Ғаламтор пайдалыма әлде зиянба?

Қазіргі таңда ғаламтор желісінде отыратын адамдардың санына шектеу жоқ. Балалар да, жас өспірімдер сонымен қатар үлкен кісілер де отырады. Әрине бұл жақсы, бірақ адамдар өздерінің санаулы уақыттарын қалай өткізіп алғандарын білмей жатады.
Интернеттің жақсы да, жаман да жақтары бар, яғни пайдасы да, зияны да. Қазіргі дамыған заманда бұл әдет, яғни интернетті жиі қолдану. Ал енді пайдасы мен зиянына терең тоқталсақ. Ең алдымен пайдасын айтатын болсам: білмей тұрған затты тез арада тауып аласың, көптеген деректерді білесің, алыстағы адамдармен байланысқа оңай түсе аласың. Сонымен қатар осы арқылы ақша да тауып жатады. Зиянына келетін болсақ асыл уақытының көбісі қалай кеткенің байқамай қаласың, яғни пайдасыз нәрселерге, зиянды сайттарға алданып, өздеріне қол жұмсауға дейін барып қалады, бұл өте жаман. Кейбір адамдар осы интернет арқылы көптеген пайдалы дәрістер алып жатады. Бірақ қазіргі таңда, ғаламторда көп адамдар босқа отырады.
Қорыта айтқанда ғаламторды тек жақсы жағынан ғана қолданайық. Алтындай қымбат уақытымызды зая кетіріп алмайық.

Уақыт емші ма?

Түнерген түн артынан арайлап таң шығары анық. Бәріміз бүгін жылап жатып бұл қайғының да өтетінін ертең бәрі ұмыт болатынын ойлаймыз. Бірақ жылауымызды жалғастыра береміз. Мұңды өлеңдер іздейміз біздер қыздар қайғы үстіне қайғы жамауды жақсы көреміз. Бірақ ертесіне күлеміз.
Мен өмірде өте көңілді адаммын. Жыламайтын, жасымайтын, сағы сынса білдірмейтін, барлығына көңілді қарайтын. Бірақ тереңінде емес ел көзіне.
Әділетсіз адамдар көп деп жылау үшін өмірде біреу сенің әділеттілігіңе разы болуы керек, мені неге түсінбейді деп жыламас бұрын өзің түсінікті болуың керек, бәрі өтірікші демес бұрын сенің туралығың битікінен де мығым екеніне көз жеткізіп алғаның жөн болар. Көрдіңіз ба барлығының бастауы өзіңіз екенін.
Барлығының соңына «уақыт емші» дегенді неге қосмыз. Алып қарайықшы қыз бен жігіт айырылысып кетті делік. Қыз жылайды ұмыта алмай қиналады, немесе жақынынан айырылса дәл сондай сезім тіпті одан екі есе ауыр ойлар. Жаныңа келген жақыныңнан алыстағы араласыңа дейін «уақыт емші» дейді. Уақыт қалай емдейді, қимасыңды қидырып ұмытпасыңды ұмыттырардай уақытта қандай күш. Әлде жадыңды жаңарта ма? Жоқ егер ол сенің жадыңнан тез өшсе ол сен үшін аса маңызды адам болмады деген сөзге саяды келіп соңында. Адам ойынан өзі өшіріп жан дүниесінде адамға деген қимас сезімінен өзі босатпаса уақыт деген бос далбаса. Сағат сен үшін тоқтай тұрмайды. бірден кейін екіге, одан үшке, одан төртке дәл осы ізділікпен он екіге дейін жылжи береді, жылжи береді. Ойларыңнан арылып серпілмесең дәл солай бес жыл, он жыл тіпті өміріңіздің соңына дейін жүре беруіңіз мүмкін.
Сондықтан ойларыңыз бен мұңдарыңыздан өз уақытында арылыңыздар. Адам өз ішінде босатпаса, уақыт ештеңеге де емші емес!

