Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым

Футболда нәтиже бапкерге, мықты футболшыларға байланысты деп ойласаңыз — қателесесіз. Өз алаңы, жанкүйерлер қолдауы деген де — бос сөз. Футболда жеңіске жету үшін ең алдымен гол соғылуы керек. Ал голды соғушы күш — ырым. Бүгін осы нәтижелі ырымдарға тоқталмақшымын.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Маған бала боласың ба? Алып кетейін сені…
— Жоооооққққ!!!


ГОЛ ТАРТЫП КЕЛУ
Әдетте жүйкесі жұқа никотинсүйерлерге арналған ырым. Ойын алдындағы, үзілістегі темекі тарту бөлек, гол шақыратын темекі тарту бөлек. Гол кешіккен кезде жасалатын ырым. Әлемдегі голдардың 60-75 минуттарда соғылатындарының біразы осы ырым арқылы салынады және жеңімпаз команданың алғашқы голдары да. Темекі тартылғаннан кейін 1 минут аралығында гол соғылады немесе темекішінің қасиеті мықты болса, темекі тарту кезінде-ақ гол болып жатады. Көп гол соғылатын Германия, Голландия, Түркия сияқты елдерде темекі көп тартылатыны сондықтан.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Салыңдар гол, ептібайымайттар. Алаңда болмасам да, командама көмектесейін...

ГОЛ ТӨГІП КЕЛУ
Темекі ырымы сияқты, тек дәретханаға барып келуінде ғана айырмашылығы. Кейде шынымен қажетсініп, кейде қатты қажет болмаса да барып келу арқылы бірнеше гол соғылып жатыр футбол әлемінде. Кей жанкүйер топтарында арнайы бір адам болады. Басты дәретке барып келуші сол болады. Ол барып келсе, гол міндетті түрде келеді. Көп адамға берілмеуі мүмкін мұндай қасиет. Дегенмен әр фанат істеп көруі міндетті ырым түрі. Дәретханасы трибуналардан алыс орналасқан Қазақстанның бірнеше стадионында бұл ырым жақсы өтеді. 2-таймның 46-47 минуттарындағы голдардың 1 пайызы қақпашы қателігінен соғылады, қалған 99 пайызы дәл осы ырымның арқасында.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Есеп 0:0, әзірше...

МАТЧТЫ ҚАРАМАУ
Командаңның матчына бармау, ТВден қарамау, смартфон арқылы онлайн нәтижесіне үңілмеу — өте мықты ырым! Әлемнің түкпір-түкпірінде ғасырлардан бері келе жатқан, тексерілген ырым. Осылай чемпион болған командалардың бірі — астаналық Астана. Нақтырақ айтар болсам: Астананың Еурокубоктегі ойындарына 20 мыңдай адам келеді. Қазақстан чемпионатындағы ойындарына әр матчқа орташа есеппен 19750 адам келмейді. Осылайша олар 3 жылдан бері ел чемпионы. Түсінікті ғой? Командаң ұтсын десең кейде матч қарама.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Астана футболшылары фанаттарының қолдауына риза...

«ОСЫЛАЙ БІТЕД ЕНДІ» ЫРЫМЫ
85-90 минуттар, әсіресе 90+ қосымша минуттардағы голдар дуалы ауыздардың «Болды енді, осылай бітед, гол болмайд» деген сөздерінің арқасында соғылған голдар. Бірақ кез келген адамға жүрмейтін ырым. Арнайы сондай адамдар болады, солардың аузынан шығуы керек. Бұл адамдар жалпы өмірде жылаңқы, пессимист, негативі көп адамдар. Дегенмен осындай пайдалары да болады. Астана — ХИК матчы кімдердің арқасында алынды деп ойлайсыңдар?

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Неше минут қосты, еу? Болды, бітті ғо...

ФУТБОЛШЫ ДЕМОТИВАЦИЯСЫ
Нақты бір футболшыға негатив энергия (қарғау сілеу, боқтау) жіберу арқылы демотивация арқылы мотивациялау. «Осыны несіне шығарған? Бұл ойнағандай мен де ойнай аламын. Ой, сала алмайд мынау» сияқты пессимист сөйлемдер арқылы нақты бір футболшыны нәтижеге итермелеу ырымы. Хижниченко, Кежман, Кержаков, Нани, Индзаги, Торрес, Тлешев — бұл ырымның жарқын өкілдері.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Бүгін екі гол соғам, Бекболат аға!

