Адам адамға сыйлық жасағысы келсе...
Адам адамға сыйлық жасағысы келсе, бағалы бұйымдарды ойлай бастайды. Қалтасындағы теңгетайларға қарап, жете алмаған затына қамығады. Кейбірі қымбат ұялы телефон алғысы келіп, ата-анасына ауыртпашылық салып бес жылдық кредитке бірақ салады. Пенде болғандықтан айтылған мәселені құр оқығаннан басқа түзетуге қадам баспаймыз ғой. Маған кішкене кезімнен біреуден қарызға ақша алуға немесе қарыздар болуға тыйым салып келген. Егер қалаған нәрсені алуға қаражат жетпеген кезде, өзімше қор жинаймын. Жеткілікті мөлшерде болғанда ешкімге масыл болмай, мойныма кредит қанжыламай, қалаған затыма қол жеткіземін. Адамның қиялы ұшқыр болып келеді. Бірде-бір ақша шығармай, ешқандай сөрелерден сатып алмайтын, ешкімде болмайтын заттарды жасап шығаруға болады. Сіздерге мен жасаған сыйлықтар топтамасын ұсынғым келеді. Мүмкін, пайдам тиер!
1. Купон. Ағамның туған күніне бергенмін. Қашан жасағаным есімде жоқ. Аздап, ұялып тұрмын. Бірдеңе орысша жазыппын ғой. Оқыған сайын күлкім келеді.
2. Ине мен жіпті ермек қылу. Негізі тоқу білсеңіз, тіпті, керемет болады. Өзімше, жүрек пішінді ине қадағышты тігіппін.
3. Оригами. Қағаздан неше түрлі пішіндерді жасау. Көбіне хобби ретінде ұнайды.
4.Мотоцикл. Ер балаларға арналған сыйлық. Жап-жаңа ғана жасадым. Қолдан-қол қалмады. Қиын екен. Қайта көмекке көкем келді. Бірігіп шаруаны тез тындырдық.
P.S.: Негізі сыйлықтың көлеміне, бағасына назар аудармаған жөн. Адамның көңілі шынайы шын ықыласпен тарту еткен заты әрқашан жылы қабылданады. Кешеден бері бойымды бір сұрақ кернеп барады. Ал қазір өз қолымен жасаған заттарды адамдар бір-біріне сыйға тарта ма? Әлде нарыққа кіргеніміз соншалық сыйлықты ақшаға сатып алғанды жөн көреміз бе? Ал сіз өз қолыңызбен сыйлық жасап көрдіңіз бе?