Өмір – өзен

Өмір зырғып ағып өтіп жатыр. Өмір-өзен ағады, әттең, өткен күн қайта оралмас. Бұл ағыста, менің жаным қай жағада қалады? Арманға жетер жол да барады алыстап. Маған берілген мүмкіндік, өмір сүруге берілген мүмкіндік ойламаған жерден бітіп қалары анық. Ойлап қарашы, кез келген сәтте бәрі де бітеді. Болды. Бітеді және қайта оралмайды, келмейді, басқа мүмкіндік берілмейді.
Сонда осы бітіп қалатын не нәрсе? Бұл уақыт болар? Зымырап бара жатқан уақыт. Ойға батам. Уақыт жылдам, ой, неткен? Қайда асығады? Мен үлгермей жатырмын. Өмірде көретін, сезінетін әлі қаншама нәрсе бар, бірақ уақыт жетпейді. Уақытты тоқтату немесе қайтару туралы, тіпті өткенге яки болашаққа жол тарту жайлы ешқандай да кеңес әлде бір құпия жол туралы еш жерде айтылмаған. Бұл бір жұмбақ.
Енді не істеу керек? Оны қайтара алмаймыз немесе 10 жыл тастап болашаққа кетіп қала алмаймыз. Бұл біздің билігімізде емес, біз уақытты өзгерте алмаймыз, қолымыздан келетіні тек өзімізді, өз ойымыз бен көзқарасамызды, шешіміміз бен әрекетімізді өзгерту ғана. Яғни біз тек осы шақта ғана өмір сүре аламыз.
Өмір деген ол уақыт, кеңістіктегі қозғалыс. Басқаша айтқанда, өмір тек қана уақыттың өтуі емес, оған қоса ол қозғалыс. Себебі, сен еш қимылсыз бір орында тұрсаң да, уақыт өтіп бара жатыр. Оған ілесу үшін саған да қозғалу керек, өмір сүру керек.
Ал өмір сүру дегенді әркім әр қалай түсінеді. Заманы өтіп бара жатқандықтан, біреулер тезірек отбасы құрып, бала сүюді қалайды. Басқалары, өзінің тұлға ретінде дамуы үшін бар уақыты мен күшін алуан түрлі шебер-класстарға, тренингтарға, үйірмелер мен саяхатқа жұмсайды. Немесе өз шығармашылығына ең көп мән бөледі. Бұл зерттеу жасау, кітап,өлең не ән жазу, музыкамен айналысу, билеу, спорт немесе аспаздық салаларында білім нәрімен сусындап, соны қолдану және шыңдау үшін өмірін арнау дегенді білдіреді деп ойлаймын.
Жалпы, даналардың, ақылшылар мен кеңес берушілердің, оған қоса психологтардың айтуы бойынша, қандай жағдай болса да өкінбеу керек дейді. Өйткені, оған жұмсалатын қуат пен уақытты өзіңе не өзгеге пайда әкелетін іске арнауға болады. Яғни уақытты босқа құртпауға тырысу керек. Шынында да негативті эмоция мен іс-әрекетке кеткен уақыт өзін ақтамайды, керісінше одан бетер күйзеліске түсіреді. Басқаша сөзбен жеткізсем, бұл бізді төменге сүйрейді, ал біздің өмірдегі қозғалысымыздың бағыты жоғарыға қарай көзделген болса, биікке жетуді діттеген болса және соған тырмысып, талпынып, тырыссақ бұл уақыт пен қозғалысқа кеткен қуаттың бекер емес екенін, оның арнайы бағыты мен мақсаты бар екенін білдіреді. Бұл біздің өмірімізге мән беретін секілді.
Адамдардың ойына жиі оралатын сұрақтардың бірі “Өмірдің мәні неде?” деген сауал болса керек. Мен осы сұрақтың жауабын дәл қазір түсінген сияқтымын. Өмірдің мәні берілген мүмкіндік пен уақытты жоғалтпау, қайта соның жетегінде мақсатқа жету үшін қозғалу, талпыну, бір орында тоқтап қалмау.
Дегенмен, өмірде болып жатқан жайттардың көбісі біздің құштарлығымыз бен күшімізді, жанарымызда жалындаған от пен жүректегі қайсарлықты, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен махаббатты жойып жіберердей. Дәл осы сәтте көптеген адамдар сол тоқтаған жерінде қалып қойып жатады. Алға қарай жылжуға итермелейтін күш таппайды немесе мұның ешқандай да мәні жоқ деп ойлайды. Егер де осы жандар, олар еш қозғалыссыз тұрғанда бір –ақ рет берілетін өмірі мен уақыты өтіп бара жатқанын түсінсе, келешекке қарай ұмтылуға құлшынысы пайда болар еді деп ойлаймын.
Осы тұста, уақыттың еш тоқтаусыз кетіп бара жатқанына байланысыты менің де әлі де сөнбеуге хақым бар-ау, қайта жарқырауға уақытым бар-ау деген сұрақ жүрегімде ұялады. Аталған сұрақтың жауабын іздеу мақсатында жазуымды осы жерде тоқтатайын…

