсер етпесе зат орнынан қозғалмайды(Ньютонның әйтеуір бір заңы)
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды — Аттас зарядтар бір-бірін тебеді,
Бөріні қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды — Тартылыс заңы.

Тағы осылай кете береді негізі. Есімде қалғандары осы. Ғылымда 1 парагроф бойы түсіндіре алмайтын ұғымды, 1 тіркеске сыйдырған мақалдарды ортаға сала отырыңыздар…
Әрі қарай

Білім жүйесі. Акт #1 - Перпетуум мобиле.

«Менің әкем де, оның әкесі де, оның әкесі де, оның әкесі де самурайлар болған.» ©Самурай Фигуси.

1960 жылдар. ЖОО-лар. Елде шаруа тастан асып жатыр. Бірақ қыз-жігіттер сонда да, кешкісін оқыса да оқуларына үлгеріп жатыр. Кешке оқиды, сырттай оқиды, әйтеуір оқиды. Алқашқы техникалық толқыннан бірен-сараны болмаса, ұстаз жетіспегендіктен, көбісі бірден оқытушы болып, оқу орындарында қалдырылды.

1970 жылдар. ЖОО-лар. Көзі ашылмаған қаззақтың ең бақытты онжылдығы десем, ешкім тасымды шауып алмас. Көңіл — көтеріңкі, қалалық қаззақтар табы пайда болды. Епті, ең
Әрі қарай

Қисық сөздер. Үшінші сөз. Жүз



1. Сан. 100 саны қызық өзі. Бала кезден ол толымды, тұщымды, төрт тұяғы нық түскен дүниемен ассоциацияланады. «100-ге дейін санауды үйрендім» деуші едік қой. Өзім елуден кейін жаңылысып қалушы ем «алпыз тоғыз, жетпіз тоғыз, сексен тоғыздарды» тастап кетіп. Кейін пайызды үйрендік. Бағанағы 100 туралы ойымыз еселене түсті. 100% деген шегіне жетіп, шырқай дамыған, абсолютті болып көрінді.
Әрі қарай

Соңғы робототехника жетістіктері

Робототехника көбіне адамға ұқсас роботтарды жасаумен шектеліп қалған сияқты болып көрінеді кейде. Интернетте адамға ұқсайтын роботтардың жарысы, олардың жүрісі сияқты қызық видеолар толып жатыр. Бірақ айтарлықтай адам өмірін жеңілдете қойған робот жоқ десе де болады, өйткені ондай роботқа миллиондаған информация керек: жүретін жердің қыртысы, кедергілерді өтуге т.с.с. және оны анализ жасап қортынды шығарТу үшін де бірнеше километр алгоритм керек немесе жасанды интеллект керек. Қысқасы адам өміріне пайдалы адамға ұқсайтын робот жасауға әлі жылдар немесе онжылдықтар да кетуі мүмкін.

Жақында Цюрихтегі Швейцария жоғарғы техникалық мектебінің робототехника саласының маманы Раффаэлло Д’Андреа роботтың басқа түрін жасады. Ол стандартты, «мода» болып кеткен адам робот емес квадрокоптер робот жасаған. Алдыңғы жылдары пинг понг добын бір біріне лақтыратын екі квадрокоптермен таң қалдырған, сол жұмыстарды жалғастырып екі архитерктордың көмегімен пеноплас кірпіштен үй тұрғыза алатындай төрт квадрокоптер жасаған. Навигациясы, құламай, бір біріне кедергі келтірмей, кірпішті жоғарғы дәлдікпен қоятындай жасаған. Меніңше, бұл — керемет жетістік.
Видеосы:


Роботтар салған "ғимарат" суреті:
Әрі қарай

Ғибратты әңгіме - Туарег халқы

Туарег халқының әфсанасы: "Өсиет"

-Еее шешесстің, менің де демім бітті. Келіңдер нақтың, бір өсиет айтайын — депті хал үстіндегі шал балаларына. Он төрт баласы дереу жетіп келіпті.
— Маған бір шыбық әкеліңдер!-депті шал. Балаларының бірі дереу бір тал шыбық әкеп беріпті.
Әрі қарай

ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ

Он сегіз мың әлемді жаратқан Алла тағаланың саналы құлы адамзаттың тіршіліктік қағидалары ұқсас болғанмен, олардың саусақ таңбалары еш уақытта ұқсас келмейді. Саусақ терісін қанша рет сыпырсаң да, терісі қай-та қалпына келгенде, бұрынғы саусақ пен алақан сызықтары қаз қалпына өзгеріссіз келеді. Сондықтан да, алақан мен саусақ таңбалары жеке адамның өзіндік кодтық таңбасы. Дүние жүзінде қылмыскерлерді тек қана осы таңбалы белгі арқылы анықтайды. Бұл құпияны ағылшын ғалымдары 1884 жылы ашқан. Олар өздігінен ашпаған, оларға сонау VII ғасырда-ақ Құран-да жазылған жәйт әсер еткен болу керек. Қасиетті Құранда Алла адамды қайта тірілтуін, оның саусақ сызықтарына дейін құрастыра алатындығын былай дәлелдейді: «Кәпір бізді олардың (адамдардың) қаусаған сүйектерін кайта жинай алмайды деп ойлай ма? Олай емес, сүйектерін қара тырнақта-рына дейін (саусақтарының ұшына дейін) қалпына келтіреміз» (Қиямет сүресі, 3-4 аяттар).
Әрі қарай

Жаңару, жаңа қадам, құлшыныс.

Тарихта төбеден жай түскендей болатын түрлі ғылыми жаңалықтар болып жатады. Кейбіреулері қолданысқа тез ие болып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне тез сіңісіп жатса, қайсыбіреулері алғашында еленбей кейінірек өзіне назар аударып жатады.
Әрине, жаңалықтардың барлығы дерлік өзінің қолдаушылары мен қолданушыларын жаңа қадамға, қоғамдық жаңаруға итермелейтіні анық. Кей жағдайда, жоғарыдан жасалатын жаңа қадамдар мен жаңа үрдістер қолданшуларына түсініксіз болғандықтан өзіне бөлінген қаржыны ақтамайтыны белгілі.
Қандайда болмасын Империя заман талабына сай жарыста реформатор ретінде әрекет жасайды. Үкімет тарапынан қолданушыларына жасауға мәжбүрлейтін жаңа қадамның, түсінуге мұрсаты болмай жатқанымен санаспайтын талпыныстардың елге берері не? Жәй ғана талпыныс күйінде қалатын кезекті науқан болатыны анық. Мұндай қадамдар елді болашақта өздігінен алға аяқ баса алмайтын дәрежеге әкелмесіне кім кепіл? Болшаққа стратегиялық қадам қалай болғаны дұрыс?
Әрі қарай

Аудиокітаптардың жағдайы қандай?

Күннен-күнге аудиокітаптар кеңінен қолдануда. Ол әрине негізсіз емес. Көзбен оқудан шаршаған, тыңдау арқылы жақсы қабылдайтын адам аудиокітап арқылы біраз ақпараттарды біле алады. Түрлі аудиоспектакльдерді тыңдауға болады. Мысалы мен, жақында «Над пропастью во ржи» кітабының аудио нұсқасын тыңдадым. Өте ұнады.
Интернетте ағылшын, орыс тілдерінде аудиокітаптар өте көп. Онда көркем әдебиет, тілді үйрету, ғылыми кітаптар т.б. толып жатыр.
Аудиокітап арқылы шет тілдерін әжептәуір меңгеріп те алуға болады дейді мамандар.
Жалпы аудиокітап деген бұрынғы кездегі пластинкалар деп те айтуға болады. Бұрында осы пластинкалар арқылы ертегі тыңдауға болатын. Жас бала осылай есту арқылы есте сақтауды (слуховая память) дамытады.
Ал қазақ тіліндегі аудиокітаптардың жағдайын қарастырайық. Он шақты ертегіні жүктеп алуға болады екен. Дүкенде Абайдың қарасөздері, «Абай жолы», бар дейді. Одан басқасы жоқ.
Бірақ өкінішке орай, мынадай ағымдар бұл жұмысты ертерек қолға алған екен. Мысалы, мына сайтты қарап көріңіз.
Табысқыңыз келсе
Әрі қарай