Ақша тапқың келсе – жүгір!

Ямайкада «кедейшіліктен құтылғың келсе жүгір» деген аталы сөз бар екен. Мұның мағынасы – спортпен айналысқанда ғана қиыншылықтан құтыласың дегенді білдіреді. Ал спорттың ақша табу көзіне айналғалы қаша-а-ан! Ендігі жерде Қазақстан спортшылары Тайгер Вудсдай болмаса да, әлемдік аренада жеткен жетістіктері үшін қаржылай сыйақымен марапатталатын болды.

Бұған дейін «тоғызыншы территорияның» ұландарына Олимпиададағы жүлдесіне қосымша қомақты ақшалай сыйлық беріліп келді. Биылдан бастап әлем, Азия чемпионаттарында топ жарған дүлділдерге қаржылай көмек көрсетілмек. ҚР үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы №53 қаулысы бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегерлеріне түрлі мөлшерде сыйақы тағайындалды. Жеке пікірім бойынша, бұл – бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың ел спортын өркендетудегі маңызды қадамының бірі.
Бұрын Сурдолимипиадалық спорт түрлерінің жүлдегерлері назардан тыс қалып жүрсе, жаңа қаулыға сәйкес алтын медальға – 50 000 доллар, күміске – 35 000 доллар, қолаға – 25 000 доллар беріледі. Тіпті, үздік алтылыққа енгендерге де ақшалай сыйлық табыс етіледі. Сондай-ақ, спортшылардың да бапкерлері назардан тыс қалған жоқ. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада бойынша үздік алтылыққа кірген спортшылардың жаттықтырушылары түрлі көлемдегі бір реттік сыйақымен марапатталады.

Журналист Руслан Меделбек спортшыларға қаржылай көмек көрсетудің пайдасы мол екенін айтады:
– Қазақстан спортшыларына қаржылай қолдау қажет. Бұл оларға үлкен стимул болмақ. Біз бір олимпиадаға барып, елу алтын алатын АҚШ не Қытай емеспіз. Қазақстанға алтынның да, қоланың да бағасы бір. Сондықтан, әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында орын алған спортшыларға қаржы беру саясатын қолдаймын. Оларды ерте жастан зейнетке шығару саясаты заңға еңгізілсе тіпті керемет болар еді. Жүлдегерлер мен чемпиондарға жасалып жатқан құрметтің құны жақсы. Мемлекеттен бөлек жергілікті әкімдіктер мен демеушілер мараппаттайды. Демек, жеткілікті. Спорттағы жетістік шынайы PR. Сондықтан нағыз жарнамаға кеткен қаржының өтеуі болары анық. Мемлекеттің жеңімпаздарды мараппаттауы, оларға ерекше құрмет көрсетуі дұрыс шешім деп есептеймін.

Халықаралық жарыстарда топ жарған басқа спортшылар қаржылай қанша сыйақы алатынын төмендегі графикадан көре аласыз.
Блог - konvict: Ақша тапқың келсе – жүгір!

Блог - konvict: Ақша тапқың келсе – жүгір!