БІР ТОЙДА ҚАНША АДАМ ӨЛЕДІ?

Бостан бос, еш әрекетсіз, не өзіңе, не басқаға пайдаң тимей өткен уақыт «өлген уақыт» деп саналады.

Ал 5-ке шақырылған той 8-9-да басталғанда «мен сол кеште 3-4 сағатым- уақытым, яғни өмірім текке кетті, өлді» деп санаймын! Кешігіп баруға қалыптасқан тәртіп, той иесіне деген құрметім жібермейді.
Блог - qbusiness: БІР ТОЙДА ҚАНША АДАМ ӨЛЕДІ?
Жылына қанша өмірім осындай тойларда, қонақтарда өліп жатыр десеңші! Ал бір тойға 300 адам жиналса, төртке көбейтсек 1200 сағат өмір шығады екен. Бұл деген не деген далаға кеткен ресурс! Текке кеткен өмір! Сол уақтты қаншама білім жинауға, қаншама денсаулық үшін спортпен айналысуға, басқа да пайдалы шаруаға жұмсауға болушы еді!!!

Ал бүкіл Қазақстанды алып есептеп көрсеңіз, бұл деген қанша адамның өміріне пара-пар уақыт қой!!!
Әрине той тәңірдің-қазынасы, бірақ уақытында басталып, уақытында аяқталса қандай ТАМАША!

Мен қарта ойнап, бильярд ойнап, сыра ішіп, крассворд шешіп, түкке тұрмайтын сериалдар көріп, нард ойнауға кеткен уақытты Өлген өмір деп ойлаймын. Адамдар ондай уақыттарын өзінің сүрген өмірінен сызып тастау керек. Сонда нақты қанша өмір сүргендері белгілі болады.

Мен өзім де осы уақытқа дейін жарты өмірімді ӨЛТІРІП алыппын!
Енді қалған азын аулақ өмірді өзіме де, маңайыма да пайдасы тиетін қылып өткізуді ұйғардым!
Әрі қарай

Псиxологиялық тест

Бұл тест сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңызды дамытады. Сондықтан бір рет емес, бірнеше рет қайталап көрсеңіз болады.
Өте қызықты. Менің уақытым 14 минут)))
Ережесі: 1-90-ға дейінгі сандарды суреттен қарап санап шығуларыңыз керек… уақытты санаймыз… кеттік:)

Егерде 1-90-ға дейін санау барысында сізге:

10 минутқа дейін уақыт кетсе, – сіз өте зерек және байқампаз адамсыз.
10 – 15 мин, — сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз жақсы.
15 – 20 минут, — сіздің байқағыштығыңыз бен зеректілігіңіз орташа.
20 минутан көп уақыт кетсе, —сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз төмен, бірақ сіздің сабырлылығыңыз бен шыдамдылылығыңызға қызығуға болады.
Блог - alya: Псиxологиялық тест
Пы.Сы. Суреттің жоғарғысында тұрған 5 саналмайды.))
Әрі қарай