Ал мына ырымдар негатив мәнді ырымдар. Яғни, бұларды жасамау рекоменделеді.

СӘТСІЗ АДАММЕН ҚАРАМАУ
Сәтсіз адам санатына онша футбол қарамайтын дос немесе әйел жынысы өкілдері кіреді. Мысалы: жүріп жүрген қыз, туған әйелің, көңілдес. Былайғы кезде ұтып жүрген командаң тап осылармен қараған кезіңде ұтылып қалады. Сондықтан ешкімді ренжітпей, көңілін түсірмей, футболды үйреншікті футболдастарыңмен қараған жөн. Алматыда футболға бару тренд болғалы Қайрат чемпион бола алмай жүр. Ал сұлу қыздары футболға жиі барғыш боп кеткен Ақтөбенің жағдайы өзіңізге мәлім.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Біздікілер жеңіліп қалды ма, не? Есесіне Инстаграмға бірнеше фото түстік!

ТӨРЕШІ ЫСҚЫРЫҒЫНА ДЕЙІН ҮНДЕМЕУ
«Болды, ұттық!» деп әсте ерте айтуға болмайды. Ойын 90 минут + қосымша 4-5 минут екенін естен шығармайық. Сондықтан соңына дейін үндемей шыдаған дұрыс. Қазақстан құрамасының соңғы минут фиасколарына кімдер кінәлі екенін енді түсініп отырсыңдар ғой? Тіпті біздің комментаторлар да бұл әбестікті қойды.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— No comments...
Әрі қарай

Мұхтар ШЕРІМ. ЫРЫМ-ЖЫРЫМДАР...

Блог - Satira: Мұхтар ШЕРІМ. ЫРЫМ-ЖЫРЫМДАР...--Қыздарға мың үйден тиым… Өйткені, қазіргі қыздардың аяқтары емес, ауыздары жүреді…
--Келіншектердің талтайып тұруына болмайды… Жабыстырып киген шалбар-ла¬ры айырылып кетеді.
--Әйел қойдың басын мүжімейді, мүжісе күйеуінің басын мүжіп кетеді…
--Өз құдығыңа түкірме, көршің де түкіріп кетеді…
--Банкті айналып жүгірме… Бәрібір несиеңді кешірмейді.
--Алқаштарға қолыңды шошайтпа… Ақша сұрайды.
--Парақор әкімнің қолын алма, «парақорлық вирусы» жұғып кетеді…
--Саясатқа барма, саясат сайқал, жүргіш. Көңілшек қыздар сияқты бұзылып ке¬те¬сің.
--Өз желкеңді өзің тістеме… Аузың созылып кетеді…
--Халықтың нанын тартып жеме, оқ атпа, Украйнаның сұм президенті сияқты қашып жүресің, аяғыңды әр жерден басып жүресің…
--Қазақстанның керегесін керме, табалдырығына тышпа… Геморой боласың.
--Шпион көрсең, шәй берме… Шекараңды тіліп кетеді.
--Екіқабат әйелге теңге ұстатпайды. Ұстатса, теңге құнсызданып кетеді…
--Билікте жүріп ысқырма… Ресейге елші болып кетесің…
--Түнгі көбелек қыздарды құшақтама, оларды айналып жүгірме… Шайтан ұрады.
--Бастығыңның бетіне үрлеме, тырнағын тістеме… Кісілік жұғады.
--Жұрт алдында мұрныңды тазалама, ышқырыңды қасыма, аспанға түкірме, тіліңді сумаңдатып, шығара берме… Жындыханада жатқаныңды біліп қояды.
--Қыздар, жігіттерге сұқ саусағыңды шошайтпа, күйеуге тимей қаласың…
--Түнде « Водаканалға» барма...(суға) Баға қымбаттап кетеді.
--Қымбатшылыққа басыңды шайқама, таңдайыңды тақылдатпа, жындыбас боласың.
--Депутаттарға күлме, тіл тигізбе… Өз басыңа келеді…
--Билік желіне қарсы түкірме, билік дауылына қарсы дәрет сындырма… Өзіңе шашырайды.
--Жексұрын бастығыңның қасында жел шығарма… Бірге иістенесің…
--Қазақ тіліне ерніңді шығарма, боқтама. Ернің жырық болады.
--Табаныңды қасыма, жемқор болып, шетелге қашып кетесің.
--Министрдің қойдың миын жеуге болмайды. Мисыз, миғұла министр болып кетеді…
--Таяққа сүйенбе, күйеуіңе сүйен. Күйеуің сонда тоқал алмайды.
--Әйеліңді ұрма, қолың сал болып қалады…
--Ұйықтап жатқан енеңді аттап өтпе. Енеңе қарай жүгірме. Тентексің бе не?
--Әйелдер мерекесі қарсаңында ақша санама… Кедей боласың.
--Қазақ қыздарының алдын негр кесіп өтсе, жолы болмайды. Оған тигенмен, бақытсыз боласың.
--Бензин колонкасына қарап тырқылдап күлме, мұнайлы ел болсаң да бензин қымбаттап кетеді.
--Депутат болсаң, жағыңды таянып отырма, тістерің түсіп қалады.
Мен шығарған ырымдар мен жырымдар осындай. Сіз өзі ырымға сенесіз бе, әлде халыққа өтірік есеп беретін әкімге сенесіз бе?
Әрі қарай

