Ақша түрлері. Орта есепті қазақтың көзімен...

Блог - Gastarbaiter: Ақша түрлері. Орта есепті қазақтың көзімен...

Құдай куә, алғашында ағартушылық ақпарат бергім келді, бірақ Ардақ Гейтс, не Уоррен Серікбай болмаған соң, өзімше, Роберт Кийосакиді бірінші оқып тастаған адамдай, жұртқа ақша табу туралы шеберлік сабақтарын жүргізіп отыруға әзірше еш моралдық хақым жоқ екенін сездім. Тіпті, тақырып таңдау барысында сондай ойым болғанына ұялып кеттім. Естелік те жазғым келді. Бірақ, ақша туралы бұрын да естеліктер жазған сияқтымын.
Ақыры, ақшаға орта есепті қазақтың көзімен шолу жасамақ болдым. Нәтижесін, өзіңіздің қымбатты назарыңызға ұсынамын.
Әрі қарай

АҚША тарихы...

Блог - abzalsariyev: АҚША тарихы...Ақша дегеніміз (экономика ғылымының тілімен айтқанда) – тауарлар мен қызметтердің құнына эквивалент, төлемпаздылығы максималды, айрықшаланған тауар.

Әрі қарай

Саудагер 3: Тәубе

Сана мен сезім: Саудагер 3: Тәубе

«Артембазар» деген базар жақта күніне 300 теңгеге жалданып жұмыс істеуге болад деп естідім. © Satibaldi

Әрі-үнемдеп бері үнемдеген, алдыңғы жұмысымның соңғы айлығы да таусылды. Шүкірфонымды кепілдікке тастап, ақша алайын деп едім, әттең үш күн бұрын «Жомарт-Ломбардтқа» өткізіппін…

— Апай, саламатсыз, анау күнтізбелеріңіз қаншадан? — дедім.

«Есектің көтін жу да мал тап» деген. Бірақ жақын маңда зообақ жоқ, ал қолымнан келетін жалғыз амал тап сол сәтте тек сауда қылу еді. Қалтамды сығып 300 теңге шығарып, жақын маңдағы дүңгіршекке беттеген сәтім еді.
Әрі қарай

Ертең - тікұшадтардың презентациясы, фуршетсстің

EuroCopter 145Аты-жүні: ЕС 145
Құрастырушы: EuroCopter (Франция-Германия), 2011 жылдан бастап — Қаззақстан
Қойыма қажет пе: Құтқару-көмек жеткізу жұмыстары, қала ішіндегі барлау
Қару-жарақ: Пилот кабинадан темекінің қорабын лақтырмаса – қарастырылмаған.

Ертең, 1 желтоқсанда, Аццсотоно қолосында қаззақтар мен француздар Қаззақстанда жинаған ЕС 145 тікұшағының презентациясын өткізеді. «Қаззақ машина жасау тарихында кейін-соңды болмаған оқиға» деп қорс-қорс жылайды Аццсотоно қолосындағы өзін құпия қалдыруды өтінген ақпарат көтіміз.
Бұл инеліктің қызық жері – тұтастай дерлік композиттік материалдардан жасалған, металлқымбатышылығынсстың. Өзін тіпті құпия қалдыруды өтініп, үш анонимайзер арқылы
Әрі қарай

Шарасыздық

Әбіләкімнің  ауылы: Шарасыздық
Студент кезде бірде бай-бірде кедейсің ғой.Жалпы қай кезде болсада.Қазақ атамыз «Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз» деп тегін айтпаған. Ойын автоматымен ауырмасамда (ауырмау себебім сол ойынханаларда күзетші болғанмын)ауыратын достарымның кесірінен қайтарға да тиын таппай қалған кезіміз бартын.Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықтың арасы әжептеуір жер.Жаяулатсаң таң атқанша жетпессің.5 баламыз қалтамызда екі адамға ғана жол ақы бар. Жандалбасамен соңғы автобустың біріне міндік.Адам көп. Кондуктор бірден бізге келе қоймады.түсейін деп тұрған бір-екі адамның билеттерін алып алдық.кондуктор билет сұрағанда соны көрсеттік.Ол «сендерді бірінші рет көріп тұрмын» дейд, «Біз автостанциядан бастап осы автобуста келе жатырмыз»деп біз де шылп етпейміз.сөйтіп үй жаққа да жетіп едік.
Таныс қыздарымыздың да басынан өткен бір жағдайды айта кетейін.Студенттік билеттеріне сенген қыздар, автобусқа кешігіп қалыпты.содан аялдамадағы адамдардан жолға тиын-тебен сұрап, ақыры бір жігіт жеткілікті «меліштерін» беріп, жатақханаларына маршруткамен аман-есен жеткен екен.
Әрі қарай