Ертекші ата

Біздің үй мен мектеп ұзын бір көшенің бойында орналасқан. Арапов көшесінің ана басында мектеп болса, мына басында біздің үй. Ал дәл ортада көк дарбазалы, біз үшін ерекше кісінің үйі бар. Құдды екі ортаны жалғап тұратындай. Ерекше болатын себебі де
Әрі қарай

Талмұт

Кештің бірінде көшеде үлкен ошақ болып от лаулап жанғанын көруге болады. Ошақ қасында төбе болып кітаптар үйіліп жатыр. Әртүрлі ғылым жазылған сан-алуан кітаптар. Кітаптармен лаулаған ошақ ортасында кәрі адамның отырғаны байқалады. Ол кітап үйіндісіне қолын созып іліккенін қолына алады. Кітапты қақ ортасынан жарып қос бет парақтағы жазуларға көзін жүгіртеді. Одан кейін кітап беттерін жауып отқа лақтырады. Осылайша кітаптар отқа түскенде бір — ақ сөз қайталанады:
-Талмұт!, — деп.
Отың жарығы жетпеді ме, көздің өткірлігі кетті ме белгісіз. Маңыздысы — шал кітап бетіндегі жазғанды оқи алмапты.
-О қараңғы шал! Не істедің?, — деп оны аяма, сұра ма. Шал болса әр кітаптың бетінде жазылғанын жатқа білетін. Жатқа білгенімен анда-санда қайталап оқитын. Осы жолы да қайталап оқығысы келді. Бірақ кітаптардағы жазулар оқылмады өйткені сөздер — сөздердің үстіне шыққандай, сөздегі әріптер өздігінен орнын ауыстырғандай көрінді.
Әрі қарай

Уақыттың қадірі

Үнемі кешігіп жүретін «пунктуальный» досым Жанмейірге арнаймын

Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі — уақыт. Өмірдің өзінің басы мен шегі бар, тумақ пен өлмек бар десек, сол екеуінің арасы — уақытпен өлшенген ғұмыр. Ғұмыр біреуге аз, біреуге көп берілетіні тағы бар. Бірақ, жазбам уақыт хақында болмақ.
Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады.
Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан ол туралы өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін, карьерамыздың қамы үшін аз ұйықтап, көп шапқылауға да мәжбүрлі жайымыз бар. Өйткені "әр минут — ақша" немесе «уақыт — ол ақша» деген түсінік бар.
«Уақыт — ақша» демекші, оның құны мен құндылығы, бағасы Уақыт (In Time) фильмінде жақсы айтылып, ұтымды жеткізілген, ИМХО).
Уақыттың қадірін уақыты өтпей тұрып түсінуді нәсіп қылсын.
Сосын уақыт хақында мынау тұста жақсы айтылған екен.
Әрі қарай

Тірі сағат



Марк Форманек деген суретші Datenstrudel компаниясының қолдауымен қызық сағат жасапты. Сағаттың ерекшелігі оның жандылығы. Сағаттың үздіксіз жұмыс істеуі үшін 24 сағат уақыт, 70 жұмысшы, 30 тақтай және 1611 өзгерту қажет. Конструкцияның биіктігі 4 метр, ені 12 метр. Бұл сағат Берлиндегі Мүсіндер Паркінде тұр. Көргіңіз келсе мына сілтемегі өтіңіз: http://esquire.ru/clock

Видео сіздегі дәл қазіргі уақытты көрсетеді және басқа қалаларды да қарай аласыз.
Әрі қарай

