Өтірік "ұхтап" қалғанда

Блог - DinaAbdigalieva: Өтірік ұхтап қалғандаКеш батып, үйге автобуспен қайтып барамыз. Қасымда құрбым бар. Бұл шамамен бір жыл бұрын болған оқиға сияқты. Мәәә, бас жоқ ұмытып тұрмын. :J Жәә, тақырыпқа оралсақ. Кешкі алтыдан кейін автобуста отырып бару деген, үлкен бір қуаныш мен үшін. Адам шаршап, аяқ-қолдары талып жатқанда, ештеңені ойламайды екен. Бірақ мәселе онда емес, жас болғандықтан әрқашан орын беруге үйреніп қалыппын. Құрбым екеуміз тырқ-тырқ күліп, ананы-мынаны айтып тұрмыз. Енді 30 минуттық уақытты өлтіру керек қой. ;) Бір кезде шашы бұп-бұйра, тартымды қазақтың қызы автобусқа мінді. Бірден алдында босап тұрған орынға жайғасты. Көзін тарс етіп жауып алып, өтірік ұйықтап қалды. Қасына кондуктор ағай келгенде, оянғандай кейіп танытып, әмиянынан бұрынғы билеттерін көрсете салды. Орта жастағы кондуктордың өзі нанып қалды. Өзім ішімнен «мына қыздың қулығы керемет екен» деп ойладым да қойдым. Біреудің ісіне араласа беру керек емес сияқты. Алайда, көрші отырған үлкен кісімен дауласқаны тым артық кетті. Әжесімен жасты тәтеймен арс-арс етіп тұрғаны, жат көздерге жағымсыз көрінеді. Тіпті, құлаққа ерсі естіледі. Енді, ақ ит пен көк ит кіріп-шығып жатқанса, кімге ұнасын. Анау қыздың өтірік "ұхтағаны" жақсы ма деп қалдым. Сонда бәріміздің құлағымыз тыныш болар ме еді. Тура осы сюжет биыл да қайталанды. Бір дежавю секілді. Осыдан кейін «Жастар тәртіпсіз. Бетімен кеткен» деген сөздер айтылмағанда қайтеді. Үлкен адамдарды да түсінуге болатындай. Жастар қызу қанды, тез-ақ оттай лапылдап шығады. Аздап, сабырлық жетіспейтіндей. Бәрін өзіміз құртамыз. Өкінішке орай, осындай жағдайлар боп тұрады.
Әрі қарай

Шілтерлі орамал тарихы



Ертеректе ынтымағы мен көңілдері 60 жыл бойы жараскан атамыз бен әжеміз өмір сүріпті. Бір-бірлерінен құпия-сырларын жасырмай тату тәтті өмір кешсе де, әжеміз атамызға бір қобдишасының ішіндегісін корсетпеймін деп, атамыз қарамаймын деп келісіп жүре берген екен.
Күндердің бір күнінде әжеміз қатты науқаска шалдығып, төсек тартып қалады. Шалы үй жинай жүріп әлгі құпия қобдиды тауып алады да, кемпіріне әкеліп беріп, ұзақ жылдар бойына корсетпей жүрген қобдиының сырын ашуын өтінеді. Дәм тұзының таусылуына санаулы күндер қалған кемпірі қорапты ашып, ішінен екі шілтерлі орамал мен сансыз көп ақша шығарады. Аң-таң болған атамызга қарап әжеміз сол кезде:
— «Екеуміз енді отбасын құрғалы жатқан кезде анам маған: «Болашақ жарыңа қай уақытта да ашуланушы болма, егер ашулана қалсаң сыр білдермей сабыр сақтап, ашудың орнына шілтерлі орамал тоқы. Сол кезде ғана сабаңа түсіп, ашуың қайтар » деген. Менде сол айтқанын бұлжытпай орындап шықтым»,- деп әңгімесін аяктайды.
Бірге өткізген алпыс жыл ішінде кемпірінің өзіне небәрі тек екі рет ашуланғанын көріп атамыз көзіне жас алып тұрып:
— «Ал мына қыруар ақша қайдан келді?» – деп сұрайды.
— «Бұл сатып жіберген орамалдарымның ақысы...» депті кемпірі о дүниеге аттанып бара жатып.

Авторы белгісіз. Орысшадан аударылды
Әрі қарай

Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?


сурет: ashimin.ru
Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп «Менің пәленшемді келіп жөндеп
Әрі қарай

Дүние кезек...

Кішкентай кезімде әке-шешем маған көбірек көңіл бөлгенін, көбірек бірге уақыт өткізгенін қалап тұратынмын. Үлкендердің проблемасы азайған ба, балаларды қалай жеткізем (заманның оңай емес кезі), өсіріп-өндірем дегендей, тағы басқа алаңдайтын жұмыс, т.с.с. бар, общым, қалағаның бола бермейтін. Бір жеткен жетістігің болса, онымен бөліскенше асығасың да, бөліскеннен кейінгі үлкендердің реакциясы сен күткендей бола бермейді (мысалы, сен айтқан керемет жаңалық олардың күнделікті күйбең тіршілігінің арасында титтей болып оларға маңызсыз болып көрінеді дегендей)… іштей бұртиясың…
Әрі қарай