Блог - konvict: Ақша тапқың келсе – жүгір!
Әрі қарай

Мотоспорт

Мотоциклдің тарихы көлік жасаумен қатар дамып келеді. Алғаш рет 1885 жылдары мотоциклді Готтлиб Даймлер ойлап табады.
Cпорт жаңалықтары: Мотоспорт
1894 жылдары екі шебер Гильдебранд и Вольфмюллер мотоциклге біраз өзгеріс енгізіп, екі дөңгелекті жаңа модельді ойлап табады.
Cпорт жаңалықтары: Мотоспорт
1895 жылдан бастап, Франция автомобиль клубтың ұйымдастыру барысында Парижде мотоспорттан біраз жарыстар өтеді. Бірінші рет ресми түрде Венада 1899 жылдары мотоцикл жарысы өтті. 1904 жылы сегізінші шілде айында Халықаралық Мотоспорт федерациясы құрылды. Расында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мотожарыстың жылдамдығы мен спорттық мотоциклдің түрі дамыды.
Cпорт жаңалықтары: Мотоспорт
Ереже бойынша мотоспортты қауіпсіздік үшін арнайы трассада дайындалуы тиіс.
Егерде мотоспортпен айналысқан жағдайда алдымен техникалық қауіпсіздік ережесін бақылап қадағалап үйреніп алсаңыз, сіз үшін қорқынышты болмайды. Тек қағидаларды сенімді түрде үйренген жақсы.
Бұл спортпен айналыспас бұрын алдымен дәрігерлік кеңестен өтіп алған жақсы. Әсіресе жүйкеңіз шыдамды болуы тиіс. Қаншалықты жүйкеңіз шыдамды болса, соншалықты болмашы кейбір жарақатқа аса байсалды қарауға көмектеседі.
Егер осы спортпен айналысуға бел бусаңыз нюаныс жағын ойлауды ұмытпаңыз!
Ең бастысы спорттан ләззат алу,

Бұл спорт түрінен Қазақстанда бар. Бірақ аз деңгейде дамыған. Әйелдер арасында әзірге жетеу. Соның бірі Екатерина Огнева
Cпорт жаңалықтары: Мотоспорт
Cпорт жаңалықтары: Мотоспорт
Әлі де кеш емес деп қызықсаңыз мына сайтқа кіріңіз де ақпарат сұрауға болады. Your text to link... Қазақстан қалалары: Қостанай, Ақтөбе, Астана, Алматы да бар.
Әрі қарай

Спорт туралы ұғым

Cпорт жаңалықтары: Спорт туралы ұғым
Спорт ағылшын тілінен аударғанда «ойын, көңіл көтеру». Спортты біз қалай түсінеміз, спортқа деген көзқарас? Жалпы қазақ халқы спортты қаншалықты сүйеді, қаншалықты күйінеді. Спорт ол жұдырық алып, көше төбелес емес. Спорт-ол мәдениет. Спорт-ол интеллектуал. Спорт-ол қозғалыс.Спорт-ол күрес. Спорт әр адамның өмірінде орын алып жатыр. Қарапайым ғана жүгіру мен жүру немесе баспалдақпен жоғары -төмен түсу. Спорттың адамға берер пайдасы шаш етектен. Үнемі бір формада болу, сұлу бітімде қалыптасу, денсаулықты жақсарту және творчестволық-интеллектуалдық қабілетті өсіру және де мінез құлық қалыптасады.Алға қойған мақсатқа жетуді және қалай жеңу жолдарын үйретеді. Көңілімізге қуаныш пен күш сыйлайды.Әрі спортпен айналысып жүрген замандастармен ешқашан зерікпейсің де. Егер өзінің сүйікті спорт түрімен айналыссаң зерігуге де уақыт жоқ. Әр спорттың өзіндік заңы мен тарихы бар. Біздің елде қай спорт саласы жақсы дамыған және дамымай ақсап келе жатқан түрі бар. Алдағы уақытта біле жатамыз.
Жалпы спортты бөліп қараймыз. Кәсіпқой спорт, әскери қорғаныс спорт, ұлттық спорт, көпшілік спорт және спорттың жоғарғы жетістігі.
Әрі қарай

Флайборд-жаңа экстремалды ермек

2011 жылдың қыркүйегінде аквабайк спортының әлем чемпионы Френки Запата жаңа құрылғыны ойлап тапқан болатын. Бірнеше сынақтардың видеосын Ютубке ілгені сол-ақ екен, экстремалдардың «шатыры кетіп», әлемді арбаған жаңа әуестік пайда болды.
Әрі қарай

Спорт күнін - жаңа спорттық өмірмен бастайық!

