Әрі-үнемдеп бері үнемдеген, алдыңғы жұмысымның соңғы айлығы да таусылды. Шүкірфонымды кепілдікке тастап, ақша алайын деп едім, әттең үш күн бұрын «Жомарт-Ломбардтқа» өткізіппін…
«Есектің көтін жу да мал тап» деген. Бірақ жақын маңда зообақ жоқ, ал қолымнан келетін жалғыз амал тап сол сәтте тек сауда қылу еді. Қалтамды сығып 300 теңге шығарып, жақын маңдағы дүңгіршекке беттеген сәтім еді.
Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы жарнама плакаты. Орысшасы болмаса, мына жарнаманы көріп, екі түрлі ойға келдім: 1) не емледен қате кеткен, 2) не полис сатып алдауға шақырып тұр. Қосымша сыйлығымен де қызықтырып жатыр. Неғұрлым көп адамның