Трейлер музыкасы

Трейлердің «крутой» болып шығуы фильмнің болашағына оң әсерін береді. Ал, күшті трейлер жасау үшін белгілі бір мини-сюжеті бар кадрлар реті мен сәтті таңдалған әдемі музыка өзара үйлесім табуы керек. Осыдан келіп трейлерлер арқылы кейбір әндер хитқа айналып жатады.

Сол секілді, мен үшін көп әндер фильмдердің анонс-роликтері арқылы белгілі болды. Көпшілігі әлі тұрақты плейлистімде. Бұл жерде композитор арнайы жазған әуен туралы айтып отырған жоқпын, бұрыннан бар, белгілі бір әнші немесе ұжым орындайтын кәдімгі ән. Трейлер музыкасының шағын хит-парадын жасап көрейінші, өзімше болып:

5. «Форсаж 7» фильмінің трейлері (керек музыкамыз роликтің 1 минут 50 секундынан бастап ойнайды):

Трейлердің динамикасын беріп тұрған осы музыка сияқты. Сонысымен ұнап қалды. Кейін іздеп жүріп орындаушыны тауып алдым. DJ Snake & Dillon Francis – Get Low. MP3 нұсқасы:

4. Жаңарған «Ниндзя-тасбақалар». Тасбақалардың «реалистичный» болып шығуы, небір жаңа технологиялардың пайдаланылуы, секси Меган Фокстың сексилігі кем емес Эйприл О'Нилды сомдауы фильмнің сәттілігіне кепілдік беруі керек еді. Бірақ продюсер Майкл Бэйге құр сөзбен айтылған анонстар аздық еткен сияқты. Бонус ретінде «Ниндзя-тасбақалардың» әдемі трек қосылған музыкалық трейлері жарияланды:

Ән Shell Shocked деп аталады. Wiz Khalifa, Juicy J және басқа да маған есімі белгісіз орындаушылар айтады. Музыка сәйкесінше фильмнің үздік экшн-көріністерін тізбектеп берген:

3. «Терминатор: Генезис». Әйгілі «Тыдыт-ты-тыды, Тыдыт-ты-тыды» жайында айтып отыр деп ойлап қалмаңыз. Басынан бастап жайменен ойнап тұратын музыканы айтып отырмын. Бұл ән арқылы не айтқысы келді, мен анық білмеймін. Бірақ музыка ұнап қалды. Шамасы оқиғаның қайғылы тұстарына басымдық бергісі келген болар.

Фильмнің өзін көрген жоқпын. Бірақ трейлердегі әнді плейлистіме қосып алдым. Jetta – I'd Love to Change the World:

2. Көптен көрінбей кеткен Киану Ривздің әсерлі камбэкі. Шынымен «Джон Уиктің» экшн-көріністері ерекше әсер береді. Ал трейлерінде, тіптен, ең үздік моменттері жиналып көрсетілген (біздің музыка 1 минут 30 секундтан бастап ойнайды):

Енді әнді толығымен тыңдап көріңіз. Brain Reaction Ft. Redman and Lettuce — Break Science (SuperVision Rmx):

1. Бұл әсерлі музыка «Көш: Патшалар мен Құдайлар» фильмі трейлерінің бас жағында ойнайды:

Құдыретті бірдеңенің келе жатқанын көрерменге сездіртетін басқа қандай музыка болуы керек? Меніңше, керемет таңдалған әуен.
Толық нұсқасы. Coldplay – Midnight:

Әзірге тұрақты тыңдайтындардан осылар. Плейлистіме жаңа әндер қосам десеңіз жаңа фильмдердің трейлерлерін көріп жүріңіздер ;)
Әрі қарай

Поколение "П" немесе "Ауызкөттер Теориясы"



Кеше «Поколение „П“» фильмін көрдім.
Мақтаулы кітаппен айырмашылығы жер мен көктей болса да, былай түсінікті, айналасын жұмыр етіп шығарған.
Боғауыз көптігінен кинотеатрларда көрсетпеген сияқты. Өз басым экранизацияның прокатқа шыққанын екі ай бұрын ғана естіп, оны жазып алатын уақыт болмай жүрді.
Әрі қарай

"Көліктер-2" трейлер

23-маусымнан бастап Қазақстан кинотеатрында шығатын «Көліктер-2» фильмінің трейлері шықты. Трейлер бойынша қарасақ, аударма да дубляж да керемет шыққан сияқты. Жазулары бірақ сол күйінде қалған екен, мұны ақшаның аздығынан деп түсіндіріпті
Әрі қарай

Премьера: Цугцванг (Трейлер)



Жас режиссердің бұл алғашқы туындысы 14 қаңтардан бастап көрсетіліп жатыр екен. Естуімше, Тимур Бекмамбетовтың шәкірті. Онымен бірге, «Дневной Дозор», «Особо опасен» фильмдерін түсіруге атсалысқан.

Жанр: Боевик
Шыққан жылы: 2011
Ұзақтығы: 93 мин.
Мемлекет: Қазақстан
Режиссер: Игорь Цай
ВРөлдерде: Нұрлан Тұрашев, Альфия Хабибуллина, Айдос Бектеміров, Олег Ли, Сергей Никоненко, Илья Мячин, Данил Волковинский, Азиз Нурмухамедов, Роберт Кун.

Сценарий: Игорь Цай
Продюсер: Рубен Арзуманов, Владимир Ким, Игорь Цай
Оператор: Баходыр Юлдашев
Әрі қарай