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Қазақстан спорт күнін атап өтеді. Керекте байқағаным спорттың жанкүйерлері мықты, ал Gastarbaiter мырза тіпті спортты өмірлік серігі етіп барша насихаттап жүр. Спортты өмірінің бір бөлігі етіп алған адамдарды қатты сыйлаймын.
Блог - Aidakonya: Спорт күнін - жаңа спорттық өмірмен бастайық!
Әрі қарай

Аула футболы ережесі

Блог - Ispek92: Аула футболы ережесі
Бәріміз бала болдық. Осы жердегі бір брат айтпақшы біз 1992 жылдың тумалары егеменнен соң туылғанбыз. Сол совет одағын көрмесемде советте туылған әке шешем бар, сол кісілердің әңгімесі бар дегендей. Айтпағым, сол біздің (біздің болғанда 1992 жылғылардан былайғыны айтып жатырмын) балалық шақта есіміз кете, беріле ойнаған ойынымыз футбол екені анық. Футболды совет дәуірінде туғандар үшін доп тебу деп атауға болады. Көшеде футбол ойнап жүрсең, ойййй біздің кезде доп ойнаған тозар деуші еді деп миымызды жейтін(рас та шығар). Азаннан кешке дейін доп тептік, доп қудық. шаршамаушы едік. Қойщ на, мақтанып кеттім ау деймін.
Әрі қарай

Орташа есеппен қазақ спорт комментаторы

Спорт комментаторларын жиі сынаймыз. Тіпті әр ойыннан кейін оларды сынау мәдениеті қалыптасып келе жатқан сияқты. Былай орташа есеппен қарап көрейікші спорт комментаторлары деген кімдер екенін.



Олар:
— журфак бітірген немесе журналистика саласында қызмет етеді;
— қазақша орташа деңгейден жоғары, шамалы әдеби тілде сөйлей алады;
Әрі қарай

Чемпиондардын балалык шагы

Таеквондодан Олимпиада, алем чемпионатынын жулдегерi жане Азия чемпионы Арман Чилманов. Грек-рим куресiнен алем чемпионатынын екi дуркiн жулдегерлерi, Азия чемпиондары Алмат Кебiспаев пен Нурмахан Тiналиев. Бокстан Олимпиада чемпионы жане алем чемпионатынын жулдегерi Серiк Сапиев. Дал осы батырлар балалык шактын естелiктерiмен болiседi.
Балаларды коргау кунiне арналады.
Әрі қарай

Видеоблогингтегі алғашқы тәжірибе / Спорт интернат деген қандай жер?

Көптен бері спорт тақырыбындағы видеоблог жүргізу ойымда жүрді. Жақында Данияр Аланның қолдауымен алғашқы түсірілімді бастап та кеттік.
Спорт саласында жүрген 5-6 жылдың ішінде көптеген адам спорт интернаттың не екенін білмейтіндігін байқадым, ал қазіргі уақытта еліміздің атын танытып жүрген барлық спортшы дерлік осындай орданың түлегі. Әр қалада өзінің спорт интернаты бар, ал Алматы мен Астанадағыдан шыққан атақты спортшылардың тізімі тіпті үлкен. 7-сыныпты аяқтаған соң спортқа икемі бар жасөспірімдер Қазақстанның түкпір түкпірінен Республикалық спорт интернатқа бағыт тартады. Бұл жерге кез келген адам оқуға түсе алмайды, екі кезеңдік емтиханнан сүрінбегендер ғана спорттағы дарынды балаларға арналған интернаттың оқушысы атанады. Назарларыңызға Астанадағы Қажымқұан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған интернаттың бір күндік тынысынан бейнематериалды ұсынамыз.
Сонымен, спорт интернат деген қандай жер? Ол жерде кімдер оқиды? Бұл жасөспірімдер зор алғысқа лайық! Біреулер қарапайым мектептегі сабағын үлгермей жүрсе, балғын спортшылардың әр минуты санаулы. Үйден жырақта жүрсе де, ол еркелік танытпай, бапкер мен мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайды. Өйткені, ол — БОЛАШАҚ ЧЕМПИОН!
Алдын ала қателіктер мен бейненің сапасы үшін кешірім сұраймыз. Бұл тек алғашқы еңбегіміз, алдағы уақытқа жоспарымыз да, бастау алған түсірілмдер де өте көп. Түсіністік пен қолдау білдіргендеріңізге көп рахмет!
P.S. Екінші бөлімі қызығырақ шыққан, соңына дейін қарасаңыздар…



Әрі қарай

Спорт сарап

asaubota ағамыз 2013 жыл қазақ интернетінде «бум» болады деп айтып еді. Соның куәсі болып келеміз. Жақында ҚазНеттің қоржыны тағы бір сайтпен толықты. Спортқа арналған «Спорт-сарап» деп аталатын жаңа сайт оқырмандарға жол тартты.