Насролла Біләл: Сідікке қатысты ырымдар


Насрулла байғұс бүгін ақыры бұтына сиіп тынды. Бәріне кінәлі үйдің планировкасы мен ырымдар.
Үйге қарап сиюге болмайды екен. Құбылаға қарап дәрет сындыру күнә. Айға қарап сисең қисайып қалады. Суға сисең шошайып қалады. Желге қарсы шаптырсаң тағы
Әрі қарай

Өйтпе,бүйтпе!

Алиша: Өйтпе,бүйтпе!

Өйтпе, бүйтпе! Қазақ та не көп, ырым көп. Ырымға сенсең, қозғалуға болмайды. Бәлеге қаласың. Отырғанда да абай болу керек. Тізеңді құшақтамайсың, жағыңды таянбайсың, төбеңе қолыңды қоймайсың, табаныңды тартпайсың… Ырым етсең, қырын кетесің дейтін де қазақтың өзі! Осы ырым-тыйымдар тәжірибеде қаншалықты дәлелденген? Осы мені қызықтырады… Табалдырықта тұрамын деп бойы өспей қалған адамды кім көрді? Бала күнімізде «Таңдайыңды қақпа, соқырішек боп қаласың» деуші еді біреулер… Мұның енді біреудің қиялынан туған нәрсе екені анық. Ал, сіздер, ырымға сенесіздер ме?
Әрі қарай

Хат, хабар, қуаныш, реніш...

Кеше көзімнің астынын түскен кірпігімді алып тұрып бала кездегі осы оқиға есіме түсіп кетті. Сіздерде қайдам бізде( мүмкін біздің үйде ғана болар, әпкемнің ойлап таппайтыны жоқтын) түскен кірпікті басқа адам саусақпен алып, кірпік иесінің жұдырығының сыртына (кентус, саусақтың буындарының үстіне)осы сөздерді айтып кезекпен басады. Қуаныш сөзіне түссе жақын арада қуаныш, ренішке түссе реніш болады деп сендіретін.
Әрі қарай

Жаман болады

Қазақта «жаман болады» деген ырымдар көп қой. Бала кездеріңізде өздеріңізде талай естіген боларсыздар.
Үйге жүгіріп кіре бергенде әжең тоқтатады.«Балам,үйге жүгіріп кірме жаман болады».«Сонда не болады?»-деп сұрасаң «жаман боладыны» естисің тағы.
Бейіттерге қолыңды шошайтып"Әже, аналар немене"-дейсің. «Балам,қолыңды шошайтпа, жаман болады».Қолыңды шошайтқаның үшін саусағыңды тістетеді ғой оның үстіне.
«Күн батып бара жатқанда ұйықтама, жаман болады»
Таусылмайтын «Жаман боладылар». негізі осының бәрі тәрбие екені мәлім ғой. Бірақ не болады,ә?
Әрі қарай