ӨМІР МЕН УАҚЫТ


Өмір туралы айтылған, жазылған толғаныстар аз емес. Өмір дегеніміз не? Оның нақты анықтамасы жоқ. Себебі, әр адамның санасында сан түрлі түсінікке ие. Өткенге көз жүгіртіп, өз заманының даналары өмір мен уақыт туралы не дегенін оқып көрелік…
Өмір дегеніміз – күрес. К.Маркс
Өмір – мұхит, уақыт — толқын. Абай
Өмірді сүйсең, уақытты оздырма, ол — тіршілік арқауы. Б.Франклин
Өмірдің шарты – күрес. Күрес тоқтаған жерде өмір де тоқтайды. В.Г.Белинский
Адамның өмірі уақыттан үнемдеген істерімен ұзарады. Ф.Коллиер
Уақыт – қолымыздағы бардың ішіндегі әрі арзаны, әрі нағыз қымбаты. Өйткені біз нені болса да уақыт арқылы аламыз. Я.Райнис Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі — уақыт пен төзімнің жемісі. О.Бальзак
Зая кеткен әрбір сәт — істелмеген іс, түспей қалған пайда. Ф.Честерфилд
Уақытты босқа өткізу — ең ауыр шығын. Ж.Бюффон
Адам баласының табиғаты қызық қой, — байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды. Абул-Фарадж
Әрі қарай

уақыт

Әр нәрсені өз уақытында түсіну әрбір адамға беріле бермейді екен… Меніңше, әр өмір кезеңін тиімді пайдаланған, уақытын құр әшейін бос нәрсеге емес, пайдалыға жұмсаған адам ғана лидер бола алады… алайда, ең басты мақсат лидер болу емес, маңыздысы өткен өміріңе өкінбеу!
Мектепте оқып жүргенде сабақтан қашып, сол мектепті бітіріп құтылғанша асығушы едік!)) Қазір сол алтын ұяны қайтадан аңсаймыз..Қолда бар алтынның қадірі жоқ деген рас екен! Дәл қазіргі қолымызда бар алтын ол — уақыт! Қадірлей білген жөн!
Әрі қарай

Наурыз кестесі жарияланды

Діни және Ұлтшыл істер агенттігіне қарасты «Руханият: дін мен діл» басқармасы 2012 жылға арналған Наурыздың келу уақыттарын жариялады.

Кестеге қарайтын болсақ Наурызға ең алдымен еліміздің шығыс аймағындағы Владимировка ауылының тұрғындары кіреді. Олар таңғы сағат 04:10-да Наурызды қарсы алуларына болады. Алматы қаласы үшін Наурыз уақыты 04:57, елордамыз Астанада 04:58. Ал, Наурызды жұрттың соңы болып қарсы алушы Батыс Қазақстан облысы, Сайқын ауылының тұрғындары болмақ. Олар үшін Наурыз уақыты 05:32.


Халық Наурызды жылы палаткаларда отырып, асыға күтуде © voxpopuli.kz
Әрі қарай

Блог жазу – мода ма, әлде қажеттілік па?

Блог жазу – біртіндеп тенденцияға айналуда. Қазіргі уақытта тек журналисттер ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер, шоу- бизнес өкілдері, кәсіпкерлер, әртүрлі мамандық иелері блог жазады. Кейде медиа — ортада танымал блогерлерді журналистер сияқты әртүрлі іс-шараларға шақырып та жатады.
Әрі қарай

Агенттің қажеттілігі барма?


Сен жыладың жігітім
Көп көрдім деп единицаның тапшылығын
Қайтпады деп жұртқа берген единицаң
Сен жыладың, бір қатты соққы алдым деп, агентке кіре алмай қалдым деп
Жә, жә жарар өткен единица оралар ма?
Қарау керек бауырым саған алға
Қолыңдағы samsung-пе nokia-ма?
Көтер қане басыңды,қалай бұның
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының
Көтер қане басыңды, күніңді босқа өткізіп пе едің?
Әрі қарай

Қолсағат

Дедің бе дүниедегі сыйлы адамым,
Ұсындың көңіліңнің қилы амалын.
Санамнан сырғыр емес сандуғаш қыз,
Қол беріп, қолсағатты сыйлағаның.
Әрі қарай

Уақытыңызды бағалайсыз ба?

Уақыт бізді күтпейді. Барында тиімді пайдаланып қалғым келеді. Жалпы, кейбір адамдар қатаң күн тәртібін сақтап, сонымен өмір сүреді, кейбір адамдар ондай күн тәртібіне аса мән бере бермейді.
Әрі қарай