Негізі бұл сайтты 2013-тің қатарына жатқызуға келмес. Өйткені пыртал былтырғы желтоқсан айында ашылыпты. Олжас Нұразхан баурымыз басшылық жасайтын сайттан қызықты ақпараттар, фото, видео, сұхбаттар оқи аласыз.


Әзірге сайттың бастамасы жақсы. Спорт туралы жазатын Аламан, АлашАрена, СпортСарап сынды сайттардың көп болғаны дұрыс қой. Бәсекелестік болады ғой. Кіріп оқып тұрайық.

www.sportsarap.com/
Әрі қарай

Асқар Базарбай: Бодибилдинг жарнамаға зәру емес

Гастаны блогшыларға таныстырудың қажеті жоқ шығар. «Нұр Астана» газетінің кезекті санында оны оқырмандарымызға таныстырудың сәті түсті. Сұхбат төменде.

– Блогосфераға қалай келдің?
— Студенттік кезімде мұғалімдердің кеңесімен ағылшын тілінде күнделік жүргізетінмін. Кейде қазақша, кейде орысша жазып кетіп жүрдім. Сонау 2005-ші жылдары орыс блогосферасында күнделік жүргізе бастадым, онда өзімнің қалалық тіршілігімді, оқыған білгеніме көзқарастарымды жазып, жеке өмірімдегі өзгерістерімді баяндайтынмын. Бейтаныс адамдарға сыр ақтару оңай ғой. Оның үстіне орыс блогосферасы сол кездегі қазақ сайттарына қарағанда еркіндеу болатын. Қызықсыз, құнсыз сандырақ жазсаң, тезектен алып, қиға салып, тақияңды теріс кигізіп жіберетін (тап қазіргі Керекинфо сияқты). Ақыл сұрасаң барымен бөлісетін. Ал қазіргі қазақ блогосферасына әлдеқайда кешірек келдім. Бір кездері атышулы бейресми solai.de – сайты болатын. Оның мықты тұсы мейілінше либералды форумы болатын. Талай блогерлерге сынақ ортасы мен шынығу майданына арналған форум менің де содан кейінгі баяндау стиліме үлкен ықпалын тигізді.
Әрі қарай

Футбол ойнасақ қайтеді

Пролог
Құрметті КерекИнфо жамағаты! Өткен айда бірнеше мәрте футбол ойнап салауатты өмір салтын бастаған едік. Соңғы кездері жақсы үрдіс жалғасын таппай қалды. Кінәлі кім? Себебі не?
Бірінші тарау
Осы жұма футбол ойнауға қалай қарайсыңдар? Баяғы орында. Келетіндер мен келгісі келетіндер пікір ретінде жазса болады. Төменде келуі мүмкін адамдар тізімі:
1. asaubota
2. Nurgisa
3. Marco
4. aza
5. Bekjan
6. AKY
7. huanysh
8. TERISKEY
9. Janasil
10. AL-ASTER
11. konvict
12. Aldeken
13. ???

Очм, келемін деушілерге есігіміз ашық. Нұржол допты ұмыпта!
Әрі қарай

Алаш Арена - жаңа спорт сайты



Қазнет (қазақша интернет) жақында тағы бір сайтпен толысты. Жаңа спорт сайты жарық көрді. Алаш арена! Спорт жаңалықтары, фото, видео бар. Жанкүйерлер өздеріне сайт ішінен блог та бастай алады. Сайттың орыс тілді нұсқасы да бар. Тек мазмұны жағынан емес техникалық тұрғыдан да жақсы орындалған сайт.

Осындай тақырыптық сайттардың көбеюі қуантады. Алашаренаға өз тақырыбында чемпиондық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

www.alasharena.kz
Әрі қарай